Инфоурок Биология Другие методич. материалыМоногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері

Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері

Скачать материал


hello_html_m64f6f06c.png


Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі

Ешмухаметова Бейбітгүл Тұрсатайқызы








Пәні: Жалпы биология

Сыныбы: 10 «а»


Сабақтың тақырыбы: Моногибридті будандастырудың цитологиялық

негіздері

Сабақтың мақсаты:

1.Жеке тапсырмалар орындау арқылы моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін ұғындыру.

2.Генетикалық заңдылықтар жөніндегі білімдерін кеңейту.

3.Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Өткізу әдісі: саралап-деңгейлеп оқыту

Пәнаралық байланыс: математика

Көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек –сызбалар, тест

І. Ұйымдастыру бөлімі

а) Оқушылардың сабаққа қатысын түгендеу.

б) Психологиялық икем: «Кім шапшаң?»


Кестеде 10 сөз берелген, осы сөздерді есте сақтап қайталап айтуыңыз керек.


1.жасуша 2.көбею 3.митоз 4.мейоз 5.ұрықтану

6.зигота 7.хромосома 8.ген 9.гамета 10.генетика

Берілген сөздерді қатыстыра отырып бір сөйлем құрастыру арқылы оқушыларды сабаққа тарту.


.

Жоспары:

  1. Қайталау - оқу анасы (үй тапсырмасы)

  2. Сызбалар сыры (тірек –сызба) жаңа ақпарат беру

  3. «Білгенге маржан» (мәтінге талдау жасау,)

  4. Кері байланыс (деңгейлік тапсырмалар) Қорытындылау, бекіту

  5. Бағалау

  6. «Әлі де білгім келеді» (үйге тапсырма)


Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасы: «Қайталау - оқу анасы»

А) Өткен тақырып бойынша биологиялық диктант

  1. Бірдей гендерді_______деп, ал әр түрлі гендерді______деп атайды.

  2. Басым гендерді_______, ал басылыңқы гендерді________дейді.

  3. Ата-ананы____әрпімен белгілейді, ал ұрпақтарды____әрпімен белгілейді.

  4. Гендердің жиынтығы______деп аталады.

  5. Гендердің сыртқы көрінісін_____деп атайды.

  6. Генетика дегеніміз_______.

  7. ______бір нәруыз туралы ақпарат жазылған ДНҚ үлескісі.

  8. Моногибридті будандастыру дегеніміз ______.

  9. Бір белгілердің екіншісінен басым болуы___.

  10. Тұқым қуалаушылық заңдылықтарын ашқан ғалым__________.


Жауаптары: 1-гомозигота, гетерозигота; 2-доминантты, рецессивті; 3-Р,Ғ; 4-генотип; 5-фенотип; 6-белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын және олардың өзгергіштіктерін зерттейтін ғылым; 7-ген; 8-бір жұп белгілері бойынша ерекшеленетін шағылыстыру; 9-басымдылық; 10-Г.Мендель.


Жаңа сабақ

Моногибридті будандастырудың цитологиялық негізі


а) Мендельдің әлемге әйгілі тұқым қуалау заңдылықтары 1865 жылы жарияланғанымен, сол кезде толық қолдау таппай 1900 жылға дейін белгісіз болып қалды.Себебі ол кезде жасуша туралы мәліметтер жеткіліксіз еді.

Ал қазір цитология ғылымы жан-жақты зерттеулер нәтижесінде, орасан зор табыстарға жетті.Сондықтан Мендель заңдарына цитологиялық тұрғыда негіздеме беруге толық мүмкіндік бар.(әрі қарай интерактивті тақтада флипчартта моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері схемасын түсіндіру)

hello_html_228d5490.jpg


ә) Будан организмдердің гаметасында аллельді( жұп) гендер бір-бірімен араласып кетпей, таза күйінде сақталады. Мұны гамета тазалығы деп атайды.

hello_html_1dbc7507.jpg













б) Кей жағдайда Ғ-дегі гетерозиготалы ұрпақтан доминанттылық белгі толық байқалмай аралық сипатта болады. Мұндай құбылысты толымсыз доминанттылық деп атайды.Хош иісті раушангүл мен намазшамгүлдің тұқым қуалайтын белгілерінен осы құбылысты көруге болады.


hello_html_4b647ec8.jpg

Сонда толымсыз доминанттылық жағдайда Ғ1-дің генотипі Аа гетерозиготалы болса, Ғ2-де 1АА: 2Аа: Іаа қатынасында белгілер ажырайды.

1 кызыл: 2 кызғылт: 1 ак түсті арақатынаста болады. Бұл Мендельдің ІІ заңына сәйкес келеді.

Фенотиптері ұқсас өсімдіктер мен жануарлардың генотиптерін анықтау мақсатында талдай будандастыру жүргізіледі. Ол үшін генотипі белгісіз дара генотипі белгілі рецессивті гомозиготалы дарамен будандастырылады. Егер алынған ұрпақ біркелкі болса, зерттеліп отырған дараның генотипі гомозиготалы болғаны, ал ажырау жүрсе,оның генотипі гетерозиготалы болғаны.

Мысалы: Түнсұлугүл өсімдігін өзара будандастырған , алынған ұрпақтың жартысы қызғылт, жартысы ақ болып шыққан. Олардың ата-аналарының фенотипі мен генотипі қандай?

Осыны Пеннет торына салсақ:

а

а

А

Аа

Аа

а

аа

аа

Мұнда, нәтиже 50\50 яғни 1:1қатынаста ажырау жүрді, онда ата-анасының генотипі гетерозиготалы, фенотипі 50% қызғылт, 50% ақ


Қорытындылау.

hello_html_1821a9a.gifhello_html_6b11c135.gif

Қандай ғалам?


Негізін кім қалады?


Мендельдің қолданған зерзаты



Қолданған әдісі


Заңдары



Доминанттылықтың типтері


Генетика заңдарының қайта ашылуы



Гhello_html_m408e67fc.gifhello_html_m408e67fc.gifhello_html_5073de46.gifhello_html_98608df.gifhello_html_98608df.gifhello_html_98608df.gif
Е
Н
Е
Т
И
К
А



Бекіту.

Моногибридті будандастыруға арналған есептерді 3 топқа бөлуге болады:

  • Гаметалардың түзілуі мен типін анықтауға арналған есептер;

  • Ата-аналық даралардың генотиптері арқылы ұрпағының генотипі мен фенотипін анықтауға арналған есептер;

  • Ұрпақтардың фенотипі белгілі болған жағдайда аталық, аналық генотиптерін анықтауға арналған есептер.

1-тапсырма Гаметалардың түзілуі мен типін анықтауға арналған есеп

Берілгені: Генотиптері: а) АА; ә) Аа; б) аа; в) АаВв; г) АаВвСс;

д) ААВВСС даралар қандай типті гаметалар?

Шешуі:

а) 1 типті гамета- А

ә) 2 типті гамета -А, а

б) 1 типті гамета- а

в) 4 типті гамета- АВ, Ав, аВ, ав

г) 8 түрлі гамета - АВС, АВс, АвС, Авс, аВС, аВс, авС, авс

д) 1 типті гамета – АВС


2-тапсырма. Ата-аналық даралардың генотиптері арқылы ұрпағының

генотипі мен фенотипін анықтауға арналған есеп

Қhello_html_m21196d3c.jpgара қоян мен ақ қоянды будандастырғанда, бірінші ұрпақта түгел сұр түсті болады. Берілген суретті пайдаланып, Ғ1 - дегі ұрпақтағы қоянның түсі доминанттылықтың қай типіне жататынын айтыңдар.







Шығару жолы: 1. Р ♀ АА Х ♂аа

hello_html_mec92e7f.gifhello_html_7c108bb9.gifhello_html_m646c6a43.gifhello_html_1af41a9b.gifhello_html_m74bf56ca.gifhello_html_m736eec21.gifhello_html_m75ae07aa.gifhello_html_m3a4e4498.gif Г А А а а


Ғ1 Аа Аа Аа Аа


2. Ғ1 аралық сипатты көрсетіп тұр, сондықтан ұрпақ ата-анасына ұқсамайды, аралық сипатта. Мұны доминанттылықтың толымсыз типіне жатқызамыз.

3-тапсырма. Ұрпақтардың фенотипі белгілі болған жағдайда аталық, аналық

генотиптерін анықтауға арналған есеп

Берілгені: Көк көзді ер адамның әке-шешесі қой көзді. Ол әкесінің көзі көк, шешесі қой көзді , қой көзді әйелге үйленді. Осы отбасында қой көзді ұрпақ дүниеге келеді. Егер қой көзді белгі көк көзді белгіге қарағанда басым болса, аталған кісілердің генотипі қандай болады?

Шешуі: есепте берілген гендер мен белгілерді үш бөлімнен тұратын кестеге жазамыз. 1-бөлімге – белгілердің фенотипін, 2-бөлімге – сол белгілерді бақылайтын доминантты және рецессивті гендерді, 3-бөлімге – мүмкін болатын генотипін жазамыз.

Белгі

ген

генотип

Қой көзді

А

АА, Аа

Көк көзді

а

аа


Көк көзді ер адам генотипі – аа, қой көзді әйел адамның генотипі – Аа болады , себебі оның әкесінің көзі көк . Сондықтан, бұл отбасында қой көзді бала дүниеге келеді, оның генотипі гетерозиготалы – Аа, әкесі көк көзді болғандықтан генотипі гомозиготалы бола алмайды.

  1. шығару әдіс гаметалар комбинациясын үлгілеу арқылы

Р ♀ Аа Х ♂ аа

hello_html_7c108bb9.gifhello_html_m646c6a43.gifhello_html_1af41a9b.gifhello_html_m74bf56ca.gifhello_html_m736eec21.gifhello_html_m75ae07aa.gifhello_html_m3a4e4498.gif Г А а а а

hello_html_711b70b9.gif

Ғ1 Аа Аа аа аа (1:1)

фенотипі 50% көк көз, 50% қой көз

генотипі 50% гетерозиготалы, 50% гомозиготалы рецессивті

Жауабы: ер адамның генотипі – аа, әйелдікі – Аа, баласының генотипі – Аа

2-шығару әдіс- Пеннет әдісі ұсынған Пеннет торы арқылы да көруге болады:

а

а

А

Аа

Аа

а

аа

аа

3-шығару әдіс- алгебралық әдіс

Аталық және аналық гаметалардың типін екі мүше ретінде белгілеп, оларды бір-біріне көбейту арқылы генотипін табуға болады:

(А + а) x ( а + а ) = Аа + Аа + аа + аа = 2 Аа + 2 аа

Есепте қолданған үш әдісте де нәтиже біреу.


«Кері байланыс»-деңгейлік тапсырмалар


І деңгей (5-ұпай)


1.Генетика ғылымы нені зерттейді?

А- жасуша ілімін

В-ұсақ денелерді

С-табиғатты

Д- тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті

Е- жер қыртысын

2. 1906жылы генетика терминін ғылымға енгізген кім?

А- У.Бетсон

В- Т.Морган

С- ДЖ.Уотсон

Д-О.Эври

Е- Ф.Крик

3.1909 жылы дат биологы В.Иогенсен биологияға қандай термин енгізді?

А-зигота

В-ген

С-гамета

Д-даминантты

Е-рецессивті

4.Тұқымқуалаушылықтың материалдық негізі не?

А-амин қышқылдары

В-негіздер

С-ДНҚ

Д-көмірсулар

Е-РНҚ

5. «Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер» еңбегінің авторы кім?

А- Н.И.Вавилов

В-А.Вейсман

С-Де. Фриз

Д-Т.Морган

Е-Г.Мендель


ІІ деңгей


«Шаңырақ» сұрақ-жауап



1.Грекшеден аударғанда «dehesis»- шығу тегі сөзінің анықтамасы

(генетика)

2.Де Фриз ашқан теорияның атауы

(мутация)

3.Организмдердің ішкі және сыртқы белгілерінің жиынтығы

(фенотип)

4.Геннің қайта қалпына келуі (репарация)

hello_html_m167a1311.gifhello_html_161b5737.gifhello_html_40862967.gifhello_html_m559f2f12.gifhello_html_5e952daa.gifhello_html_m2c4a2aa7.gifhello_html_3e8f23a0.gifhello_html_m5b1d6a8f.gifhello_html_55ab280d.gif
















ІІІ деңгей


1-тапсырма «1-ұпай»


Генетика саласының дамуында халық санасында ұрпақтың сау болуы деген ұғым қалыптасты, осыған орай : «қан тазалығы», «жеті ата» ұғымдарының бүгінгі тақырыпқа сәйкестігі бар ма?


2-тапсырма «2-ұпай»


Сәйкестендіру тестісі:


  1. Ұрпақтардың ата-аналарына сәйкес болуы.

  2. Ата-анадан тарайтын ұрпақтарда айырмашылықтардың болуы.

  3. «Мүлгіген жағдайда» болып,бірнеше ұрпақтан кейін білінетін белгі.

  4. Г.Мендель ашқан заңның дұрыстығы дәлелденген жыл.

  5. Т.Морганның алғашқы ашқан теориясының атауы.

  6. Генетиканың даму тарихындағы кезеңдер саны.


А-геммулалар

Б-үш

В-өзгергіштік

С-тұқымқуалаушылық

Д-1900

Е-хромосома


1

2

3

4

5

6

С

В

А

Д

Е

Б


Бағалау

«Әлі білгім келеді»

Үйге тапсырма § 36 оқу, 169 беттегі №1 есепті шығару















Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

  Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Ешмухаметова Бейбітгүл Тұрсатайқызы

  "Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері" тақырыбына арналған сабақ жоспары 10 сынып 

Сабақтың мақсаты:

1.Жеке тапсырмалар орындау арқылы моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін ұғындыру.

2.Генетикалық заңдылықтар жөніндегі білімдерін кеңейту.

3.Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 429 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.11.2014 10037
    • DOCX 487.5 кбайт
    • 198 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ешмухаметова Бейбитгуль Турсатаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 41398
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 42 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 28 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 310 человек из 66 регионов

Мини-курс

Сенсорная интеграция: типовые и инновационные методы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 29 регионов

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, технологи

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Договоры и их правовое регулирование

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе