Инфоурок Информатика Конспекты"MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері. Диаграмма құру",

"MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері. Диаграмма құру",

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері.  Диаграмма құру, редакциялау

Сабақтың мақсаты:

а) бiлiмдiлік: MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері  туралы оқушыларға түсінік беріп, Диаграмма шеберінің көмегімен диаграммалар тұрғызуды және әртүрлі типті диаграммалар құруды үйрету;

ә) дамытушылық: оқушылардың MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграмма тұрғызу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерлік сауаттылықтарын даыту  ;

б) тәрбиелiк: оқушыларды адмагершілікке, имандылыққа,  азаматтық пен жауапкершілікке тәрбиелеу және ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу.

 

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың түрі:  теориялық, практикалық

Сабақтың әдісі:түсіндірмелі,зерттеушілік,практикалық

Пәнаралық байланыс:         геометрия,сызу,

Сабақтың көрнекiлiгi: МS Exсel терезесі, Диаграмма шебері, электрондық оқулық, интерактивті тақта

Сабақ барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі:

·        Оқушылармен сәлемдесу;

·        Оқушыларды түгендеу;

·        Олардың құрал-жабдықтарын және сабаққа дайындықтарын тексеру;

·        Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, өту ерекшеліктерін хабарлап, сабаққа кірісу.

 

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, қорытындылау:

Оқушыларға MS Excel программасы туралы алған білімдерін бекіту мақсатында өткен тақырыптар бойынша төмендегі сұрақтар қою

Негізгі ұғымдары:

·        Қатар – электрондық кестедегі горизонталь жол, максимал саны – 65536, жұмыс аймағының сол жақ шекарасында араб цифрларымен нөмірі белгіленген.

·        Бағана – электрондық кестедегі вертикаль жол, барлық саны – 256, жұмыс аймағының жоғарғы шекарасында латын әріптерімен белгіленген.

·        Ұяшық – бағана мен қатардың қиылысқан жері, адресі бағана әрпі мен қатар нөмірінен тұрады, мысалы: В3.

·        Блок – тіркесе орналасқан ұяшықтардың төртбұрыш аймағы (диапазон), мысалы: В5:D8.

Өткенді қайталау

Семантикалық карта

 

Жолдар

Бағандар

Ұяшық

Аудан

Формула ұяшыққа қалай енгізіледі

        

            =

 

 

 

 

 

Латын әріптерімен

 

 

 

 

 

Араб цифрларымен

 

 

 

 

 

В13:С19

 

 

 

 

 

Жол мен бағанның қиылысуы

 

 

 

 

 

 

 

IІІ. Жаңа сабақтың мақсатын айту

 

ІҮ.Жаңа сабақты түсiндiру:   Кубизм әдісі бойынша 1.  Зертте

 

Бүгін біз MS Excel программасының тағы бір мүмкіндігімен танысқанда оны іс жүзінде де пайдалана отырып,  мүмкіндігінше өзімізге түсінікті дәрежеде ұғынуға тырысып көрейік.

     Диаграмма – мәліметтерді көрнекі түрде кескіндеп көрсетудің өте бір әдемі түрі. Мәліметтер кесте түрінде берілгенде оларды салыстыру, талдау оңай шаруа емес. Ал диаграмма өзіміз математика мен сызудан білетініміздей көптеген нәтижелерді бірден аңдап, тіпті сандық мөлшерлеріне қарамай-ақ ненің не екендігін түсінуімізге мүмкіндік береді.

     Диаграмма туралы түсінікті болғаннан кейін енді бір күнімізді қалай өткізетіндігіміз жайлы мәліметтер жинақтап, MS Excel-ге енгізейік. Негізгі бес факторға: бірінші – мектеп, екінші – үй, үшінші – көше, төртінші – салауатты өмір (хобби, спорт, мәдени іс-шаралар, үйірмелер, т.б.) және бесінші – ұйқы, осыларға тоқталуды жөн көріп, шамамен сағатпен алынған уақыт мөлшерін көрсетейік.

Түсінікті болу үшін диаграмманы құру жолдарын рет-ретімен қарастырып, олардың типтерімен де танысып өтейік.

     MS Excel программасында диаграмма құрастыруды оған қажетті мәліметтерді белгілеп алып (А2:В5), >Вставка(Енгізу) >Диаграмма… әрекеттерін орындау арқылы немесе саймандар тақтасындағы Диаграммалар шеберін                   қосу арқылы орындауға болады.


Диаграмма шеберінің жұмысы төрт қадамнан тұрады, батырманы шерткеннен кейін оның

бірінші қадамы экранға шығады:

 

Стандартты ішкі бетіндегі Тип өрісінен қажетті диаграмма типін, ал Вид(түр) өрісінен түрін таңдаймыз және оны Нәтижені көру (Просмотр результата) батырмасы басулы күйде қарауға болады. Дөңгелек диаграмма бүтін нәрсенің бөліктерге бөлінуін көрнекі көрсететін болғандықтан және әр бөлік бүтіннің қандай бөлігін құрайтыны анық көрінетіндіктен оқушылардың таңдауы бойынша осы тип алынды.

 


Диаграмма құрудың екінші қадамы – мәліметтер аралығын енгізу. Біздің мысалымызда мәліметтерді таңдау әрекеті оларды белгілеу арқылы орындалған еді.

 

Диаграмма шеберінің үшінші қадамында оған түрлі түсініктемелер (легенда) енгізіп, осьтерді белгілеуге, диаграмманың тақырыбын жазуға, мәліметтерді диаграммада көрсетіп жазып қоюға, т.б. әрекеттер орындауға болады.

Егер диаграмма дұрыс құрылған болса, оның қандай мақсатқа арналғанын анықтау оңай болады. Ол үшін оған берілген, енгізілген мәліметтер анық әрі түсінікті болуы керек.


Диаграмманың орналасуын таңдау үшін төртінші қадамды пайдаланамыз. Диаграмманы орналастырудың екі мүмкіндігі бар: біріншісі – жеке бетке орналастыру, екіншісі – кесте тұрған бетке қатар орналастыру.

Біздің мысалымызда көрнекілігі үшін қатар орналастыру мүмкіндігін таңдаймыз.

 


Диаграмма құру барысында Кері (<Назад) батырмасы арқылы шегініс жасап, реттеп отыруға мүмкіндік бар, немесе Әрі қарай (>Далее), соңынан Дайын (Готово) батырмасын басу арқылы жасап отырған диаграммамызды аламыз.

 Диаграммалар мынандай  элементтерден тұрады.  Тор тақырып  және аңыз.

Облачко с текстом: прямоугольное со скругленными углами: Мәндер осі,Облачко с текстом: прямоугольное со скругленными углами: Категориялар осі
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Ескерту

Дөңгелек диаграммалардан басқа диаграммалардың барлығының  екі осі:

*   горизонталь немесе категориялар осы

 вертикаль   немесе мәндер осі қосылады

*       .

Диаграмманың сыртқы аймағында шерту арқылы диаграмма мөлшерін өзгерту маркерлерін алып тастауға болады.

Бұл диаграммаға көптеген өзгерістер енгізуге, әрлеуге, т. б. толып жатырған әрекеттер орындау мүмкіндіктерін келесі практикалық сабақта осы диаграммамызды толықтыру арқылы жаттығып, түсінетін боламыз.

 

Кубизм:          2.Суреттеу, топтастыру

                     

 


                                                                                  

Овал: Диаграмма
түрлері
 


                                                                                                                                                  

                                                                                                                                      

           

Сонымен балалар диаграмманы құруды жолын тағы бір еске түсіріп , тапсырмаларды орындайық

    Гипермәтіндік бейне «Диаграмма құру жолу »

 

Ү. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру   Тест жұмысы 

1.Microsoft Excel дегеніміз не?

a)     Операциялық жүйе

b)    Текстік редактор

c)     Антивирустық программа

d)    Электрондық кесте

2.Microsoft Excel жолдар саны

a)     65536

b)    256

c)     125

d)    1256

3.Microsoft Excel бағандар саны

a)     65636

b)    256

c)     125

d)    1256

4.Диаграмма дегеніміз не ?

a)     Бірнеше ұяшықтар тобы

b)    Жұмыс кітабының бір парағына енгізілген графиктік объект

c)     Мәтіндік редакторда қолданылытын жазу түрі

d)    Жол мен бағанның қиылысуы 

5.Диаграмманың неше түрі бар ?

a)     20

b)    16

c)     14

d)    12                                          

6.Аңыз, тақырып, тор дегеніміз не?

a)     Диаграмма тақырыбы

b)    Диаграмма түрі

c)     Диаграмма дизайны

d)    Диаграмма элементтері

 

7.Диаграмманы құру қанша қадамнан тұрады?

a)    4

b)   5

c)    6

d)   7

8.Электрондық кестеде төмендегі мәліметтерді автоматты түрде толтыруға болады

a)     Айлар, апта күндері, диаграмма аттары

b)    Апта күндері , сандар , диаграмма аттары

c)     Айлар , апта күндері, сандар

d)    Формулалар диаграммалар

9.Электрондық кестеде мәлімет енгізетін кестенің ең кіші бөлшегі

a)    Жол

b)   Ұяшық

c)    Баған

d)   Кесте

10.Диаграммаға өзгертулерді қалай енгіземіз?

a)     Дайын диаграмма өзгермейді

b)    Түзету ­­   диаграмма   -     диаграмма парамертлері

c)     Диаграмманы бір рет шерту -  Диаграмма  -   Диаграмма параметрлері

d)    Формат  -    Диаграмма  -     диаграмма парамертлері

 

VІ.Бекіту кезеңі

 

Кубизм : Практика  Компьютермен жұмыс Деңгейлік тапсырмаларды орындау

 

 

1- лайықты деңгей.Төмендегі функцияға гистограмма типін таңдап диаграмма тұрғыз.

Қазақстан халқының ұлттық құрамы (%)

 

1926

1939

1959

1970

1979

1989

1999

 

2009

Қазақтар

57,1

38

30

32,6

36

39,4

50,7

63,3

Орыстар, украиндар, белорустар

33,1

51,5

52,1

51,1

48,1

44,3

37,7

 

23,3

Басқа ұлттар

9,9

10,5

17,9

16,3

15,9

16,3

11,6

13,1

 

2-деңгей .Тақтамен жұмыс   Азиада қорытындысына диаграммалар құру .

 

Мемлекет

 

Барлығы

KAZ

KAZ - Казахстан

70

JPN

JPN - Япония

54

KOR

KOR - Корея

38

CHN

CHN - Китай

35

MGL

MGL - Монголия

5

IRI

IRI - Иран

3

KGZ

KGZ - Кыргызстан

1

PRK

PRK - КНДР

1

Барлығы

207

 

Жұмбақ шешу 1.1 байт неше битке тең?  (8 бит)

2.     Ақпаратты енгізу құрылғысы  (Пернетақта)

3.     Компьютердің негізгі құрылғылары ата (Монитор, жүйелік блок, пернетақта, тышқан)

                                                               4. Компьютер деген не?    (Әмбебап есептеуіш машина)

 

ҮІІ.Сабақты қорыту INSERT әдісі бойынша және оқушылард бағалау.

Сонымен  балалар , біз

Нені білеміз?: MS Excel электрондық кестесінің қызметтерін, атап айтқанда кестеге мәліметтер жазуды, формулалар мен түрлі есетеулер жүргізуді, функциялармен жұмыс істеуді.

     Осы сабақтан нені білдік?: Диаграмманың мәліметтерді көрнекі кескіндеу тәсілі екенін және оны Диаграмма шеберінің көмегімен қалай құрастыруға болатынын.

  Келесіде нені білуіміз қажет?: Диаграммаларға түрлі өзгерістер енгізіп, әрлеу жұмыстарын жүргізуді.

 

ҮІІІ .Үйге тапсырма 8.5 тақырып Практикум 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері. Диаграмма құру","

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Социальный педагог

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 073 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.12.2015 1700
    • DOCX 291 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ильясова Майра Тунгышбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ильясова Майра Тунгышбаевна
    Ильясова Майра Тунгышбаевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7217
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Создание и обеспечение электронного архива с использованием информационно-коммуникационных технологий

Специалист по формированию электронного архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 21 региона

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов

Мини-курс

Фитнес: особенности занятий и специфика питания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 24 регионов

Мини-курс

Фитнес: вопросы здоровья и безопасности во время тренировок

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тенденции в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе