Инфоурок / История / Конспекты / Монғол империясының құрылуы .

Монғол империясының құрылуы .

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Монғол империясының құрылуы

Сабақтың мақсаты: ХІІІ ғ.б Монғол империясының құрылуы, қоғамдық құрылысы туралы баяндау, империяның басқынылық саясаты, жаулап алудың зардаптары туралы түсінік беру.

Оқушыларды өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру

Оқушыларды елін,жерін, құрметтеуіне,Отанды сүюіне, адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың әдісі:Аралас сабақ,баяндау,тарихи көрініс

Пәнаралық байланыс:Әдебиет, музыка

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, М.Шаханов «Отырар» дастаны,тірек сызбалар,тарихи әдебиеттер

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ Жаңа сабақ

Жаңа сабақтың жоспары

1.Монғол империясының құрылуы

2.Монғол империясының қоғамдық құрылысы

3.Монғолдардың Қазақстанды жаулап алуы

4.Жаулап алудың зардаптары

5.Ұлыстардың құрылуы

6.Қорытынды

1. Қазіргі Монғолияның жерінде ХІІІ ғасырдың басында Керей,найман,жалайыр хандықтардың шекарасына іргелеп жатқан монғол тайпалары бірде тату,бірде арыз өмір сүрген .Монғол империясының шаңырағын алғаш көтерген Шыңғысхан (бала кезіндегі аты Темужін) 1155 жылы (1162) Монғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында Есугей батырдың отбасында туған.темужін 9 жасқа толған кезінде әкесі татарлар қолынан қаза табады.1206 жылы Онон өзенінің жағасында өткізілген құрылтайда ақ туды желбіретіп хан етіп Темужінді сайлайды. Монғолдарды жеңіске жеткізетін хан Жеңісхан болсын деп,бата берген.Жеңісхан деген сөз монғолша «Шыңғысхан» деп аталып кеткен.

2.Монғол мемлекетін Шыңғысхан жеке басқарды. Жанында жаза білетін және басқа елдердің тілін түсінетін уәзірлер болды. Ол империяны 95 түмен әкімшілік билікке бөлді.Әрбі р түменде 10 мыңнан адам болды.Түмендер аймаққа бөлінді.

Әскери басқару жағынан Монғолия аумағы мен халқы үш әскери әкімшілік аймаққа бөлінді. Олар оң қанат (Барунгар), сол қанат (жоңғар) және Орталық қанат (Кул) деп аталды

Мемлекеттің басты заңы «Жасақ» деп аталады. «Жасақ» бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы құрылтай болды. Ол жылына бір рет жаз айында шақырылды. Онда басты мәселе алдағы болатын соғыстың жоспары талқыланды.

3. Шыңғыс хан Монғолия жеріндегі түркі тілдес хандықтардың қол астына қаратқан соң, көрші жатқан елдерді жаулап ала бастайды. 1207-1208ж халықтарын басып алды.

Өзіне көрші жатқан жерлерді жаулап болған Шыңғыс хан . енді Орта Азия мен Қазақстанға көз тігеді.

Шыңғыс хан Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін Қазақстанның Оңтүстігі мен Орта Азияға жолға шығады. Отырар билеушісі Қайыр хан Хорезмшахпен келісе отырып, керуенді тұтқындап, адамдарын қырғынға ұшыратады.

Осы кезде «Отырар күйреуі» атты кинофильм туралы айтылады. Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласқан. Тек Хорезмшах көмекке жіберген Қараша-Хажиб моңғолдарға беріліп, қақпаны ашқаннан кейін, жеңіліске ұшыраған.

4. Моңғол шапқыншылығының зардаптары орасан зор болды. Жетісу аймағындағы халықтың монғол шапқыншылығына онша қарсылық көрсетпегенінің өзінде қалалар мен қоныстар қаңырап бос қалды.

Монғол шапқыншылығы қалалы мәдениеттің дамуына үлкен кедергі болды. Отырықшылық мәдениет тоқырады. Елдер арасында қарым-қатынас мүлде тоқтады. Қазақстандағы әлеуметтік экономикалық дамудың барысында орасан зардаптарын тигізді.

5.Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін өзінің төрт баласына берді. Қазақстан жері оның үш баласының қол астына қалады . Бөліп берілген жерлер ұлыс деп аталды.

Жошы ұлысы, Жошы Шыңғысханның үлкен баласы оных ұлысында шығысы Ертіс өзенінің басты Еуропа жерлеріне дейінгі ат тұяғы жететін жерлер болды.

Шағатай ұлысы. Шағатай Шыңғысханның екінші баласы. Оған Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстан(Жетісу аймағы) мен Орта Азия жерлері берілген . Ұлыстың орталығы – Алмалық қаласы.

Үгедей ұлысы. Үгедей-Шыңғысханның үшінші баласы. Оған Батыс Монғолия мен Алтай,Тарбағатай, Ертістің жоғары ағысы бойындағы жерлер қараған.

Кіші баласы Төле Монғолия жерін билеген. Ұлыстардың арасында билік, талас-тартыс күшейе берген.

Қорытынды: Монғол мемлекетін құрағаннан бастап өзі дүниеден өткенге дейінгі 21 жыл ішінде 70 рет сыртқа соғыстар жүргізіп онда ірі шайқастар болды.

Шыңғысхан туралы көптеген шығармалар жазылды. М.Шаханов жеңілген жеңімпаз хақындағы Отырар дастаны Ш.Айтматовтың «Шыңғыс ханның ақ бұлты»шығармасы жазылды.

Бекіту сұрақтары.

1.Империяның қоғамдық құрылысы қандай болды.

2.Жасақ дегеніміз не?

3. Қандай калалар қарсылық көрсетті?

4. Қазақстан жері қандай моңғол ұлыстарына кірді?

5.Моңғол зардаптарының салдары?

Бағалау

Үйге тапсырма беру.

22 тақырыпты оқу, тақырып соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларға көңіл аудару, қосымша материалдармен жұмыс.

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

ХІІІ ғ.б Монғол империясының құрылуы, қоғамдық құрылысы туралы баяндау, империяның басқынылық саясаты, жаулап алудың зардаптары туралы түсінік беру.

Оқушыларды өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру

Оқушыларды елін,жерін, құрметтеуіне,Отанды сүюіне, адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың әдісі:Аралас сабақ,баяндау,тарихи көрініс

Общая информация

Номер материала: 281238

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG