Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Мұратымыз - МӘҢГІЛІК ЕЛ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Мұратымыз - МӘҢГІЛІК ЕЛ

библиотека
материалов

Күні: 21.12.2015

Сыныбы: 8 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Мұратымыз мәңгілік ел

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «мәңгілік ел» ұғымын түсіндіріп, елбасының жолдауын насихаттай отырып, алға қойған мақсат міндеттер туралы айтып, елге қызмет етуге тәрбиелеу.

Білімділік: Қазақтың тарихы, бүгіні туралы білімін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың Отанын құрметтеу дағдысын, тарихын білуге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелілік: Елін құрметтеуге, тәуелсіздікті бағалауға, бірлікте болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: видео, «Мәңгілік ел» монументі

Тәрбие сағатының барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, зейінін сабаққа аудару. Жоқ оқушыларды белгілеу.

Видео «Мәңгілік ел». Оқушылар өз тобымен қол ұстасып тұрып, өз ойын айтады. Сөйлем алдыңғы баланың сөйлемінің соңғы әріпінен басталуы қажет.

  • Бейбітшілік ұланымыз

  • Зайырлы елдің болашағы

  • Ынтымағымыз жарасқан

  • Нұрлы жолға ұмтылар

  • Рухтылық бар қанымда

  • Азаматпыз айбынды

  • Ырысты елдің ертеңі

  • Іргелі елім тірегім

  • Мақтан тұтар өз ұлтын

  • Намысты қолынан бермес

  • Сұңқардай биік самғар

  • Рәміздеріммен мақтанам

  • Мұратымыз - мәңгілік ел

Ендеше, балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы – «Мұратымыз – мәңгілік ел».

 Қазақстан! Қазақ халқының атамекені, ұлы ордалы, киелі ошағы. Осы тұғырлы орданың айбарлы есімін естігенде сан қилы күй кешемін. Асқар таудың биік белесінен жарқылдай жайнап, бүкіл әлемге қуаттана қарап, өзін мәңгілікке хабарлап тұрған «Қазақстан» атты жазуды байқап, оның мәртебесі аса жоғары, мерейі өте үстем, тұғырын тот баспайтынын мақтанышпен сезіп мәз-мейрам боламын. Қазақстанның басты әрі өрісті байлығы халқы шын тебіреніп, ұмтыла алға адымдап барады.      «Қазақстан» атты ұлы есім және осы елдің бейбіт келешегі адамзатты ұйыта ойландырады. Біздің қазақтың жүрегіне мықты намыс, айбарлы арыстандай қайратты күш-жігер жиналған. Сондықтан да олар Қазақстанның айбынға толы келешегі үшін ауызбіршілігін молайта бірлесіп, күресе, атсалыса біледі. Болашақта жұлдызды Қазақстан әлемдік аренаның басты орнына ие болады деп нық сенеміз.

         Қазақстан Республикасы – Еуразияның орталық бөлігінде орналасқан тәуелсіз мемлекет. Аумағы-2724 мың км2. Халық саны бүгінгі таңда 16 млн.403 мың. Қазақтың үлес салмағы 61%-дан асты. Қазақстан Республикасы зайырлы, демократиялық және біртұтас мемлекет болып табылады. Елордасы - Астана қаласы. Мемлекет басшысы - президент. Заң шығаратын жоғары органы - сенат және мәжілістен тұратын парламент. Атқарушы билігі - республика үкіметі. Ақша бірлігі - теңге.

         Елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде.

         Әркімнің өз жері – мысыр шаһары. Мысыр шаһары деген сөздің мағынасы - әдемі, сұлу, қасиетті деген мағынаны білдіреді. Мен өз елімді мақтаныш етемін.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Жолдауы –- егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс – жоспарға құрылған шын мәніндегі тарихи құжат.
Осы стратегиялық құжатта Президентіміз мемлекеттік қызметтің барлық саласын қамти отырып, тәуелсіз Қазақстанымызды дамытудың, әрбір қазақстандықтың, әрбір отбасының, жастардың және келешек ұрпақтың мүддесін қорғаудың нақты жолдарын ұсынды. Бұл жолдағы негізгі бағдарымыз – «Қазақстан – 2050» Стратегиясын  орындаудың жеті бес жылдық кезеңді қамтитын маңызды міндеттерін атап көрсетті. Әр кезең сайын экономиканың жаңа белестерін бағындыру әрбір бес жылдықтың нақты нәтижесі болып табылады. Әсіресе, индустриялық - инновациялық даму, шағын және орта бизнесті дамыту, агроөнеркәсіптік кешен, білім - ғылым салалары осы Жолдаудың ең салмақты тұстары екені сөзсіз.

Елбасының Жолдауында әдеттегідей әлеуметтік салаға айрықша көңіл бөлінді. Ал ең бастысы, еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. Сондықтан бұл Жолдау – жоспарлау саясаты, ұзақмерзімді даму мен экономикалық өсуді мақсат еткен мықты мемлекетіміздің тағы бір Стратегиялық жоспары.  Бұл жоспар біздің дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатымызға жаңа серпін беретіні сөзсіз. Жолдауда айтылғандай, бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында Елбасының айналасына бірігу «Мәңгілік ел» мұратымызға жетудің берік негізі болып табылады.

Оқушылар «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру әрбір Қазақстандық азаматтың міндеті екенін білеміз. Енді тақтадағы мозаиканы құрастырып, «Мәңгілік ел» монументін жасауымыз керек. Ол үшін әрбір мозаикада сұрақтар берілген, сол сұрақтарға жауап беру арқылы, монументті құрастыруымыз керек.

Сұрақтары:

  1. Қай ғасырда ежелден Жетісу өңірін мекендеген түркі тайпалары бір этникалық топқа біріге келе, қазақ халқын құрады? (XV ғасырда)

  2. Қазақ хандығын құраған алғашқы хандар? (Керей мен Жәнібек)

  3. Біріккен қазақ жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі қай шайқаста болы? (Аңырақай шайқасы)

  4. Шабуыл жасаспау туралы (1939 ж. 23 тамыз) Кеңес Одағымен жасаған келісімді фашистік Германия бұзып, соғыс жарияламастан КСРО аумағына аяқ астынан басып кірді. Бұл қай күн, қай жыл? (1941 жылы 22 маусымда)

  5. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, ядролық полигон ашылды. Бастапқысында адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады.  КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объекті? (Семей полигоны)

  6.  Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылатын, Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары қалай аталды және ол қай жылы болды? (1986 жыл, 16-17 желтоқсан)

  7. 1991 ж.16 желтоқсанда Қазақстан республикасы Жоғары Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында не жазылған? (Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Ол өзінін жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттерімен халықаралық құқықтың принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді.)

Монументті құрастыруда 7 қадам жасадық, енді «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының 7 қағидасын айтып кетейік.

«Мәңгілік ел» - ұлттық идеясының 7 қағидасы:

1. Қазақстан мен Астананың тәуелсіздігі

2. Ұлттық бірлік, біздің қоғамымыздағы бітім мен келісім

3. Зайырлы қоғам және жоғары руханилық

4. Индустрияландыру мен инновациялар негізіндегі экономикалық өсім

5. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы

6. Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы

7. Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық ат салысуы.

Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр.

Енді Тәуелсіз Қазақстан туралы сұрақтарға жауап беріп, «Мәңгілік елімізді» құруды жалғастырайық.

Сұрақтар:

  1. Қазіргі кезде Қазақстан дүниежүзілік экономикалық форумда нешінші орын алады? (51 орын)

  2. Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы нешеге өсті? (70 жасқа)

  3. 5 жылдық ішінде халық саны неше есеге өсті? (2 – ге)

  4. Қазақстанның білім алуын жақсарту мақсатында Президент степендиясының атауы? («Болашақ»)

  5. ОБСЕ-ге басшылық жасаған жыл? (2010 жыл)

  6. БҰҰ бас ассамблеясы Н.Назарбаевтың ұсынысын қолдады және ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн деп жарияланды. Бұл қай күн? (29 тамыз)

  7. Қазақстан халықтары Ассамблеясы қашан құрылды? (1 – наурыз, 1995 жыл)

«Мәңгілік ел» құрудың жартысынан көбін құрдық. Енді, алдағы жасалар қадамдар сіздердің, яғни ел болашағының қолында. Ендеше сіздер «Мәңгілік ел» тақырыбында шығармашылықтарыңызды көрсетіп, монументімізді аяғына дейін жеткізейік.

Қақпаның сол жағына қазақ ұлтының санасында ертеден қалыптасқан - даналықтың, данышпандықтың, ғұламалықтың нышаны, халықтың рухы мен ойының қорғаушысы - Ақсақалдың мүсіні орын тепті. Оның нағыз қазақтың Ақсақалы екендігін ұлттық киімі көрсетіп тұрады.

Қақпаның оң жақ бетінде, ойшықтың ішіне отбасының ұйытқысы - Әйел-Ананың бедерлі мүсіні қойылды. Себебі, біз Отанға, туған жерге деген махаббат сезімдерімізді білдіру үшін қашан да «Ана» сөзін қолданамыз, яғни «Отан-Ана», «Жер-Ана», «Ана -Тілі» деп айтып жатамыз.

Осы аталған әрбір мүсіннің астында қазақтың шежірелі - «Мәңгілік» белгісі бар. Бұл - мемлекеттің мәңгілік екендігін, қақпада көрсетілген композициялардың тақырыптары қазақ жұрты үшін мәңгілік маңызды болатындығын көрсетеді. Онымен бірге, түркі халқы «мәңгілік» белгісі барлық жамандықтан қорғап, жарық, жылу, өмір және жақсылық әкеледі деп сенген.

Әрбір мүсіннің жоғарғы жағында мемлекеттің елтаңбасы орналастырылды. Елтаңба нысанға айбындылық береді және оның мемлекет үшін ерекше маңыздылығын көрсетеді.

Қақпа ойшықтарының таза шығыс емес және таза еуропалық емес үлгідегі жолақтары құрылысқа ұлттық ерекшелік береді. Композицияның жоғары жағында, маңдайшасында «Мәңгілік Ел» жазуы бар. Ал ең жоғарғы бөлігі Көк байрағымызда қолданылған күрделі ою-өрнектермен әсемделді. Осында Туымыздағы күн мен қыран құс бедерленді. Күн - күн мен энергияның көзі. Символикалар тілінде бүркіт мүсіні мемлекеттік билікті, кеңдік пен көрегендікті білдіреді. Ұлтымыздың түсінігінде қыран құс қашан да бостандықтың, тәуелсіздіктің, мақсатқа, биікке, болашаққа деген ұмтылушылықтың нышаны болып келді. 


Қорытынды: «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы баршамызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға айналуы тиіс. Осыдан әрқайсымыз ой түйіп, Тұңғыш Президентіміз айтқандай Қазақ елінің мәңгілік болуына аянбай еңбек етуіміз керек. Елбасы белгілеп берген «Қазақстан-2050» стратегиясы ұлттың ұлы бағдары. Мәңгілік ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылу керек.



































Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясы











Тақырыбы: Мұратымыз – мәңгілік ел

(Тәрбие айлығында өткізілген ашық тәрбие сағаты)





Өткізілген күні: 21.12.2015

Класы: 8 «Б»

Класс жетекшісі: Әли Г.Қ.







2015-2016 оқу жылы



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 20.05.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров519
Номер материала ДБ-092094
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх