Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / МҮРСЕЙІТ БІКІҰЛЫ - АБАЙДЫҢ ӘДЕБИ ХАТШЫСЫ

МҮРСЕЙІТ БІКІҰЛЫ - АБАЙДЫҢ ӘДЕБИ ХАТШЫСЫ

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Рахимбаева Ж.С.

Шығыс Қазақстан облысы

Семей қаласы

Евразийялық технико–гуманитарлық колледжі

оқытшуы


Мүрсейіт Бікіұлы – Абайдың әдеби хатшысы


Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының

шығуына елеулі еңбек сіңірген, ұлы ақын

өлеңдерін көшіріп жазып, қолжазбаға түсіруші

Абайдың әдеби хатшысы атанған атам

Мүрсейіт Бікіұлының аруағына арнаймын


1909 жылы қазақ халқының рухани өмірінде айрықша маңызы бар тарихи оқиға болды. Қазақ даласына дара даналығы, дуалы ауыз, ел билеуші қайраткерлігімен мәшhүр болған ақын Абайдың өлеңдері жеке кітап болып басылып шықты.

Бұған дейін ақын шығармаларын біреуден – біреу көшіріп алып, ел арасында ауызша, жазбаша таратса, енді кең сахараның түкпір-түкпіріне Абай сөзі кітап болып жол тартты.

Көзі тірісінде бірнеше өлеңдерінің «Дала уәлаяты» газетіне шыққаны болмаса, Абайдың ақындық құдіреті Алаш баласына беймәлім еді. Сол кездегі қазақ баспасөзі мен қалам ұстаған көзі ашық азаматтар Абай кітабының жарық көруін жарқырап жаңа атқан «Әдебиет таңы» деп атауы кездейсоқ емес.

Ұлы Абайдың тұңғыш кітабы «Қазақ ақыны Ибраhим Құнанбай оғылының өлеңі» деп аталып, сол кездегі орыс мәдениетінің алтын бесігі – Санкт-Петербургтегі Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрді.

Кітаптың сыртқы мұқабасында «Кітапты бастырған Кәкітай, Тұрағұл Құнанбай оғыландары» деп жазылғанымен, осы жинақтың кітап болып шығуына еңбек жасаған тағы бір адам – Мүрсейіт Бікіұлы болды.

Дала данасы, ғұлама ұстаз, ұлы билердің ұстазы Әнет баба – Мүрсейіттің жетінші атасы. Әнеттен тарайтын Шақа, Шақадан – Бостан, Бостаннан – Аралбай, Аралбайдан –Шоман, Шоманнан – Бікі, Бікіден – Мүрсейіт, Бибі (Бибі – Мүрсейіттің қарындасы, ел Ақтаяқ апа атап кеткен).

Мүрсейіт Бікіұлы 1860 жылы қазіргі Абай ауданы, Қасқабұлақ өңірінде туған, Тобықты ішінде Әнет табынан тарайды. Жалпы Әнет балалары Ырғызбай, Құнанбай ұрпақтары төңірегіне топтасып, Абай, Шәкәрім ауылдарында адал қызмет жасаған адамдар ретінде тарихта аттары қалған.

Мүрсейіттің қора-жай, ата қонысының орны Қасқабұлақ ауылының іргесіндегі, Шолпан адыры деп аталатын тау бөктерінде әлі де бар. Жергілікті жұртшылық арасында ол «Қисықтың қорасы» деген атпен белгілі. Бұл Мүрсейіттің Рақымбай деген баласының ел аузындағы лақап аты.

Мүрсейіт 57 жасында , 1917 жылы ел сырт жайлаудан қайтқанда, мизам айында өмірден өткен екен. Кейбір деректер мен ауыз әңгімелерде Мүрсейітті жерлеуге Шәкәрім баласы Ахат қатысыпты деген әңгіме бар. Ахаттың айтуына қарағанда, Шәкәрімнің орыс тілін үйренуіне осы Мүрсейіттің көзі ашық, алғырлығы ықпал еткен көрінеді.

Мүрсейіттің әкесі Бікі – Құнанбай баласы Ысқақпен көрші отырған, әрі туысқан жандай сыйлас, араласқан адам болған.

Мүрсейіт жас шағында ауыл молдасынан хат танып, сауатын ашқан соң, Семейдегі Камали хазірет медіресесінде оқып, білімін жетілдіріп, елге молда болып оралады. Қалада жүрген жылдары Мүрсейіт өз ынтасымен ізденіп, орыс тілін үйреніп, жаза білетін дәрежеге жеткен.

Доғалаң мен Орданың ортасында шағын бұлақ басына Абай там үй салдыртып, Мүрсейітке бала оқыттырған. Кейінде ол жер «Ескі там» деп аталып кеткен.

Мүрсейіт – Тобықты елінде бірден-бір сауатты, орысша білетін, арабшаға жетік, хұсни жазудың шебері ретінде танымал болған адам.

Сондықтан да хакім Абай өзі барда оған сенім артып, өлеңдерін көшіріп жазуды сеніп тапсырғанын Абайтанушылар айтып та, жазып та жүр.

Сөйтіп, Абай өлеңдері Шыңғыстау асып, алыс-жақын елдерге Мүрсейіт қолжазбалары арқылы тарап келген.

Абай шығармаларының 1905, 1907 және 1910 жылдардағы, бүгінгі күнге жеткен үш қолжазбаның үшеуі де Мүрсейіттің шебер қолымен көшірілген.

Осы еңбегінің өзін Мүрсейіттің Абай мұрасына адалдығын, тарих алдындағы ерен ерлігі деп айтуға әбден болады. Көшірілген үш қолжазбаны Мүрсейіт баласы Рақымбай аумалы-төкпелі заманда аман алып қалып, Шолпандағы шешесі Ажардың қабірінің бас жағына су өтпейтін затқа орап сақтаған.

Кейіннен жылын ешкім тап басып айтпайды, ұлы Мұхтардың тапсыруымен әдебиетші ғалым Ғайса Сармурзин елге келіп, Рақымбайға жолығып, осы қолжазбаларды Мұхтар Әуезовтың өз қолына тапсырады.

Бұл жайлы Ғайса Сармурзиннің «Өмір сабақтары» кітабында жақсы баяндалған.

Қазір осы құнды қолжазбаның екеуі Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының кітапханасында, біреуі М.Әуезовтың әдеби мемориалдық мұражайында сақтаулы.

Ұлы ақынның күні бүгінге дейін, әр жылдары басылып жүрген шығармалар жинақтары – Мүрсейіттің осы қолжазбалары негізінде жарық көріп жүр.

Әдебиет ғылымын зерттеушілер мен Абайтанушы ғалымдардың зерттеуіне негіз болып жүрген де – осы Мүрсейіт қолжазбалары екенін М.Әуезов бастаған ғалымдардың баршасы растайды.

Демек, Мүрсейіт Бікіұлын Абай өлеңдерін тұңғыш қағазға түсіруші, оның кітап болып шығуына елеулі үлес қосқан аяулы жан ретінде еске алып, ерекше құрмет көрсеткен жөн деп ойлаймын.

Шын мәнінде – Мүрсейіт ұлы ақын шығармаларын бүгінгі күнге жеткізуші, мәңгілік мұрасына адалдық танытқан, Абайдың нағыз әдеби хатшысы.

Мүрсейіттің ең бір үлкен еңбегі – Абайдың ғақлия сөздерін хатқа түсіруі, оны бір емес, әлденеше рет көшіруі. Абайдың ұмытылған, жоғалған өлеңдері болса, ел ішінде жатталып, солардан жиналып алынды, халықта сақталды.

Ал ұғымға қанша қиын, қанша түркі, араб - парсы, құран – дін, орыс сөздері бар ғылыми ғақлияны адам есінде (жадында) түгел сақтау қиынның – қиыны, тіпті мүмкін еместігін ескерсек, Мүрсейіттің бұл еңбегі – баға жетпес еңбек.

Мүрсейіт қолжазбасын 1905, 1907, 1910 жылдары жазылған деп үш кезеңге бөліп келеді. Негізінде Мүрсейіт бұл жылдардан бұрын, Абайдың көзінің тірісінде – ақ сол ауылда медреседе балаларды оқытқан кезінде Абайдың өзінің тікелей тапсыруымен өлеңдері мен қара сөздерін көшіріп жаза бастаған. Абайдың өлеңдерін жаттатумен қоса, қара сөздерін сабақ ретінде оқытқан.

Мұхаңның мына сөзіне үңілейік: «Қайта өлеңдеріне қарағанда Абайдың қара сөздері көбірек, түгелірек сақталған сияқты... Тегі қара сөздер кім болса соның қолында кетпей, жазылысымен маңайындағы сауаттылардың қолына түсіп, оларда шашылмай сақталып қалған». («Абай жинағы» 1940 ж. 2 – том, 57 - бет).

Мұхтар Әуезов Мүрсейіт қолжазбаларын көп пайдалана отырып, мұқият зерттеп, 1933 жылғы жинақты құрастырды, одан кейінгі жинақтар тұсында да зерттеушілерге, құрастырушыларға Мүрсейіт қолжазбасының құндылығын түсіндіріп отырды.

Мүрсейіттің абайтану ғылымындағы алатын орнын жоғары бағалады. Оны нақтылы Абайдың жазба дерегі деп бағалайтындығын айтты: «Жалпы Абайдың мұраларын көшіріп таратушылар арасында Мүрсейіт Бікіұлының еңбегін айрықша атап өту керек.

Бұл адам Абай тәрбиесін, үлгісін дұрыс ұғынуы бойынша, Абайдың өзге достары сияқты, өздігімен ізденіп, орысша да оқыған. Жазуы аса анық, шебер болғандықтан және өзі Абай сөздерін халқына ұқыптылықпен көшіріп таратуды өмірлік мақсат – міндеті етіп алды.

Қазір Абайдың басылып жүрген таңдамалы өлеңдер жинағы мен толық жинақтары болса, барлығы да біздің асыл нұсқа есесбінде сүйенетініміз – сол Мүрсейіттің көшірмелері. Өйткені, Абайдың өз қолымен жазылған нұсқалары сақталмай жоғалып кеткен...

Мүрсейіттің қолжазбаларын біз нақтылы жазба дерек есесбінде бағалаймыз ». («Абай Құнанбаев». 27 – бет 1967 ж. «Ғылым» баспасы). Абайтанудың негізін қалаған ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтың Мүрсейіт еңбегін ғылыми тұрғыдан осыншама жоғары бағалауы – Мүрсейіт қолжазбасын зерттеушілердің есінен шығармайтын қағидасы болуы тиісті...

Бір әңгімесінде Турағұлдың қызы Ақила (1990 жылы қайтыс болған): Мұхаңмен бір кездесіп әңгімелескенімде сөзден – сөз шығып, Мүрсейіт туралы айтқанда: «Мүрсейіт қолжазбасы бойынша бөлек Абайдың жинағын құрастыру ойда болып еді, оның моллалығы пәле болды ғой деп айтқаны есімде», - дегені бар.

Соған қарағанда Мүрсейіт қолжазбасын кім көрінгенге жұлмалатпай, сол қалпында бастыру ойында болған сияқты. Шынында да текстологиясымен шұғылданушылар орынды да, орынсыз өзгерістерді көп жасағаны рас, оны көріп те, біліп те отырмыз.

Абайдың аударма еңбектерін де көшіріп жазған – Мүрсейіт. Пушкиннен аударған, Лермонтовтан, Крыловтан аударған шығармаларын 1909 жылы баспаға Кәкітай мен Турағұл даярлағанда бірнеше сөздер дұрыс берілмепті.

Соны кейін Мұхтар мен Әбіш 1933, 1966 жылдардағы Абай жинақтарын даярлағанда Мүрсейіт қолжазбасына негіздеп қайта қарап шығып, дұрысын берді.

Елжіреген жас емес пе ем,

Еппен айтсаң жұбатып.

Мен ғашыққа мас емес пе ем,

Кетсең еді ұзатып. Бұл шумақ 1909 жылғыда «Ебін тапсаң жұбатып» деп қате басылған, «Қараңғы түнде тау қалғыптағы»

Шың шығармас жолдағы

Сілкіне алмас жапырақ – Мүрсейітше берілді. Бұл жолдар да 1909 жылғы басылымда:

Шаң шығармас жол – дағы

Сыбдырламас жапырақ, деп бұзылып берілген.

«Теректің сыйы», «Жолға шықтым» өлеңдерін – 1961 жылғы баспаға даярлауда Мүрсейіт қолжазбасының көмегімен, соған сүйене отырып недәуір сөздердің дұрыстығына көз жеткенін Ә. Жиреншин атап айтады.

И.А.Крыловтың мысал өлеңдерін дұрыстап басу кезеңінде де Мүрсейітке сүйеніп отырған.

Тұмсығында ірімшік,

Ойланып, қарап тұр еді...

Ептеп барып барлады...

Әншілігің белгілі...

Қуанғаннан бөртініп – жолдары бұрынғы басылымдарда дұрыс басылмай келсе, Мүрсейітке сүйеніп, қайтадан түзетіліп берілді. М.Ю.Лермонтавтан Абай аударған «Вадимді» де көшіріп жазған Мүрсейіт еді.

Мүрсейіт атам өте биязы, жаман сөз білмейтін, жарамсыз сөз сөйлемейтін, ақсарылау, қасқа бас кісі болыпты. Молдалықты, тазалықты қатты ұстанған адам екен.

Өзінің бірге туған қарындасы Бибіні Семейтаудағы Уақ Ібіш деген кісіге ұзатқан екен. Ібіш қырық шақтылау лау жүргізген, ірі саудагер болыпты. Осы баршылықтың арқасында Бибі апамыз төркініне үздіксіз мол қамқорлық жасап отырыпты. Ібішті кеңес үкіметі бай деп, дүние мүлкін тәркілеп құртыпты. Апамыз ұлғайған соң, Рақымбай атамның қолына келіп тұрады.

Мұхтар Әуезов өзінің 60 жылдығына Абай еліне келгенде Мүрсейіттің қарындасы деп Бибі апамызды шақыртып алып, өткенді еске түсіріп, көп әңгімелескен екен. Бибі апамыздың М.Әуезовпен бірге түскен фото суреті Бөрлідегі мұражайда ілініп тұр.

МҮРСЕЙІТТІҢ ЕҢБЕГІ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕР:


Әлкей Марғұлан, этнограф,археолог, тарихшы,

әдебиетші, үлкен ғұлама.

Абай қолжазбасы мұраларынан біздің әдебиетшілеріміздің білетіні – Мүрсейіттің қолжазбасы, не оның кейінгі көшірмелері. Мұны Абай өлеңінің толық қамтылған аса бағалы, негізгі бұлақ көзі деуге болады.

Бұл жинақтың тағы бір ерекшелігі – үлкен кітапханада сақталмай, ауылда сандық ішінде сақталып келгендігі.

Сандық түбінде жатқан сирек қолжазбалардың көбі бізге жетпей, көшпелі тұрмыс жағдайында жоғалып отырғаны зерттеуші ғалымдарға бұрыннан мәлім.

Егер Мүрсейіт қолжазбасының тағдыры тап осындай болса, онда Абай ақынды жарыққа шығару тіпті қиын болар еді.

«Абай тағылымы», Алматы «Жазушы» баспасы,

1986 жыл, 301 бет

Әрхам Ысқақов, Кәкітай Ысқақұлының баласы

Құнанбай немересі

Абай орысша өзі оқып, үйренумен қатар інілерін, көршілерін сол жолға баулыды. Мысалы, Абай ауылында болып орысша сөйлей, оқи, жаза білетұғын мынандай адамдар болды.

Абайдың өз інілері: Ысқақ, оспан, Шәкәрім, Кәкітай балалары: Турағұл, Мекайыл, көршілері: Хабидолла, Сүлеймен, Махмет, Мүрсейіт, Солтанбайдың Ысқағы, Ырсайдың Ысқағы.

Осы айтылған адамдар өмір бойы орыс школын көрмеген, Абайдың ғана алдында болып, тәлім – тәрбие алғандар.

«Ұлы Абайға адалдық», 202 жыл, 161 бет.

Асан Омаров, Абай, Шәкәрім мұраларын

зерттеуші ғалым

Сөйтіп, Кәкітай мен Турағұл 1905 жылдың қысы мен жазғытұрымында Абайдың өлеңдерін, қарасөздерін жинап, түгендейді.

Ал, жаз айының басынан Абай мұрасын көрші, әрі туысқан есебінде болған Мүрсейіт Бікі баласы деген молданың қолына беріп, әдемілеп көшіруді тапсырады.

Көркем (ескіше хұсни) жазудың хас шебері Мүрсейіт молда, Әрхамның куәлігінше арнайы тігілген қоста отырып, өз жұмысын бір айда аяқтап шыққан.

Шәкәрімнің шығармалар жинағы 3 том.

«Үзілген үміт» - 432 бет.


ШӘКӘРІМ «Энциклопедия»

Мүрсейіт Бікіұлы (1860 – 1917 ж. ж.) – Абай өлеңдерін қағазға түсіріп, бүгінгі ұрпаққа жеткізуге орасан зор еңбек сіңірген кісі.

566 бет.



Пайдаланылған әдебиеттер мен мақала, деректер


1.Абай Құнанбайұлы – Шығармалары

Екі томдық толық жинақ. А. Жазушы. 1995 ж.

2. М.О.Әуезов – Жиырма томдық шығармалар жинағы.

А. Жазушы. 1979-1985

3. «Абай» энциклопедиясы. – Атамұра. 1995 ж.

4. «Шәкәрім» энциклопедиясы. – Семей. 208 ж.

5. «Тобықты – Шыңғыстау шежіресі» - М. Жанболатұлы.

Алматы, курсив І – ІІ том 2004 ж. IVVI том. 2008 ж.

6. «Әнет баба» - құрастырушы Бейбіт қажы Сапаралы

7. «Ұлылар мекені» - Бекен Исабаев. Новосибирск. 2001 ж.

8. «Абай», «Жұлдыз», «Парасат» т.б республикалық, обылыстық газет – журналдар басылымы

9. «Абайдың әдеби хатшысы»- Әсет Мырзақасым. Семей. 2009 ж.



Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Краткое описание документа:

Рахимбаева Ж.С.

Шығыс Қазақстан облысы

Семей қаласы

Евразийялық технико–гуманитарлық колледжі

оқытшуы

 

Мүрсейіт Бікіұлы – Абайдың әдеби хатшысы

 

Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының

шығуына елеулі еңбек сіңірген, ұлы ақын

өлеңдерін көшіріп жазып, қолжазбаға түсіруші

Абайдың әдеби хатшысы атанған атам

Мүрсейіт Бікіұлының аруағына арнаймын

 

1909 жылы қазақ халқының рухани өмірінде айрықша маңызы бар тарихи оқиға болды. Қазақ даласына дара даналығы, дуалы ауыз, ел билеуші қайраткерлігімен мәшhүр болған ақын Абайдың өлеңдері жеке кітап болып басылып шықты.

Бұған дейін ақын шығармаларын біреуден – біреу көшіріп алып, ел арасында ауызша, жазбаша таратса, енді кең сахараның түкпір-түкпіріне Абай сөзі кітап болып жол тартты.

Көзі тірісінде бірнеше өлеңдерінің «Дала уәлаяты» газетіне шыққаны болмаса, Абайдың ақындық құдіреті Алаш баласына беймәлім еді. Сол кездегі қазақ баспасөзі мен қалам ұстаған көзі ашық азаматтар Абай кітабының жарық көруін жарқырап жаңа атқан «Әдебиет таңы» деп атауы кездейсоқ емес.

Ұлы Абайдың тұңғыш кітабы «Қазақ ақыны Ибраhим Құнанбай оғылының өлеңі» деп аталып, сол кездегі орыс мәдениетінің алтын бесігі – Санкт-Петербургтегі Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрді.

Кітаптың сыртқы мұқабасында «Кітапты бастырған Кәкітай, Тұрағұл Құнанбай оғыландары» деп жазылғанымен, осы жинақтың кітап болып шығуына еңбек жасаған тағы бір адам – Мүрсейіт Бікіұлы болды.

Дала данасы, ғұлама ұстаз, ұлы билердің ұстазы Әнет баба – Мүрсейіттің жетінші атасы. Әнеттен тарайтын Шақа, Шақадан – Бостан, Бостаннан – Аралбай, Аралбайдан –Шоман, Шоманнан – Бікі, Бікіден – Мүрсейіт, Бибі (Бибі – Мүрсейіттің қарындасы, ел Ақтаяқ апа атап кеткен).      

Мүрсейіт Бікіұлы 1860 жылы қазіргі Абай ауданы, Қасқабұлақ өңірінде туған, Тобықты ішінде Әнет табынан тарайды.

Жалпы Әнет балалары Ырғызбай, Құнанбай ұрпақтары төңірегіне топтасып, Абай, Шәкәрім ауылдарында адал қызмет жасаған адамдар ретінде тарихта аттары қалған.

Мүрсейіттің қора-жай, ата қонысының орны Қасқабұлақ ауылының іргесіндегі, Шолпан адыры деп аталатын тау бөктерінде әлі де бар. Жергілікті жұртшылық арасында ол «Қисықтың қорасы» деген атпен белгілі. Бұл Мүрсейіттің Рақымбай деген баласының ел аузындағы лақап аты.

Мүрсейіт 57 жасында , 1917 жылы ел сырт жайлаудан қайтқанда, мизам айында өмірден өткен екен. Кейбір деректер мен ауыз әңгімелерде Мүрсейітті жерлеуге Шәкәрім баласы Ахат қатысыпты деген әңгіме бар. Ахаттың айтуына қарағанда, Шәкәрімнің орыс тілін үйренуіне осы Мүрсейіттің көзі ашық, алғырлығы ықпал еткен көрінеді.

Мүрсейіттің әкесі Бікі – Құнанбай баласы Ысқақпен көрші отырған, әрі туысқан жандай сыйлас, араласқан адам болған.

Мүрсейіт жас шағында ауыл молдасынан хат танып, сауатын ашқан соң, Семейдегі Камали хазірет медіресесінде оқып, білімін жетілдіріп, елге молда болып оралады. Қалада жүрген жылдары Мүрсейіт өз ынтасымен ізденіп, орыс тілін үйреніп, жаза білетін дәрежеге жеткен.

Доғалаң мен Орданың ортасында шағын бұлақ басына Абай там үй салдыртып, Мүрсейітке бала оқыттырған. Кейінде ол жер «Ескі там» деп аталып кеткен.

Мүрсейіт – Тобықты елінде бірден-бір сауатты, орысша білетін, арабшаға жетік, хұсни жазудың шебері ретінде танымал болған адам.

Сондықтан да хакім Абай өзі барда оған сенім артып, өлеңдерін көшіріп жазуды сеніп тапсырғанын Абайтанушылар айтып та, жазып та жүр.

Сөйтіп, Абай өлеңдері Шыңғыстау асып, алыс-жақын елдерге Мүрсейіт қолжазбалары арқылы тарап келген.

Абай шығармаларының 1905, 1907 және 1910 жылдардағы, бүгінгі күнге жеткен үш қолжазбаның үшеуі де Мүрсейіттің шебер қолымен көшірілген.

Осы еңбегінің өзін Мүрсейіттің Абай мұрасына адалдығын, тарих алдындағы ерен ерлігі деп айтуға әбден болады.  Көшірілген үш қолжазбаны Мүрсейіт баласы Рақымбай аумалы-төкпелі заманда аман алып қалып, Шолпандағы шешесі Ажардың қабірінің бас жағына су өтпейтін затқа орап сақтаған.

 Кейіннен жылын ешкім тап басып айтпайды, ұлы Мұхтардың тапсыруымен әдебиетші ғалым Ғайса Сармурзин елге келіп, Рақымбайға жолығып, осы қолжазбаларды Мұхтар Әуезовтың өз қолына тапсырады.

Бұл жайлы Ғайса Сармурзиннің «Өмір сабақтары» кітабында жақсы баяндалған.

Қазір осы құнды қолжазбаның екеуі Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының кітапханасында, біреуі М.Әуезовтың әдеби мемориалдық мұражайында сақтаулы.

Ұлы ақынның күні бүгінге дейін, әр жылдары басылып жүрген шығармалар жинақтары – Мүрсейіттің осы қолжазбалары негізінде жарық көріп жүр.

Әдебиет ғылымын зерттеушілер мен Абайтанушы ғалымдардың зерттеуіне негіз болып жүрген де – осы Мүрсейіт қолжазбалары екенін М.Әуезов бастаған ғалымдардың баршасы растайды.

Демек, Мүрсейіт Бікіұлын Абай өлеңдерін тұңғыш қағазға түсіруші, оның кітап болып шығуына елеулі үлес қосқан аяулы жан ретінде еске алып, ерекше құрмет көрсеткен жөн деп ойлаймын.

Шын мәнінде – Мүрсейіт ұлы ақын шығармаларын бүгінгі күнге жеткізуші, мәңгілік мұрасына адалдық танытқан, Абайдың нағыз әдеби хатшысы.

Мүрсейіттің ең бір үлкен еңбегі – Абайдың ғақлия сөздерін хатқа түсіруі, оны бір емес, әлденеше рет көшіруі. Абайдың ұмытылған, жоғалған өлеңдері болса, ел ішінде жатталып, солардан жиналып алынды, халықта сақталды.

Ал ұғымға қанша қиын, қанша түркі, араб - парсы, құран – дін, орыс сөздері бар ғылыми ғақлияны адам есінде (жадында) түгел сақтау қиынның – қиыны, тіпті мүмкін еместігін ескерсек, Мүрсейіттің бұл еңбегі – баға жетпес еңбек.

Мүрсейіт қолжазбасын 1905, 1907, 1910 жылдары жазылған деп үш кезеңге бөліп келеді. Негізінде Мүрсейіт бұл жылдардан бұрын, Абайдың көзінің тірісінде – ақ сол ауылда медреседе балаларды оқытқан кезінде Абайдың өзінің тікелей тапсыруымен өлеңдері мен қара сөздерін көшіріп жаза бастаған. Абайдың өлеңдерін жаттатумен қоса, қара сөздерін сабақ ретінде оқытқан.

Мұхаңның мына сөзіне үңілейік: «Қайта өлеңдеріне қарағанда Абайдың қара сөздері көбірек, түгелірек сақталған сияқты... Тегі қара сөздер кім болса соның қолында кетпей, жазылысымен маңайындағы сауаттылардың қолына түсіп, оларда шашылмай сақталып қалған». («Абай жинағы» 1940 ж. 2 – том, 57 - бет).

Мұхтар Әуезов Мүрсейіт қолжазбаларын көп пайдалана отырып, мұқият зерттеп, 1933 жылғы жинақты құрастырды, одан кейінгі жинақтар тұсында да зерттеушілерге, құрастырушыларға Мүрсейіт қолжазбасының құндылығын түсіндіріп отырды.

Мүрсейіттің абайтану ғылымындағы алатын орнын жоғары бағалады. Оны нақтылы Абайдың жазба дерегі деп бағалайтындығын айтты: «Жалпы Абайдың мұраларын көшіріп таратушылар арасында Мүрсейіт Бікіұлының еңбегін айрықша атап өту керек.

Бұл адам Абай тәрбиесін, үлгісін дұрыс ұғынуы бойынша, Абайдың өзге достары сияқты, өздігімен ізденіп, орысша да оқыған. Жазуы аса анық, шебер болғандықтан және өзі Абай сөздерін халқына ұқыптылықпен көшіріп таратуды өмірлік мақсат – міндеті етіп алды.

Қазір Абайдың басылып жүрген таңдамалы өлеңдер жинағы мен толық жинақтары болса, барлығы да біздің асыл нұсқа есесбінде сүйенетініміз – сол Мүрсейіттің көшірмелері. Өйткені, Абайдың өз қолымен жазылған нұсқалары сақталмай жоғалып кеткен...

Мүрсейіттің қолжазбаларын біз нақтылы жазба дерек есесбінде бағалаймыз ». («Абай Құнанбаев». 27 – бет 1967 ж. «Ғылым» баспасы).   Абайтанудың негізін қалаған ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтың Мүрсейіт еңбегін ғылыми тұрғыдан осыншама жоғары бағалауы – Мүрсейіт қолжазбасын зерттеушілердің есінен шығармайтын қағидасы болуы тиісті...

Бір әңгімесінде Турағұлдың қызы Ақила (1990 жылы қайтыс болған): Мұхаңмен бір кездесіп әңгімелескенімде сөзден – сөз шығып, Мүрсейіт туралы айтқанда: «Мүрсейіт қолжазбасы бойынша бөлек Абайдың жинағын құрастыру ойда болып еді, оның моллалығы пәле болды ғой деп айтқаны есімде», - дегені бар.

Соған қарағанда Мүрсейіт қолжазбасын кім көрінгенге жұлмалатпай, сол қалпында бастыру ойында болған сияқты. Шынында да текстологиясымен шұғылданушылар орынды да, орынсыз өзгерістерді көп жасағаны рас, оны көріп те, біліп те отырмыз.

Абайдың аударма еңбектерін де көшіріп жазған – Мүрсейіт. Пушкиннен аударған, Лермонтовтан, Крыловтан аударған шығармаларын 1909 жылы баспаға  Кәкітай мен Турағұл даярлағанда бірнеше сөздер дұрыс берілмепті.

Соны кейін Мұхтар мен Әбіш 1933, 1966 жылдардағы Абай жинақтарын даярлағанда Мүрсейіт қолжазбасына негіздеп қайта қарап шығып, дұрысын берді.

Елжіреген жас емес пе ем,

Еппен айтсаң жұбатып.

Мен ғашыққа мас емес пе ем,

Кетсең еді ұзатып. Бұл шумақ 1909 жылғыда «Ебін тапсаң жұбатып» деп қате басылған, «Қараңғы түнде тау қалғыптағы»

Шың шығармас жолдағы

Сілкіне алмас жапырақ – Мүрсейітше берілді. Бұл жолдар да 1909 жылғы басылымда:

Шаң шығармас жол – дағы

Сыбдырламас жапырақ, деп бұзылып берілген.

«Теректің сыйы», «Жолға шықтым» өлеңдерін – 1961 жылғы баспаға даярлауда Мүрсейіт қолжазбасының көмегімен, соған сүйене отырып недәуір сөздердің дұрыстығына көз жеткенін Ә. Жиреншин атап айтады.

И.А.Крыловтың мысал өлеңдерін дұрыстап басу кезеңінде де Мүрсейітке сүйеніп отырған.

Тұмсығында ірімшік,

Ойланып, қарап тұр еді...

Ептеп барып барлады...

Әншілігің белгілі...

Қуанғаннан бөртініп – жолдары бұрынғы басылымдарда дұрыс басылмай келсе, Мүрсейітке сүйеніп, қайтадан түзетіліп берілді. М.Ю.Лермонтавтан Абай аударған «Вадимді» де көшіріп жазған Мүрсейіт еді. 

Мүрсейіт атам өте биязы, жаман сөз білмейтін, жарамсыз сөз сөйлемейтін, ақсарылау, қасқа бас кісі болыпты. Молдалықты, тазалықты қатты ұстанған адам екен.

Өзінің бірге туған қарындасы Бибіні Семейтаудағы Уақ Ібіш деген кісіге ұзатқан екен. Ібіш қырық шақтылау лау жүргізген, ірі саудагер болыпты. Осы баршылықтың арқасында Бибі апамыз төркініне үздіксіз мол қамқорлық жасап отырыпты. Ібішті кеңес үкіметі бай деп, дүние мүлкін тәркілеп құртыпты. Апамыз ұлғайған соң, Рақымбай атамның қолына келіп тұрады.

Мұхтар Әуезов өзінің 60 жылдығына Абай еліне келгенде Мүрсейіттің қарындасы деп Бибі апамызды шақыртып алып, өткенді еске түсіріп, көп әңгімелескен екен. Бибі апамыздың М.Әуезовпен бірге түскен фото суреті Бөрлідегі мұражайда ілініп тұр.  

МҮРСЕЙІТТІҢ ЕҢБЕГІ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕР:

 

                   Әлкей Марғұлан, этнограф,археолог, тарихшы,

                                                           әдебиетші, үлкен ғұлама.

         Абай қолжазбасы мұраларынан біздің әдебиетшілеріміздің білетіні – Мүрсейіттің қолжазбасы, не оның кейінгі көшірмелері. Мұны Абай өлеңінің толық қамтылған аса бағалы, негізгі бұлақ көзі деуге болады.

         Бұл жинақтың тағы бір ерекшелігі – үлкен кітапханада сақталмай, ауылда сандық ішінде сақталып келгендігі.

          Сандық түбінде жатқан сирек қолжазбалардың көбі бізге жетпей, көшпелі тұрмыс жағдайында жоғалып отырғаны зерттеуші ғалымдарға бұрыннан мәлім.

             Егер Мүрсейіт қолжазбасының тағдыры тап осындай болса, онда Абай ақынды жарыққа шығару тіпті қиын болар еді.

                            «Абай тағылымы»,  Алматы «Жазушы» баспасы,

                                                                                   1986    жыл, 301 бет

        

  

         Әрхам Ысқақов, Кәкітай Ысқақұлының баласы

                                                              Құнанбай немересі

Абай орысша өзі оқып, үйренумен қатар інілерін, көршілерін сол жолға баулыды. Мысалы, Абай ауылында болып орысша сөйлей, оқи, жаза білетұғын мынандай адамдар болды.

Абайдың өз інілері: Ысқақ, оспан, Шәкәрім, Кәкітай балалары: Турағұл, Мекайыл, көршілері: Хабидолла, Сүлеймен, Махмет, Мүрсейіт, Солтанбайдың Ысқағы, Ырсайдың Ысқағы.

Осы айтылған адамдар өмір бойы орыс школын көрмеген, Абайдың ғана алдында болып, тәлім – тәрбие алғандар.

                   «Ұлы Абайға адалдық», 202 жыл, 161 бет.

        

Асан Омаров, Абай, Шәкәрім мұраларын 

                                        зерттеуші ғалым

         Сөйтіп, Кәкітай мен Турағұл 1905 жылдың қысы мен жазғытұрымында Абайдың өлеңдерін, қарасөздерін жинап, түгендейді.

Ал, жаз айының басынан Абай мұрасын көрші, әрі туысқан есебінде болған Мүрсейіт Бікі баласы деген молданың қолына беріп, әдемілеп көшіруді тапсырады.

Көркем (ескіше хұсни) жазудың хас шебері Мүрсейіт молда, Әрхамның куәлігінше арнайы тігілген қоста отырып, өз жұмысын бір айда аяқтап шыққан.

                   Шәкәрімнің шығармалар жинағы 3 том.

                                                 «Үзілген үміт» - 432 бет.

 

                   ШӘКӘРІМ «Энциклопедия»

         Мүрсейіт Бікіұлы (1860 – 1917 ж. ж.) – Абай өлеңдерін қағазға түсіріп, бүгінгі ұрпаққа жеткізуге орасан зор еңбек сіңірген кісі.

                                                                           566 бет.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер мен мақала, деректер

 

1.Абай Құнанбайұлы – Шығармалары

   Екі томдық толық жинақ. А. Жазушы. 1995 ж.

2. М.О.Әуезов – Жиырма томдық шығармалар жинағы.

    А. Жазушы. 1979-1985

3. «Абай» энциклопедиясы. – Атамұра. 1995 ж.

4. «Шәкәрім» энциклопедиясы. – Семей. 208 ж.

5. «Тобықты – Шыңғыстау шежіресі» - М. Жанболатұлы.

    Алматы, курсив І – ІІ том 2004 ж. IVVIтом. 2008 ж.

6. «Әнет баба» - құрастырушы Бейбіт қажы Сапаралы

7. «Ұлылар мекені» - Бекен Исабаев. Новосибирск. 2001 ж.

8. «Абай»,  «Жұлдыз»,  «Парасат» т.б республикалық, обылыстық газет – журналдар басылымы

9. «Абайдың әдеби хатшысы»- Әсет Мырзақасым.  Семей. 2009 ж.

 

 

Автор
Дата добавления 02.06.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров356
Номер материала 554112
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх