Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері.

Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері.


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Модель. Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері.
Мақсаты
Білімділік: Оқушыларды «модель» ұғымымен таныстыру, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру, модель түрлерімен, модельдеу кезеңдерімен таныстыру. Статистикалық және динамикалық, ақпараттық, компьютерлік және компьютерлік емес модельдер жөнінде түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушыларға модельдер және модельдеу туралы түсінік бере отырып ой – өрістерін, білім – білік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: АКТ қолдану (Prezi, Macromedia Flash, Power Point, Pascal)
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Пән аралық байланыс: бейнелеу, әдебиет
Қолданылатын көрнекілік: интерактивті тақта, компьютер, тақырыпқа сәйкес слайд, дидактикалық материалдар, электронды оқулық
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын пысықтау
3. Жаңа сабақ
4. Практикалық тапсырма
5. Сергіту сәті (көз, қол жаттыгулары, мақал – мәтел)
6. Сабақты қорытындылау
7. Үйге тапсырма
8. Бағалау
1. Ұйымдастыру кезеңі.


«Бұғылар» тренинг ойыны
- Оқушылар сіздер бұғылардың бір бірімен қалай амандасатындарын білесіздер ме?
- Ендеше қазыр ортаға шығып бұғыларша бір бірімізбен амандасамыз. Ортаға екі катардан, бір бірімізге қарама-қарсы дөңгелектеніп тұра қойыңыздыр. Енді бірінші қарама-қарсы тұрған кісіден бастап, ортадағы кісілер ауысу арқылы амандасып шығамыз. Бірінші оң құлағымызды, келесі сол құлағымызды бір бірімізге тигізіп амандасамыз. Амандасып болғаннан кейін аяғымызбен жерді соғамыз.
2. Үй тапсырмасын пысықтау («Бинго» ойыны)
1. Нүктені экранға шығарады (PutPixel(x,y,color))
2. Түзу кесіндісін салуды жүзеге асырады. (Line (x1,y1,x2,y2); процедурасы)
3. Rectangle (x1,y1,x2,y2); (процедурасы төртбұрыш салады)
4. Bar (x1,y1,x2,y2); (іші боялған төртбұрыш салу процедурасы)
5. Шеңбер салу процедурасы (Circle (x,y,R); центрі(x,y) нүктесіндегі, радиусы R)
6. доғасы салу процедурасы (Arc (x,y,startAngle, endAngle,R) )
7. Ellipse (x,y, Rx,Ry) (эллипс сызу процедурасы)

3. Жаңа сабақ
Модель дегеніміз – нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
Модельдеу – объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың (макетін) құру.

Модель түрлері
Модельдерді қасиеттеріне қарай мынандай топтарға жіктейді:
1. Қолданылу аймағы
2. Модельде уақыт факторын ескеру
3. Білім саласына қарай топтау
4. Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау

Қолданылу аймағына қарай модельдеу келесі түрде жіктеледі.
1. Оқу
2: Тәжірибелік
3. Ғылыми – техникалық
4. Ойын
5. Имитациялық
Оқу моделі - көрнекті оқу құралы, әр түрлі машықтандыруды, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін.
Тәжірибелік модель – жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда оюъектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады. Бұл модельдер – объектіні зерттеу, қасиеттерін болжау, зерттеу мақсатында қолданылады.
Ғылыми - техникалық модельдер – процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады.
Ойын моделдеріне - әскери, экономикалық, спорттық ойындар жатады.
Имитациялық модель – шын мәніндегі нақты объектін өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады.
Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.
Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады. Мысалы тіс емханасында дәл сол уақыт мезетіндегі оқушылардың тістерінің жағдайы туралы мәлімет береді:бастауыш сыныптағылардың сүт тісі, орта және жоғарғы буындағы оқушылардың емделген, емделуге тиісті тістерінің саны т.б.
Динамикалық модель – уақыт барысындағы объектінің қасиеттерін өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді. Мысалы, жеке оқушының емханадағы түбіртек кітапшасын динамикалық модель деп айтуға болады. Өйткені осы кітапша бойынша жыл сайын олардың денсаулығындағы болып жатқан өзгерістерді анықтау мүмкіндігі бар.

Үй салу кезінде оның іргетасының қабырғалары мен тіреулерінің үнемі түсіп тұратын күшке шыдамдылығын тексеру керек. Бұл – үйдің статистикалық моделі. Сондай – ақ дауылға, жер сілкінісіне т.б. уақыт факторларына байланысты болатын өзгерістерді де ескеру қажет. Бұл мәселелерді динамикалық модельге сүйене отырып анықтауға болады.
Модельдерді көрсетілу әдісіне қарай топтау
1. Материалдық
2. Ақпараттық
2.1. Таңбалық
2.1.1. Компьютерлік
2.1.2. Компьютерлік емес
2.2. Вербальдық
Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға да болады. Олар түпнұсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді. Материалдық модельдердің қарапайым мысалдарына балалар ойыншықтарын алуға болады.
Ақпараттық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек ақпараттарға ғана құрылады. Мұндай модельдер қоршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмеіндік береді.
Ақпараттық модель дегеніміз – объектіні, процестің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады.
Таңбалық және вербальдық ақпараттық модельдер
Вербальдық модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.
Таңбалық модель деп арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады.
Көрсету түріне қарай ақпараттық моделді мынадай топтарға жіктеуге болады:
Геометриялық модель – графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар.
Ауызша модель – иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар.
Математикалық модель–объект немесе процестің әр түрлі параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар.
Құрылымдық модельдер – схема, графиктер мен кестелер т.б.
Логикалық модель – ой қорытындысы мен шарттарды талдау негізге алынған іс - әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер.
Арнайы модельдер – ноталар, химиялық формулалар.
4 Практикалық тапсырма. Практикалық тапсырманы 15 минут орындайды.

Паскаль программасында графикалық процедураларды пайдалана отырып үйдің макетін салу.
program e1;
uses Graph;
var k,n:integer;
begin k:=detect; Initgraph
(k,n,'c:\TP\BGI');
SetBKColor(2);
Setcolor(4);
rectangle(205,200,350,300);
circle(270,150,30);
line(204,200,270,50);
line(350,200,270,50);
rectangle(221,270,270,228);
rectangle(300,300,332,228);
readln;
closeGraph;end.
Сәйкестікті тап
Модель Сәйкестікті тап Қызметі
Уйдің макеті Материалдық
Глобус , электронды оқулықтар Оқу
Ауа райын зерттеу Ғылыми-техникалық
Қояндарға екпе жасау Имитациялық
Презентация, слайд жасау Компьютерлік
Жасуша, ұлпа, микроскоп Тәжірибелік
Екі адамның әңгімелесуі Вербальдік
5 Сергіту сәті. Көз, қол жаттығулары
Қол және көз жаттығуларын музыка арқылы сүйемелдеумен орындау.
Қол саусақтарына арналған жаттығулар: Алақанды уқалап, қолды қысу, білезіктен айналдыру. 3-4 рет орындау.
Көз жаттығулары: Көзді бірнеше рет жыпылықтату, көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет орындау.










Мақал – сөздің мәйегі
1. Вирусты антивирус өлтірер,
Антивирусты уақыт өлтірер.
(Ерді намыс өлтірер,
Қоянды қамыс өлтірер.)
2. Антивирус компьютер үшін туады, Компьютер үшін өледі.
(Ер жігіт ел үшін туады, Ел үшін өледі.)
3. Компьютер процессорымен мықты.
(Ағаш тамырымен мықты, Адам дос - жарымен мықты.)
4. Жақсы WORD жарым ырыс. (Жақсы сөз жарым ырыс.)
5. Операциялық жүйе – буынсыз, Процессор түпсіз. ( Тіл – буынсыз,Ой – түпсіз.)
6. Информатика пәнін оқысаң ерінбей,
Компьютерді жетік білесің тіленбей.
(Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.)
7. Елді ер сақтайды,
Компьютерді антивирус сақтайды.
(Шеге тағаны сақтайды,
Таға атты сақтайды.)
(Ат ерді сақтайды,
Ер елді сақтайды.)
8. Колонкасыз компьютердің үні шықпас. (Жаяудың шаңы шықпас, Жалғыздың үні шықпас)
9. Жігітті компьютеріне қарап, бағала. (Жігітті досына қарап, бағала)
10. Байт биттен құралады. (Теңге тиыннан құралады)
11. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас.
(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
12. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім.
(Аттың сыры, иесіне мәлім)
13. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса.
(Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)
14. Білмесең, «анықтама»-дан сұра. (Білмесең білгеннен сұра)
15. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы. (Бір ақылдан, екі ақыл артық)
16. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды.(Досы күштіні-жау алмайды)
17. Күлсең ескірген компьютерлерге күл.(Күлсең кәріге күл)
18. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады. (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)
5 Сабақты қорытындылау. Тест жұмысы (Macromedia Flash бағдарламасымен құрастырылған тест жұмысы арқылы)


7 Үйге тапсырма: Модель. Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері. Кез келген модельдің суретін салып, дәптерге паскаль программалау тілінде шығарып келу.
6 Бағалау: Оқушылардың білім деңгейлеріне, сабаққа қатысуына қарап бағалау. Бағалау парағын әр оқушы өзі толтырып отырады.
Бағалау парағы
Барлық сынып үшін тапсырмалар Жұмыстың негізгі түрлері Ұпайлардың ең үлкен ұпайы Өзін-өзі бағалау Мұғалімнің бағалауы
1. Үй тапсырмасын пысықтау 5 ұпай
2. Жаңа сабақ 5 ұпай
3. Практикалық тапсырма 5 ұпай
4. Сабақты қорытындылау
4.1. Стикердегі диалог 5 ұпай
4.2. Компьютерлік қорытынды тест 5 ұпай
Барлық ұпайлар
Бағасы


57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 25.09.2015
Раздел Информатика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1594
Номер материала ДВ-010035
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх