Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Мұсылманшылықтың тұтқасы - діни тәрбие құралы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Мұсылманшылықтың тұтқасы - діни тәрбие құралы

библиотека
материалов




































Тақырып : «Мұсылманшылықтың тұтқасы» - діни тәрбие құралы

Әзірлеген: Құлтанов Жеңіс Ғабдумәлікұлы

-

тарих пәнінің мұғалімі



Әр заманда басымдық алатын әр алуан әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін тарих сахнасына шығарып отыратыны мәлім.Олар өз халқының мұң-мұқтажын бөлісіп, халқының сол мұқтаждықтан арылуын арман етіп, перзенттік махаббаттын арнаған, елдің игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алған.

Мұндай азаматтардың игілікті істері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, дәстүрге айналып, елдің тарихи, мәдени өміріне елеулі ықпал ететін болған.

Қазақ халқының тарихында айрықша орын алған сондай көрнекті тұлғалардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес, халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу-маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен жазушы. Білімін өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат-мүдделеріне сәйкестендіріп, ұлтымыздың болашағына, ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға. Ал оның өмір сүрген заманы тарихтың бір аумалы-төкпелі кезеңі болған еді. Өйткені «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан» кейінесін жиып үлгермеген қазақ жеріне Ресей патшалығы көз сұғын қадап, жаулай бастаған кезең болды. Қазақ халқы небір зорлық-зомбылық пен зобалаңды басынан өткізіп жатты… Намысын от жаныған қазақ батырлары бастаған азаттық жолындағы күрестер біріне-бірі жалғасқан еді: Исатай мен Махамбет, Кенесары мен Наурызбай, Сырым батыр, Едіге, Есет пен Бекет, Жанғожа, Сұраншы мен Саурық тәрізді батырлардың есімдері қазақ тарихында алтын әріппен жазулы.

Осындай «халық мұраты – ел мұраты – ер мұраты» деп, елінің көлеңкелі өміріне күн шуағын таратқысы келетін ұлт жанашырлары қай заманда да болған. Ел болашағы – болашақ ұрпақ деп түсінетін халқымыздың басты мақсаты да, мүддесі де – жастар тәрбиесі екендігі мәлім. Қай кезеңдегі болса да, ақындар мен жазушылар үшін өзекті де басты тақырып – ұрпағы, ұлт болашағы болатын. Осы мақсатты ту етіп ұстап шығармашылығы  мен өнегелі ғұмырын арнаған  Ыбырай Алтынсарин адамгершілік тәрбиесін басты нысана ете отырып, ислам дінінің мән-мазмұнымен таныстырған «Шариат-ул Ислам» («Мұсылманшылықтың тұтқасы») оқулығын жазды. Ұлы ағартушының бұл еңбегі бір ғасыр бойы бірнеше толқын ұрпақтың танымынан тыс қалып, мәдени қазынамыздың корына қосыла алмай келді.

  Заман тынысы, уақыт талабы осыған дейін тарих тереңінде қалған рухани мұраларымыздың қандайына болса да зердемен қарап, ұрпақ игілігіне жарататын мезгілдің жеткенін дәлелдеп отыр. Қазіргі жаңарған қоғам дамуы тұсында бүкіл елімізді алаңдатып отырған, дәстүрлі діндерден тыс тұрған ерекше мәселе – еліміздегі қаптаған шетелдік дін уағыздаушылардың іс-әрекеттері белең алған жағдайда ата дініміз жөніндегі мұндай мағлұматтардан хабардар болудың бәріміз үшін маңызы зор. Бұл, әсіресе, жас жеткіншектеріміздің бүгінгі қаптаған діни ағымдарға қарсы тұра білуі үшін, теориялық тұрғыдан қаруландыру, діни сауаттарын ашу міндетін қояды. Осы мақсатта нысаналы жұмыс жүргізу «Дінтану» курсы бойынша Ы.Алтынсаринның «Мұсылманшылықтың тұтқасы» еңбегін бағдарлмаға енгізу жалпы орта білім беретін мектептер үшін маңызды мақсат болуы керек. Мұндай өнегелі бастаманы «алғашқы дала қоңырауы» – ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин осыдан бір жарым ғасыр бұрын қолға алған еді. Ол: «…біріншіден, қазақ жастарының дiн жөніндегі түсініктері теріс бағытқа түсіп кетпеуі үшін; екіншіден, қазақтың жазба тілінде татар тілі орынсыз етек алып кетпеуі үшін, мен соңғы кезде Мұхаммед шариғатын үйрене бастап, …осы оқу құралын құрастыруға кірістім», – деп жазды қазақ-орыс мектептеріне арнап шығарған «Мұсылманшылықтың тұтқасы» атты оқулығының кіріспесінде. Бұл мәселе бүгінге дейін күн тәртібінен түскен жоқ, әсіресе қазіргі кезеңде біздің халқымыз үшін тіпті бұрынғыдан да өзектірек десе болғандай.

«Мұсылманшылықтың тұтқасында» бүкіл дүние, жан-жануарлар туралы айта келіп, «мұның бәрі де жалғыз, теңдесі жоқ, ұқсасы жоқ бір құдайдың барлығына, бірлігіне һәм кәміл жаратушы халық – қадір екендігіне дәлел болса керек» деп тұжырымдайды. Ойды қайырып айтқанда, Ыбырай қоршаған дүниенің объективті өмір сүретіндігін мойындайды, сонымен бірге дүниені жаратушы құдай деп біледі. Ы.Алтынсарин «Біреу сұраса: Құдай тағаланың сипаты нендей?» – деп. Жауап беру керек: «Құлшылық етуімізге лайық Алла тәбәрак уа тағала жалғыз-ды, ешкімнің ол Алла тағалаға ұқсастығы, теңдестігі жоқ. Ол Алла тағала дене иесі емес, сурет иесі емес, асыл жауһардай заттар сипатында емес, мекен я, бір орын иесі емес, бос орынды толтырушыдан емес, тамақ жеушілерден, ішушілерден емес, біреуді тудырған емес, яки біреуден туған емес, Һәм ол Құдай тағаланың бар болуына ешбір заман жоқ жиһат сәттен яғни, алты түрлі тараптан: оңы, солы, алды, арты, асты, үсті болудан таза-ды. Алла Тағалаға ешбір нәрсе уажиб емес, яғни, не нәрсені қалайынша жаратамын һәм бұйырамын десе – өз еркінде және Алла Тағала қадим-ді, әуелден ақыры бар-ды, барлығының әуелі һәм ақыры жоқ, һәмме өткен замандарда бар-ды һәм болашақ замандарда бар-ды. Ол Алла тағала ешбір нәрсені хикметсіз һәм керексіз, пайдасыз етіп жаратпады, көзімізге көрінетін зат, мақлұқтардың бәрінің де керек орны бар».

Аса көрнекті ағартушы Ы.Алтынсарин «Мұсылманшылықтың тұтқасы» кітабында адамгершілік, имандылық, қайырымдылық, мейірімділік қағидаларын жан-жақты түсіндіреді. Дін қағидаларының тәрбиелік мәнін ашып көрсетуді мақсат еткен ұстаз шариғат сүрелерін ана тілінде түсіндіріп, теонимдердің (діни терминдердің)  мән-мағынасын ашуға зер салады, оны өмір тіршілігімен, адам тәрбиесімен тығыз байланыстыра талдаған.

Ұлы педагог: “Адамның не нәрсеге болса да берік сенімі жүректен терең орын алмаса, ол әсерлік, тәрбиелік нәтиже бермейді” деген тұжырым жасайды. Мысалы, намаз оқу мен ораза тұту парыздарының  рухани да, тәрбиелік те мәні зор екенін айта келіп, «намаз ішінде оның екі парызы бар, оның алтауы тысқары, алтауы ішкері парыз. Тысқары парыздың (денені тазалау, намаз оқитын жерді пәк ету, денені жабу, денені дұрыс қимылдату, қолды, аяқты, басты қимылдату) бәрі тән тәрбиесіне арналады» дейді.

Ы.Алтынсариннің демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты. Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге және соған оқу құралдарын жазып шығаруға арнаса, екіншіден, өнегелі ұстаз тәлімгер даярлауға, оларға күнделікті ғылыми-әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді. Үшіншіден, шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде болған саяси-әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып жазуға жұмсады. Ол кез келген шығармаларында шәкірттерді адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнерлі азамат болуға, жат мінезден бойын аулақ ұстауға шақырды. Қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп түсінген Алтынсарин өз ойын іске асыруда түрлі тосқауыл, кедергілерге кездесті, бірақ оларды табандылықпен жеңе отырып, өз мақсатын іске асыра білді.

Өзінің өнегелі өмірі, тынымсыз ізденісі, жан-жақты таланты арқылы танылған Ыбырай Алтынсарин шығармаларының жастар тәрбиесі мен ұлтымыздың мәдени, әдеби тарихында алатын орны зор.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. «Қазақ энциклопедиясы» «Тұлғалар», Алматы, 2007 жыл 

2. Құдайбергенов Н. «Ислами менталитет» мақаласы «Имандылық

айнасы» журналы, Алматы  2011ж, №53.

3.Н.Күнқожаев «Адам және қоғам», Алматы, 2001

4. «Дінтану» жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық, 2010.


Краткое описание документа:

       Әр заманда басымдық алатын әр алуан әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін тарих сахнасына шығарып отыратыны мәлім.Олар өз халқының мұң-мұқтажын бөлісіп, халқының сол мұқтаждықтан арылуын арман етіп, перзенттік махаббаттын арнаған, елдің игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алған.                    

           Мұндай азаматтардың игілікті істері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, дәстүрге айналып, елдің тарихи, мәдени. саяси  өміріне елеулі ықпал ететін болған.

Қазақ халқының тарихында айрықша орын алған сондай көрнекті тұлғалардың бірі – Ыбырай Алтынсарин.  

Автор
Дата добавления 25.02.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров636
Номер материала 409315
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх