Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Школьному психологу / Рабочие программы / «Өмір –шексіз керуен!» психопрофилактикалық сабақ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

«Өмір –шексіз керуен!» психопрофилактикалық сабақ

библиотека
материалов

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifСабақтың тақырыбы: «Өмір –шексіз керуен!»

Мақсаты: білімділік – аурулардың алдын алу, медициналық сауатын ашу, оқушыларға зиянды заттардың адам өміріне қауіп төндіретініне нақты мысалдар мен деректер келтіре отырып көз жеткізу, денсаулық және оны сақтау туралы білімдерін кеңейту;

тәрбиелік – болашақ қоғамның сауаттылығы әр адамның денсаулығына байланысты екенін, денсаулықты сатып алуға болмайтынын, сондықтан зиянды заттардан өздерін аулақ ұстауға тәрбиелеу;

дамытушылық – оқушылардың өмірге, әсіресе адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін тудыра отырып, аурулардың алдын алуды үйрету, жаман әдеттен бойларын аулақ салуын, оқушылардың санитарлық – гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту, оқушылардың сөйлеу мәдениетін, ұжымда жұмыс істеуін дамыту.

Сабақтың түрі: Психологиялық жарыс сабақ

Пәнаралық байланыс: Педагогика, психология, валеология

Сабақтың жоспары: 1. «Кездесу» тренингі

2. Ассоциация

3. Ойлан, тап

4. Анаграмма

5. Дода

6. Тренинг: «Жабығу сәтіндегі өз мінез-құлқына баға беру»

7. «Қолшатыр» тренингі

8. Қорытынды

Сабақтың барысы: Кіріспе сөз

«Тазалық денсаулық негізі, саулық – байлық негізі» - деп халық мақалында айтылғандай, Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында қоғамымызды құруымызға қарай Қазақстан азаматтарының дені сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін үлкен мән беріп отыр. Өйткені, дамыған экономика жағдайында – ақ денсаулықты дұрыс күтпеу, ауаның ластануы салдарынан науқас адамдардың саны жылдан жылға өсіп отырғаны баршамызға аян. Денсаулық үшін күрес әр адамның өз міндеті, соны жас кезден түсіну керек. Тәрбие сағатын өткізудегі негізгі мақсатымыз жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, бағалы байлық екендігін түсіндіру. Оқушылардың зиянды заттарды қолдануға деген теріс көзқарастарын қалыптастыру. Денесін шыңдауға шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиел

  1. «Кездесу» тренингі

Мақсаты: Адамға жағымды сөздер айту дағдысын қалыптастыру.

Ұйымдастыру сәті: Қатысушылар екі шеңбер құрып тұрады (ішкі және сыртқы шеңбер). Жүргізушінің белгісімен ойыншылар шеңбер бойына қозғала бастайды. (сыртқы шеңбер бір бағытқа, ішкі шеңбер екінші бағытқа). Жүргізушінің белгісімен қозғалыс тоқталады. Сыртқы шеңбердегілер мен ішкі шеңбердегілер бір-біріне бұрылып қарап жұптасып тұрады. Әр жұпқа тапсырма беріледі. Шарты:

А) Сіздер ұзақ уақыттан соң кездестіңіздер, бұрын өте жақын болмағанымен жақсы қарым-қатынаста болдыңыздар. Өз сезімдеріңізді көрсетіңіздер.

Ә) Бала кезде жақын жолдас болдыңыздар. Біріңіздің ата-анаңыз басқа қалаға алып кетті делік, сөйтіп бір жылдан соң кездестіңіздер.

Б) Сенің алдыңда тұрған адам өте ұялшақ, ал оны маңызды да қиын кездесу күтіп тұр. Көңілін орнықтыр. Алдымен ұялшақтар ішкі шеңберде тұрады да, сонан соң сыртқы шеңберге шығады.

В) Мына адам Сен үшін өте жағымды іс істеді, ал Сен енді ғана біліп тұрсың…

Г) Мына адамның керемет ісі жайлы (біреуді өлімнен құтқарды, рекорд жасады, жаңалық ашты) жақында ғана білдің. Міне енді кездестіңдер.



Денсаулық

2.Ассоциация. Оқушылар денсаулық сөзіне ассоциациялар жазады.








3. Ойлан, тап. Оқушылар бір – бірден барабанды айналдырады және ондағы мақалдардың жалғасын тауып, мағынасын ашуы керек.

1. Ауру кісі күлкі сүймес, ауыр жүкті жылқы сүймес.

2. Қотыр қолдан жұғады, таз тақиядан жұғады.

3. Қай жеріңі ауырса, жаның сол жерде.

4. Мысықтың өлімі — тышқанға той.

5. Өтпейтін өмір жоқ, сынбайтын темір жоқ.

6. Бас аманда мал тәтті, бас ауырса жан тәтті.

7. Тыста ұзақ жүргенің – Ұзақ өмір сүргенің.

8. Ұйқы – тынықтырады, Жұмыс – шынықтырады.

9. Жан ауырса – тән азады, Қайғы басса – жан азады.

10. Жарлының байлығы – дененің саулығы.



4. Анаграмма. Берілген сұрақтарды таңдап, оған жауап береді және анаграммадан жауабын тауып сызуы керек.

  1. Адам жанының арашасы – Дәрігер

  2. Денсаулықты зерттейтін ғылым – Валеология

  3. Қан тоқтату үшін пайдаланатын бейметалл дәрі – Йод

  4. Халықтың тынығып, денсаулығын түзейтін орын – Шипажай

  5. Сүті өкпе ауруына ем «дала кемесі» атанған жануар – Түйе

  6. Тазалық кепілі саналатын табиғи сұйықтық – Су

  7. Ақшаға сатып алуға болмайтын байлық – Денсаулық

  8. Еуропада темекіні не деп атайды – Табаго

  9. Грек тілінен аударғанда денсаулық әкелуші деген мағынаны береді – Гигиена

  10. Темекі құрамындағы улы зат – Никотин


Д

Ә

С

Е

Р

Л

Е

Ш

Р

І

Г

В

А

О

И

П

А

У

С

Й

Л

Г

Д

Ж

Г

Д

О

О

И

Е

А

Й

Я

И

Г

Г

Н

С

А

Т

Ү

Т

И

Е

Н

У

Е

Й

А

Н

И

А

Л

Ы

Қ

Б

О

К

Т

А

О

Г

А

Т

И

Н

М

С

К

А








5. Дода. Оқушылар ұяшықтарды таңдай отырып, сұрақтарға жауап береді.

40

40

40

30

30

30

20

20

20

20 (оң) – Ертедегі гректер тасқа былай деп жазған: «Денің сау болсын десең – жүгір. Әдемі болғың келсе – жүгір. Ақылды болңғың келсе – жүгір». Олар неліктен осылай деген?

- Жүгіру кезінде адам ағзасы дұрыс өсіп қалыптасады

20 (орта) – Сауаттылықпен өмір сүруге, денсаулықты сақтай білуге бағытталған бағдарлама

- «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы

20 (сол) – Қазақ халқы медицинасына елеулі үлес қосқан ғұлама бабаларымыздың айтуынша табиғат су, ауа, су, жер болып төрт элементтен құралады. Бұл ғұлама бабамыз кім?

- Әбунасыр әл Фараби

30 (орта) – Сыйлық

30 (сол) – Сыйлық

30 (оң) – Адамның денсаулығына кері әсер ететін көңіл – күй қалай аталады?

- Уайым – қайғы

40 (сол) – Ертедегі қазақтардың тамағы ет пен нан болған, сонда да жаппай авитаминоз ауруына шалдықпаған. Мұның себебі неде?

- Ауа, су, топырақ, өсімдік таза болған

40 (оң) – Табиғаттың 9 емшісін ата:

- Дене жаттығуы, демалыс, су, ауа, күн, табиғи тағам, ақыл – ой, бойды тік ұстау, ашығу

40 (орта) – Бұл ауру кезінде оң жақ бүйректен шаншу байқалады. Науқас құсады, дене қызуы көтеріледі. Аяқ астынан ауырады. Іші қол тигізбейді. Тұрып – жүруге халі келсе де бойын жаза алмай еңкейіп, кіндігінің оң жағын қолымен басып қозғалады, жүрегі айниды. Бұл ауру қалай аталады?

- Соқыр ішек

6. Тренинг: «Жабығу сәтіндегі өз мінез-құлқына баға беру»

Мақсаты: Психоэмоция өрісін дамыту және психологиялық диагностика.

Ұйымдастыру кезеңі. Қатысушыларға тапсырманы түсіндіру. 1,2,3,4 сандардан өзіңіздің қалыпты жағдайыңызға сай келетін цифрларды таңдаңыз.

1. Мен болашағымның жарқындығына сенуге бейіммін.

2. Кейінгі кезде көп нәрсе менің ашуыма тие береді.

3. Аз ғана жұмыстың өзі мені шаршатады.

4. Мен кезекті проблемалардың шешімін тез табамын.

5. Кейде бір түсініп болмас мазасыздықтан өзіме орын таппай кетемін.

6. Егер мен өлсем, менің өлімім айналамдағыларға тек жеңілдік әкеледі.

7. Мен жақындарыма қажет екеніме сенімдімін.

8. Менің өткен қуанышымның өзі ұнайды.

9. Кейде тез жылай саламын.

10. Ішімнің ауыратыны мені қинайды.

11. Менің зеректігім мүлт кетпейді.

12. Менің тағдырым мені толық қанағаттандырады.

13. Тамаққа деген тәбетім жақсы

14. Жабығатын кездерім жиі болады.

15. Тек қана таңертең (кешке) көңіл-күйім дұрыс болады.

16. Менде ұйқысыздық жиі болады.

17. Соңғы уақытта жүдеп барамын.

18. Өзім жақсы жасай алатын ісім жеңіл орындалады.

19. Маған әдемі бейтаныс қыздардың (жігіттердің) суреттерін қарау ұнайды.

20. Кейде себебсізден-себебсіз жүрегім соғуын жиілетеді.

Тапсырма орындалып болған соң мінездің жабығу сәтіндегі деңгейі есептелінеді.

60-70 ұпай-жабығу деңгейі өте жоғары

71-80 ұпай –жабығу бар.

46- ұпайдан жоғары болса, жабығу белгілері бар және қатты мазасыздық байқалады.

31-45 ұпай – мазасыздану орташа.

20-30 ұпай жабығу белгілері мүлде жоқ, аздаған мазалану бар.

7. «Қолшатыр» тренингі. Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек? Оқушылар өз ойларын жазып, қолшатырға ілуі қажет.


8. Қорытынды

Дүниедегі ең қымбат нәрсе – ол сенің өз өмірің. Ал ол өз қолыңда. өміріңе қауіп төнсе, ешкім де көмектесе алмайды.

Бүгінгі сабақтан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты қажеттілігі мен маңыздылығын түсінсеңіздер, сабағымыздың мақсатының орындалғаны.

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп халқымыз бекер айтпаған. Жақсыны көріп. Тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын түсініп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегенділікьің белгісі. Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе берейік демекпін!









D:\Периштем\Психология\разное\Тамыз маслихаты\Китапша Нургалиева А.А\031.jpg


Нургалиева Айдана Атомвекқызы

А.Хұсайынов атындағы орта жалпы

білім беретін мектебінің психологы,

Жұлдыз ауылы, Казталов ауданы,

Батыс Қазақстан облысы










C:\Users\user\Pictures\img035.jpg

Краткое описание документа:

«Тазалық денсаулық негізі, саулық – байлық негізі» - деп халық мақалында айтылғандай, Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында қоғамымызды құруымызға қарай Қазақстан азаматтарының дені сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін үлкен мән беріп отыр. Өйткені, дамыған экономика жағдайында – ақ денсаулықты дұрыс күтпеу, ауаның ластануы салдарынан науқас адамдардың саны жылдан жылға өсіп отырғаны баршамызға аян. Денсаулық үшін күрес әр адамның өз міндеті, соны жас кезден түсіну керек. Тәрбие сағатын өткізудегі негізгі мақсатымыз жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, бағалы байлық екендігін түсіндіру. Оқушылардың зиянды заттарды қолдануға деген теріс көзқарастарын қалыптастыру. 

Автор
Дата добавления 26.01.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1631
Номер материала 339924
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх