Инфоурок Другое Другие методич. материалыМәнер керек сөзге де

Мәнер керек сөзге де

Скачать материал

Тақырыбы: Ф. Оңғарсынованың «Өлең, мен сені аялап өтем!» атты мәнерлеп оқу сайысы.
Мақсаты: Қазақтың ақын қызы Ф. Оңғарсынованың «Маржан»поэзиясымен тілдесу. Ақынның өміріне қысқаша шолу жасай отырып, өлең - жырларын оқушыларға жаттатып, білімдерін одан әрі шыңдауына үлес қосу. Оқушылардың еліміздің табиғатына, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: Слайд.

Әдісі: Мәнерлеп оқу, түсіндірмелі.
Сабақтың барысы:
 
1. Кіріспе сөз.
2. Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.
3. Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу.
4. Әділқазылармен таныстыру.
5. Бейне көрініске назар аудару.
Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі ақын Ф. Оңғарсынованың «Өлең, мен сені аялап өтем!» атты мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер. Ақын өз заманының ар - ұжданы. Ол болашақ үшін өмір сүреді. Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде - кем. Ақынның жазған жырлары сандуғаш болып сайрады. Фаризаның жырларында Жайықтың суындай жағаны соққан айбынды көңіл - күйі сезіледі. Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, берер дәрі – дауасы – поэзия.
Ақынның өмірбаяны: (оқушылар)
Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау өңіріндегі Манаш ауылында дүниеге келген. 1967 жылы «Бұлбұл» деген атпен тұңғыш жыр кітабы жарық көреді. Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде - кем. Ақынның жазған жырлары сандуғаш болып сайрады. «Маңғыстау монологтары» ақынның отыз жасындағы қолтаңбасы. Содан бері «Мазасыз шақ», «Мен сенің жүрегіңдемін», «Шілде», «Сенің махаббатың», «Дауа» сияқты кітаптары адам атты күрделі жаратылысты сан зерттейді. Олар не туралы? Махамбеттің мұңын сезгенде, қайратынан жыр жанығанда өршіл сарынға ерік береді. Міне, Фариза ақынның халқына ұсынған өр мінезді жырлары осы еңбектері арқылы белгілі болды.
• 1939 жылдың 5 желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.
• 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл - әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектептерінде үстаздық еткен.
• 1966 - 1968 жж. Гурьев облыстық "Коммунистік еңбек" газетінің партия түрмысы бөлімінде әдеби қызметкер болып істеген.
• 1968 - 1970 жж. республикалық "Лениншіл жас" газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілші қызметін атқарған.
• 1970 - 1978 жж. республикалық "Қазақстан пионері" газетінің бас редакторы, 1978 жылғы желтоқсаннан "Пионер" журналының бас редакторы болып істеген.
• 1978 - 1996 жж - республикалық «ліно - Һеп» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы. ҚР Парламенті Мәжілісі 1 - ші және 2 - ші шақырылымдарының депутаты (1996 - 2004).
Лирикалары.
Ақын әйелдер жанының кұпиясын, арманын, махаббатын көп жазады. Ол сезім күйлерін шертуге, Әлия мен Мәншүктің тағдыры мен трагедиясына дастандар арнады.
Әйел – Ана тақырыбы.
Әйелдер жан дүниесіне барлау жасауда ақын жетістігі мол. Оны өзі де ашып айтады: Адам деген күрделі жаратылыс қой. Соның ішінде әйел халқының жан - дүниесі өз алдына бір әлем. Менің өз жырларымды сол әйел жанының сан күйін мүмкіндігім жеткенше жеткізгім келеді.
Көңілді, жайлы күнімді,
Азапты қайғы мұңымды
Өзімменен бөліскенің үшін,
Қатем мен жеңістерім үшін,
Менің мынау қиындау тағдырым болып
О, баста көріскенің үшін
Өлең, мен сені аялап өтем! – деп ақын толғағандай, оқушылардың жаттаған өлеңдерін тыңдайык.( 5 - 11 сынып жатқа мәнерлеп айту)
Ф. Оңғарсынованың өлеңдері – Каспийдің алапат толқынындай айбынды, аққуларындай пәк, туған даласындай кең, аруанасындай маңғаз, күніндей ыстық, тауларындай асқақ. Дара күндерімнің, нала түндерімнің, серігі болғанын үшін, біреудің пасықтығынан, біреудің жасып мұңынан, жүрегім сыздаған кезде, өлең, мен сені аялаймын,- дей келе
Жыр жазбасам жабығам,
Онсыз маған дүние жел өтіндей,
Жұрт ұқпайды жүрем мен неге күлмей,
Ал сен болсаң қайрайсың, құлшынтасын,
Содан саған бір пайда келетіндей.
Мен бір қызық адаммын
Қатал тағдыр сілкілеп мың санаған,
Құлап тұрып сонда да тыншымаған,
Жұртқа деген ызадан булыққанда
Сені орынсыз азаптап, ұрсып алам.
Сен – асқақсың, білемін
Маған ғана иіліп кешіресің
Иілуде бүгінде кісіге сын.
Қуаныштың мен үшін не екенін
Бұл жалғанда сен ғана түсінесің.

Тақтадағы слайдқа назар аудару.
Әділқазылар бағасын беру.
Қорытынды сөз:
Шынында да ақынның өлең жолдарында небір әдемі теңеулер, айшықтап суреттелген табиғат көрінісі, ішкі жан – дүниенің пәк сезімі, әйел жанының махаббаты, нәзіктігі көрініс табады. Осындай тапқырлықты тек Фариза ақын ғана таба алатын сияқты. Осылай еркелей жырлау Фаризаға тән секілді. Жыр әлеміне құлаш ұрған ақын жырлары өз оқырмандарын әліде қуанта берері сөзсіз.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мәнер керек сөзге де"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бренд-менеджер

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 624 589 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.11.2015 658
    • DOCX 14.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тулеулиева Гүлжайнар Бисенбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 732
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детские и взрослые эмоции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология сиблингов в семейной структуре

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе