Инфоурок Директору, завучу СтатьиМОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯМЕН ОҚЫТУҒА ТӘН ЕРЕКШЕЛІКТЕР ЖӘНЕ МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯМЕН ОҚЫТУҒА ТӘН ЕРЕКШЕЛІКТЕР ЖӘНЕ МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Скачать материал

МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯМЕН ОҚЫТУҒА ТӘН ЕРЕКШЕЛІКТЕР ЖӘНЕ МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

 

Алия Елемесовна Кокишева

А.Баймұлдин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

 

 

Бүгінгі таңда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналуда. Дүниежүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасының көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты болады.

Осы тұрғыдан бүгінгі күні жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып тәрбие беру мұғалімнің басты мңдеті.

Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.Сондықтан әрбір педагог сапалы білім беру үшін сабақты үнемі қалыптасқан формада өткізуден көрі оқытудың жаңа технологиясын, жаңа әдіс-тәсілдерін және дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу тиімді.Бұл бағытта білім берудің әртүрлілігі, нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибегенегізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер оқу мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың маңызы зор.Қазіргі таңда оқытудың озық технологияларынмеңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емесСабақта қолданылған жаңатехнологиялардың өзіәрбір мұғалімнің шеберлігіне байланыстыәрқалай жүзеге асырылуы мүмкін.

1. Модульдік оқыту технологиясы негізінде оқу процесін ұйымдастыру.

Модульдік оқыту технологиясының мәні: оқушы модульмен жұмыс істеу процесінде нақты мақсаттарға өздігінен (немесе белгілі көмек нәтижесінде) қол жеткізеді. Модуль бұл – оқу мазтұны мен оны меңгерудің технологиясы біріктіріліп берілген мақсаттық функционалдық түйін.

Модульдің құрамы:

-         әрекеттің мақсатты жоспары;

-         ақпарат банкі;

-         дидактикалық мақсаттарға жетуге арналған әдістемелік нұсқау.

Бұл технологияны оқыту мазмұны аяқталған дербес ақпарат блоктары түрінде ұсынылады. Оларды меңгеру дидактикалық мақсаттарға сәйкес жүзеге асырылады. Бағдарламаны құру үшін курстың негізгі ғылыми идеялары бөлініп алынып, оқыту мазмұны солардың төңірегінде белгілі бір блоктарға топтастырылады.Содан кейін екі деңгейден тұратын кешенді дидактикалық мақсаттар анықталады. Оның біріншісі – оқу мазмұның меңгеру деңгейі, екіншісі-оны практикада және оқуды әрі қарай жалғастыруда қолдануына бағдарлау деңгейі. Кешенді дидактикалық мақсаттардан кіріктірілген дидактикалық мақсаттар бөлініп алынады да, модульдер соған сәйкес дайындалады.

         Модульдер үш типке бөлінеді:

-         танымдылық, ғылым негіздерін оқытуда қолданылады;

-         операциялық, іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру және дамыту үшін қолданылады;

-         аралас, алғашқы екеуін қамтиды.

Модульдік оқыту барысында өзіндік жұмысқа барынша көп уақыт бөлінеді,. Оқушы мақсат қоюға, жоспарлауға, ұйымдастыруға, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалауға үйренеді. Бұл оған оқу әрекетіндегі өз күшін байқап, сезінуге, өзінің білім, білік, дағдыларындағы кемшіліктерін табуына мүмкіндік береді.

         Модульдік оқыту технологиясын қолдану оқытуды субъект қатынасына негіздеп құруға көмектеседі.

         Модульдік оқыту технологиясын сонымен бірге бақылау, талдау және түзетуді өзін өзі басқарумен үйлесімдікте іске асырады:

-         жаңа модульмен жұмыс жасауға дайындық деңгейі қандай екенің білу үшін әрбір модуьді бастамас бұрын оқушылардың білім, білік, дағдыларын алдын ала бақылау жүргізіледі;

-         қажет болған жағдайда оқушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру жұмысы жүргізіледі;

-         әрбір модульдің құрамдас бөліктерінің соныңда өзін өзі бақылау, бірін-бірі бақылау, үлгімен сәйкестендіру түрінде ағымдық және аралық бақылаулар өткізіледі;

-         қорытынды бақылау модульдің соңында жүреді.

Модульдерді кез келген оқыту жүйелерінде қолдануға болады. Ол оқытудың сапасын жақсартып, тиімділігін арттырады. Сондай-ақ дәстүрлі оқытумен үйлестіру өте нәтижелі.

         Модульдерді жасаудағы мақсат курс немесе курстың әрбір тақырыбының мазмұның педагогикалық, дидактикалық және кәсіптік міңдеттерге сәйкес құрамдас бөліктерге бөлу болып табылады. Одан кейінгі мақсат-барлық құрамдас бөліктер үшін оқытудың ең тиімді түрлері  мен формаларын анықтап, оларды уақыт жағынан үйлестіру және бір кешенге біріктіру, кіріктіру.

         Модульдерге бөлуоқу пәнінің түсініктемелік аппаратын жүйелі түрде талдауға негізделеді. Ол іргелі түсініктер тобын бөліп алуға, оқу материялдарын жүйелі, тиянақты етіп топтастыруға, курс ішіндегі немесе іргелес, туыс пәндерге тақырыптарды қайталауды болдырмауға мүмкіндік береді.

Әрбір модуль қажетті дидактикалық, әдістемелік материялдармен, негізгі түсініктердің тізімімен, оқыту барысында қалыптасатын білік, дағдыларымен қамтамасыз етіледі. Әрбір модуль үшін оны меңгеру алдында оқушыға берілетін анықтамалық және иллюстративтік материялдар іріктеліп алынады. Сондай-ақ оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі дайындалуы тиіс. Әрбір оқушы бір модульден келесі модульге оқу материялдарын игеру қабілетіне қарай өз траекториясымен жүреді және ағымдық бақылау кезеңдерінен басқа оқушыларға қатыссыз өтеді.

         Оқу материялдарын модуль бойынша құру – міңдетті және маңызды процесс, себебі ол:

-         пән мазмұнын дамыту логикасын нақты айқындауға;

-         осы мазмұнның бөліктері мен байланыстарын белгілеуге;

-         олардың автономдылығының деңгейін анықтауға,

-         олардың арасындағы логикалық байланыстарды тек мұғалімнің ғана емес, оқушының да толық түсінуіне жағдай жасауға мүмкіндік туғызады.

Модульдің оқу материялдарының мазмұнын анық, дәл құру оқушылардың жетекші идеяларды, оқу пәнінің даму логикасын, жалпыланған білім жүйесін саналы меңгеруіне көмектеседі.

         Оқу материялдарының мазмұның құру барысында оқу пәнін мұғалім белгілі бір жүйе ретінде қабылдауы тиіс. Логикалық құрылымды талдау графасы мұғалімге аталған модульді меңгерту кезіңде оқушыларда қандай арнайы, пәндік білік, дағдылар қалыптасуы керек және оны игеру процесін жеңілдету үшін қандай жалпы білік, дағдылар қолданылатының анықтауға көмектеседі. Қажетті біліктер мен дағдылар жүйесі  оқушылардың жаңадан иергендерімен қоса, бұрынғы білік, дағдыларына сүйеніп қалыптасады. Оқушыда бұрыннан бар білік дағдылар танымдық іс әрекеттің жаңа тәсілдерін меңгеру үшін негіз болып табылады. Оқу материялдарын модульде орналастыру, баяндау жүйесі оқушыларда іс әрекеттің жалпылама тәсілдерін құрастыру үшін жағдай туғызады. Нақтылы бір бала үшін жаңа болып табылатын маңызды білік, дағдылар туралы ақпараттар модульдің мазмұнына еңгізіледі. Бұл мағлұматтар әр түрлі әрекеттеріне арналған бағдарлық негіз түрінде беріледі. Ол оқу іс әрекетін күтілетін нәтижеге ғана бағдарлап қоймай, осы нәтижеге қол жеткізетін тиімді әдістерді іздеуге де көмектеседі. Бұл оқушылардың іс әрекетте шығармашылықпен қарауын дамытып, модульдік оқыту процесінде өздігінен жұмыс істеу, білім алу деңгейін жоғарылатады. Мұны іске асыру модуль мазмұның құру кезінде белгілі бір шарттар ескерілген жағдайда мүмкін болады.

         2. Модульдік технологиямен оқытуға тән ерекшеліктер және модульдік технологияның тиімділігі.

         Модульдік технологиямен оқытуға тән ерекшелік – модульдегі басқару қызметі өзін-өзі басқару қызметі және өзін-өзі бағалау қызметіменалмасады. Оқыту процесінің дамуына қарай мұғалім оқытуды тиімді ұйымдастыру мәселесі бойынша кеңесші және координатор рөлін көбірек атқаратын болады. Оқытуды басқару біртіңдеп көзге білінбейтін, жабық түрдегі басқаруға айнлажы.

Модульдік оқытуға мынадай тәуелділік тән: оқытудың ақсатына – жеке тұлғаның шығармашылық дербестігін қалыптастыруға – теориялық жалпылау деңгейінде оқытудың мазмұны арқылы оқушылардың репродуктивті, продуктивті іс әрекетін іске асыратын әдістердің көмегімен қол жеткізеді.

Оқушылардың танымдық іс-әрекетін күтілетін нәтижеге және оған қол жеткізудің тиімді жолдарын іздеуге бағыттайтын мақсаттарды айқындау деңгейінде оқыту процесін дамыту бағыты беріледі, танымдық дербестігінің даму қарқыны анықталады. Оқытудың бастапқы кезеңінде бірінші модульмен жұмыс барысында оқушылар мұғаліммен бірге оқытудың мақсаттары мен міңдеттерін айқындайды. Модульдің құрамдас бөліктерінің бірінен екіншісіне көшкен уақытта дәл сол бөліктегі оқу материялдарын толық меңгерудің қажеттілігін, яғни келесі бөліктегі материялдарды онсыз түсінуге болмайтының оқушылардың саналы сезінуіне жағдай жасау керек. Осылайша оқушылар өз әрекеттерінің бағдарламасын өздігімен құруға біртіңдеп дағдыланады.

Модульдегі оқу материялдарын орналастырудың ерекшелігі олардың белгілі бір принциптер, заңдылықтар, жетекші идеялар деңгейінде игерілуін қамтамасыз етеді, әрекеттің жалпыланған тәсілдерін қалыптастырады. Бұл өз кезегінде оқушылардың танымдық дербестігі мен қабілеттілігін дамытады. Тек қарапайым міңдеттерді ғана емес, жаңа технологиялық және практикалық міңдеттерді шешуге итермелейді.

 Қазіргі оқыту процесінде модульді оқыту технологиясы кеңінен қолданылуда және өз тиімділігін көрсетуде. Бұл технологияның ерекшеліктері:

1. Құрылымның үш бөлімнен тұруы (кіріспе, сөйлесу, қорытынды).

2. Өзін - өзі бағалау.

3.Топтық жұмыстағы белсенділік.

4. Көру, есту, жазу, сөйлеу құбылыстарының қатар жүруі.

5.Еркін тәрбиеге баулу.

Әрбір тарауға құрылған жоспар бойынша кіріспе бөлімінде сабақ түсіндіріледі. Сөйлесу бөлімінде оқыту, үйрету ойындары нәтижесінде оқушының ізденісі, қызығуы жалпы білім деңгейі артады.Қорытынды бөлімінде тарауды қорытындылау мақсатында тест алынады, соңынан сынақ тапсырылады. Барлық оқушыларға тест пен сынақ басы бойынша қорытынды баға шығарылады.

Оқу циклі ретінде ұдайы қайталанатын модульді өзінің құрылымы бар. Ол үш бөлімнен тұрады: кіріспе бөлімі (модульге, тақырыпқа ену), сұхбат бөлімі (көбінесе сұхбаттасу, диалогты қарым-қатынас арқылы оқушылардың іс әрекеттерін ұйымдастыру), қорытынды бөлімі (бақылау жұмысын алу). Әр модульге сағат саны әртүрлі беріледі және баланың шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндіктер жасайды.

 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1.     Выготский Л.С. Педагогическая психология. – Москва, 1991.

2.     Занков Л.В. Беседы с учителями. Изд. 2-ое-Москва, 1975.

3.     Сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Әдістемелік құралдар. № 1,2,3,4. 1998.

4.     Әбеуова И. Сын тұрғысынан ойлау мен дамытпалы оқыту. «Дауыс және көрініс» журналы. №1, 2001.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯМЕН ОҚЫТУҒА ТӘН ЕРЕКШЕЛІКТЕР ЖӘНЕ МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Промышленный дизайнер

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 545 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.05.2016 4371
    • DOCX 45.5 кбайт
    • 29 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кокишева Алия Елемесовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кокишева Алия Елемесовна
    Кокишева Алия Елемесовна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 73142
    • Всего материалов: 21

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психосемантика и социальная психология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Курс повышения квалификации

Игровые приемы и методы обучения в школьном курсе физической географии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 178 человек

Курс повышения квалификации

Управление конфликтами в образовательной организации

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 509 человек

Мини-курс

Национальная система учительского роста: путь к эффективности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Hard-skills современного педагога

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 76 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Психология общения: от многоплановости до эффективности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек