Инфоурок Начальные классы КонспектыМәтін. Мәтіннің түрлері. Қазақ тілі 4 сынып

Мәтін. Мәтіннің түрлері. Қазақ тілі 4 сынып

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Мәтін туралы түсінік. Мәтін және оның түрлері.

Сабақтың мақсаты: Мәтін туралы түсінік беру, мәтіннің түрлерімен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: мәтін туралы түсінік беру, мәтіннің сөйлемнен айырмашылығын анықтай алуға, мәтін құрастыра білуге үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың тілін, ой-өрісін, логикалық ойлауын дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдылыққа, ұйымшылдыққа, ізденпаздыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Өз Отанына құрмет, мақтаныш, сезімін ұялату.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақта қолданылатын әдістер: сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, салыстыру, ойын, дәлелдеу.

Сабақтың көрнекіліктері: тірек-сызба, суреттер, слайд.

 

Сабақтың барысы:

І Кіріктірілген бөлім

Бағдарлау-мотивациялық кезең

Мынау менің жүрегім-
Бәрі осыдан басталған.
Мынау ақылды басым-
Бәрін-бәрін ойлаған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым-
Барлық істі атқарған.
Қолымыздан ұстайық,
Жылуымызды сыйлайық.
Бір-бірімізге жылуымызды сыйлап,
сабағымызды бастайық.

Сабақты кіріспе әңгімеден бастаймын.

-Балалар, әр қаланың ауылдың өздеріне тән бір сұлулығы болады. Осы өлкелерді бояп, суреттерін салып, сұлулығымен тамсандырып, жүрген бір адам бар екен. Ол бүгін сендермен кездеспек болып, бізге қонаққа келген.

Қане танысамыз ба?

-Мен Қылқалам ханшамын.  Маған Қазақстан деп аталатын елде өмір сүру өте ұнайды. Мен көптеген мемлекеттерде болдым. Бірақ жүрегіммен Қазақстанды таңдап алдым. Себебі бұл-өте әдемі ел. Бұл жерде аппақ таулар, көгілдір өзендер мен көлдер, алтындай жалтырайтын далалар, ғажайып шөлдер мен жап-жасыл ормандар бар! Мен осының бәрін бояғанды ұнатамын! Балалар, сендер Астана қаласына барып көрдіңдер ме? (жауаптары тындалады).

-         Астананы теледидар  мен газет-журналдардың беттерінен де көріп жүрміз. Астана қаласы жас болғанымен күннен-күнге әсемденіп, түрлі ғимараттар салынып көркейіп келеді.

-         Олай болса, бүгінгі сендердің сабақтарың қызықты өту үшін Астана қаласының көрікті жерлерін салған суреттерімді көрсетіп тұрамын,  сендер сол суреттердің атауларын атап, өз туған Отанымыздың  астанасы туралы туралы ауызша  сөйлем құрастырып сұрақтарға жауап  беріңдерші. (Астананың суреттерін бейне-ролик түрінде көрсетемін). Оқушылар көрсетілген сурет атауларын атайды, білмегендері болса

     өзім айтып көмектесемін.

1- карточка.

 

 

Өзіңді таныстыр. «Бәйтерек» туралы айт.

 

 

2-карточка.

 

 

Президенттің жаңа ақ сарайының сипаты: бес қабатты, шығыс өрнегімен күмбезі бар ұлтттық нақышта өрнектелгенін айт. 

 

 

3-    карточка.

 

 

Қаланың орталығында, Есіл өзені бойында сәулетті үйлер, еуроазиялық үлгідегі көп қабатты ғимараттар туралы айт.

 

 

4-    карточка.

 

 

Кенесары Қасымұлының ескерткіші туралы айт.

 

 

-          Айтылған сөйлемдерді 4 сынып оқушылары тақтаға жазып отырады.

-         Балалар сендерге Астана көркі ұнады ма? Олай болса айтылған сөйлемдерді оқыңдар, не байқадыңдар? Бұл сөйлемдердің арасында қандай байланыс бар? Не туралы айтылып тұр? –деген сұрақтарға оқушылардың жауаптары тындалып, ереже айтылады.

 

Мәтін дегеніміз- жазбаша немесе ауызша ойды жеткізу. Мәтін бірнеше сөйлемнен құралады. Мәтін сөйлемдері бір-бірімен мағына жағынан байланысып тұрады.

 

     Мәтіннің үш түрі болады.

 

 

Мәтіннің түрлері

Әңгімелеу

Сипаттау

Пайымдау

Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады.

Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін сипаттау мәтіні деп аталады.

Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады.

 

Тақырып туралы түсінік берілгеннен кейін оқушылардан төмендегідей сұрақтарға жауап алынады.

-         Сөз неден құралады?

-         Сөзден не құралады?

-         Сөйлемнен не құралады?

-         Мәтін неден тұрады?

-         Мәтін құру үшін алдымен не құру керек?

ІІ Операциялық –орындаушылық кезең.

Ұжымдық жұмыс.

1.     Мәтінді оқу.

2.     Мәтінді бөліктерге бөлу ат қою.

3.     Әрі қарай өз сөздерімен мәтінді жалғастыру.

Астана

Қай елдің болса да астанасының аты мемлекеттік рәмізі тәріздес. Мысалы, Мәскеу десе- Ресей, Пекин десе- Қытай, Лондон десе – Англия  мемлекеттерін көз алдымызға елестетеміз.

Біздің мемлекетіміздің бас қаласы –Астана. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі. Бұл өңір- талай тарихи оқиғаларды бастан өткізген қасиетті өлке. Астана қаласы Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан. Бұл жердің ауасы таза, қысы қатал, жазы ыстық болады.

 Астана – болашағы үлкен қала. Мұнда әсем, зәулім ғимараттар салынып жатыр...    

 

Бұл кезеңде әр сынып оқушылары өз оқулықтарындағы жаттығуларды орындайды. 

2 сынып

1 тапсырма.

Берілген мәтінді оқы. Қай санның тұсында жазылғандардан толық мәлімет алуға болады деп ойлайсың? (тапсырма ауызша орындалады).

4 сынып

1 тапсырма.

Екі мәтінді салыстырып оқы. Қандай айырмашылықтарды байқадың?

Екі мәтіннен бір-бір сөйлемнен дәптеріңе көшіріп жаз. (тапсырма жазбаша орындалады).

Ұжымдық жұмыс. «Пазл» ойыны. Бөлшектерге бөлінген суреттерді бірігіп құрастырып, пайда болған сурет бойынша әңгіме құрастыру.

2 сынып

2 тапсырма.

Мәтінді көшіріп жазу, мазмұнын айту.

4 сынып

2 тапсырма.

Мәтіндерді оқып, әңгімелеу, пайымдау және сипаттау мәтіндерін тап.

Әр мәтінге ат қой, әңгімелеу мәтінін көшіріп жаз.

Сергіту сәті.

Ұжымдық жұмыс.

Ойын: «Кім тез табады?»

Ойын  шарты: көп нүктенің орнына  қажетті тірек сөздер қою, бірінші болып орындаған оқушы жеңімпаз болады.

 

Сөз, қыз, ұл, бұлақ, асқар, жауса, батыр.

1. Көз жетпеген жерге ... жетеді.

2. Әке ... тау, шеше мөлдір ... .

3. Жаңбыр ... жер ырысы, ... туса ел ырысы.

4. Әкеге қарап ... өсер, шешеге қарап ... өсер.

 

2 сынып

3 тапсырма.

Мәтінді оқы. Мәтінде не туралы айтылған? (ауызша жұмыс).

4 сынып

3 тапсырма.

Мәтінді түсініп оқы, көшіріп жаз.

Ұжымдық жұмыс.

Логикалық тапсырма.

Шытырманнан шығу

Кестеден сабақ барысында кездескен сөздерді табу.

 

О

Ә

Ң

Г

І

М

Е

Л

Е

У

С

И

П

А

Т

И

С

І

Л

Ы

Ж

Д

М

Ә

Т

І

Н

О

Р

Қ

Б

А

Л

А

А

С

Т

А

Н

А

Қ

А

Л

А

У

М

Ж

О

Л

Ф

П

А

Й

Ы

М

Д

А

У

Г

У

З

М

Е

Р

Е

К

Е

Х

А

Н

 

4 тапсырма.

Сурет бойынша әңгімелеу мәтінін құрастыр.

 

ІІІ Рефлексиялық –бағалау кезеңі.

Тест тапсырмалары:

1)    Мәтін неше сөйлемнен тұрады?

А) екі

Ә) бір

Б) бірнеше

2) Мәтіннің түрлерін белгілеңдер.

А) басы, соңы, әңгімелеу.

Ә) әңгімелеу, сипаттау, пайымдау.

Б)  хабарлау, аяқтау, жазу.

3) Артық сөзді табыңдар.

А) Астана

Ә) Алматы

Б) саябақ

4) Мәтін дегеніміз...

А) бір нәрсе жайында айтылатын сөйлем

Ә) өзара мағыналық байланыста айтылатын екі не одан да көпсөйлемнен құралады.

Б) бір ғана сұраққа жауап беретін сөздер.

5) Мәтінге ат қойыңдар.

Кітап –адамгершіліктің қайнар көзі, адамзаттың рухани байлығы, өмір айнасы,  замана сыры, тарих шежіресі, өнер-білім бұлағы, оқу-тәрбие құралы.

А) байлық

Ә) өнер

Б) кітап

Үйге тапсырма: 2 сынып, 4 тапсырма 63 бет. 4 сынып, 5 тапсырма 32 бет.

Бағалау.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мәтін. Мәтіннің түрлері. Қазақ тілі 4 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Управляющий рестораном

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 379 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.10.2015 43597
    • DOCX 64 кбайт
    • 214 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мухаметжанова Индира Асылбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 80128
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 257 человек

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания литературного чтения в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 197 человек

Мини-курс

Эффективное создание и продвижение школьной газеты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология эмпатии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Сенсорные системы и развитие нервной системы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 41 человек