Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Модульдік технология арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру

Модульдік технология арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру


Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 184 курса профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Модульдік технология арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру


Жакиенова О. А.

«Дарынды балаларға арналған №8 лицей – мектебі» М М

Павлодар қаласы


Қазақстан Республиканың «Тілдерді дамытудың 2001 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» негізгі талабы – мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек. Қазақстан Республиканың «Білім туралы» заңында: «Білдім беру жүйесінің басты міндеті– ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім ала үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс–тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу».

Модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Ол ақпараттардың аяқталған нұсқауларынан тұрады. Модульдік оқыту –бұл оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі.

Оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта жаңа технологияларды жүйелі қолданамын. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында өз тәжірибемде

М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясын» пайдаланамын.

Технологияны жүзеге асырудағы мақсатым:

  1. Оқушылардың сөздік қорын дамыту, танымдық дағдыларын жетілдіру.

  2. Оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету.

  3. Баланы өз бетімен ізденуге дағдыландыру, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  4. Оқушылардың барлығын қамту.

Модульдік технологияның ерекшелігі: тек білімді меңгерту емес, оқушының танымдық процестерді жадының алуан түрлерін есту, көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны бекіту, шығармашылық деңгейін арттыру. Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және қабілет деңгейлерін дамыту. М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясының» маңызы ерекше. Технология әдістері оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді, өзін – өзі өзгені де былай бағалай үйретеді. Модуль арқылы оқыту технологиясының өзіндік ерекшеліктері қағидалары, белгілі бар. Тиімді белгілерінің бірі – оқушының оқу белсенділігі. Бұл технологияның бір ерекшелігі сабақтың барлық кезеңдерінде оқушыларға шығармашылық жұмыстарды ұсынуға болады.

Сөздікпен жұмыс кезінде оқушының шығармашылығы, мүмкіндігіне қарай сөз тіркесін, сөйлемдерге сөзжұмбақ, ребус немесе сканворд құрастыру мүмкіндігін тудыру болса, жаңа материалмен жұмыс істеген кезде ой ойын сызба немесе сурет, тірек конспектілері арқылы жеткізуіне, жаңа тақырыпты бекіту кезеңінде өз пікірін шағын шығарма, өлең, жұмбақ, қағида немесе ереже құрап жазу арқылы беруге болады. Оқушының белсенділігін оның ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін, жадысы мен зейінін дамытып, қызығушылығын арттырады. Модульдік оқыту әдістемесі бойынша жүргізілген оқу үдерісі оқушылардың қызығушылығын арттырады, бір–бірімен қарым–қатынасын жақсартады, оқушының өз ойын толық жеткізуіне жағдай туғызады, тапсырмалардың қарапайымнан күрделілігіне көшуге ынталандырады. Білімді жүйелі түрде қабылдау негізінде оқушылардың сауатты сөйлеу және сауатты жазу дағдылары қалыптасады.

Модульдік оқыту технологиясының негізгі – модуль. Осы технологияны басшылыққа ала отырып, бағдарламада берілген тақырыптарды логикалық бір жүйеге келтіріп, модульдерге бөлдім. Оқушылар: оқу мақсатын, өзіне қойылатын талапты, лексикалық және грамматикалық тақырыпты, модульдің мазмұнын, жұмыс – үрдісін, нәтижесінің бағаланып және түзетіліп отыратын біледі.

М.Жанпейісованың  «Модульдік оқыту технологиясы» екінші тілді оқытуда сөйлеуге үйретуді негізге алады. Осы орайда мен өзім беретін сыныптарда осы технологияны қолданамын. Бұл технологияның ерекшелігі оның білімді меңгеруі, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танмдық процестерді, яғни, жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл т.б.) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ, тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі бекіту, қарым –қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады.

   «Модуль дегеніміз –қандай да бір жүйенің, біршама дербес бір бөлігі. Ал, «технология» гректің «шеберлік» деген сөзі .

Оқыту модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады:

  1. Кіріспе ( модульге, тақырыпқа енгізу)

  2. Сөйлесу бөлімі ( оқушылардың өзара сөйлесуін ұйымдастыру)

  3. Қорытынды бөлімі (тақырыпты жинақтап нәтижені бағалау, бақылау, тест).

Әрбір оқу модуліндегі сабақ санасының ауытқуы тақырыпқа байланысты бестен тоғызға дейін тиімді деп есептеймін, себебі сөз қорының молаюы аз мөлшерімен беріліп қайта–қайта жаңартылып, өз пікірін ортаға сала аладындай болу керек. Қазақ тілінде сөйлеуге үйрету техникасы мұғалім таңдаған технологияда жетекші орын алатын болады. М. Жанпейісованың сөйлесу бөлімін құру қағидаларына сүйене отырып, жеке тұлғаны дамытатын кез келген әрекет емес орындау әрекеті екенін ескере отырып, оқушының танымдық қызметпен айналысуына, ақыл–ой жұмысына қанағаттануына жағдай жасаймын. Міндетте түрде, сабақ барысында, оқушының іс– әрекетінің төрт түрін: тыңдау, оқу, жазу және әңгімелесуді қолданамын. Өйткені, ол әр баланың жеке мүмкіндігіне негізделеді, оқытудың жеке тұлғаны дамытуға бағытталуына аса қолайлы.

Модульдердің нәтижелі болуын көздеп, сөйлесу сабағының түрін өзгерте отырып, әр түрлі белсенді формалары пайдалану арқылы іске асырамын. Олар:

  • топтық;

  • жұптық;

  • жеке;

  • ұжымдық.

Оқытудың басты ерекшелігі – оқушылардың қарым – қатынасы арқылы тіл дамыту, тұлғаның дамуына жағдай жасау. Технология - бұл қандай да болсын істегі, шеберліктігі, өнердегі амалдардың жиынтығы. Мен өз сабақтарымда М. Жанпейісованың технологиясынан эленменттерін қолданамын. Сабақ тиімділігін арттыруда ойын элементтерін қолдану белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді. Ойын элементтерін сабақта екі түрлі мақсатта пайдаланамын. М. Жанпейісованың технологиясы бойынша оқу модулінің ерекшелігі – жалпы санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі, ал қалғаны сұхбаттасу бөлімнің меншігінде болады. Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылыммен, оның мақсаты–міндеттерімен таныстырады. Бұдан соң мұғалім осы материалын қысқаша 10-12 минут ішінде сурет, сызба, кесте, т.б. белгілі үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.

Сабақ тиімділігін арттыруда ойын элементтерін қолдану белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді. Ойын элементтерін сабақта екі түрлі мақсатта пайдаланамын. Біріншісі – сабаққа қызығушылығын арттыру, тілін дамыту, екіншісі – оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу .

Сабақта қолданылатын ойындар: «Бәйге», «Кім жылдам», «Ойлан тап», «Қарлы кесек», «Снежный ком», «Полиглот», «Жалғасын айт», «Брейн ринг». Ойын барысында оқушының ойлау қабілеті, тапқырлығы дамиды.

Модульдік технология мұғалімнің алдында тұрған көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі:

  • жалпы білі сапасын жоғарлату;

  • сабақтың тиімділігін жоғарылату;

  • дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін жасау

  • оқушылардың мақсаттарына жету жолындағы жетістіктерін есепке алу жүйесін жасау;

  • жеке тұлғаның өзін –өзі реттеу, өзін –өзі тәрбиелеуі, өзін – өзі дамыту.

Модульдік технология алға қойылған мақсатқа оқушылармен бірлесе отырып проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Технологияны қолдану бастауыш сыныптарға тиімді екеніне көзім жетті. Себебі, қазіргі оқулықтардың дені модульге құралған. Жалпы осы технологияны қолдану барысында, мен сабақ беретін сыныптарда білім сапасы жоғарлағанын байқадым.


Пайдаланған әдебиеттер:

  1. М.М. Жанпейісова модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы, 2002 жыл

  2. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы, 2008 – 2011жыл

  3. «Технологиялар арқылы сабақтың тиімділігін арттыру». Ғаламтор желісі

  4. Қазақстан Республиканың «Тілдерді дамытудың 2001 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»

  5. Қазақстан Республиканың «Білім туралы заңы», 2007жыл























Общая информация

Номер материала: ДВ-326289


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG

Похожие материалы

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе»
Курс повышения квалификации «Методика написания учебной и научно-исследовательской работы в школе (доклад, реферат, эссе, статья) в процессе реализации метапредметных задач ФГОС ОО»
Курс повышения квалификации «Экономика предприятия: оценка эффективности деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Организация логистической деятельности на транспорте»
Курс повышения квалификации «Основы построения коммуникаций в организации»
Курс повышения квалификации «Этика делового общения»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности секретаря руководителя со знанием английского языка»
Курс повышения квалификации «Мировая экономика и международные экономические отношения»
Курс повышения квалификации «Актуальные вопросы банковской деятельности»
Курс повышения квалификации «Финансовые инструменты»
Курс профессиональной переподготовки «Эксплуатация и обслуживание общего имущества многоквартирного дома»
Курс профессиональной переподготовки «Осуществление и координация продаж»
Курс профессиональной переподготовки «Информационная поддержка бизнес-процессов в организации»
Курс профессиональной переподготовки «Управление качеством»
Курс профессиональной переподготовки «Стандартизация и метрология»