Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / "Мәтінді пішімдеу" (8 класс)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

"Мәтінді пішімдеу" (8 класс)



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов



Сабақтың тақырыбы:

МS Word мәтіндік редакторында мәтінді пішімдеу. Практикалық жұмыс.

Сабақтың мақсаты:


Білімділік:

Microsoft Word мәтіндік редакторы бойынша алған білімдерін тереңдету, беттің параметрлерімен, абзацтің, символдық параметрлерімен жұмыс жасау, мәтінге жақтау қою, кестемен жұмыс жасауға үйрету.

Дамытушылық:

Логикалық ойлауын, таңымдық қызығушылығын, оқушылардың ақыл-ойын жан-жақты дамыту, дүниетанымын кеңейту, компьютерлік сауаттылығын арттыру.

Тәрбиелік:

Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа үйрету.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Сабақтың әдістері:

Әңгіме, түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, тақтамен жұмыс, практикалық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі:

интербелсенді тақта, компьютер, тұсаукесер, тақта, кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс:

ағылшын, тарих, орыс тілі



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу;

Оқушыларды түгендеу;
• Олардың құрал-жабдықтарын және сабаққа дайындықтарын тексеру;
• Бүгінгі сабағымыздың ерекшелігін айтып өтіп, сәттілік тілеу, көңіл күйлерін смайлик арқылы білу.

ІІ. Үй тапсырмасы.

1) «Келесі» ойын арқылы ауызша сұрау.

  1. Мәтіндік редактор дегеніміз не?

  2. МS Word редакторын қалай іске қосамыз?

  3. МS Word-та мәтіндік құжатты редакциялау дегеніміз не?

  4. Microsoft Word редакторының негізгі элементтері?

  5. Құжат құру жолын ата?

  6. Microsoft Word мәтіндік редакторында құжатты қалай сақтаймыз?

  7. Microsoft Word мәтіндік редакторында құжатты қалай ашамыз?

  8. Пернетақтаның қай пернесінің көмегімен белгіленген сөйлемді, курсивке айналдырады?

  9. CTRL+↓ батырмасының қызметі қандай?

  10. Home пернесі қандай қызмет атқарады?

  11. Delete пернесінің қызметі қандай?

  12. CapsLock пернесінің қызметін айт.

2) «Сәйкестікті тап» кезеңі. Бұл кезеңде батырмаларды мәтінмен сәйкестендіру қажет.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Мәтінді пішімдеу (форматтау) құжатты толығымен немесе оның белгілі бір бөліктерінің сыртқы пішінін өзгертуге мүмкіндік береді. Құжаттың сыртқы пішіні де көп нәрсені анықтайды. Сондықтан құжаттың мазмұнының тартымды болуымен қоса, оның сыртқы пішіні де көркем болуы керек.

Пішімдеу дегеніміз - мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді айтамыз.Мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою.

Мәтінді пішімдеуге мыналар жатады:

  • әртүрлі қаріптерді пайдалану;

  • құжат өрісінің шекараларын өзгерту; сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрісін айқындау;

  • мәтінді бағандарға бөлу;

  • символдың, абзацтың, беттің сипатын тағайындау.

Пішімдеудің осы әрекеттерін Пішім (Формат) мәзіріндегі аспаптардың көмегімен орындауға болады.

Компьютерден практикалық жұмыс.

«Мектеп» баспасынан тапсырыс 8 сынып оқулығының мұқабасын жасау, көркемдеу.



IV. Сергіту сәті. Сергіту сәтінде логикалық есептер шығарып жіберейік.

  1. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (2 сағат)

  2. 4 жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут піседі? (4 минут)

  3. Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады? (200 кг)

  4. Төрт түйеқұс ұшып бара жатыр, біреуін атты нешеуі қалды? (Түйеқұс ұшпайды)

  5. Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса,24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? (жоқ, өйткені 24 сағаттан соң уақыт түнгі 10-ды көрсетеді)

Адасқан әріптерді табу керек

  1. РЕТЬЮПОМК, 2. ДЕМОМ, 3. АЛЙФ, 4. РОТИНОМ, 5. НИРПЕРТ, 6. КРАСЕН, 7.СОРЕСЦПРО.

Жауабы: 1.Компьютер, 2..Модем, 3.Файл, 4.Монитор, 5.Принтер, 6.Сканер,7.Процессор

Практикалық жұмыс №2. (Әр оқушыға кеспе қағаз арқылы тапсырмалар орындалады)

А деңгей. Мәтінді пішімдеу. Қаріп түрі – Times New Roman, өлшемі - 14

Белдік түрлері

Еркек киімі көпшілік жағдайда түймеленбейтіндіктен белдік оның негізгі құрамдасы болған. Сырт киімдеріне жататын шапан, тон, ішік, шидем, күпі, шекпен, т.б. сырт киімдерге түйме қадамай-ақ, шалғайларын айқара қауырсынып белге белбеу (белдік) буынып алады.

Көркем әшекейленген белдік түрлері:

Алтын белбеубылғарыға алтын шығырға орнатып жасаған өте қымбет белбеу

Алтын емел белбеуалтын шапқан, әшекейленген белбеу

Берен белбеуқымбат металдан жасалған белбеу

В деңгей. Өлшемі 16, стилі асты сызылған,қарпі Times New Roman, сол жақ шетке туралау. Пернетақтаны бірнеше тілмен жұмыс істейтін күйге келтіруге болады. Пернелер бірнеше блокқа бөлінеді.

Менің туған жерім Қазақстан. Қазақстан жері кең байтақ. Ол жерінің үлкендігі жөнінде тоғызыншы орында тұр. Біздің отанымызда жүзге жуық ұлттар мен халықтар өмір сүреді.

Мой родной край Казахстан. Земля Казахстана огромная и большая. Казахстан является девятой большой страной во всем мире. В нашей стране живут больше ста национальностей и нации.
My native land is Kazakstan. The land of Kazakstan is lange. Kazakstan is the langest country in the world. In Kazakstan there are 100 nations and nationalities.

Бұйрық: Тұр орныңнан!

Таңдану: Па, шіркін, мына ат жақсы екен!

Қуану: Алақай,. Жаз келді!

Арман: Шіркін, оқуға түсем!

Ұран: Қазақстан халықтарының достығы жасасын!

Өкіну: Қап, келмей қалғанын қарашы!

Лепті сөйлемнің мәні, табиғаты

С деңгей. Сурет салу панелінің объектілерін пайдаланып сызбаны сыз.











V. Информатикалық диктант.

VІ. Сабақты бекіту. Шағын тест (компьютерде орындалады). Тест қорытындысын компьютерде өзі есептеп көрсетеді.

VII. Word редакторының пішімдеу батырмаларының қызметін қайталау.

VІIІ. Үйге тапсырма. § 20. Мәтіндік құжатты пішімдеу. (74-77 бет оқу)
Word мәтіндік редакторында «Бүгінгі сабақтан алған әсерім» тақырыбында эссе жазып, А4 қағазына шығырып, алып келу.

ІX. Оқушыларды бағалау.

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-560158

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>