Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / "Мүшел той" сыныптан тыс тәрбие жұмысы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

"Мүшел той" сыныптан тыс тәрбие жұмысы

библиотека
материалов

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мүшел жас- мерейлі жас

Тәрбие сағатының тақырыбы : мүшелде қандай сыр бар,ол қандай сөзден шыққан түсінік беру.Балаларға мүшел жасына түсінік беру.Жалпы ата – аналарын сыйлауға,адалдыққа, кішіпейіл,қайырымдылыққа,қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.

Музыка ойналып тұрады.

Жүргізуші : Сәлеметсіздер ме,құрметті қонақтар,мүшелі жас иелері,қымбатты балалар! Біздің бүгінгі көрсеткелі отырған бастамамыз ата – бабамыздан қалған,бізге жеткен қызықты дерек мүшел жас туралы болмақ. 13 жас жақсы мен жамандықты,дос пен жолдасты айыра білетін кезең.Қазақ халқы жас жеткіншектердің тәрбиесіне көп көңіл бөлген,олардың бойына мейірімділік, қайырымдылық,әдептілік,сыпайылық сияқты жақсы қасиеттерді сіңіре білген.Міне осындай қасиеттер бойларыңнан табылса деймін.

Музыка ойнап тұрады.Ортаға той иелері шақырылады.Орындарына барып жайғасады.

Жүргізуші:Ортаға жаз жыл мезгілінде туған оқушыларды шақырамын.Сонымен қатар күз жыл мезгілінде дүниеге келген сұлу да ақылды қызымыз Жанэль,келесі жаз жыл мезгілінде шыр етіп дүниеге келгендер және қыс жыл мезгілінде туылғандар Тоқжан,Рахат,Құралай.

Көтеріп тағдыр,ел жүгін

Өмірдің көші алға асты.

Он үшке толдың сен бұл жыл,

Мүшелің ол алғашқы.

Жылдармен мәлім өсерсің

Мезгілге қарсы тұрған кім?

Құтты болсын мүшелің,

Құтты болсын туған күн!

Дымбілмес (Талғат): Апай,апай,тоқтаңыз!

Сөзіңізде жоқ па аңыз?

Туған күнді білем ғой,

Мүшел жайлы атсаңыз.

Жейтін тәтті неме не?

Туған күнде бере ме,

Айтыңызшы дұрыстап,

Мүшел деген немене?


Жүргізуші : Дымбілмес-ау,ден қойғын,

Сөздің тыңдап ретін.

Келіп тұрған жеп қойғың,

Тәтті емес ол беретін.

Жауап берер жөн көрсе,

Құлақ асып қолқаңа.

Шақырайық ендеше,

Зерделіні ортаға.

Кел,Зерделі,шыңдаған

Зейініңді жұмсағын.

Түсіндірші мынаған

Мүшел жайын,жыл санын.

Зерделі Гүлмайдан :

Жас мөлшерін салтымда

Жыл қайырып біле алған.

Өмір көші халқымда

Он екі жылдан құралған.

Шешкен бәрін ойланып,

Ғалам сырын білгіш ел.

Он екі жыл айналып,

Қайта оралса бір мүшел.

Сен туғалы беріде,

Он екі жыл өтіпті.

Он үшіші желіге

Туған жылың жетіпті.

Көріп отыр көз бүгін

Мезгіл солай айналар.

Келген сайын өз жылың

Мүшел жасың тойланар.

Он үш жасың өрісті,

Мүшелің ол балалық.

Енді өсесің келісті

Азамат боп таралып.

Жиырма бесте тұлғалы

Атанасың азамат.

Ынтық қылар сырлы әні

Гүл дәуренің ғажап-ақ.

Мүшелің бұл – жастық шақ,

Құмар қылған талайды.

Қайрат-күшің тасқын шақ,

Таңдары да арайлы.

Осылайша ғұмырың

Кете барар жалғасып.

Биіктейді тұғырың

Мүшел жастар алмасып.

Әр мүшелін жол санай

Ақ үмітпен тосады ел.

Білгің келсе әрі қарай

Он екіні тоса бер.

Біліп өскін,ұғын да,

Сырын жұмбақ көрінер.

Адамзатқа ғұмырда

Жеті мүшел берілер.

Жетеуінен өте алсаң,

Ұзақ ғұмыр сүргенің.

Жүзге егер жете алсаң,

Бір ғасырды білгенің.

«Ер жігітті түзде көр»

Деп баулыған түлегін

Елің барда жүзге кел,

Осы менің тілегім.

Жүргізуші : Ой,жарайсың, Зерделім,

Рақмет мың да бір!

Талдай айтып бергенің

Сабақ болды бұл да бір.

Қыздырайық мейрамды,

Кіргізіп көркін думанның.

Дәстүрлі сауық-сайранды,

Басталсын мүшел туған күн.

Шапалақтап алақан

Шашайық ән-жыр шашуын.

Құтты болсын,балақан,

Алғашқы мүшел асуың! Ата-аналардың көмегімен шашу шашылады.

Ән: Шаймерденова Ә




Жүргізуші : Сарайым,сырлы сандықты аш,

Бізде бүгін мүшел той.

Шаршы топта шалдықпас,

Жүйріктер сынға түсер той.

Балалармен ойын ойналады.

Оқушылардың ата-аналарына кезек беріледі.(яғни балалардың кішкентай кезіндегі бір қызық қылықтарын айту)

Жүргізуші :

Төбемізге көтерген,

Той иесі болғансын.

Сені өмірге әкелген

Анаңа ән жолдансын.

Сондықтан да анаңды,

Бақ-дәулетке қимай еш,

Парасатпен бағамды

Мәңгі-бақи сыйлап өс.

Ән : «Ана»

Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.
Есімде әліппені жаттатқызып,
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның , дегендей той иелерінің алғашқы ұстазы Әбеуова Рсалды Сағатқызына келесі сөз кезегі беріледі.

Жүргізуші : Сегіз қырлы,бір сырлы,

Әрқайсысы бір өнерлі

Ал,өрендер жұртыңды

Өнеріңмен тамсандыр.

Ортаға той иелерін шақырамыз. Қыздар би билейді,Рахат пен Айбар фокус көрсетеді.

Бірінші бала:

«Он үште –отау иесі»

Деп үлкендер бағалар.

Толысқан ақыл дүниесі

Бұл жаста есті бала бар.

Екінші бала:

Жеткізген жұртын жеңіске,

Дауларын шешіп күрмелген.

Қатарың сенің он үште,

Бала би болып үлгерген.


Жүргізуші:

Демей құрмет,сый көрдім,

Айтар әділ шешімін.

Сондай бала билердің

Кім айтады есімін?

Жауапты бала : Бала би мен Ескелді...

Тағы бар жолын қуғандар.

Ұйытар сөзге текті елді

Ақылгөй бір туғандар.

Қызықтырмас мансап,бақ,

Әділ қазы естілер.

«Болмасаң да ұқсап бақ»,

Кезің келді ес білер.

Жүргізуші :

Бәрекелді,жарадың,

Өте орынды жауабың.

Таудай болсын талабың!

Шағылмасын тауаның!

Дарысын деп бақ,дарын,

Қойған ізгі тілекпен.

Қазақша жыл аттарын

Кім атайды ретпен?

Оқушылар ретімен жыл атауларын атап шығады.

Тышқан жылы,Сиыр Барыс,Қоян,Ұлу,Жылан,Жылқы,Қой,Мешін,Тауық,Ит,Доңыз.

Жүргізуші :

Өте дұрыс көнеше,

Жыл осылай саналар.

Кім айтады ендеше,

Биыл қай жыл,балалар?





Жүргізуші:

Ретімен жыл атын

Артығы жоқ білгенің.

Жылқы болар шығатын,

Қой болар кірген жыл.

Сіздердің назарларыңызға той иелерінің дайындаған шағын көріністері.

Жүргізуші:

Мүшел жасты өренім,

Ақыл толы зеренім.

Қолыңды жай,ақ ниет,

Үлкен берсін батасын.

Бата:

Жүргізуші :

Өзің деп атар әр таңым,

Өренім,үміт артарым.

Өзің деп бүгін ән салып,

Өзің деп күйлер тартамын.

Өзіңсің үміт артарым,

Өзіңде –көрік,бар таным.

Сендерсің менің ертеңім,

Сендерсің құрыш қалқаным.

Өсе бер көктеп,елімнің

Арайға бөлеп әр таңын!

Осымен мынау мейрамның

Шырқайық той тарқарын.

Ұлдар мен қыздардың билері

Осымен «Мүшел жас – мерейлі жас»атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше. Сау болыңыздар!

Ән : Шаймерденова Әсем

Той иелерінің бәрі ортаға шығады.












«Совхоз орта мектебі»ММ









Тәрбие сағатының тақырыбы : «Мүшел жас – мерейлі жас»




Сынып жетекшісі : Тотина Н.М





















Автор
Дата добавления 09.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров123
Номер материала ДВ-511951
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх