Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / МӘТІНДІ ӨТУ БАРЫСЫНДА «ДЕҢГЕЙЛІК ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

МӘТІНДІ ӨТУ БАРЫСЫНДА «ДЕҢГЕЙЛІК ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ

библиотека
материалов


МӘТІНДІ ӨТУ БАРЫСЫНДА «ДЕҢГЕЙЛІК ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ

Қазақ тілінде оқытудың ең негізгі мақсаты- өзге ұлтты оқушыларға мемлекеттік тілдің ұлылығын, тазалығын, рухани ерекшелігін, оқыған шығармаларының мазмұнын түсінуі қажет. Қазақ тілін оқыту барысында тілдің қыр-сырын, табиғатын таныта отырып, ертеңгі өмірден орын таба алатын, өзіне сенімді, парасатты ұрпақ тәрбиелеу үшін педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыту болып табылады.

Оқушыларға қазақ тілін меігертуде жақсы нәтижеге жету үшін мұғалім сабақтың түріне қарай әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану керек.

Мәтіндерді қолдану – оқушылардың сөздік қорын дамыту, мәтінді талдай білу, сонымен қатар ауызша және жазбаша тілінің дағдыларын қалыптастыру. Оқушының тілін дамытуда мәтіннің алатын орны ерекше, мәтін білім береді, тілі мен ой-өрісін дамытады және тәрбиелейді. Мысалы ауызша да, жазбаша да біз өз ойымызды сөз арқылы емес, негізінде мәтін арқылы жеткіземіз.

Мәтінді талдаған кезде келесі талаптарға назар аудару қажет:

  1. Тәрбиелік мақсаты болу керек;

  2. Оқушылардың дүниетанымын кеңейтетін қазақ халқының тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрлері, мемлекеттік мейрамдар туралы мағлұмат көбірек болуы тиіс;

  3. Жеңілден қиынға деген дидактикалық принципке сәйкес мәтіндер сабақтан сабаққа, сыныптан сыныпқа күрделенуі тиіс.

Мәтінмен жұмыс жүргізген кезде мынадай 5 түрге бөлінеді:

  1. Мәтінмен танысу

  2. Мәтін негізінде тапсырмалар мен жаттығуларды орындау

  3. Сұрақ-жауап құрастыру

  4. Монолог

  5. Бақылау

Әрі қарай бес кезеңге байланысты әрқайсысын ашып көрсету

1)Көркем шығарманы талдаудың алғашқы қадамы-оқиғаны, оның талдау желісін таныстырудан, ұғымдарды түсіндіруден басталады. Шығармадағ оқиғаны, оның мазмұнын, сюжетін, шығарманың көркемдік ерекшелігін, тілдік шеберлігін, кейіпкерлер бойындағы адамгершілік, сана мен рухани байлығын білмеген, түсінбеген оқушы шығарманы әрі қарай талдауға кірісе алмайды.

Ол үшін мынадай жұмыс істелуі қажет:

А) Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу

Б) Мәтіннің мазмұнымен таныстыру.

2) Мұғалімнің мәтінге байланысты арнайы тапсырмаларын, жаттығуларын орындау.

А) Берілген сөйлемдерді толықтырып жазу

Б) Сөйлемдердің мазмұнын сақтай отырып, басқаша құрастыру

В) Сұрақтарға жауап беру

С) Бірнеше сөйлемдер беріледі. Дұрыс немесе бұрыстығын анықтау

Д) Мәтінге байланысты жоспар құрастыру

Е) Шығармада кездесетін фразеологизмдермен, мақал-мәтелдермен, нақыл сөздермен, омоним, синоним, антонимдермен жұмыс істеу.

3) Диалог құрастыру

Мәтінмен жұмыстың ең қажетті, ең негізгі түрі – оқушыларды сөйлеу, яғни екеуара сөйлесуін ұйымдастыру. Іске асыру барысында түрлі әдістерді қолдануға болады: бұл интенция әдісі (одағай, қыстырма сөздерді пайдаланып жолдасының айтқанымен келісу/келіспеу, сөзін құптау/құптамау) инновациялық әдіс – сөйлеу жағдаяттарына (түрлі ситуацияларға), сөйлету, проблемалық тәсіл-белгілі бір тақырыпқа проблема құрып-шешу.

4) Монолог

Тіл үйренушілер сұрақ қойып, оған жауап беріп қана қоймай, ойын пайымдаудың бір бүтін мәтін арқылы жеткізе алуы керек. Әңгіменің өзіне ұнаған эпизодтарын теріп алып мазмұндау, шығарма оқиғасының басталуын, байланысын, дамуын айқындау.

5) Бақылау

Мәтінді талдау барысында бақылау өзінен-өзі болатынына қарамастан, мұғалім қорытынды бақылау жұмысты өткізгені дұрыс болады.Ең тиімдісі-тестілеу.

Тестілеу арқылы оқушылардың жазу тыңдау, оқу, сөйлеу қабілетін тексеруге болады. Тестілеу тапсырмаларына мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақтарға қоса грамматикалық тапсырмалар беруге әбден болады.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру, оқушы белсенділігін арттыру барысында мәселелік сұрақтарды пайдалану, мәселелік жағдаяттарды туғызу қажет. Тілдің қызметін түсіндіруде басшылыққа алынатын қағидалар білім мазмұнындағы негізгі бағыттар, оқу-әдістемелік жолдар бір-бірімен тығыз бірлікте қарастыруды қажет етеді. Оқушы дүниетанымының қалыптасуында ерекше орын алатын мәселенің қай-қайсысы да оның қабілетінің деңгейімен қаралатыны дау туғызбасы анық. Оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады.

Айтып кеткендей жас ұрпақтың жаңаша ойлауына олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жағаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі болуына байланысты сабақ өткізу әдіс-тәсілдеріне де жаңа технологиялар енгізіп жатыр. Сондықтан оқушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдардың жүйесі мен амалдары алдымен әр мұғалімнің оларды іс жүзінде іске асыруын, игеруін және оған сай болатын іскерлікті, еңбектенуді қажет етеді. Қандай тақырып, сынып болса да мұғалімнің шеберлікпен жүргізген әрбір сабағыоқушы үшін мол білімнің көзі болуы керек.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Л.П.Ақтанова «Мемлекеттік тілді оқытудың негізгі мәселелері»

  2. Ж.Дәулетбекова «Оқушылардың тілін дамыту жолдары», Алматы «Рауан», 2000ж.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 15.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров134
Номер материала ДВ-453892
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх