Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Конспекты / "MS-DOS-тың файлдармен және каталогтармен жұмыс жасау командалары" тақырыбында дәріс.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

"MS-DOS-тың файлдармен және каталогтармен жұмыс жасау командалары" тақырыбында дәріс.

библиотека
материалов

ДӘРІС №8


Тақырыбы: MS-DOS-тың файлдармен және каталогтармен жұмыс жасау командалары.


1. ФАЙЛДАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ.


Файлдарды көшіру – COPY командасы. COPY командасының бірнеше түрі бар.

Бірінші түрі: Атын өзгертпей көшіру.

COPY[ж:][маршрут]файл аты[.түрі] [ж:][маршрут]

Файл басқа жинақтауышқа немесе басқа бумаға өз атымен көшіріледі.

Екінші түрі: Атын өзгерте көшіру.

COPY [ж:][маршрут]файл аты[.түрі] [ж:][маршрут]файл аты [.түрі]

Файл басқа жинақтауышқа немесе басқа бумаға жаңа атпен көшіріледі.

Мысалдар:

C:\>copy a:*.* c:

Бұл команда А:дискісінің барлық файлдарын С:дискісінің ағымдық бумасына көшіріледі.

C:\>copy \work \DOS

Бұл команда WORK бумасының барлық файлдарын DOS бумасына көшіреді.

C:\>copy \doc\abc \

Бұл команда ABC бумасының барлық файлдарын түпкі бумаға көшіреді.

C:\>copy prl pr2

Ағымдағы бума ішіндегі PR1 атты файл осы бумаға PR2 атымен көшіріледі.

C:\>copy \work\*.txt \dos\*.dos

WORK бумасынан DOC бумасына TXT типті барлық файлдар көшіріледі және олардың типі DOC болып өзгереді.


Файл атын өзгерту – RENAME (REN) командасы. Команданың спецификациясы:

REN[AME] [ж:][маршрут аты]файл аты[.түрі]файл аты[.түрі]

Бірінші аргумент файлдың бұрынғы аты да, екіншісі – жаңа аты.

Бірінші аргументтің алдына өзгеріс қай бумада жүретінін көрсететін префикс-маршрут қоюға болады, әйтпесе өзгеріс ағымдағы бума ішінде болады.

Мысалдар:

С:\WORK>ren a:*.txt *.doc | Файылдардың түрлері өзгереді.

С:\>ren prl.asm pr2.asm | Файылдың аты PRL-ден PRI2-ге өзгереді.


Файлды жою – DEL командасы. Команданың спецификациясы:

DEL [ж:][маршрут]файл _аты[.түрі]

Егер файлдың аты көрсетілмесе, онда берілген бумадағы немесе ағымдағы бумадағы барлық файлдар жойылады.

Мұндай жағдайда (және *.* шаблоны көрсетілген кезде) DOS жоюды орындауға рұқсат сұрайды.

DEL командасының аргументінде маршрут, шаблон немесе белгілі бір файлдың атын енгізуге болады.

C:\>del\work\*.txt – бүкіл TXT-типті файлдар жойылады.


Файл мәліметін экранға шығару – TYPE командасы. Команданың спецификациясы:

TYPE[[ж:][маршрут]файл_аты[.түрі]

Файл атында * және ? таңбаларын қолдануға болмайды. Аргументтің алдында файл қай бумада екенін көрсететін префикс – маршрут қоюға болады.

Бұл командамен тек ASCII кодында жазылған текст мәтіні бар файлдарды ғана экранда көре аламыз.

Мысалдар:

C:\type prog1.asm

C:\>type\ work\ docum.txt


2. БУМАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ


Файлдық жүйедегі маршрут немесе жол деп диск жинақтауышынан басталатын өзара бағынышты бумалар тізбегін айтады. Маршрутта осы элементтердің кез келгені болмауы мүмкін.

Маршрутқа мысалдар:

C:; C:\EXEC:\WORK\PRO;

Маршрут ылғи да белгілі бір бумаға жол сілтейді, бұл бума маршрут тізбегіндегі ең соңғы бума болып табылады. Маршрут файл атының префиксі ретінде қолданылып,файлдың жатқан жерін толық анықтап береді. Әрине, префикс-маршрут пен файл атын “\” таңбасымен ажыратады.

Префиксті файл аттарына мысалдар:

C:PROG1.PAS; \DOC\FORMAT.CJM; C:\WORK\DOC\HELP.TXT

Сонда мына өрнекті [Ж: ][маршрут ] файл аты.[түрі] Файлдың толық спецификациясы деп атайды.

Мұндағы ж:-файл орналасқан жинақтауыштың аты. Егер жинақтауыштың аты жоқ болса, онда ағымдағы жинақтауыш алынады. Маршрут файл орналасқан буманы анықтайды. Егер маршрут көрсетілмеген болса, онда файл жинақтауыштың ағымдағы бумасында орналасқан деп есептеледі. Атпен түр файлдың толық аты болып табылады.


DOS шақырмасы

Егер операциялық жүйе пайдаланушының қандай-да болмасын бір әрекетін күту жағдайында болса, онда ол экранға пайдаланушы командасын енгізуді күту шақырмасын береді.

DOS- тың бұл шақырмасында қай диск жинақтауышы ағымда екені өрсетіледі, сөйтіп біз қай дискімен жұмыс істеп отырғанымызды білеміз.

Мысалы:

А:>-A: жинақтауышын,

C:>-C: жинақтауышын көрсетеді.

Сонымен қатар шақырма қай буманың ағымдық бума екенін де көрсетеді.

Мысалы:

А:-бұл түпкі бума,

C:\WORK\PRO>

C:\WORK 12:20>


DOS командалары (нұсқаулар)

DOS командасы немесе DOS нұсқауы шақырмаға жауап ретінде перне тақтадан енгізіледі. Команданың аты бар болады, және оның параметрлері болуы мүмкін. Команда кіріктірілген немесе сыртқы команда болып екі түрге бөлінеді. Кіріктірілген команда ішкі команда болып табылып, оны DOS құрамына жататын командалық процессор орындайды. Сыртқы команданы DOS құрамына жатпайтын кез келген бөлек программа орындайды. Мұндай программаның атын сыртқы команданың аты деп есептеуге болады.

Ішкі (кіріктірілген) командаға мысалдар:

DIR; TYPE CONFIG.SYS; COPY A:PRI.1PAS D:

Осындағы DIR, TYPE, COPY-команданың аттары, ал басқалары команданың параметрлері.

Сыртқы командаға мысалдар:

FORMAT А:; DISCOPY A:B: | A: мен B:-параметрлер.


Файл атының шаблондары.

Файл атының шаблоны бір команданы бірнеше файлға бірден қолдануды жүзеге асырады немесе файлдар аттарын жазуды қысқарту үшін қолданылады. Шаблонда “*” таңбасы осы жерден бастап файл атының немесе түрінің соңына дейін кез келген таңба бар деп есептеуді қамтамасыз етеді. Шаблонда сұрақ белгісі осы жерде кез келген бір таңба тұр деп есптеуді қамтамасыз етеді.

Шаблонның мысалдары:

AB *.*-аты АВ-дан басталатын барлық файлдар; *.COM – түрі COM болатын барлық файлдар;

*.*-ағымдық буманың барлық файлдары; ?????.ASM-ASM-типті аты бес таңбадан тұратын барлық файлдар.


Команданы перне тақтадан енгізу.

Команданың аты оның параметрлерінен бір немесе бірнеше бос орынмен ажыратылуы тиіс. Параметрлер бір бірінен бос орынмен бөліктене енгізілуі керек. Бір жолда команда енгізу мүмкін емес. Команданы енгізу Enter пернесін басумен аяқталады. Команданы енгізу барысында таңбаны өшіру үшін күнделікті әдістерді пайдалану керек.


Бумалар үшін ішкі командалар

DOS файл жүйесімен жұмыс жасау үшін бірнеше ішкі командалар бар.

Олар:

DIR – буманы экранға шығару;

MKDIR или MD – жаңа бума құру;

RMDIR или RD – буманы жою;

CHDIR или CD – ағымдық буманы өзгерту.


Буманы экранға шығару DIR командасы.

Команданың спецификациясы: DIR [ж:][файл аты [.түрі]][/P][/W]

Команда буманың элементтері ішкі бумалар мен файлдар туралы мәліметтерді экранға шығарады. Элементтің аты мен түрі, байт бойынша көлемі тек файлдар үшін, буманың белгісі

/P параметрі мәлімет экранның биіктігіне симай кетсе, оны бөлшектеп көрсетуді ұйымдастырады.

/W параметрі мәліметтің қысқаша түрін шығартуға қаолданылады.

DIR rомандасының параметрлерсіз қарапайым түрі экранға ағымдық буманы береді


Жаңа бума құру MKDIR (MD) командасы.

Команданың спецификациясы: MD [:] маршрут Немесе MKDIR [:] маршрут

Жаңа бума ағымдағы буманың ішінде құрылады. Кез келген буманың ішінде жаңа бума құруға болады.

Мысалы ағымдағы WORK бумасының ішінде PRO деген жаңа бума жасау керек. Бұл үшін төмендегідей командасын енгізу жеткілікті:

C:\ WORK > md pro

Жаңа буманы енді файлдармен толтыруға болады.


Буманы жою RMDIR (RD) командасы.

Команданың спецификациясы: RD[ж:] маршрут Немесе RMDIR [ж:] маршрут

Жоюлуға тиіс бума бос болуы тиіс, яғни онда ешқандай элемент болмауы керек. Әйтпесе ол буманы жоюға болмайды. Команданы енгізгенмен система оны орындамайды. Ағымдағы және түпкі бумаларды да жою мүмкін емес. Сонымен ішкі бумаларды ғана жоя аламыз. Және кез келген ішкі буманы жоюға болады.

Мысалы:

C:\ WORK>rd pro

Бұл команда ағымдық WORK бумасының ішкі бумасы PRO-ны жойып жібереді. C:\DOC>rd\work\pro

Бұл команда да сол PRO бумасын жояды, бірақ кәзір ағымдағы бума DOC-бумасы болып тұр.


Ағымдық буманы өзгерту – CHDIR (CD) командасы.

Команданың спецификациясы: CD[ж:][маршрут] немесе CHDIR[ж:][маршрут]

Команда көрсетілген жинақтауыштың немесе ағымдағы жинақтауыштың ағымдық бумасын өзгертеді.

Ағымдық буманы өзгерту-өте кең пайданылатын команда.

Мысалы мына команда:

C:\>cd doc\abc | арқылы C:\ түпкі бумадан екінші деңгейдегі \doc\abc-бумасына көшу іске асады.

Бұл амалды екі команда арқылы да орындауға болады:

C:\>cd doc

C:\DOC>cd abc

Ішкі бумадан бір деңгейге жоғары көтерілу үшін мынадай команданы қолдануға болады.

cd…

Ең жоғары деңгейге, яғни түпкі бумаға көтерілу үшін мынадай команданы беру керек:

cd\



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

1. ФАЙЛДАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ.

Файлдарды көшіру – COPY командасы. COPY командасының бірнеше түрі бар.

Бірінші түрі: Атын өзгертпей көшіру.

COPY[ж:][маршрут]файл аты[.түрі]  [ж:][маршрут]

Файл басқа жинақтауышқа немесе басқа бумаға өз атымен көшіріледі.

Екінші түрі: Атын өзгерте көшіру.

COPY [ж:][маршрут]файл аты[.түрі]  [ж:][маршрут]файл аты [.түрі]

Файл басқа жинақтауышқа немесе басқа бумаға жаңа атпен көшіріледі.

Мысалдар:

C:\>copy a:*.* c:

Бұл команда А:дискісінің барлық файлдарын С:дискісінің ағымдық бумасына көшіріледі.

C:\>copy \work \DOS

Бұл команда WORK бумасының барлық файлдарын DOS бумасына көшіреді.

C:\>copy \doc\abc \

Бұл команда ABC бумасының барлық файлдарын түпкі бумаға көшіреді.

C:\>copy prl  pr2

Ағымдағы бума ішіндегі PR1 атты файл осы бумаға PR2 атымен көшіріледі.

C:\>copy \work\*.txt \dos\*.dos

WORK бумасынан DOC бумасына TXT типті барлық файлдар көшіріледі және олардың типі DOC болып өзгереді.

Автор
Дата добавления 22.01.2015
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров1223
Номер материала 327358
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх