Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / "Монғол империясының құрылуы және Қазақстан жерін жаулап алуы" сабақ жоспары (7 сынып)

"Монғол империясының құрылуы және Қазақстан жерін жаулап алуы" сабақ жоспары (7 сынып)

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Пән: Қазақстан тарихы Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Монғол империясының құрылуы және Қазақстан жерін жаулап алуы

Білімділік мақсаты: Оқушыларға Қазақстанда Монғол империясының үстемдік етуі, империяның басқыншылық саясаты мен оның зардаптарының әсері жайында толық мағлұмат беру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың белсенді ойлау қабілетін арттыру, алған білімдерін қажетіне сай пайдалана білуге, өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты: Қазақ тарихындағы осы бір оқиға арқылы оқушыларды патриоттыққа, елжандылыққа, саяси сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, серпілген сауал, математикалық ойын

Сабақтың көрнекілігі: Мултимедиялық АКТ

Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, география, математика

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру

ІІ.Жаңа тақырыпты меңгерту

ІІІ.Сабақты бекіту

ІҮ.Бағалау

Ү. Рефлексия

ҮІ.Үй тарсырмасы

Ұйымдастыру

- Саламатсыздар ма, оқушылар! Бүгін сабақта кім жоғын белгілеп алайық. Сіздер екі топқа бөлініп отырсыздар, сабағымыз екі бөлімнен тұрадыЕнді тақтаға назар аударайық. Мен сіздерге мынадай кілт сөздерді ұсынамын, осы сөздерге сүйене отырып, бүгінгі өтетін тақырыпқа болжам жасап көрейік.(Оқушылар өз болжамдарын жасайды)Болжам тренингі

hello_html_m46a9fc98.gifhello_html_1fc3de3b.png


Сонымен бүгінгі өтетін жаңа тақырыптың аты өздеріңіз айтып отырғандай «Монғолдардың Қазақ жерін жаулап алуы». Бұл сабақта сіздер Монғол империясының басқыншылық саясатының зардаптары туралы мәліметтер аласыздар және алған білімдеріңді өз қажеттіліктеріне сай пайдалануға үйренесіздер.

І. Жаңа тақырыпты меңгерту (Дайындалған презентация слайд арқылы түсіндіріледі)

Монғол империясының құрылуы.

Монғол империясының негізін қалаушы Темүжін 1155 жылы Монғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде дүниеге келген. Темүжін 9 жасқа толған кезінде әкесі Есугей батырды татарлар қастандықпен өлтіреді.1206 жылы өткен құрылтайда Темүжінді хан етіп сайлап, Монғол империясын құрады.

Қоғамдық құрылысы

hello_html_f9e5d9d.gifhello_html_m14f50cb1.gifhello_html_26de9a8.gifhello_html_m52cefd07.gif

Түменбасы



мыңбасы

жүзбасы

онбасы

hello_html_4914b8cc.gifhello_html_4914b8cc.gifhello_html_4914b8cc.gif

10 мың әскер

1000 әскер

100 әскер

10 әскер

hello_html_5c0f9877.png


Мемлекттің басты заңы «Жасақ» (Яса). Монғолияның аумағы мен халқы 3 әскери әкімшілікке бөлінді:

hello_html_afc1f65.gifhello_html_afc1f65.gifhello_html_afc1f65.gif

hello_html_4702d568.gifhello_html_4702d568.gifhello_html_4702d568.gif

Барунгар

Оң қанат



Кул

Орталық қанат

Жоңғар

Сол қанат




Монғолдардың Қазақ жерін жаулап алуы. (Кесте арқылы түсіндіру).

1207-1208 ж


Жошы Енисей қырғыздарын, Сібір халықтарын басып алуы

1207-1209 ж

Таңғұт, Турфан кінәздіктерін, ұйғырларды басып алуы

1211-1215 ж

Қытай жерін бағындырылуы

1217 ж

Күшлікке қарсы Жебе ноянды аттандыруы

1218 ж

Монғолдардың Жетісу жеріне енуі

1219 ж

150 мың әскерді Ертіс, Сырдарияға аттандырып, Отырарды қоршап алуы

1219-1220 ж

Сыр бойындағы қалалардың толығымен монғолдарға бағынуы


















Оқушыларға кесте арқылы түсіндіргеннен кейін,проблемалық сұрақ қойылып, пікірлері тыңдалады.- Монғол әскерлерінің көп жерлерді жаулап алуының мәні неде деп ойлайсындар?


Жаулап алудың зардаптары.

1) Жетісу аймағында шапқыншылыққа дейін 200-ден астам елді-мекендер болса, одан кейінгі ХІІІ-ХІV ғасырларда 20-жуық елді-мекендер қалған;

2)Баласағұн қаласының орны мүлдем жоғалып кеткен;

3)Егін шаруашылығының жүйесі бұзылды;

4)Халықтардың этникалық құрамы мүлде бұзылды;

5)Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы 200 жылға кешеуілдеді;

6)Мәдениеттің дамуына кедергі болды.


Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін, балаларына мұрагерлікке үлестіріп берді. Ол жерлер ұлыс деп аталады.

Қазақ жерінде ұлыстардың құрылуы

hello_html_1d0b7a93.png

Монғол жаулаушылары Қазақ жеріне енуі 2 бағытта жүрді:

  1. Шапқыншылық, басқыншылық бағытта;

  2. Шыңғыс хан ұрпақтары Қазақ хандығындағы хандар тарихының бастауы болды.

Монғолдардар Қазақ жерін жаулап алғаннан кейін, түркіленіп, Қазақ хандығының түп негізі болғаны сөзсіз. Бұл сабақтың жалғасы келесі сабақтарда жалғасын табады. Бүгінгі сабаққтың басы осыменен аяқтай отырып, сабақты қорытындылау бөліміне көше отырып, сайысымызды бастаймыз.

ІІІ Сабақты бекіту

1.Ұғымдардың мәнін табу
«Жасақ» («Яса») – заң жинағы.
«Құрылтай» - жылына бір рет болатын кеңес.
«Барунгар» - оң қанат.
«Кул» - орталық қанат.
«Мыңбасы» - бір мың әскердің басқарушысы.
«Жүз» - бірнеше ұлыстың бірігуі.
«Хан» - тайпа көсемі, мемлекет билеушісі.
«Ұлыс» - бөліп берілген жерлер.


2. Математикалық ойын. Шарты есеп шығарамыз, шыққан жауабында қандай оқиға болды соны айтамыз.

1. (532·2)+142= 1206 2. 55+(200·5 ) =1155 3. (30· 40)+27= 1227

1206ж - Монғол мемлекетінің құрылуы.Темучиннің Шыңғыс хан атануы

1155ж - Темүжін Монғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде дүниеге келген.

1227ж - Шыңғыс хан мен оның ұлы Жошының қайтыс болуы.


3. Серпілген сауал әдісі

2-топқа проблемалық сұрақ қойылады (қатар бойынша)

1-сұрақ. Шыңғысхан не себептен соғыс пен жаулаушылықтар жолына түсті ?

Жауап: Көшпелі ақ сүйектердің талабын орындау үшін

Дүние жүзіне атын шығару

Билік үшін тартыстарды тоқтату үшін

Әлем билеушісі болғысы келіп

2-сұрақ. Монғолдардың соғыстарда жеңуіне нелер себеп болды ?

Жауап: Қатаң әскери тәртіп

әскери басшылыққа ержүрек, батыл адамдарды тағайындау,

шапшаң және шешуші қимылдар жасау

басқа халықтардың әскери тәжірбиесін пайдалану.

әскери тактиканың мықтылығы.

4. «Ыстық үстел» ұйымдастыру

5. РАФТ стратегисы

Әр оқушы бүгінгі тақырып бойынша тарихи тұлғаға арнап хат жазады

ІҮ. Бағалау.

Ү. Рефлексия

Не білемін?

Не білдім?

Нені білгім келеді?

ҮІ. Үй тапсырмасы. Оқушыларға Жошы және оның ұрпақтары туралы мәліметтер жинастыру тапсырмасы беріледі.

Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды, қатысқандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар!




Автор
Дата добавления 10.01.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров254
Номер материала ДВ-321664
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх