Инфоурок Другое КонспектыМоя мнение о школних курсов

Моя мнение о школних курсов

Скачать материал

Мектепішілік курс жайлы менің ой толғауым

1-топ. (№ 163 орта мектеп, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы) биология пәні мұғалімі Ишанова Севара

 

  «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары.

 Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.

                                 Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр»            

                                                                                                                                                                                                                                                                                                 Н.Ә.Назарбаев

 

Қазіргі таңда ұстаздар қауымына қойылып отырған талап күшті.Ұстаз ең алдымен білімді ақпараттық құралдарды жетік меңгерген, үнемі өзі үшін ізденуі қажет. Адам баласы шын мәнінде білімді болуы үшін үш қасиетті: жан-жақты білім, ойлауға дағдыланғандығы, және сезім қажет. Әрбір оқушының өн бойына осы қасиеттерді сіңіріп, жаңашыл үрдіспен еңбек ететін болсақ, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыра аламыз. Мен өз іс-тәжірибем мен білім беру тәсілдерімді өзгерту арқылы оқушыларымның да білім алуға деген көзқарастарының өзгергендігін байқадым және де алдағы уақытта «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасының жалғасын тауып, әрі қарай жетіле түсуім үшін нақты мақсаттар мен нәтижелі іс- әрекеттер керек екенін түсіндім. «Кез-келген сабақтың табысты орындалуы мұғалімге байланысты. Оның кәсіби шеберлігі-оқу жоспарларын да, биік деңгейге жүзеге асыруға ықпал ете алады, ал кәсіби дәрменсіздігі істі құлдыратады...» делінген Қазақстан республикасы орта білім беру жүйесі дамуының мемлекеттік тұжырымдамасында.

Басқа мамандық иелеріне қарағанда мұғалім мамандығы ерекше, ол әрдайым үлкен аудитория ішінде және көпшілік көз алдында. «Әлемнің   өзгеруін  қаласаң, сол  өзгерудің алғашқысы  өзің бол» деген тұшымды ой тастаған   Махатма Гандидың пікірі маған ой салды. Осы «Тәжірибедегі рефлексия» курсына оқуға келгеннен  бері менің өзімде өзгерістер  бола бастады. Бағдарламаның түйінді идеялары мен мазмұны мұғалімдердің тиісті сапалық деңгейге қол жеткізуіне бағытталған. Ол сапалық деңгей мұғалім өзін кәсіби тұрғыдан ой толғауға қабілетті, өзінің оқыту және оқу тәжірибесін өзгертуге дайын маман ретінде таныту үшін қажет. Бағдарламаның жетекші мақсаты әрбір ел үшін  маңызды болып  табылатын рухани, мәдени және адамгершілік  құндылықтардың негізінде жастарды өз елінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу; екіншіден - жастарды жылдам  өзгеріп  жатқан  әлемде өзіне  сенімді және табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары  мен түсініктерін  дамытуға, өмірлік  оқиғаларда  өз білімдерін қолдануға ықпалын тигізетін  сыни тұрғыдан ойлауға  үйретуді қамтиды.

Дәстүрлі сабақ беру барысында оқушылардың білімді тек механикалық есте сақтау арқылы игеріп отырғанын, сондай-ақ алған білімі жаттанды болды, мән-мағынасы терең меңгерілмей, келешекте тиімді пайдалана алмайтынын мойындауымыз керек. Сондықтан да оқытудың қай түрін алсақ та оның оқушының қажеттілігіне негізделуіне басты назар аударуымыз керек деп санаймын. Оны жүзеге асыру үшін әрине мұғалім шеберлігі қажет. Мұғалім өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі екінші қыры болмақ. Үшінші қыры – мұғалімнің тілді меңгеруі–тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі–өнер. Себебі, тіл–тәрбие құралы. Осы жайтты ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың:

«Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады» - деген сөздері арқылы түсіндіруге болады.

Бұл жерде айта кететін тағы бір мәселе бар: мұғалім өзгеру керек, оқушы өзгеру керек, сабақ өзгеру керек дегенмен, мектеп саласын басқару жұмысын кей кезде ұмытып тұрғандаймыз. Жаңа нәрсені басқару да жаңаша болуы тиіс.

Мен де заманауи әдіс-тәсілдерден құралақан болмауым керек деп санаймын. Қазіргі мектепке қойылатын талапты ғана біліп қоймай, түсінуім де қажет, қолдануым да, үйретуім де керек. Сондықтан мен оқыған курс жаңарудың бастамасы деп қабылдаймын. Заман ағымынан қалып кетпеу үшін, көшбасшылық міндетті лайықты орындау үшін кәсіби білімімді үнемі шыңдап отыру қажеттілігін түсіндім. Осыны ойлай келе, курстан алғаным көп деп санаймын. Бүгінгі оқу – ертеңгі күннің азығы деп балаға үнемі айтушы едік, мәнін енді түсінгендеймін... Өзімді дамыту және оқушыларды дамыту, басқару стилінде инновациялар енгізуді толық мәнінде түсіне білу курстың мен үшін бергені көп. Бағдарлама әдістерін өз мектебімде қолданып, оқушыларға жоғары сапалы білім беріп, олардың өзгеріске бағытталған жақсы нәтижелерге қол жеткізуіне барынша жағдай жасаймын.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Моя мнение о школних курсов"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист органа опеки

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 098 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.10.2017 323
    • DOCX 17.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ишанова Севара Агзамовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ишанова Севара Агзамовна
    Ишанова Севара Агзамовна
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 908
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Мини-курс

Маркетинг и продажи: стратегии и инструменты для успешного бизнеса

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами и стоимостная оценка в современном бизнесе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в медиакоммуникации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе