Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Информатика / Презентации / MS Excel бағдарламасында диаграмма құру. 8-сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Информатика

MS Excel бағдарламасында диаграмма құру. 8-сынып

Выбранный для просмотра документ MS Excel бағдарламасында диаграмма құру 8-сынып.doc

библиотека
материалов

hello_html_64ce60ad.png


Ақмола облысы Степногорск қаласы

Бестөбе кенті №1 орта мектебінің

Информатика пән мұғалімі

Мукушев Жанарбек Елеукенович











Сабақтың тақырыбы: MS Excel бағдарламасында диаграмма құру


Сабақтың мақсаты:

а) бiлiмдiлік: MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері туралы оқушыларға түсінік беріп, Диаграмма шеберінің көмегімен диаграммалар тұрғызуды және әртүрлі типті диаграммалар құруды үйрету;

ә) дамытушылық: оқушылардың MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграмма тұрғызу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерлік сауаттылықтарын даыту ;

б) тәрбиелiк: оқушыларды адмагершілікке, имандылыққа, азаматтық пен жауапкершілікке тәрбиелеу және ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу.


Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың түрі: теориялық, практикалық

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, зерттеушілік, практикалық

Пәнаралық байланыс: геометрия, сызу,

Сабақтың көрнекiлiгi: МS Exсel терезесі, Диаграмма шебері, электрондық оқулық, интерактивті тақта

Сабақ барысы:


I.Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • Оқушыларды түгендеу;

  • Олардың құрал-жабдықтарын және сабаққа дайындықтарын тексеру;

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, өту ерекшеліктерін хабарлап, сабаққа кірісу.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Оқушыларға MS Excel программасы туралы алған білімдерін бекіту мақсатында өткен тақырыптар бойынша төмендегі сұрақтар қою

Негізгі ұғымдары:

  • Қатар – электрондық кестедегі горизонталь жол, максимал саны – 65536, жұмыс аймағының сол жақ шекарасында араб цифрларымен нөмірі белгіленген.

  • Бағана – электрондық кестедегі вертикаль жол, барлық саны – 256, жұмыс аймағының жоғарғы шекарасында латын әріптерімен белгіленген.

  • Ұяшық – бағана мен қатардың қиылысқан жері, адресі бағана әрпі мен қатар нөмірінен тұрады, мысалы: В3.

  • Блок – тіркесе орналасқан ұяшықтардың төртбұрыш аймағы (диапазон), мысалы: В5:D8.

IІІ. Жаңа сабақ

Бүгін біз MS Excel программасының тағы бір мүмкіндігімен танысқанда оны іс жүзінде де пайдалана отырып, мүмкіндігінше өзімізге түсінікті дәрежеде ұғынуға тырысып көрейік.

Диаграмма – мәліметтерді көрнекі түрде кескіндеп көрсетудің өте бір әдемі түрі. Мәліметтер кесте түрінде берілгенде оларды салыстыру, талдау оңай шаруа емес. Ал диаграмма өзіміз математика мен сызудан білетініміздей көптеген нәтижелерді бірден аңдап, тіпті сандық мөлшерлеріне қарамай-ақ ненің не екендігін түсінуімізге мүмкіндік береді.

Диаграмма туралы түсінікті болғаннан кейін енді бір күнімізді қалай өткізетіндігіміз жайлы мәліметтер жинақтап, MS Excel-ге енгізейік. Негізгі бес факторға: бірінші – мектеп, екінші – үй, үшінші – көше, төртінші – салауатты өмір (хобби, спорт, мәдени іс-шаралар, үйірмелер, т.б.) және бесінші – ұйқы, осыларға тоқталуды жөн көріп, шамамен сағатпен алынған уақыт мөлшерін көрсетейік.

Түсінікті болу үшін диаграмманы құру жолдарын рет-ретімен қарастырып, олардың типтерімен де танысып өтейік.

MS Excel программасында диаграмма құрастыруды оған қажетті мәліметтерді белгілеп алып (А2:В5), >Вставка(Енгізу) >Диаграмма… әрекеттерін орындау арқылы немесе саймандар тақтасындағы Диаграммалар шеберін қосу арқылы орындауға болады.

Дhello_html_2ae2bb6e.png
hello_html_m49336faf.pngиаграмма шеберінің жұмысы төрт қадамнан тұрады, батырманы шерткеннен кейін оның

бірінші қадамы экранға шығады:


Стандартты ішкі бетіндегі Тип өрісінен қажетті диаграмма типін, ал Вид(түр) өрісінен түрін таңдаймыз және оны Нәтижені көру (Просмотр результата) батырмасы басулы күйде қарауға болады. Дөңгелек диаграмма бүтін нәрсенің бөліктерге бөлінуін көрнекі көрсететін болғандықтан және әр бөлік бүтіннің қандай бөлігін құрайтыны анық көрінетіндіктен оқушылардың таңдауы бойынша осы тип алынды.

hello_html_44bbc662.png
Дhello_html_1ad7167c.png
иаграмма құрудың екінші қадамы
– мәліметтер аралығын енгізу. Біздің мысалымызда мәліметтерді таңдау әрекеті оларды белгілеу арқылы орындалған еді.


Диаграмма шеберінің үшінші қадамында оған түрлі түсініктемелер (легенда) енгізіп, осьтерді белгілеуге, диаграмманың тақырыбын жазуға, мәліметтерді диаграммада көрсетіп жазып қоюға, т.б. әрекеттер орындауға болады.

Егер диаграмма дұрыс құрылған болса, оның қандай мақсатқа арналғанын анықтау оңай болады. Ол үшін оған берілген, енгізілген мәліметтер анық әрі түсінікті болуы керек.

Диаграмманың орналасуын таңдау үшін төртінші қадамды пайдаланамыз. Диаграмманы орналастырудың екі мүмкіндігі бар: біріншісі – жеке бетке орналастыру, екіншісі – кесте тұрған бетке қатар орналастыру.

Бhello_html_455257b3.png
іздің мысалымызда көрнекілігі үшін қатар орналастыру мүмкіндігін таңдаймыз.


Дhello_html_494e17d2.png
иаграмма құру барысында Кері (<Назад) батырмасы арқылы шегініс жасап, реттеп отыруға мүмкіндік бар, немесе Әрі қарай (>Далее), соңынан Дайын (Готово) батырмасын басу арқылы жасап отырған диаграммамызды аламыз.

Диаграммалар мынандай элементтерден тұрады. Тор тақырып және аңы

hello_html_78f95007.gif



hello_html_607cb3f8.png





hello_html_68f8a66d.gif









hello_html_m37373ed1.gif

hello_html_m2db322f5.png





hello_html_77ad9a5a.gif















hello_html_m6ef014b5.gifhello_html_m28fbc93a.gif



Ескерту

Дөңгелек диаграммалардан басқа диаграммалардың барлығының екі осі:

  • горизонталь немесе категориялар осы

вертикаль немесе мәндер осі қосылады

  • .

Диаграмманың сыртқы аймағында шерту арқылы диаграмма мөлшерін өзгерту маркерлерін алып тастауға болады.

Бұл диаграммаға көптеген өзгерістер енгізуге, әрлеуге, т. б. толып жатырған әрекеттер орындау мүмкіндіктерін келесі практикалық сабақта осы диаграммамызды толықтыру арқылы жаттығып, түсінетін боламыз.


2. Суреттеу, топтастыру

hello_html_3994d26b.pnghello_html_m17482ef4.gif hello_html_7275c1c.gif hello_html_m1f78a320.gif

hello_html_m4a5a6d8e.gifhello_html_m4ac36917.gifhello_html_m7f925a76.gifhello_html_45756cf4.gif

hello_html_m19dc6d5f.gifhello_html_77cf1f6d.gifhello_html_67db6ede.gifhello_html_m78fddf4f.gifhello_html_m70f31b85.gifhello_html_m4d56d205.gif


hello_html_58bf2ec0.gifhello_html_m43c09771.gifhello_html_795c16a1.gifhello_html_67f2f8e5.gifhello_html_70886cd6.gifhello_html_3163e05f.gifhello_html_48050b5b.gifhello_html_39121ddd.gifhello_html_m2b90478d.gifhello_html_m84a67be.gif

hello_html_c796db6.gifhello_html_m5827b830.gifhello_html_772fc11d.gifhello_html_m3ca7bdfe.gifhello_html_m1f092ec4.gif





Сонымен балалар диаграмманы құруды жолын тағы бір еске түсіріп , тапсырмаларды орындайық

Гипермәтіндік бейне «Диаграмма құру жолу »


IV. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру

3.Сатылай кешенді талдау


Дhello_html_3b8a6ff7.gifhello_html_4fb4cb93.gifhello_html_4af5318c.gifhello_html_m5cbab3c8.gifhello_html_m61e40cf.gifhello_html_m6a51cc46.gifhello_html_m310c2546.gifhello_html_26ec9b9f.gifиаграмма Анықтама

hello_html_m6b68be0b.gifMicrosoft office

MS Excel –

Кесте

Диаграмма құру үшін

Диаграмма түрлері қанша?

Элементтері

Қадам саны

Орналастыру реті


V.Бекіту кезеңі

Практика




1-міндетті денгей Төмендегі y=x 2 функцияға график типін таңдап диаграмма тұрғыз.

х

у

2

4

4

16

6

36

8

64

10

100

12

144


2- лайықты деңгей Төмендегі функцияға гистограмма типін таңдап диаграмма тұрғыз.

Қазақстан халқының ұлттық құрамы (%)


1926

1939

1959

1970

1979

1989

1999


2009

Қазақтар

57,1

38

30

32,6

36

39,4

50,7

63,3

Орыстар, украиндар, белорустар

33,1

51,5

52,1

51,1

48,1

44,3

37,7


23,3

Басқа ұлттар

9,9

10,5

17,9

16,3

15,9

16,3

11,6

13,1


ҮІІ.Сабақты қорыту INSERT әдісі бойынша және оқушыларды бағалау.


Сонымен балалар , біз

Нені білеміз?: MS Excel электрондық кестесінің қызметтерін, атап айтқанда кестеге мәліметтер жазуды, формулалар мен түрлі есетеулер жүргізуді, функциялармен жұмыс істеуді.

Осы сабақтан нені білдік?: Диаграмманың мәліметтерді көрнекі кескіндеу тәсілі екенін және оны Диаграмма шеберінің көмегімен қалай құрастыруға болатынын.

Келесіде нені білуіміз қажет?: Диаграммаларға түрлі өзгерістер енгізіп, әрлеу жұмыстарын жүргізуді.


Үйге тапсырмасы: Тақырыпты оқып келу және MS Exsel тақырыбына байланысты сөз-жұмбақ құрастырып келу.

hello_html_m66da6c12.png

Выбранный для просмотра документ Презентация MS Excel.pptx

библиотека
материалов
Мукушев Жанарбек Елеукенұлы
С а б а қ б а р ы с ы: ІІ. Үй тапсырмасын сұрау I. Ұйымдастыру кезеңі: IІІ. Ж...
Оқушылармен сәлемдесу; Оқушыларды түгендеу; Олардың құрал-жабдықтарын және са...
Қосымша сұрақтар: Ұяшық деген не? MS Exsel кеңейтілуі? Қатар, Баған, Блок дег...
MS Excel бағдарламасында диаграмма құру Жаңа сабақ
Диаграмма – мәліметтерді көрнекі түрде кескіндеп көрсетудің өте бір әдемі тү...
Диаграмма туралы түсінікті болғаннан кейін енді бір күнімізді қалай өткізеті...
Стандартты ішкі бетіндегі Тип өрісінен қажетті диаграмма типін, ал Вид(түр) ө...
Диаграмма шеберінің үшінші қадамында оған түрлі түсініктемелер (легенда) енгі...
Диаграммалар мынандай элементтерден тұрады. Тор тақырып және аңы Тақырыбы Аңыз
Тақырыбы Аңыз Категориялар осі Мәндер осі
Дөңгелек диаграмма Гистограмма Диаграмма түрлері
Сақиналық диаграмма Конустық диаграмма Көлемдік гистограмма
Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
Бекіту кезеңі (Практика)
Үйге тапсырмасы: Тақырыпты оқып келу және MS Exsel тақырыбына байланысты сөз-...
18 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Мукушев Жанарбек Елеукенұлы
Описание слайда:

Мукушев Жанарбек Елеукенұлы

№ слайда 2 С а б а қ б а р ы с ы: ІІ. Үй тапсырмасын сұрау I. Ұйымдастыру кезеңі: IІІ. Ж
Описание слайда:

С а б а қ б а р ы с ы: ІІ. Үй тапсырмасын сұрау I. Ұйымдастыру кезеңі: IІІ. Жаңа сабақ IV. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру V. Бекіту кезеңі (Практика). VI. Сабақты қорытындылау, бағалау және үйге тапсырма беру.

№ слайда 3 Оқушылармен сәлемдесу; Оқушыларды түгендеу; Олардың құрал-жабдықтарын және са
Описание слайда:

Оқушылармен сәлемдесу; Оқушыларды түгендеу; Олардың құрал-жабдықтарын және сабаққа дайындықтарын тексеру; Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, өту ерекшеліктерін хабарлап, сабаққа кірісу. Ұйымдастыру кезеңі

№ слайда 4 Қосымша сұрақтар: Ұяшық деген не? MS Exsel кеңейтілуі? Қатар, Баған, Блок дег
Описание слайда:

Қосымша сұрақтар: Ұяшық деген не? MS Exsel кеңейтілуі? Қатар, Баған, Блок дегеніміз және оларға сипаттама бер? 4. MS Exsel-де құжатты қалай сақтаймыз? 5. MS Exsel-де жаңа құжатты қалай құрамыз? 6. MS Exsel-дің қызметі қандай? Үй тапсырмасын сұрау.

№ слайда 5 MS Excel бағдарламасында диаграмма құру Жаңа сабақ
Описание слайда:

MS Excel бағдарламасында диаграмма құру Жаңа сабақ

№ слайда 6 Диаграмма – мәліметтерді көрнекі түрде кескіндеп көрсетудің өте бір әдемі тү
Описание слайда:

Диаграмма – мәліметтерді көрнекі түрде кескіндеп көрсетудің өте бір әдемі түрі. Мәліметтер кесте түрінде берілгенде оларды салыстыру, талдау оңай шаруа емес. Ал диаграмма өзіміз математика мен сызудан білетініміздей көптеген нәтижелерді бірден аңдап, тіпті сандық мөлшерлеріне қарамай-ақ ненің не екендігін түсінуімізге мүмкіндік береді. Жаңа тақырыпты түсіндіру

№ слайда 7 Диаграмма туралы түсінікті болғаннан кейін енді бір күнімізді қалай өткізеті
Описание слайда:

Диаграмма туралы түсінікті болғаннан кейін енді бір күнімізді қалай өткізетіндігіміз жайлы мәліметтер жинақтап, MS Excel-ге енгізейік. Негізгі бес факторға: бірінші – мектеп, екінші – үй, үшінші – көше, төртінші – салауатты өмір (хобби, спорт, мәдени іс-шаралар, үйірмелер, т.б.) және бесінші – ұйқы, осыларға тоқталуды жөн көріп, шамамен сағатпен алынған уақыт мөлшерін көрсетейік. Түсінікті болу үшін диаграмманы құру жолдарын рет-ретімен қарастырып, олардың типтерімен де танысып өтейік. MS Excel программасында диаграмма құрастыруды оған қажетті мәліметтерді белгілеп алып (А2:В5), >Вставка(Енгізу) >Диаграмма… әрекеттерін орындау арқылы немесе саймандар тақтасындағы Диаграммалар шеберін қосу арқылы орындауға болады. Диаграмма шеберінің жұмысы төрт қадамнан тұрады, батырманы шерткеннен кейін оның

№ слайда 8 Стандартты ішкі бетіндегі Тип өрісінен қажетті диаграмма типін, ал Вид(түр) ө
Описание слайда:

Стандартты ішкі бетіндегі Тип өрісінен қажетті диаграмма типін, ал Вид(түр) өрісінен түрін таңдаймыз және оны Нәтижені көру (Просмотр результата) батырмасы басулы күйде қарауға болады. Дөңгелек диаграмма бүтін нәрсенің бөліктерге бөлінуін көрнекі көрсететін болғандықтан және әр бөлік бүтіннің қандай бөлігін құрайтыны анық көрінетіндіктен оқушылардың таңдауы бойынша осы тип алынды. Диаграмма құрудың екінші қадамы – мәліметтер аралығын енгізу. Біздің мысалымызда мәліметтерді таңдау әрекеті оларды белгілеу арқылы орындалған еді.

№ слайда 9 Диаграмма шеберінің үшінші қадамында оған түрлі түсініктемелер (легенда) енгі
Описание слайда:

Диаграмма шеберінің үшінші қадамында оған түрлі түсініктемелер (легенда) енгізіп, осьтерді белгілеуге, диаграмманың тақырыбын жазуға, мәліметтерді диаграммада көрсетіп жазып қоюға, т.б. әрекеттер орындауға болады. Егер диаграмма дұрыс құрылған болса, оның қандай мақсатқа арналғанын анықтау оңай болады. Ол үшін оған берілген, енгізілген мәліметтер анық әрі түсінікті болуы керек. Диаграмманың орналасуын таңдау үшін төртінші қадамды пайдаланамыз. Диаграмманы орналастырудың екі мүмкіндігі бар: біріншісі – жеке бетке орналастыру, екіншісі – кесте тұрған бетке қатар орналастыру. Біздің мысалымызда көрнекілігі үшін қатар орналастыру мүмкіндігін таңдаймыз Диаграмма құру барысында Кері (<Назад) батырмасы арқылы шегініс жасап, реттеп отыруға мүмкіндік бар, немесе Әрі қарай (>Далее), соңынан Дайын (Готово) батырмасын басу арқылы жасап отырған диаграммамызды аламыз.

№ слайда 10 Диаграммалар мынандай элементтерден тұрады. Тор тақырып және аңы Тақырыбы Аңыз
Описание слайда:

Диаграммалар мынандай элементтерден тұрады. Тор тақырып және аңы Тақырыбы Аңыз

№ слайда 11 Тақырыбы Аңыз Категориялар осі Мәндер осі
Описание слайда:

Тақырыбы Аңыз Категориялар осі Мәндер осі

№ слайда 12
Описание слайда:

№ слайда 13 Дөңгелек диаграмма Гистограмма Диаграмма түрлері
Описание слайда:

Дөңгелек диаграмма Гистограмма Диаграмма түрлері

№ слайда 14 Сақиналық диаграмма Конустық диаграмма Көлемдік гистограмма
Описание слайда:

Сақиналық диаграмма Конустық диаграмма Көлемдік гистограмма

№ слайда 15 Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
Описание слайда:

Жаңа сабақты түсінгенін тексеру

№ слайда 16 Бекіту кезеңі (Практика)
Описание слайда:

Бекіту кезеңі (Практика)

№ слайда 17
Описание слайда:

№ слайда 18 Үйге тапсырмасы: Тақырыпты оқып келу және MS Exsel тақырыбына байланысты сөз-
Описание слайда:

Үйге тапсырмасы: Тақырыпты оқып келу және MS Exsel тақырыбына байланысты сөз-жұмбақ, ребус құрастырып келу.   Сабақты қорытындылау, бағалау және үйге тапсырма беру 3 4 5

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты:

а) бiлiмдiлік: MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері  туралы оқушыларға түсінік беріп, Диаграмма шеберінің көмегімен диаграммалар тұрғызуды және әртүрлі типті диаграммалар құруды үйрету;

ә) дамытушылық: оқушылардың MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграмма тұрғызу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерлік сауаттылықтарын даыту  ;б) тәрбиелiк: оқушыларды адмагершілікке, имандылыққа,  азаматтық пен жауапкершілікке тәрбиелеу және ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу.

Автор
Дата добавления 28.11.2014
Раздел Информатика
Подраздел Презентации
Просмотров1040
Номер материала 159498
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх