Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Мәтіндік процессор Microsoft Word. Құжаттарды құру және сақтау.

Мәтіндік процессор Microsoft Word. Құжаттарды құру және сақтау.

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:


Пәні: Информатика

8 « » сынып

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік процессор Microsoft Word. Құжаттарды құру және сақтау.

Сабақтың мақсаты: Microsoft Word мәтіндік процессорында жан-жақты жұмыс істей алу мүмкіндіктерін меңгерту.

Сабақтың міндеттері:

Microsoft Word мәтіндік процессорында жан-жақты жұмыс істей алу мүмкіндіктерін меңгерту, компьютерлік сауаттылығын дамыту.

Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Өз бетінше ізденуге, жауапкершілікке, өзін ұстай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік құрал: интерактивті тақта, дербес компьютер, Activvote құрылғысы, қима қағаздары.

Күтілетін нәтиже :

1. Microsoft Word мәтіндік процессорындағы әрекеттерді тиімді пайдаланады.

2 . Компьютерде жұмыс істей отырып, ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытады.

3 . Топтық жұмыс арқылы тапсырманы бірлесе шешуге, топтық ережені сақтауға, өзінің және өзгенің пікірімен санасуды үйренеді.

Оқыту технологиясы: ақпараттық технология

Сабақтың типі: білім мен білікті дамыту сабағы

Сабақтың түрі: аралас сабағы

Сабақтың әдіс - тәсілі : диалогтік сұрақ-жауап, компьютерде жұмыс, үш қадамды сұхбат, Джигсо, тестік тапсырма, эссе жазу, автор орындығы.

Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: Мультимедиялық проектор, компьютер

Пәнаралық байланыс: әдебиет

.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі 2 мин

«Ассорти» жаттығуын ұйымдастыра отырып, сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру.

Шеңберге тұрып, бірімен-бірі қол алысып амандасады. Жемістердің түрлеріне бөлу арқылы сыныпта жағымды ахуал қалыптасады.

Топтасу: 1,2,3,4 деп санату арқылы топқа бөліну

1 -топ: «Қарындаш»

2 -топ: «Сызғыш»

3- топ: «Өшіргіш»

4- топ: «бүріккіш»

Үй тапсырмасын сұрау.

Р

hello_html_m18667150.gif

«Үш қадамды сұхбат» арқылы талқылау, сұрау, жауабымен бөлісу.


(Редактор, хатшы, тәлімгер.)

Т Х


Қызығушылықты ояту. Болжау әдісі Тірек суреттер арқылы бүгінгі сабақ не туралы болуы мүмкін?


  1. Слайдтан терезе үзіндісін көрсету арқылы: мына суреттерде қай программаның терезе үзінділері көрсетілген?



hello_html_140e2963.pnghello_html_m3c6f4010.png

бұл қандай жол?


hello_html_4cfd4d91.png

бұл қандай тақта?


hello_html_m4886467a.pngбұл не?



hello_html_m1ddcd4a5.pngбұл қандай жол?



hello_html_150089d8.pnghello_html_2d7e408a.pngненің өлшемі?

Терезенің қай жолағы? Біздің сабаққа қандай қатысы болуы мүмкін?




Мағынаны ажырату сатысы: Мәтінмен жұмыс /ЖИГСО ІІ әдісі/

1. Жанұя мүшелеріне мәтіндер тарату, №1, 2, 3, 4

Екі топтық барлық мүшелерін 1, 2, 3, 4 деп санатып, 1-мәтінді 2 топтың №1 оқушыларына, 2-мәтінді 2 топтың №2 оқушыларына, 3-мәтінді 2 топтың №3 оқушыларына, 4-мәтінді 2 топтың №4 оқушыларына таратып беру.

2. Жұмысшы тобына барып талқылайды.

(1, 1), (2, 2), (3, 3), (4,4)

Ең маңызды жағдайды қағаз бетіне түсіріп, магниттік тақтаға іледі.

Сосын қорғау жұмысын практикамен ұштастырады. (Интерактивті тақтадан көрсету арқылы)

3. Жанұяға оралады.

Әрқайсысы көрген білгенін ортаға салады.

Мәтінді компьютерде өңдеудің негізгі құндылығы – ақпаратты өзгерту, көбейту және көшірудің жеңілдігі. Мәтін-компьютерлік алфавит символдарының қандай да болсын тізбегі. Компьютерлік алфавитте 256 символ бар. Мәтіндік редакторды пайдаланып жасалған, ішінде алфавиттік-сандық символдардан басқа, графиктік объектілер мен мәтінді пішімдеу туралы басқарушы ақпараты бар файлды мәтіндік құжат деп атйды.

Мәтіндік редактор-магниттік дискіде мәтіндік құжат құруға оны өңдеуге, құжат пішімін өзгертуге, басып шығаруға және т.б қолданылатын қолданбалы программа.

    1. Мәтін түрлері


hello_html_m42f5f152.gif




















Гипермәтін – бұл басқа мәтіндермен графикалық, бейнелік, дыбыстық ақпаратпен мағыналық байланысын қамтитын мәтін






Гипермәтінде ауысу түрлі түсті асты сызылған мәтін немесе графика болып табылатын гиперсілтеме арқылы жүзеге асырылады.

    1. МӘТІНДЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІ.

Кәдімгі мәтін – кітап, мақала, техникалық құжат, хат, бүйрық, есеп, т.б.

Маңызды объектілер: символ, сөз, жол, абзац, бет.

Символға: әріптер, сандар, арнайы символдар жатады. Символдардың үш түрлі параметрлері: асты сызылған, қарайтылған, таңдалған қарпімен. Символдардан сөз құралады. Сөздер тізбегі жол құрайды. Жолдар абзац құрайды. Абзац “Enter” пернесін басумен аяқталады. Абзац- бұл мағыналық мазмұны бойынша топтастырылған жолдар тізбегі. Абзацтар оң абзацты, теріс абзацты, нөлдік абзацты шегіністі мәтін болып бөлінеді. Абзацтардың тағы бір параметрі жоларалық интервал.


hello_html_29cd9ccd.gifМӘТІНДІК АҚПАРАТТЫ КОМПЬЮТЕРДЕ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

hello_html_m2a7690f7.gif












































MICROSOFT WORD –ты іске қосу. Мәтіндік құжат құру.


Microsoft Word - ты іске қосу үшін келесі әрекеттер тізбегін орындау қажет.

Пуск – Программы - Microsoft Word

hello_html_m6b5d3b37.gif






hello_html_m78db820c.png





Жаңа құжат құру – Файл – Создать;

Бұрыннан бар құжатты ашу Файл-Открыть;

Құжатты сақтау – Файл-Сохранить немесе Файл-Сохранить как командаларын орындау қажет.

Меңзердің сол жағындағы мәтінді өшіру үшін батырмасын қолданыңдар. -батырмасын қолданғанда меңзердің оң жағында орналасқан мәтін өшіріледі. Мәтіндік редакторларда мәтіннің бүтін блоктарын да өшіруге болады. Ол үшін алдымен жоюға тиіс блокты белгілеу керек. Маустың батырмасын блоктың басында шертіңдер де, оны жібермей нұсқағышты блоктың аяғына жылжытыңдар. Немесе батырмасын басулы қалпында ұстап, меңзерді басқару батырмасында шертіңдер. Мәтінді белгілегеннен кейін пернесін басыңдар.

Word құжаты бетімен орын ауыстыруды басқару үшін арнайы пернелер комбинациялары қолданылады. Кестеде құжат бетімен орын ауыстыруды жылдамдату үшін қолданылатын пернелер комбинациясы көрсетілген.

Пернелер комбинациялары


Мәні

<hello_html_m68ebb469.gifhello_html_44af5368.gifCtrl + >

Меңзерді бір абзацқа жоғары жылжытады

Меңзерді бір абзацқа төмен жылжытады

<hello_html_2f556f5e.gifCtrl + >

Меңзерді бір сөзге солға жылжытады

<hello_html_m13e1be8c.gifCtrl + >

Меңзерді бір сөзге оңға жылжытады

Меңзерді бір бетке жоғары жылжытады

Меңзерді бір бетке төмен жылжытады

Меңзерді ағымдағы қатардың басына жылжытады

Меңзерді құжаттың басына жылжытады

Меңзерді ағымдағы қатардың соңына жылжытады

Меңзерді құжаттың соңына жылжытады

















Сонымен қатар құжат бойынша орын ауыстыру үшін сырғытпаны (айналдыру жолағында орналасқан кішкене шаршы) немесе айналдыру жолақтарын қолдануға болады. Егер айналдыру жолағындағы сырғытпада шертіп, оны босатпай жылжытса онда мәтін белгілі бір ара-қашықтыққа дейін жылжиды. Айналдыру жолағының қарайған жеріне шерту арқылы беттер бойынша парақтауға болады.

Word – та құжат көру режимінің бес түрінің бірінде құжатты өңдеуге болады. Оларға кәдімгі, электрондық құжат, құрылым, шен салу парағы және бас құжат режимдері жатады. Режимдерді Вид менюі арқылы көруге болады.

Құжат көру режимдерін қосу үшін (бас құжаттан басқасы) терезенің сол жақ бұрышындағы пернелердің біріне шертуге болады. (Сол жақ шеттегі перне – Кәдімгі (Обычный) режим, келесі – Электрондық құжат (Электронного документа) режимі, одан кейінгісі Шен салу парағы (Разметка страницы) режимі шетінде орналасқаны құрылымдық (Структура режим). Бас құжат (Главный документ) режимі Вид менюі арқылы қосылады.

Кәдімгі режим мәтінді енгізу және өңдеу үшін қолданылады. Бұл Word –тың алғашқы келісім бойынша орнатылған режимінде құжаттың жеңілдетілген версиясы ұсынылады. Дегенмен, бұл режимде құжаттың соңғы көрінісін көру, яғни парақтың жолақтары, объектілердің бағаналары мен қадамдары көрінбейді, бет үзілімі сызықтар түрінде көрінеді, ал графикалық объектілер тіптен көрінбейді. Егер сендер құжат көру режимінің басқа режимдеріне ауысатын болсаңдар, онда сендер әрқашанда сол жақ бұрыштағы hello_html_7e4b9fce.pngОбычный пернесін шерту арқылы кәдімгі режимге орала аласыңдар.

Электрондық құжат режимі экраннан құжатты оқуға ыңғайлы болып табылады және құжат бойымен бірінше орыннан екінші орынға оңай ауысуға болады. Бұл режимге Электронный документhello_html_2b1a1800.png пернесін шерту немесе Вид Электронный документ командасын таңдау арқылы қосылуға болады.

Құжат құрылымын өзгерту үшін Құрылымдық режимі hello_html_2298a6ef.png қолданылады. Бұл режимде мәтін иерархиялық түрде бейнеленеді, құжаттың тек қана негізгі тақырыптары және толық түрде қарастыруға болады. Сонымен қатар, құжат бөлімдерінің орналасу тәртібін өзгертуге және мәтін блоктарын айтарлықтай ара-қашықтыққа ауыстыруға болады. Бұл режимге қосылу үшін Вид  Структура командасын орындаңдар.

Шен салу парағы режимінде құжат баспаға басқанда қалай шығарылса сондай етіп бейнеледі. Бұл жұмыс режимі, мұнда бет жолақтары және төменгі жоғарғы колантитулдер, графикалық объектілер толық көрінеді және құжаттың нақты басылған түрін көру ыңғайлы. (Бұл режимнің алдын-ала көру режимінен айырмашылығы мұнда құжатты өңдеуге болады.) Бұл режимге қосылу үшін экранның сол жақ бұрышындағы Режим разметки hello_html_104b0e52.png пернесін шертіңдер.

Көлемді құжаттармен жұмыстар орындау үшін Бас құжат режимі қолданылады. Бұл режимде бір үлкен құжатты бірнеше кішкене құжаттарға бөлуге және оның құрылымын өзгертуге болады. Бұл режимге қосылу үшін экранның сол жақ бұрышындағы Вид  Главный документ командасын орындаңдар. Бұл режимдерден басқа құжатты баспаға жіберудің алдында қарауға берілген Алдын-ала қарап шығу режимі бар. Файл Предварительный просмотр командасы немесе құралдар қатарындағы hello_html_37f68e62.png Предварительный просмотр пернесін таңдау арқылы қосылады. Windows’98 –дің Word -ның әр режимінің параметрлерін өзгерту мүмкіндігі бар. Орнатылған параметрлерді өзгерту үшін Сервис  Параметры командасын орындауға болады. Параметры диалогтық терезесінде ағымдағы көру режимі параметрлерін тағайындауға болады.


hello_html_m70f2bfdd.png



Емлесін тексеру

Word әр түрлі сөздіктерді қамтиды, сонымен қатар өзіңнің жеке сөздігіңді құруға және бірнеше сөздіктермен қатар жұмыс орындауға мүмкіндік береді.

Орфографияны тексеру үшін негізгі сөздік және пайдалнушы сөздігі қолданылады.

Негізгі сөздік программаға кірістірілген сондықтан оны өзгертуге болмайды.

Пайдаланушының сөздігі қосымша сөздік болып табылады және егер сен сөздің жазылуының дұрыстығына сенімді болсаң онда жаңа сөз қосуға, сөздік толып қалса немесе сөз қажет болмаса сөзді өшіруіңе болады.

Құжатты теру барысындағыдай және дайын құжаттағы мәтіннің дұрыстығын тексеруге болады. Толығымен терілген құжаттың емлесін тексеру үшін Сервис Правописание командасын орындаңдар немесе Правописание батырмасын шертіңдер. Егер қате жазылған сөз кездессе онда тексеру тоқтатылады да экранда қате сөздің орнына алматырылатын сөз нұсқалары бар диалогтық терезесі пайда болады. Егер сендер ұсынылған нұсқалармен келіссеңдер онда Изменить батырмасын шертіңдер, егер сендердің сөздерің дұрыс жазылса онда бұл ұсыныстар сендерге сәйкес келмейді, Пропустить немесе Следующее батырмаларын шертіңдер.

hello_html_m6d754120.png


Орфографияны мәтін теру барысында да тексеруге болады, қате жазылған сөздер кездессе сөздердің аты ирек қызыл сызықпен сызылады. Берілген сөзді тексеру үшін сол сөзді мауыстың оң жақ батырмасымен шертіп, динамикалық менюден ауыстырылуға берілген нұсқалардың бірін таңдаңдар.

hello_html_m4ceb2b4b.png




Жеке тапсырма: (оқушыларды компьютерге отырғызу)

Тапсырма /Өзің орында/

hello_html_m961c66b.gif а) Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қосыңыз.

ә) Мәтінді теріңіз және пішімдеңіз.

б) І сөйлемнің қаріп өлшемі – 16.

ІІ сөйлемнің қаріп өлшемі – 20.

ІІІ сөйлемнің қаріп өлшемі – 14.

Ойтолғаныс: «Миға шабуыл» әдісі

1. Мәтінді компьютерде өңдеудің артықшылығы неде?

2. Мәтін дегеніміз не?

3. Мәтіндік құжат деген не?

4. Мәтіннің қандай түрлерін білесіңдер?

5. Мәтіннің әр түрлі мысалдарын келтіріңдер?

6. Гипермәтін деген не?

7. Кәдімгі мәтін қандай объектілерден тұрады?

8. Абзац деген не?


Activvote құрылғысы арқылы 10 сұрақтан тұратын тест тапсыру.

1 қате – 5, 2 қате – 4, 3 қате – 3 деп одан төмен жауап берген оқушылар 2-бағасымен бағаланады.

1. Microsoft Word мәтіндік процессорын қалай іске қосамыз?

а) Пуск→Microsoft Word; ә) Пуск→ Программы→Настройка→ Microsoft Word;

б) Пуск→Программы→ Microsoft Word.*

hello_html_140e2963.png

2. бұл қандай жол?

а) Мәзір жолы;* ә) Пішімдеу жолы; б) Формат жолы.

3.hello_html_m3c6f4010.png

бұл қандай тақта?

а) Мәзір тақтасы; ә) Құралдар тақтасы;* б) Пішімдеу тақтасы.


4.hello_html_4cfd4d91.png

бұл қандай тақта?

а) Мәзір тақтасы; ә) Құралдар тақтасы; б) Пішімдеу тақтасы.*


5. Microsoft Word мәтіндік процессорының жұмыс аумағы дегеніміз . . .

а) экранның саймандар панелі орналасқан аумақ;

ә) экранның терілген және теріліп жатқан мәтін орталасқан аумағы;*

б) мәзір командалары орналасқан аумақ.


6. hello_html_m4886467a.png

бұл не?

а) сызғыш;* ә) қалам; б) пішім.


7. hello_html_m1ddcd4a5.png

бұл қандай жол?

а) пішімдеу жолы; ә) мәзір жолы; б) тақырып жолы.*


hello_html_2d7e408a.png

8. ненің өлшемі?

а) қаріп өлшемі;* ә) мәзір өлшемі; б) таңба өлшемі.


9. батырмасының қызметі:

а) оң, сол жақтағы символдарды жояды; ә) меңзердің сол жағындағы символды өшіреді; *

б) символдарды бір-бірінен ажыратады.


10. hello_html_150089d8.png батырмалары қай тақтада орналасқан:

а) мәзір жолында; ә) құралдар тақтасында; б) пішімдеу тақтасында.*


V. Үй тапсырмасын беру.

Microsoft Word мәтіндік процессорымен жұмыс істеу.

«Word мәтіндік процессорының қажеттігі» атты эссе жазып келу.

VI. Бағалау.


Тест тапсырмасын таратып беремін

берілген тест тапсырмасын жеке орындайды және

бірін-бірі тексеріп бағалайды.

Сабақты бағалау

Бағалау критерийлері:

  1. Диалогтік сұрақ-жауап балл

  2. Өзіндік компьютерде жұмыс істеуі балл

  3. Тест тапсырмасы балл

  4. Эссе жазуы балл

Кері байланыс парағы

Стикерлер таратамын.Өз пікірлерін жазады

Үйге тапсырма:

Тарау бойынша түсінігін суретпен келтіріп эссе жазып келу


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 19.12.2015
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров197
Номер материала ДВ-272565
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх