Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Модульдік оқыту технологиясы Баяндама.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Модульдік оқыту технологиясы Баяндама.

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Қазақ тілін оқытудың тиімді технологиясы».

Педагогикалық технология - білімділік мақсатқа қол жеткізудегі оқушы мен мұғалімнің жүйелі, тұжырымдамалы, нормативті, объективті, көпнұсқалы әрекеті.

Ф.А.Фрадкин

ХХІ ғасырдың жан-жақты дарынды,талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов: «Сабақ беру-үйреншікті жәй ғана шеберлік емес,ол-жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен.Қай кезеңде,қай заманда болмасын мектептегі басты тұлға мұғалім десек,дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін,алған білім мен тәрбиелік қазынасын туған еліне,адамзат игілігіне жұмсай алатын,саналы адамзатты жетілдіруге үлес қосатын қазақ тілін оқыту процесінде мұғалімге жауапты міндет жүктеледі.Осыған орай оқушының тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологиялары пайда болды.Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді.Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін,оның тұлғасын,білім алу арқылы дамуын қойып отыр.

Қазақстанда Ж.А.Қараевтың, Ә.Жүнісбековтың және М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.

Бұл технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп,тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр.Жаңа технологияны күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,педагогтік мақсат-мүддесіне сай,өзінің шеберлігіне орай таңдап алады.Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі,шығармашылық ізденісі,өз мамандығына сүйіспеншілігі мен алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.

Күнтізбелік жоспарды жасауға және оқушылардың өз бетінше ізденіп,шығармашылықпен жұмыс істеуіне «Модульдік оқыту технологиясы» өте тиімді. Оқыту технологиясының бұл нұсқасының бір ерекшелігі – білімді меңгерту емес,оқушының өз бетінше меңгеруге ұмтылатындығы,жадының алуан түрлері (есту,көру) арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға,өзін-өзі өзектендіруге,шығармашылық қажеттілігін қанағаттандыруға,сөздік қорын (ауызша,жазбаша) дамытуға бағытталады.Модульдік оқытудың өзегі-оқу модулі.Оқу модулі ақпараттардың аяқталған блогынан,бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген мұғалімнің нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады.

Бұл технология,біріншіден,дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді,сондай-ақ оқушылардың ойлау,елестету мен есте сақтау қабілетінің,ынтасының,белсенділігінің,білім сапасының дамуына көмектеседі.Әр оқушының кемінде мемлекеттік деңгейде білім алуына кепілдік береді.

Модульде ІІІ деңгейлік тапсырмалар: тест сұрағы, сынақ тапсырмасы,шығармашылық жұмыс бойынша жұмыстар жүргізіледі.

ІІІ деңгей –мемлекеттік стандарт деңгейі,мұны барлық оқушылар орындауы,білуі міндетті. ІІ деңгей бұған қарағанда күрделірек,ал І деңгейді өзіндік пікірін айта алатын,өз ойын шығармашылықпен дәлелдей алатын қабілетті,озат оқушылар ғана орындай алады.

Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрлымды бөліктен тұрады.

Кіріспе бөлім

(Модул,тақырыпқа енгізу)

Сөйлесу бөлімі

(оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде

ұйымдастыру)

Қорытынды бөлім

(бағалау)

7-12 сағаттан тұратын оқу модулі тиімді. Модульге берілген сағат санының аздылығының немесе көптігіне қарамастан кіріспе бөлімге 1-2 сағат және қорытынды бөлімге 1-2 сағаттан артық берілмейді.

Ал қалған сағаттар сөйлесу бөліміне беріледі.3-ші,4-ші сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай сараланған тапсырмалар беріледі.Оқушы мүмкіндігіне қарай қай деңгейдегі тапсырманы таңдауға ерікті.

Сөйлесу бөлімі- оқыта үйрету ойындары арқылы жүргізіледі.

Бұл технологияның маңызды шарты оқушылар кез-келген ғылыми көздерді,оқу құралдарын пайдалануға болатындығы және мұғалімнен жедел кеңес ала алатындығы.

Модуль №1

Бөлімі

Сабақ саны

Сабақтың мазмұны.

Уақыты

Б ө л і м

1-ші сабақ.

1.М.Әуезов өмір жолы.

2.Алғашқы әңгімелері.

3.М.Әуезов-драматург.

4.М.Әуезов –аудармашы.

5. М.Әуезов – ғалым.

1. «Абай жолы эпопеясы»

2.Абай бейнесі.

10 мин.

10 мин.

8 мин.

8 мин.

9 мин.

5 мин.

10 мин.

К і р і с п е

2-ші сабақ.

3.Роман. Құнанбай,Тәкежан,Бөжей,т.б.

4.Романдағы әйелдер бейнесі.

5.Романдағы халық өкілдері.

6.Абай және орыс достары.

10 мин.

5 мин.

5 мин.

10 мин.

С ө й л е с у б ө л і м і

3-ші сабақ.

4-ші сабақ.

5-ші сабақ.

6-шы сабақ.

7-ші сабақ.

8-ші сабақ.

9-шы сабақ.

«Қарлы кесек» ойыны.

«Брейн-ринг» ойыны.

«Аквариум тәсілі».

«Театр сабақ».

«Өзара оқыту сабағы».

Дебат (пікір-талас).

«Білім биржасы».

45 мин.

45 мин.

45 мин.

45 мин.

45 мин.

45 мин.

45 мин.

Қорытынды

10-шы сабақ.

11-ші сабақ.

12-ші сабақ.

Шығарма.

Поэзия кеші.

Сынақ.

45 мин.

45 мин.

45 мин.

Жоғарыда жасалған модуль 11-сыныптың қазақ әдебиетіне арналған.Бұл технологияда басты назар оқушыларды дамытуға арналған. Модулдің кіріспе бөлімінде мұғалім білімі мен біліктілігінің арқасында оқушыға қысқа әрә нұсқа ақпараттар ағымын беруі тиіс.

Сөйлесу бөлімінде мұғалім шеберлігінің нәтижесінде оқыта үйрету ойындары арқылы оқушыларды өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге бағыттаймыз.

Технология авторы М.Жанпейісованың пікірінше бұл технологияны қолданғанның үшінші жылында ғана нәтижеге қол жететіндігін атап өтеді.

Жұмысты алғаш бастаған мұғалім ойына алған істің бәрі жүзеге аспағандықтан,көбінесе

өзіне –өзі қанағаттанбаушылық сезіну болады.

Екінші жылы оқу процесі біршама тиянақталады.

Үшінші жылы оқушылардың өздеріне деген сенімі артып, сөйлеу тілі,ойлау қабілеті

артып,қорқыныш ,мазасыздық сезімі жоғалады.

Мен сабағымда оқушыны біліммен,іскерлікпен,дағдымен қаруландырып қоймай,олардың

Танымдық,шығармашылық қабілеттерін де дамыттым.Үйде мәтін бойынша ұнаған

көріністеріне сурет салып келу тапсырылады.Бұл тапсырманы оқушы ерекше ынтамен орындап

келеді.

Нәтижесінде:бала ойлай отырып,елестетеді,қиялдайды,болжам жасайды.Оқушыға

тақырыптың мазмұнын толық меңгере отырып,әсіресе шығарма жазуға құштар балалардың

қиялын ұштай түстім.

Оқушы тұлғасының дамуына,қабілетінің артуына жаңа инновациялық технологиялардың

ерекше ықпал ететіні сөзсіз және әрбір әдіс-тәсілдің ұстаздар үшін маңызы зор.





















Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. М.М.Жанпейісова «Модулдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде » .Алматы,2002 жыл.


  1. В.П. Беспалько Слагаемые педагогической технологий. Москва .педагогика. 1989 жыл, 192-бет.




  1. «Тәрбие құралы»

Республикалық ғылыми-педагогикалық журнал.

4,2005 жыл,18- бет.




  1. М.Әуезов «Абай жолы»романы.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 10.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров524
Номер материала ДВ-440481
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх