Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Математика / Рабочие программы / «ӘМІРШІ САНДАР» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ КЕШ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Математика

«ӘМІРШІ САНДАР» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ КЕШ

библиотека
материалов




«ӘМІРШІ САНДАР» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ КЕШ

Мақсаты:

1.Ізденімпаздыққа, өз беттерінше еңбектенуге тәрбиелеу;

2.Өз халқына деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақтың қасиетті сандарының сырын ашу;

3. Математикаға деген қызығушылығын , ынтасын арттыру.

Көрнекілігі: Слайд, плакаттарға жазылған нақыл сөздер,безендірілген зал

1-жүргізуші: Армысыздар!Құрметті менің достарым және ұстаздарым! Бүгін бізде естен кетпес ерекше күн болғалы тұр.

2-жүргізуші:

Көрер көзге мөлдіреген моншақтай,

Өтіп кетер студенттік сол шақтар-демекші осындай жалындаған жастық шағымызда қызықты да , қылықты , көңілді етіп өткізу қандай керемет десеңші!

1-жүргізуші:Әрине,Есболат

Ал ұстаздар тамсанады әліде,

Осы күнді айтып жас пен кәріге.

Осының барлығы түптеп келгенде ұстаздардың бізге берген білімдерінің ең тәтті жемістерінің бірі деп айтуға болады.

2-жүргізуші:Ендеше достарымызды жерде емес басқа бір ғаламшада жүргендей сезіндірейік.

1-жүргізуші:Олай болса бүгінгі «Әмірші сандар» атты математикалық танымдық кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Шамшырақтай жарық беріп,

Көңілді ғой достарымның жанары,

Олай болса әрмен қарай жалғайық,

Мамандықты жырлаудан еш талмайық,

2-жүргізуші:

Математика құралады былайша,

Еселігі М-нің де, еселігі Т-ның да,

Үш еселі А-да бар, тек бір – бірден

Е,И,К-ларың. Ойлан тапшы!!!

Ол дегенің –ғылымдардың патшасы,

Ерекше оның өрнектелген тақтасы.

1-жүргізуші:Ия, айта берсек шексіз. Ие мамандықтың бірі ғой шіркін! Қазақ халқы ертеден мақтауды жақсы көрген ғой. «Әмірші сандар» деген ғаламшардың есігін ашайықта, ішінен керемет-керемет жаңалықтарын мына отырған достармызға шашайық.

2-жүргізуші:Олай болса сандар патшалығына ат басын бұрып, әр санның төріне отырып, қонақ болып араламаймыз ба?

1-жүргізуші: Араласақ, аралайық!

2-жүргізуші:

Қазақ халқы қонақ бол деп қинайды

Қонақтарын құдайындай сыйлайды, -демекші әрбір санның бізге берер құрмет, қошеметіне бөленейік. Әр санның үлкен кішілігіне қарап емес, оның түбіне үңіліп қарайтын болсақ, әр санда ерекше бір қасиет, тылсым күш бар.

1-жүргізуші:Табалдырықтан аттамас бұрын мынау алты қанат ақ орданың Шаңырағында бір сыр ашылмай құпияланып тұрғандай сияқты.

2-жүргізуші:Әрине, солай. Ендеше оның құпиясын әсем өрнектермен бейнелейік:

Киіз үйі қазақтың қасиетті қашаннан,

Қадірлісі халқымның шаңырақтан бата алған.

Жазып ойлап осы үйді мұра етіп қалдырған,

Данышпаны елімнің Абайдан кім асалған?

1-жүргізуші:

Жарық шамын ең алғаш жаққан елдің төріне,

Кітап жазып біздерге еңбек еткен көріне,

Бала оқытып ерінбей Ыбырайдай атамыз

Үлгі болып қалады кішіге де, кәріге.

2-жүргізуші: Енді сыр сандықтан сандардың құпияларын ашайық.

1-жүргізуші: Сандардың бастауы, барлық санды бірлікте ұстап, тізбекті бастап тұрған1-ден бастайық.

2-жүргізуші: Жарайды, Зайда!

Бір дегенің бастауы ғой сандардың

Сан жырлаудан жақ пен тілім талмаған

Алла біреу табынушы жаратқан

Пайғамбарың исламды таратқан

Анаң біреу әлдилеген аялап

Әкең біреу еркелеткен саябақ

Құран біреу Алла берген адамға

Жүректерге иман орнап ғаламда


1-жүргізуші: Ал, ендігі кезекте МтБ-54 тобының студенті Нұржамал «Әмірші сандар» туралы қысқаша мәлімет беріп кетеді.

Әлемнің әмірші сандар деп бекіткен болатын өз ойын философ және математик Пифагор. Біздің заманымыздағы дейінгі ғасырларда ол өз жақтастарымен мектеп ашқан болатын. Бұл мектеп діни мектепке ұқсас болатын. Пифагоршылар сандардың мистикалық өміріне сенді. Әрбір нәрсенің артында белгілі бір сан тұрады деп ойлайды. Сандар өздерімен бірге қайырымдылық пен зұлымдылық, бақыт пен бақытсыздық ала келеді. Бізге тек бұл сандардың не әкелетінін білу керек. Пифагоршылар барлық сандардан 1 санын, бірлікті жоғары қойды. Себебі бүкіл әлем бірден басталады.Бірлік бүкіл әлемнің бастауы. Екілік өзімен бірге махаббат ала келеді.Сонымен бірге белгі тұрақсыздық әкеледі. Ал үштік қарапайым емес сан болды, себебі жоғарғы екі санның қосындысынан шықты. Ал, алты саны таңғажайып сан болып есептеледі. Себебі бұл бұған дейінгі сандардың қосындысы мен көбейтіндісінен тұрады. Алтылық 1,2,3-ке бөлінеді. Ал жеті саны қасиетті де киелі сан болып есептеледі.

2-жүргізуші:

2-деген жұп сандардың бастауы,

2-де бар өмірдің қостауы,

Екі жүрек, қос аққу бар махаббатты жырлаған,

Барлығыда бастау алып сол негізде құралған.

Ай мен күнде сәуле шашып тарады.

Екі жұлдыз мәңгі өшпей жанады.


1-жүргізуші: Ендігі кезекті 2-санының сиқырлы сырларына келейік:

1. Күні-түні дем алмайтын екеу:1. Ай. 2. Күн. 
2. Патшалық құрған екі мұсылман, екі кәпір:Мұсылмандардан: 1. Сүлеймен. 2. Ескендір Кәпірлерден: 1. Налерут. 2. Шиддат. 

3. Пейіште көрінбейтін:1. Күндіз. 2. Түн. 
4. Пейіште болмайтын:1. Ауру-сырқау. 2. Ұйқы
5. Екі адаммен дос болу:1. Әйеліңмен. 2. Бастығыңмен. 
6. Жақсы дос пен жаман дос:1. Мал-мүлік. 2. Ұл-қызы

2-жүргізуші: Ал енді 3 санының сиқырлы сырларына келейік:

  1. Қазақ халқы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз

  2. Үш қуат: ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат

  3. Үш ғайып: ажал ғайып, қонақ ғайып, несібе ғайып

  4. Үш арыс: Сәкен, Бейімбет,Ілияс

  5. Үш даусыз: мінез, кәрілік, ажал

  6. Үш дана: Абай, Шоқан, Ыбырай

  7. Үш жамандық: Нақақ қан төгу, кісі малын нақақ алу, ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу

  8. Үш арсыз: Ұйқы, күлкі, тамақ

  9. Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ

  10. Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой - өріс, адам – қазық

  11. Үш қасиет: өліде – аруақ, малда – кие, аста – қасиет

  12. Үш талғам: мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесапат

  13. Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті

  14. Үш жұрт: өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – міншіл, нағашы жұртың - сыншыл
    Енді осыларды таратып айтсақ:
    Қайын жұртың қолыңның ұзындығына қарайды, 
    Жағаңның қызылдығына қарайды. 
    Берсең жағасың, 
    Бермесең дауға қаласың
    Өз жұртың – ағайын, 
    Бар болсаң көре алмайды
    Жоқ болсаң бөліп бере алмайды. 
    Жақсы болсаң күндейді, 
    Жаман болсаң жүндейді. 
    Нағашы жұртың:
    Жақсылығыңа сүйінеді, 
    Жамандығыңа күйінеді. 
    Әрқашан тілеуіңді тілейді, 
    Тілеуқорлық ниеті билейді. 

  15. Үш із: бала, байлық, бақыт – білім

  16. Үш алыс: жер мен көк, жас пен кәрі, жақсы мен жаманның арасы

  17. Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық

  18. Үш қазына: Ер қазынасы – жүрген із, 
    Ел қазынасы – көне сөз, 
    Тіл қазынасы – ескі сөз

  19. Үш мақсат: Саудагер мақсаты – ұту, жол мұраты – жету, дау мұраты – біту

  20. Үш үміт: жазылам деп науқас үмітті, байимын деп кедей үмітті, кетем деп қыз үмітті

  21. Үш қадірлі: ырыс, бақ, дәулет

  22. Үш қадірсіз: жастық, денсаулық, жақсы жар

  23. Үш кемшілік: атың шабан болса – жалғанның азабы, алғаның жаман болса – дүниенің тозағы, балаң жаман болса – көрінгеннің мазағы

  24. ҮШ БИ

Үш жүзде болса да олар басты кiсi, 
Қазыбек, Төле, Әйтеке менен кiшi. 
Соларға жол көрсеткен ұстаз едiм, 
Сардар деп құрметтейiн үлкен-кiшi. 

1-жүргізуші: Енді 4 саны туралы не білеміз тексеріп көрелік.

  1. 4 кітап: Тәурат-Мұсаның кітабы, Зәбір –Дәуіттің кітабы, Інжіл-Исаның кітабы, Құран –Мұхамедтің кітабы.

  2. 4 қылыш: һәм-һәм, сәм-сам, зұлқажа, зұлпыһар.

  3. 4 тұлға: от, су, жел, жер

  4. 4 пір: Жарлының пірі –қалтаң ата

Ұрының пірі- жалтаң ата

Шебер пірі- тепшең ата

Кәрі пірі- көпшіл ата

  1. Төрт мүлік: бас сандық, тіл кілт, қол мүлік, аяқ-табақ

  2. Төрт халифа: Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли

  3. Төрт періште: Жебірейіл, Әзірейіл, Мекейіл, Исрафил

  4. Төрт құбыла: Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік

  5. Төрт маусым: көктем, жаз, күз, қыс

  6. Төрт тоқсан: қыстоқсан, жазтоқсан, шілдетоқсан, күзтоқсан

  7. Төрт бұрыш: Шын-машын, Мысыр, Рим, Еуропа елдері

  8. Төрт түлік: Түйе пірі – Ойсылқара
    Жылқы пірі – Қамбар ата
    Сиыр пірі – Зеңгі баба
    Қой, ешкі пірі – Шопан, Шекшек ата

  9. Төрт күнә: Аллаға күмән келтіру, нақақтан қан төгу, ата-анаға тіл тигізу, өтірік куә болу. 

  10. Төрт тұрман:1. Ер тұрманы. 2. Мұкәммалы. 3. Жаужарағы. 4. Бес қаруы. 

  11. Төрт пайғамбар пірі:1. Иса. 2. Ыдырыс. 3. Қыдыр. 4. Ілияс. Ыдырыс пен Иса 4-қат көкте, олар періштелермен бірге құлшылық жасайды. Қыдыр шөлдегендерге сусын береді. Ілияс су апатына ұшырағандарға қол ұшын береді. 

  12. Төрт нәрсені Адам Атаны жаратқанда жібереді:1. Өлім. 2. Ләпсі. 3. Ашу. 4. Нәпсі. 

  13. Төрт асыл:1. Иман. 2. Намаз. 3. Ілім. 4. Мейір-Шапағат. 

  14. Төрт ұры:1. Азғырушы шайтан. 2. Күпірлік. 3. Тәкаппарлық. 4. Мейірімсіздік. 

  15. Төрт дария:1. Ніл. 2. Фират. 3. Жейхун (Амудария) . 4. Сейхун (Сырдария). 

  16. Төрт бейғамсыздық:1. Өлімді ойлау. 2. Залым адаммен отырмау . 3. Онымен сөйлеспеу. 4. Аулақ жүру. 

2-жүргізуші: Ендігі кезекті әнге берсек қалай қарайсын?

1-жүргізуші: Бұл ойың жақсы екен, олай болса ортады ИнБ-82 тобының студенттері «Сандар» әнімен.

(Аруана әнімен)

Жер бетінде адам өмір өткізер

Бар нәрсеге білім қолын жеткізер

Бар ізгілік тек білімнен алыңдар

Білімменен аспанға жол салыңдар



Математикада, сандар тілі тілдескен

Аяғыңды аттап бассаң кездесер

Сұлулықтың сыры ғой ол көз тастар

Барлық ғылым бұл сандардан жаралған

Салған әнім айтылған сөз бәрі де

Аққан суың, соққан дауыл желі де

Бәрінің де бағынары цифрлар

Сондықтан да сандарсыз бұл күнің жоқ

2-жүргізуші: 5 санына келер болсақ:

  1. 5 қару: садақ,қылыш,найза,айбалта,мылтық

  2. 5 парыз: Құдайдың бірлігі мен Мұхаметтің пайғамбарлық қасиетін мойындау, Намаз оқу, Ораза тұту, Қайыр садақа беру, Иман мен Ихсан (Адамгершілік пен Рахымшылдық)

  3. Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол

Адам болам десеңіз

Өсек, өтірік , мақтаншақ

Еріншек, бекер мал шашпақ

Бес дұшпаның білсеңіз

Талап, еңбек, терең ой

Қатағат рахым ойлап қой

Бес асыл іс көнсеңіз

  1. 5 намаз: Таң намаз, Бесін намаз, Жұма намаз, Ақшам намаз, Құптам намаз

  2. Ең негізгісі 5 –үздік студенттің бағасы.

  3. Бес борыш: Аллаға, пайғамбарға байланысты борыш, адамның өзіне байланысты борыш, мемлекет пен халыққа борыш, үй-іші жақындарына борыш, адамгершілік әлеміне борыш

  4. Бес жаратылыс: күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн

  5. Бес өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге қонба, жарлыдан сый алма

  6. Бес қатер: от, жау, борыш, ауру, сөз

1-жүргізуші: Ендігі кезекті 6 санының қасиеттеріне берелік:

  1. 6 саны берекені білдіреді.

  2. Алты алаш: Қазақ, қарақалпақ, өзбек, түркімен, қырғыз, жайылма

  3. Алты парыз: Адамдардың бір-біріне алты парызы бар:
    1. Бір-біріне сәлем беруге
    2. Шақырса баруға
    3. Кеңес сұраса ақыл қосуға
    4. Сұрағына жауап беруге
    5. Ауырып қалса көңіл сұрауға
    6. Қайтысболсажерлеугеқатысуға

  4. Алты асқар:
    1. Ақыл. 2. Білім. 3. Жомарттық. 4. Әділдік. 5. Шыншылдық. 6. Кең пейіл. 

2-жүргізуші:

Ақ қағаз бен қаламымды алайын

Сандарды мен аралап бір қарайын

1,2,3,4,5 бәрі бірігіп

Тұрып алды алтыға келіп тіреліп,

6 деген бөлінеді 2 және 3-іңне

Сенеді тылсым жұмбақ күшіне,

Қарадым да басымды иіп өтіп,

Мен 7 деген санға енді түсіне

1-жүргізуші: Қасиетті 7 санының сырларына тоқталайық:

  1. Апта 7 күнен тұрады: аптаны 7 күнге бөлу ай фазасының 7 күн сайын өзгеріп тұруынан туған нәрсе.

  2. Қазақта әлденеге қуанса, қорықса, әлде бір апаттан аман қалса 7 нан салып, құран оқытады, 7 теңге садақа тастайды.

  3. Қазақ 7 атаға толғанша қыз алыспайды, сондықтан 7 атасын білу міндетті. 7 атасын білмеген жетесіз.

  4. Қарғыс 7 атаға кетеді деген ұғым бар.

  5. Дүниелік адамның аза тұтушы туыстары 7 күнен кейін 7-лік береді.

  6. 7 саны өтекиелі. 7 жаста бала мектепкебарады. 

  7. Жеті амал: тоқсанның кіруі, киіктің матауы, мұздың қатуы, айдын тоғамы, үркердің батуы, қарашаның батуы, күннің тоқырауы

  8. Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат

  9. Жеті құбылыс: күншығыс, күнбатыс, түстік, терістік, аспан әлемі, жер орта, жер асты

  10. Жеті нәрсені жүйкені тоздырады:
    1. Еңбексіз жеген нан. 2. Зімәдан болған жан. 3. Боямалы тән. 4. Нашадан бұзылған қан. 5. Темекінің түтіні. 6. Арақтың жұтымы. 7. Ақшалы ойынның ұтымы. 

  11. Мөлдір тауындағы жеті әулие аналар:
    1. Шүміш әулие ана. 2. Мария әулие ана. 3. Рахима әулие ана. 4. Гульфайруз әулие ана. 5. Зәуре әулие ана. 6. Хадиша әулие ана. 7. Райнамуәулиеана. 

  12. Жеті ғашық:
    1. Ләйлі – Мәжнүн. 2. Фархад – Шырын. 3. Таһир – Зухра. 4. Арзу – Камбар. 5. Уәлик – Ғарра. 6. Уәки – Күлшаһ. 7. Жүсіп – Зылиқа. 

  13. Жан-дүниені жадырататын жеті жәйіт:
    1. Әкімдердің шарапаты. 2. Ғұламалардың шариғаты. 3. Байлардың салауаты. 4. Кедейлердің қанағаты. 5. Үлкендердің ұлағаты. 6. Жастардың инабаты. 
    7. Азаматтардың ар-ұяты. 

  14.  Жігіттің жеті қазынасы
    Жүрдек аты –жігіт қаны, қанаты
    Қыран бүркіт – қарым күші, қуаты. 
    Құмай тазы - бастан берік сенімі, 
    Ақ мылтығы – сөнбес оты, серігі
    Алмас кездік – жігіт сусы, һәм мысы
    Ау жылымы – амал, айла, әдісі
    Қара қақпан серті себі тірліктің
    Осы жеті қазынасы жігіттің

2-жүргізуші: Жеті санына байланысты арамызда көптеген асыл сөздер бар.

  1. Жеті жетім.

Тыңдалмаған сөз жетім,

Киюсіз тозған бөз жетім,

Иесіз қалған жер жетім,

Басшысы жоқ жер жетім,

Аққу -қазсыз көл жетім

Жерінен айырылған ер жетім

Замандасы қалмаса

Бәрінен де сол жетім.

  1. 7 қазына: ер жігіт, ақыл білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы, сұлу әйел.

  2. 7 күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі

  3. 7 жұт: құрғақшылық, мал қырылу, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала

  4. 7 жоқ: жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, табақада талақ жоқ, аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ.

  5. 7 қат көк: күн, меркурий, шолпан, жер, марс, юпитер, сатурн.

1-жүргізуші:

Сегізің бар еркелейді, ермейді.

Шақырсамда құшақ жайып келмейді,

Сегіз ән салса да айқайлап,

Қос дөңгелек алға қарай жүрмейді.

2-жүргізуші: 8 санының қасиеттеріне кезек берейік:

  1. Сегіз адамға жұмақ лайық:
    1. Ораза ұстағандарға. 2. Жаман сөзден сақтанғандарға. 3. Құран оқығандарға. 4. Аш адамға тамақ бергендерге. 5. Жас уақытында намаз оқығандарға. 6. Сиқырдан аулақ болғандарға. 7. Өзіне жақсылық болсын дегендерге. 
    8. Өзгегеде жақсылық болсын дегендерге. 

1-жүргізуші: Ал 9-тепе-теңдік белгісі. Біздің халықта 9-ға байланысты біршама түсініктер бар.

  1. Ағайын арасында ірі кикілжің болғанда кінәлі жаққа бірнеше тоғыздан айып салатын болған.

  2. Осы тәріздес ел ішінде ырымдап 9 жолдың торабында садақа тастайды.

  3. Ал ең бастысы 9 санын құрметтеу адамның ана құрсағында 9 ай 9 күн қалыптасып дүниеге келеді.

  4. Шығыста 9 тепе- теңдік символы болып есептеледі.

  5. 9 санының өзіндік мінездемесіне үңілсек, ол үлкен қуаттың , өзге ортаға әсер етуші үлкен күштің соғыс пен апаттың белгісі.

  6. 9 санына билік жүргізіп отырған Марс планетасы.

  7. Жалпы сан құдіретіне сенетіндер 9-ды бақытты сан дейді.

  8. Тоғыз-құмалақ — қазақ ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. 
    Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғыз-құмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын. 

2-жүргізуші:

Бір мен 0-ді қатар қойып қарайық.

Міне, ғажап 10 саны бұл , халайық.

10 саусақ бар бүгіледі, билейді.

Қос табанға 10 бақайың тізілген.

Осылайша сан тізбектен үзілмең!

1-жүргізуші:

  1. Он түрлі жаман:
    Тәуке хан «Не жаман?» деген сұраққа бір жауап берсе, үш жүздің билерінің бірі жауап берер деп, үш парақ қағазға бірден онға дейін сандарды жазып, үш биге жіберіпті, «Сізден рұхсат болса, жауап береміз» - деп қағазды Қазыбек биге жіберіпті. 
    Сонда Қазыбек би бірден мына төмендегідей жауап беріпті. 
    1. Бірлігі кеткен ел жаман. 2. Егесіп өткен ер жаман. 3. Төсектен қашқан ер жаман. 4. Шідірден шошыған ат жаман. 5. Білік адамнан белгілі бала тумаған жаман. 6. Аймағын билей алмаған адам жаман. 7. Жетем деген мақсатына жете алмаған жаман. 8. Серкесіз бастаған қой жаман. 9. Төскейге шыға алмаған кәрілік жаман. 10. 60-тан қыздай қосылған бәйбішеден айырылған тіпті жаман. 

2-жүргізуші: Осы сандарды үйреткен «Математика» ғылымы емес пе? Сондықтан ортаға «Математика» әнін орындауға әнші қыздарымызды шақырсақ қайтеді?

1-жүргізуші: Ал, шақырсақ шақырайық, ортада ИнБ-91 тобының студенті Гауһар

«Математика» әнімен (Атамекен әнімен)

Білім нәрін тыным таппай жинаған

Есептермен ақыл ойды шыңдаған

Ұланымыз мына ғалам есептің

Математика мамандығын сыйлаған

Қайырмасы:

Қосу менен алудағы

Көбейтумен бөлу тағы

Пифагордың формуласы

Катеттерден құралған


Есептерді үйренеміз, шешеміз

Ұрандасып алға басып келеміз

Виет ата, Пифагорлар секілді

Биік шыңға , биік шыңға жетеміз

2-жүргізуші: Осы жұрт 13-тен неге шошиды білемісің бе? (видео)

Әлемнің көп халқы арасында 13 белгісіз сиқыры бар сәтсіз саналады. Көбі сол күні жолға шықпауға үлкен істі бастамауға тырысады. 13-ші үйді сатып алудан, 13-ші нөмірде спорт ойынына қатысудан, қайда болса 13-ші болудан қашады.

Қазақта керісінше , 13-те отау иесі деп, бұл жасқа келген адамға жауапкершілік жүктеп, құрметпен қарайды. 13 жылдан мүшел жас келіп отырады.13 санын жек көру қайдан шықты? 13-ке үрке қарауға 12 кінәлі, өйткені ежелгі вавилондықтар, римдіктер, қытайлықтар көп нәрсені 12 санымен белгілеп келген. Бір жылда 12 айға бөлсе, бір тәулікті екі 12 сағатқа бөлген, онда әрі қарай қандай сан бары, оларға белгісіз еді.

Белгісіздік барлық уақытта да қорқынышты. Сондықтан таныс 12-нің артынан пайда болған 13-ке жек көрініштпен қараудың да бір себебі де осы.

1-жүргізуші: Ал 666 – ең қорқынышты сан ше?

Әлемде әсіресе батыстықтарда дір еткізетін санның бірі 666 саны. Жалпы бұл сан сайтанның белгісі деп аталғанымен, оның дінге қатысты шамасы. 666-ның соншалықты жексұрын болуына 6 санының мінезінің жамандығы жазықты. 6 саны еркіндіктің ешкімге бас имейтін асу сан екен. Өміріне 2 рет 6 саны қатысты болса, онда жер бетіндегі ешбір билікке бағынбайтын дүлей күшке айналмақ.

Міне, достар біз сандардың сырын аштық.

2-жүргізуші:

Отырмайық ұйқы келіп маужырап,

Есеп деген шешілмейтін сөз жұмбақ,

Шахматтың тастарындай берілген,

Жинақтайық ойымызды терілген.

1-жүргізуші: Олай болса, шашыраңқы ойымызды жинақтап, мынандай қызықты есепке назарымызды аударайық.

  1. Ертеде бір ұста 12 сақина соққан екен. Оларды сыртқы түріне және түсіне қарап ешкім бір – бірінен ажырата алмаған. Бірақ олардың біреуі басқаларынан ауыр болған. Табақты таразыны пайдаланып, кіртассыз , үш рет өлшеп, ауыр сақинаны қалай табуға болады?

Жауабы:1рет әр табаққа 4 сақинадан салдым. Таразы тең болды. Таразы тең болмауы да мүмкін. Таразы тең болса, ауыр сақина жоқ.

2 рет енді ауыр сақинасы бар төртеуін алып, әр табаққа 2 сақинадан салдым. Таразы тең болмайды.

3 рет әр табаққа 1 сақинадан салдым. Ауыр сақина анықталды.

2-жүргізуші:

«Барлық математиканың негізі - арифметика» -деген дана сөздерді кім айтқан?

Жауап: Л.Н.Толстой

1-жүргізуші:Есболат, мен әлі аяқтаған жоқпын, енді бір есебімді айтайын:

Әжей демалысқа келген немерелерінің әрқайсысына бір құрттан беріп еді, үш құрт артық қалды. Ал, олардың әрқайсысына үш құрттан берейін десе, үш немересіне құрт жетпей қалды. Әжейге демалысқа неше немересі келген? Құрттың саны қанша?

Жауап: 6 немере, 9 құрт

2-жүргізуші:

«Ең күші ойлау мектебі деп- арифметиканы айтар едім»-деген ұлы ойды жеткізген кім деп ойлайсыздар?

Жауап: Қаныш Сәтпаев

1-жүргізуші:

Математикалық фокусты

Кім үйреніп, оқыпты,

Ой жүгіртіп көрейік

Тезірек жауап берейік деп-келесі кезекті математикалық фокус көрсету үшін математика топтарының студенттеріне кезек берсек қайтеді?

2-жүргізуші:Зайда, берсек берейік!

1-ші Фокус «Сиқырлы кесте»

Көрермендерге кесте таратылады. Сосын сол кестеден көрермендер бір санды ішінен ойлап, соның қай қатарда тұрғанын айтады. Ол фокусниктер көрермендер қандай сан ойлағанын айтып береді.

І

ІІ

ІІІ

ІV

V

8

1

16

4

32

2

9

3

17

5

33

3

10

5

18

6

34

6

11

7

19

7

35

7

12

9

20

12

36

10

13

11

21

13

37

11

14

13

22

14

38

14

15

15

23

15

39

15

24

17

24

20

40

18

25

19

25

21

41

19

26

21

26

22

42

22

27

23

27

23

43

23

28

25

28

28

44

26

29

27

29

29

45

27

30

29

30

30

46

30

31

31

31

31

47

31

40

33

48

36

48

34

41

35

49

37

49

35

42

37

50

38

50

38

43

39

51

39

51

39

44

41

52

44

52

42

45

45

53

45

53

43

46

54

54

46

54

46

47

47

55

47

55

47

56

49

56

52

56

50

57

51

57

53

57

51

58

53

58

54

58

54

59

55

59

55

59

55

60

57

60

60

60

58

61

69

61

61

61

59

62

61

62

62

62

62

63

63

63

63

63

63



2-ші фокус: «Туған күн»

Құрметті достар және оқытушылар біз сіздерді арифметикадан тексеріп көрейік:

  1. Туған күніңізді 20-ға көбейтіңіз

  2. Одан соң 10-ды қосыңыз

  3. Одан соң пайғамбар жас 63-ті қосыңыз

  4. Шыққан санды 5-ке көбейтіңіз

  5. Оның үстіне 35 ең кіші аяқ киім размерін қосыңыз

  6. Одан соң туған айды қосыңыз

Шыққан ең соңғы санды жазыңыз. Қасына аты- жөніңізді жазыңыз. Сол парақты бізге ұсыныңыз. Біз сізге туған күніңізді және айыңызды анықтап береміз

3-фокус: «Жасырын цифр»

Кез- келген төрт таңбалы санды жазып, сол төрт таңбалы сан құралған цифрлардан тұратын тағыда сан құрастырамыз. Сосын үлкен төрт таңбалы саннан кіші төрт таңбалы санды азайтамыз. Шыққан төрт таңбалы санның цифрларының біреуін жасырып қалған цифрларын фокусниутерге айтамыз.Ал фокусниктер сіз жасырған цифрды айтып береді.

1-жүргізуші:

Мамандық бар жұрттың бәрі қорқады

Есеп десе шығаруға сасады

Түсінбейді ешкім оның қыр сырын

Есеп деген шешімі жоқ мың бұрым-дегендей математиканы түсіну үшін оған деген ерекше назар болуы керек. Жүрегіңде туған жеріңе , тіліңе , анаңа деген орын қандай кең болса, математикағада сондай орын болуы керек.

2-жүргізуші:

Әрине, өйткені, өмірдің бәрі толы өрнек, оың бірінің шешімі оңай табылады, ал енді бірінің шешімі жоқ шатаспалы болады?

1-жүргізуші:

Ия,Есболат ! Ендеше осы кештің аяқталу сәті таяған сияқты.

2-жүргізуші:

Солай ма? Мүмкін емес,Зайда! Мен бұл ғаламшардан шыққым келмейді.

1-жүргізуші:

Амал қанша?

Сағат тілі 17.30-ды қағады.

Сонда сандық құпиясын жабады

Уақыт таяп қалғандай сезілді

Соңғы сөзім енді өзіңе берілді.

2-жүргізуші: «Сандар әлемді басқармайды, бірақ қалай басқару керектігін үйретеді», - деп ойшыл, әрі ақын Гете айтқандай, сандар төңірегінде үлкен сыр бар екені о бастан-ақ сезілген. 

Ұлы ғалым Пифогор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену - сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін. Дейтұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңызды екенін жоққа шығара алмаспыз. 

1-жүргізуші:

Мен жалғайын әрмен қарай сөзіңді

Уа, халайық сыр сандыққа салың енді көзіңді

Алтындайын, жарқыраған беттерде

Қалсын мәңгі даналықтың ойлары-деп кешімізді аяқтаймыз. Біз сіздермен қоштаспаймыз,келесіде кездескенше...

Шара аясында студенттермен



C:\Users\Admin\Desktop\сурет\107CDPFQ\IMG_2805.JPG





МтБ-54 тобының студенті Мұхтар 10 түрлі жамандықды айтуда

C:\Users\Admin\Desktop\сурет\107CDPFQ\IMG_2893.JPG



ИнБ-91 тобының студенттері Гауһар мен Шыңболат «Математика» әнін орындауда



C:\Users\Admin\Desktop\сурет\107CDPFQ\IMG_2898.JPG












Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

«ӘМІРШІ САНДАР» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ КЕШ

Мақсаты:

1.Ізденімпаздыққа, өз беттерінше еңбектенуге тәрбиелеу;

2.Өз халқына деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақтың қасиетті сандарының сырын ашу;

3. Математикаға деген қызығушылығын , ынтасын арттыру.

Көрнекілігі: Слайд, плакаттарға жазылған нақыл сөздер,безендірілген зал

1-жүргізуші: Армысыздар!Құрметті менің достарым және ұстаздарым! Бүгін бізде естен кетпес ерекше күн болғалы тұр.

2-жүргізуші:

Көрер көзге мөлдіреген моншақтай,

Өтіп кетер студенттік сол шақтар-демекші осындай жалындаған жастық шағымызда қызықты да , қылықты , көңілді етіп өткізу қандай керемет десеңші!

1-жүргізуші:Әрине,Есболат

Ал ұстаздар тамсанады әліде,

Осы күнді  айтып жас пен кәріге.

Осының барлығы түптеп келгенде ұстаздардың бізге берген білімдерінің ең тәтті жемістерінің бірі деп айтуға болады.

2-жүргізуші:Ендеше достарымызды жерде емес басқа бір ғаламшада жүргендей сезіндірейік.

1-жүргізуші:Олай болса бүгінгі «Әмірші сандар» атты математикалық танымдық кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Шамшырақтай жарық беріп,

Көңілді ғой достарымның жанары,

Олай болса әрмен қарай жалғайық,

Мамандықты жырлаудан еш талмайық,

2-жүргізуші:

Математика құралады былайша,

Еселігі М-нің де, еселігі Т-ның да,

Үш еселі А-да бар, тек бір – бірден

Е,И,К-ларың. Ойлан тапшы!!!

Ол дегенің –ғылымдардың патшасы,

Ерекше оның өрнектелген тақтасы.

1-жүргізуші:Ия, айта берсек шексіз. Ие мамандықтың бірі ғой шіркін! Қазақ халқы ертеден мақтауды жақсы көрген ғой. «Әмірші сандар» деген ғаламшардың есігін ашайықта, ішінен керемет-керемет жаңалықтарын мына отырған достармызға шашайық.

2-жүргізуші:Олай болса сандар патшалығына ат басын бұрып, әр санның төріне отырып, қонақ болып араламаймыз ба?

1-жүргізуші: Араласақ, аралайық!

2-жүргізуші:

Қазақ халқы қонақ бол деп қинайды

Қонақтарын құдайындай сыйлайды, -демекші әрбір санның бізге берер құрмет, қошеметіне бөленейік. Әр санның үлкен кішілігіне қарап емес, оның түбіне үңіліп қарайтын болсақ, әр санда ерекше бір қасиет, тылсым күш бар.

 

1-жүргізуші:Табалдырықтан аттамас бұрын мынау алты қанат  ақ орданың Шаңырағында бір сыр ашылмай құпияланып тұрғандай сияқты.

Автор
Дата добавления 18.02.2015
Раздел Математика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров343
Номер материала 396653
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх