Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Другие методич. материалы / «Мұнай. Мұнайдың құрамы, қасиеті және алынатын өнімдері»

«Мұнай. Мұнайдың құрамы, қасиеті және алынатын өнімдері»

  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:

« Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Капшагай көпсалалық колледжі » МКҚК





Қаралды Келісілді Бекітемін

әдістемелік бірлестік директордың оқу ісі жөніндегі №20 КЛ директоры

жетекшісі Е.Бодаш орынбасары Қ . Самылтырова Б.Қажияхметов

_____________________ ________________________ ____________________

«___» __________2012ж. «___»____________ 2012 ж. «___»__________ 2012 ж.








hello_html_7b3324d0.gif


Тақырыбы: « Мұнай. Мұнайдың құрамы, қасиеті және алынатын өнімдері»








217 топ

Пән мұғалімі : Қ.Ө. Суртаева











07.11.2012 ж


Пәні: Химия Топ: 217 2 курс

Тақырыбы: «Мұнай. Мұнайдың құрамы, қасиеті және алынатын өнімдері»

Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға мұнай, мұнайдың құрамы және оның қасиеті мен алынатын өнімдері жайлы толық мағлұмат беру.

2. Дамытушылық: Оқушыларға мұнай фракцияларын ажырату әдіс-тәсілін үйрету.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі; сұрақ жауап.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірме қағаздар, А3 үлгідегі көрнекіліктер, тест тапсырмалары.

Пәнаралық байланыс: физика, биология, география, экология, тарих


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі (1 мин.) Сәлемдесу кезекшімен сұхбат, тізім бойынша оқушыларды түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру ( 5 мин.)

1. Табиғи және мұнайға серік газдар жайлы не білесіңдер?

2.Табиғи газдың құрамы?

3. Құрғақ газдың құрамы қандай?

4. Мұнайға серік газдар деген не?

5. Тас көмір жайлы не білесіңдер?

6. Кокстеу дегеніміз не?

Білімдерін тексеру (2 мин.)

1. Мұнай дегеніміз?

2. Мұнайдың пайдасы және зияны?

Мақсат қою кезеңі (1 мин.)

Мұнайдың физикалық химиялық қасиеті

Мұнайдың құрамы

Мұнай өнімдері және қолданылуы

Жаңа материалды түсіндіру (25 мин.)

Мұнай - көмірсутектер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.

Жалпы мәліметтер

Негізінен алғанда көмірсутектерінен (85 % -ға дейін) тұратын бұл заттар дербес үйірімдер шоғыры түрінде жекеленеді: метанды, нафтенді және ароматты (хош иісті) тізбектер.

Оның құрамында оттегі, азот, күкірт, асфальтты шайыр қосындылары да кездеседі.

Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алқабында ақшыл түсті мұнай өндіріледі.Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65-0,95 г/см3. Мұнай өз бойынан электр тоғын өткізбейді.

hello_html_m1cde7159.jpg

Сондықтан ол электроникада изолятор (айырушы) ретінде қолданылады. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, лигроин, парафин, көптеген иіссу түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа. Ол қуатты әрі арзан отын — бір тонна мұнай үш тоннакөмірдің, 1,3 тонна антрациттың, 3,3 тонна шымтезектің қызуына тең.

Қазір "Қара алтын" деп бағаланатын мұнайдың өзіндік мол тарихы бар. 1539 жылы ол тұңғыш рет Америка құрлығынан Еуропаға тасылатын тауарлардың тізіміне кіріпті. Сол жылы Венесуэладан Испанияға жөнелтілген мұнай тасымалының алғашқы легі бірнеше темір құтыға ғана құйылған жүк екен. Ол кезде дәрігерлер оны тек артрит ауруын емдеуге ғана пайдаланатын болған.

Мұнай көбінесе теңіздің түбінде, соның ішінде жағажайлық шөгінділерде жиі табылады. Сірә, теңіз өсімдіктері мен жануарлары қалдықтары судың түбіне жинақтала беруінен болар. Өйткені онда су ағысы болмайды, ол тыныштықта тұратындықтан, оған ауаның келуі қиындай түседі. Ауаның әсерінен бұл қалдықтар тотығар еді, ал ауа болмағандықтан, бактериялардың әсерінен бұл қалдықтар құрамы бойынша мұнайға ұқсас, бірақ оларда толығымен мұнайға айналмайтын процестер өтеді. Мұндағы түсініксіз жайт: осы қалдықтардан мұнай қалайша түзіледі? Әңгіме мынада: онда хлорофилдің, яғни өсімдіктердің жасыл түсі негізінің және басқа да екі жүз градустан жоғары температурада тұрақсыз болатын заттардың қалдықтары табылған. Ал барлық мұнайға жақын өнімдерді алатын белгілі химиялық реакциялар тек жоғары температураларда өтеді.

hello_html_2f2d3006.jpg

Ақыры 1930 жылы ірі кеңес ғалымы – академик Н.Д. Зелинский бұл жерде катализ, яғни өздері аз өзгеріске ұшырайтын заттардың әсерінен химиялық өзгерістерді тездететін құбылыс орын алатынын дәлелдеді. Катализаторлармен өсімдіктерге, бактериялық әсердің өнімдеріне жақын орналасқан заттарға әсер етіп, ол жасанды мұнайды екі жүз градустан төмен температурада алды. Осылайша сұрақтың жауабы шешілді, бірақ түпкілікті емес: ол тәжірибесінде қолданған катализаторлар табиғатта болуы мүмкін емес, олар өте тұрақсыз еді.

hello_html_m59102fba.jpg

Табиғатта мұнай түзілуді іске асыратын заттарды ұзақ іздегеннен кейін химия ғылымдарының докторы, профессор Андрей Владимирович Фрост бұл, әдетте, мұнай қыртыстарын жауып тұратын кейбір сазбалшықтардың қатысымен болатынын анықтады. Өсімдіктер және жануарлар қалдықтарымен бірге тұнып, сазбалшықтар, жануарлар сүйектері мен микроағзалар кейін мұнай түзетін фактор болып табылатын материалдың негізін түзеді. Лай – бұл сазбалшық, өсімдік және басқа да қалдықтардың түр өзгерген қоспасы – бактериялардың әсерінен құмды және басқа да кеуекті тау жыныстарымен қапталады. Олар, өз кезегінде, мұнай мен су өтпейтін сазбалшық және басқа да тау жыныстарының қабаттарымен қапталып, температурасы шамамен жүз градустай қабаттарға дейін түседі. Мұнда мұнай түзілу процесі аяқталады; құрамында лай болатын мұнай біртіндеп қабаттасады да, біз мұнай кенорындарынан табатын кеуекті тау жынысына енеді.

Мұнайдың шығуының жаңа теориясының зор тәжірибелік маңызы бар. Ол мұнайшы-геологтарды мұнайдың түзілу жағдайларын анықтау әдісімен таныстырады. Мұнай қалай пайда болатынын білетін кен барлаушылары оны іздеу орындарын тез анықтайды. Геологиялық жағдайларға байланысты мұнайдың болатын жерлерін және оның мүмкін орын ауыстыру жолдарын анықтауға болады.


Пайдасы

Мұнай дүние жүзілік жанар-жағар май-энергетикалық балансында орасан зор үлеске ие: оның адамзат пайдаланатын қуат көздері ішінде 48% алады. Болашақта бұл көрсеткіш мұнай өндірудің қиындай беруінен, және атом және басқа қуат көздерін пайдалануының өсуінен кеми береді.

Химия мен мұнай-химия өнеркәсіптерінің қарқынды дамуына байланысты мұнайға деген сұраныс жанар-жағар майлар үшін ғана емес, синтетикалық каучук, синтетикалық талшықтар, пластмасс,

жуу құралдарын, пластификатор, бояғыштар т.б. (әлемдік өндірістің 8%-нан астамы) өндіру шикізат көздері үшін өсуде.

Осыларды шығаруға бастапқы заттар ретінде көп қолданылатындар: парафиндік көміртектер – метан, этан, пропан, бутан, пентан, гексан, және жоғарымолекулярлықтар (10-20 атомды молекулалы көміртектер), циклогексан; ароматты көміртектер – этилен, пропилен, бутадиен; ацетилен.

hello_html_m79b1aa48.jpg

Мұнайдың құрамы: Мұнайдың сапалық құрамы да сандық құрамы да әр түрлі болады. Негізінен , көмірсутектерден, азотты отттекті және күкіртті қоспалардан, минералдық тұздардан т.б. заттардан тұратын күрделі қоспа. Мұнайдың негізін парафиндер, циклопарафиндер және ароматты көмірсутектер құрайды. Олар сұйық еріген және қатты зат күйінде болады. Мұнайды құрамындағы көмірсутектерге байланысты: парафинді, нафтенді, ароматты деп ажыратады. Мысалы ,Ембі, Доссор , Мақат мұнайлары нафтенді көмірсутектерге бай болса, Өзен мен Жетібай мұнайы парафиндерге , ал Прорва мұнайы ароматты көмірсутектерге бай. Жер астынан өндіріліп алынған мұнайда су көп болады. Оны шикі мұнай деп аталады.

Мұнай өнімдері. Бензин ұшақ пен көліктердің поршенді двигательдері үшін жанармай ретінде қолданылады. Сол сияқты бензин майды, каучукты еріткіш ретінде, матаны тазартуға, т.б. қолданылады. Бензиннің қозғалтқышта қопарылыс түзіп жануы детонация ( фран. Detoner-Детонер) деп аталады, яғни жанған кезде дыбыс ырғағының бұзылуы. Егер бензиннің құрамында ароматты көмірсутектер көп болса сапасы жоғары, ал ашүық тізбекті көмірсутектер көп болса сапасы төмен болады. Бензиннің сапасы изооктанның мөлшерімен өлшейді. Оны октан саны деп атайды. Бензиннің АИ-72, АИ-76, АИ-80 АИ-93, АИ-92, АИ-96,АИ-98.

 Лигроин трактор үшін жанармай болады.

Керосин – трактор, реактивті ұшақтар мен зымырандардың жанармайы. Ал газойльден дизель жанармайы өндіріледі. Мұнайдан ашық түсті өнімдерді бөліп алғаннан кейін қара түсті тұтқыр да қоймалжың сұйықтық қалады, ол – мазут.

Қосымша айдау арқылы мазуттан автотрактор майы, авиация майы, дизель майы, т.б. жағармайлар алады. Мазутты өңдеп жағрмай алумен қатар оны химиялық әдіспен өңдеу арқылы бензинге айналдыруға болады, бу қазаны қондырғыларында сұйық отын ретінде пайдаланылады. Мұнайдың кейбір сорттарынан қатты көмірсутектер қоспасы – парафиндер алынады; Қатты және сұйық көмірсутектерді араластырып вазелин алады. Оны қайта өңдеу арқылы әр түрлі жағар майлар, соляр майы, түрлі машина майлары, парафин алынады. Ең соңғы қалдығы – гудрон, битум және асфальт жол жасауға қолданылады.Табиғи газ – жер қойнауында анаэробты органикалық заттарндың ыдырауынан пайда болған газдар қоспасы.

Мұнай фрациялары тек отын ретінде ғана емес, сонымен бірге мұнай-химия өнеркәсібінің шикізаты ретінде де қолданады.олардан пластмассалар, бояулар, еріткіштер, резеңке , жуғыш және дәрілік заттар алынады.

Түсініктерін тексеру (5 мин.)

1. Мұнайдың физикалық қасиеті қандай?

2. Мазут дегеніміз не?

3. Мұнай өңдіретін зауыттарды ата?

Жаңа материалды бекіту ( 3 мин.)

Қазақстанда мұнай өндіретін 3 қана зауыт жұмыс істейді. Ол Атырау мұнай өңдеу зауыты, Павлодар мұнай өңдеу зауыты, Шымкент мұнай өңдеу зауыты, осы үш зауыттың қосқандағы жалпы мұнай өңдеу көлемі жылына 18 млн тонна.

Қорытындылау (1 мин.)

Негізінен алғанда көмірсутектерінен (85 % -ға дейін) тұратын бұл заттар дербес үйірімдер шоғыры түрінде жекеленеді: метанды, нафтенді және ароматты (хош иісті) тізбектер.

Оның құрамында оттегі, азот, күкірт, асфальтты шайыр қосындылары да кездеседі.

Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алақында ақшыл түсті мұнай өндіріледі.Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65-0,95 г/см3. Мұнай өз бойынан электр тоғын өткізбейді.

Үйге тапсырма (1 мин.) Дәрісті оқу және жаттығуды орындау.

Оқушылардың білімін бағалау (1 мин.) Жауап беру деңгейіне қарай тиісті бағалар қою.




Пән оқытушысы: _____________Суртаева Қ.Ө.

























ДТ


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 26.02.2016
Раздел Химия
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров429
Номер материала ДВ-485861
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх