Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағлұмат

Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағлұмат

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сыныбы:9

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат,  программа  интерфейсі. Құжатты құру және сақтау. Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар.

Сабақтың мақсаты: Microsoft Word мәтіндік процессорының мүмкіндіктерімен таныстыру.

Мазмұнға байланысты міндет: оқушылардың мәтінді теру, редакторлау және пішімдеу туралы білімдерін қайталау, жалпылау, бекіту. Мәтінге символдарды қоюдың, мәтінді рәсімдеудің жаңа мүмкіндіктерімен таныстыру.

Түрі: Практикалық көрсетілім көмегімен.

Әдісі: Түртіп алу, ұқсастық пен даралық, Жигсо.

Көрнекілігіинтербелсенді тақта, оқулық, слайдтар.

Ұйымдастыру.

-оқушылардың сабаққа қатысын, сабаққа дайындығын тексеру.

Қызығушылықты ояту. Мәтіндік процессорды тақтадан ашып көрсету.

Оқушыларға сұрақ: Қалай ойлайсыңдар, мәтіндік процессордың сендер бұрын оқып-білген мәтіндік редакторлардан айырмашылығы неде?

Шағын топтармен жұмыс. Сыныптың оқушылары екі топқа бөлінеді. Әр топқа Microsoft Word және WordPad мәтіндік процессор экранымен парақтар таратылады. Оқушылар осы берілген терезелердің ұқсастықтары мен даралықтарын табулары керек.

Сараптамалық кесте


WordPad

Microsoft Word

Бірдей элементтер



Жаңа элементтер



Жоғалған элементтер



Өзгерген элементтер



 

Мағынаны тану.

Мәтіндік процессор – кез келген басып шығарылатын ақпаратты жасап шығаруға (теру, түзету, пішімдеу, кейде басып шығаруды қоса есептегенде) арналған қолданбалы компьютерлік программаның түрі.

Мәтіндік процессорлар мәтінді пішімдеудің үлкен мүмкіндіктеріне ие. Құжатқа әртүрлі суреттерді, графиктерді, сызбаларды, кестелерді қоса алады.

Процессордың экраны құрамына Windows-тың стандарттық терезесінің барлық элементтері кіреді:

  • тақырып жолы;

  • жолақ;

  • қалып-күй жолы;

  • горизонталь және вертикаль айналдыру жолақтары;

  • терезені басқару батырмалары.

Мәтіндік процессор Ms Word 2007 қажет жағдайда  ерекшеленген нысаннан тәуелді өзі жаңа бұйрықтарды қосады. Мәзір қатары: Бас, Кірістіру, Бетті белгілеу, Сілтемелер, Тарату, Рецензиялау, Түр. Жолақтың алдында офис батырмасы орналасқан. Оның құрамында құжатты сақтау, ашу, жаңа құжатты құру және т.б. бұйрықтар бар. Құжатпен жұмыс істеу үдерісінде мәтінді тінтуірдің оң батырмасын шерту арқылы жанама мәзірді шақыруға болады. Жанама мәзірде бірнеше бұйрық орналасқан. Бұйрықтар жиынының құрамы жанама мәзірдің мәтіннің қай бөлігінде шақырылғанынан тәуелді. Мысалы, егер тінтуірдің оң батырмасымен кестенің ішінде шертсек, жанама мәзірдің құрамында кестелермен жұмыс істеу бұйрықтары; егер мәтінді шертсек – құжатты пішімдеу бұйрықтары шығады.

Экрандағы төменгі жол қалып-күй жолы немесе ақпараттық жол деп аталады, себебі оның құрамына құжатпен жұмыс істеу барысында өзгеріп тұратын әртүрлі ақпарат кіреді.

Бұл жолда:

  • Жалпы құжат беттері санының ішінен ағымдағы беттің нөмірі;

  • Құжаттағы беттер саны

  • Тіл көрсетілген.

Ms Word  процессоры бір мезгілде бірнеше құжаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Яғни, сендер бірнеше құжат ашып, жұмыс істеу үдерісінде олардың біреуінен екіншісіне ауыса аласыңдар. Әрбір ашылған құжат процессордың жаңа терезесіне орналастырылып, есептер тақтасында көрініс табады. Сонымен қатар барлық ашық құжаттардың аттарын Түр-Басқа терезеге ауысу бұйрығы бойынша қарап шығуға болады.

Файлмен жұмыс жасау командалары (құжат құру, ашу, сақтау) офис батырмасының мәзірінде орналасқан. Құру бұйрығын таңдағаннан кейін құжатты құру терезесі пайда болады және Жаңа құжат шаблоны таңдалады. Ештеңені өзшгертпестен, тек Құру батрымасын бассаңдар жеткілікті.

Құжатты сақтау үшін жалпы қабылданған Сақтау және Қалай сақтау бұйрықтарын қолданады.

Құжатқа пернетақтада жоқ түрлі символдарды мысалы, математикалық: √,˂,α,β   ақша таңбаларын:€, £, ₣ және тағы басқа көптеген символдарды кірістіруге болады. Ол әдеттегі мәтіндерді сирек кездесетін, бірақ арнайы мазмұнды құжаттармен жұмыс істегенде қолданылатын пайдалы, ерекше таңбалар.

Символдар кестесі Кірістіру – Символ – Басқа символдар бұйрығы көмегімен шақырылады.

Қаріпті өзгерту үшін жолақтың Басты  — Қаріп тіркеме парағы немесе Қаріп жанама мәзірінің бұйрықтарын пайдаланады.

Қаріп (Шрифт) сұхбаттық терезесін шақыру үшін жолақтың осы бөлімінің төменгі жағында орналасқан сілтемені басу қажет. Сұхбаттық терезені шақыру бұйрығы сонымен қатар жанама мәзірде де   орналасқан.

Қаріп тіркеме парағы арқылы қаріптің гарнитурасы, кеглі, сырт пішімі, қаріптің түсі, көлеңке немесе контур қосу, мәтінді сызып тастау, қаріпті батырылған немесе шығыңқы ету сияқты қосымша әрлендіру мүмкіндіктерін тағайындай аламыз.

Интервал – қаріптер арасындағы интервалды, яғни арақашықтықты  ұлғайтуға немесе кішірейтуге мүмкіндік береді.

Пішімдеу ағымдағы абзацқа немесе мәтіннің ерекшеленген фрагментіне қолданылады. Мәтінді пішімдеу сызғышымен, жолақтың Басты – Абзац бөлімі немесе Абзац бұйрығы сұхбат терезесінің бұйрықтарының көмегімен пішімдеуге болады.


  • Қандай ерекшеліктерді кездестірдіңдер?

  • Не нәрсе ыңғайсыз болды?

  • Бұрын сендер жұмыс істеген басқа программалардан қандай басымдылығы бар?

  • Бұл программа туралы тағы не білгілерің келеді?

«Өзіңді тексер» тест жұмысын орындау.

Үй тапсырмасы.

Тақырыпты оқу, бақылау сұрақтарына жауап беру.

 



Сыныбы: 7

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Мәтін, мәтіндік блоктар.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: CorelDRAW векторлық редакторында объектілермен жұмыс: ерекшелеу, көшірмесін алу, дубликатын жасау, клонировать ету, бекіту, бұру, теріс қарату, топтау, бұрмалау. PowerClip объектілерін құру, бір объектіден екінші объектіге эффектілер көшіру туралы түсінік беру.

ә) Дамытушылығы: Редакторда объектілерге эффектілер жасап үйрену.

б) Тәрбиелілігі: Объектілермен жасалатын жұмыс түрлерін меңгерту

өз беттерінше бейнелер салып, оларды безендіре білуге үйрету, эстетикалық талғамын қалыптастыру, әсемдікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Практикум элементтері қамтылған түсіндірмелі-демонстрациялық

Сабақтың типі: аралас

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, сызу, геометрия

Сабақта қолданылатын ақпараттық құралдар: Компьютерлер, тапсырмалар, слайд, плакат

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Өткен сабақты қайталау

  3. Жаңа сабақты меңгерту

  4. Практикалық жұмыс

  5. Білім тиянақтау

  6. Оқушылар білімін бағалау

  7. Қорытынды, үйге тапсырма

І. Сергіту сәті. Топтастыру.

ІІ. Өткен сабақты қайталау: Үйге берілген қисықтарды редакциялау, растрлық, векторлық графика түрлері тақырыптарынан сұрақтар қойылу арқылы сұралады.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.

CorelDRAW – дағы мәтіннің типтері. (ДЖИГСО әдісі)

  • Artistic Text – фигуралық мәтін

  • Paragraph Text – қарапайым немесе абзацты мәтін

Фигуралық мәтін

Фигуралық мәтін тақырыпты, қысқа жазуларда қолданылады. Фигуралық мәтінде абзац, келесі жолға көшіру т.б. қажет емес. Оны бағанға бөлуге, шегіністер орнатуға, буквица құруға болмайды. Түрлі безендіру эффектілерін (трансформация, бояу, формасын өзгерту) орнатуға болады. Ол нысан ретінде қарастырылады. Оның өзіне тән бірнеше қасиеттері бар. Фигуралық мәтінннің пішінінің, кез-келген нысанның пішіні сияқты өзгертуге болады. Оны қолмен немесе түр құрал-сайманы көмегімен өзгертуге болады.

Қарапайым мәтін

Көлемді мәтіндерді безендіруде қолданылады. Қарапайым мәтін арнайы мәтіндік блокта орналасады, оны командалар бойынша өңдеуге, форматтауға болады. Қарапайым мәтін блоктың ортасында автоматты түрде орналасады.

Мәтінді безендіру

Мәтіннің түріне тәуелсіз оған қажетті полиграфиялық параметрлерді беруге болады (шрифт, кескіні, өлшем, түс, т.б.)

Барлық шрифттерді бірнеше топқа бөлуге болады:

  • стандартты (жиынтықтық) шрифттер мәтіннің үлкен массивтерін теруге арналады. Олар өз алдына екі топқа жіктеледі – құйрықшалы, құйрықшасыз (құйрыұша – бұл кейбір әріптерді шеттерінде болатын кішкене сызықшалар), мысалы, құйрықшалы – Times құйрықшасыз – Arial:

  • акцидентті шрифтер тек мәтін атаулары үшін үлкен көлемде пайдаланылады, мысалы, Algerian:

  • қолжазба шрифттері – қылқаламмен немесе қаламмен жазған әріптерді бейнелейді, олар түрлі әдемі форматты шақыру, құттықтауларға әдемі сипат береді, мысалы, Brush Script MT.

  • Символдық шрифттер символдар кітапханасы болып табылады. Windows операциялық жүйесіндегі стандартты символдық шрифт – Wingdings.

Шрифттің кескіні қалыпты (Normal), қою (Bold), курсив (Italic) және қою курсив (Bold-Italic) болады.

Normal Bold

Italic Bold-Italic

Times New Roman шрифтінің түрлі қаріптері. Шрифт асты сызылған болуы мүмкін және индекстеуде де қолданылады. Кез-келген графикалық нысан секілді әр әріптің өз жиегі болады. Оның түсінің қалыңдығын өзгертуге, мәтінге қатысты түрлі ұүймаларды пайдалануға болады. CorelDraw сонымен қатар символдар, жолдар мен сөздер арасындағы қашықтықты өзгертіп, фигуралық және қарапайым мәтіннің дара әріптерін ығыстыруға мүмкіндік береді.

ІV. Бекіту. Практикалық жұмыс.

Мәтінді қисықтарға түрлендіру.

Мәтінді қарапайым қисықтарға түрлендіруге болады. Бұл жағдайда әр әріпте лупамен жақсы көрінетін көптеген түйіндер пайда болады. Қарапайым қисықтармен жұмыстағыдай енді кез келген түйіннен немесе траекториядан тартып, символдардың формасын өзгерті оңай түседі, онда кейін мәтінді форматтауға болмайды. Қисықтарды түрлендіргеннен кейін мәтіннің бөлек әріптерін масштабтау, айналдыру мен жылжыту оңай.

V. Оқушылар білімін бағалау.

VІ. Үйге тапсырма. Мәтін, мәтіндік блоктар тақырыбын оқып келу.













Сыныбы:10

Сабақтың тақырыбы: Программа интерфейсі, терезелер, объектілер

Сабақтың мақсаты: программа терезелерімен таныстыру.

Сабақтың міндеті:

а) білімділік: Блендер программаның негізгі принциптерін, терезелер және объектілердің қасиеттерін меңгерту;
ә) дамытушылық: өмірден  мысалдар келтіруді және програмамен жұмс жасауа компьютерді тиімді қолдануды үйрету, шығармашылық және логикалық ой-лау қабілеттерін дамыту;
б) тәрбиелік:оқушының шығармашылық білігін, танымдық қабілетін, өзі тұжырым жасауға және өзінің айтқанын дәлелдеуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың көрнекілігі:
ДК, интерактивті тақта, Blender программасы

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

а) кабинетті және құрылғыларды сабаққа әзірлеу;
ә) оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
б) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
II. Оқушыларды сабақ жоспарымен және мақсатымен таныстыру.

ІІІ. Жаңа сабақ.
3 қатпарлы, яғни 3D, анимация және моделдеу соңғы жылдары тез қарқынмен дамып, кең ауқымды қолданысқа түсті. Бұл, сөзсіз, өнердің жаңа саласы кино, мультипликация, рекламмалық роликтер дайындау, ойын жасау және түрлі презентациялар жасаудан бастап, сәулет өнері мен инжинерияда және көптеген т.б салаларда қолданылады.

Blender бағдарламасы: 1. Тақырып жолы

2. Мәзір қатары

3. Құрал-саймандар қатары

4. 3д көрініс терезесі

5. Таим лаин терезесі

6. Қасиеттер терезесі

Бүгінгі шолуымызда 3 қатпарлы моделдеу мен анимацияны түрлі этаптарға бөліп қарастырамыз.

Жалпы 3D анимацияның не екенін түсіну үшін көзіңіздің алдында тұрған барлық заттарды кеңістікке (декарттық X, Y, Z кеңістігі) жайғастырыңыз. Сонда әрбір заттың белгілі бір координатасы бар нүктелерден және түрлі өзінен кіші фигуралардан (сызық, эллипс, куб т.б) құралғанын байқаймыз. Міне 3D модельдеу және оны анимациялау негізінде осы принцип жатыр, яғни „аса күрделі заттарды қарапайым нүктелер не фигуралар көмегімен кеңістікте құрастыру„.

Құрастру кезеңдері:

  1. Моделлинг

  2. Текстуринг

  3. Риггинг

  4. Анимациялау

  5. Рендеринг

IV. Түсінгендерін тексеру

  1. Blender қанда программа?

  2. Қандай терезелерден тұрады?

  3. Қанша этапқа бөліп жұмыс жасаймыз?

V. Бекіту кезеңі

Blender программасында төртбұршпен орындық, стол жасау.

VI. Қорытындылау кезеңі. Сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.

VIІ. Үйге тапсырма: Үй макетін жасау



























Сыныбы 11

Сабақтың тақырыбы: WEB сайтты жобалау, жариялау және алға жылжыту
Мақсаты: 1. Электрондық желілерде тасу барысында ақпаратты сақтау
тәсілдері мен қағидалары.
2. жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
3. Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Әдістері: Практикум, баяндау арқылы түсіндіру.
Көрнекіліктер: Компьютер, оқулық, тақта.
Міндеттері: 1. Логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, білім білік дағдыларын қалыптастыру.
2. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу
Ә) Ұқыпты, ынталы болуға үйрету

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ
Web – бет үшін бастапқы HTML – кодты текстік редактордың көмегімен көруге және редакциялауға болады. бұл үшін ІЕ терезесіндегі бетті қараңыз және Түр менюінен HTML Түрінде командасын таңдаңыз. Нәтижесінде текстік редактордың терезесі ашылады. Онда бастапқы HTML – коды бейнеленеді. Текстік редактордың түрі пайдаланылатын жүйемен анықталады. Wіndows – пен жұмыс істеместен бұрын, бұл блакнот қосымшасы болады.
URL – интернеттегі қорлардың ақпараттық тікелей көрсеткіші.
Біз жоғарыда интернетке қосылған әрбір компьютерде белгілі бір символдарға сай келетін (домендік есім) немесе ұсынылған немесе цифр комбинациясы (ІР - адресі), сияқты өзінің бірден - бір адресі бар. Бірақ та бұл ақпарат жеткіліксіз, компьютерде нақты құжат табу үшін, белгілі каталогта файл күйінде сақталған болатын. Бізде белгілі, керекті файлға кіру үшін оған қарай сілтеу керек
Web – бетті толтырған соң оның көшірмесін сіздің компьютеріңізде сақтауға болады. Шынында, Web – серверде орналастырылған, толтырылған беттің көшірмесін редакциялаудан бұрын өзгертулер беттің өзіне енгізілмейді. Іnternet Explorer амалымен редакциялауды толтыруға немесе документ құруға болмайды. Егер ІЕ мен жұиыс істеу алдында Wіndows үшін файл менюінен Басқару командасын таңдап алу керек. Сонда берілген редактордың жасырған HTML - кодының терезесі ашылады (мысалы, Frontpage Express). Күнделікті бет жаңа терезеде бейнеленеді. Осы терезеде редакциялай аласыз. Егер сіз документте Web – беттің бөлігін ғана пайдаланғыңыз келсе, Іnternet Explorer терезесінде оны тышқанның көмегімен шығарыңыз. Сосын Басқару менюінен Көшіру командасын таңдаңыз. Осыдан кейін документті ашу керек. Бұған міндетті түрде Web – беттен берілгендерді қосу керек және оған көшірілген ақпаратты қою керек. Кез келген сөзді, сөйлемді немесе сөйлемшені сіздің алдыңызда ашылған Web – беттен табу үшін Басқару менюінен осы беттен іздеу командасын таңдап алыңыз немесе
CTRL + F клавишасын басыңыз. Нәтижесінде іздеу диалогтік терезесі пайда болады. осы терезенің Табу алаңына керекті ақпаратты енгізіңіз. Және сәйкес келетін опцияларды қойыңыз. Егер сіз Тұтас сөз опциясын қойсаңыз, онда ІЕ іздеу критериясы ретінде тапсырылған сөздің бөлігін бейнелемейді. Мысалы, егер іздеу критериясы ретінде кітап сөзін көрсетпек, ІЕ кітаптың немесе кітап сүйгіш сөзін шығармайды. Егер Регистрдің есепке алуымен опциясын қойсаңыз, онда ІЕ тек қана жолдарды таппайды, бас және кіші символдарды да табады. Бас және кіші символдар Табу алаңында шығады. Мысалы, егер интернет шығарса, ІЕ интернет немесе интернет сөзін шығармайды. Іздеу бағытының тапсырмасы үшін Жоғары немесе Төмен опцияларын қойыңыз. Іздеуді бастау мен сәйкес келуді тапқаннан кейін жалғастыру үшін Тағы басқаларын Табу кнопкасын басыңыз.

ІҮ. Сабақты бекіту:
ҮІ. Бағалау:
Ү. Үйге тапсырма
: Web - беттер және сайттар.Кері қайту

























Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Краткое описание документа:

Сыныбы:9

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі. Құжатты құру және сақтау. Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар.

Сабақтың мақсаты: Microsoft Word мәтіндік процессорының мүмкіндіктерімен таныстыру.

Мазмұнға байланысты міндет: оқушылардың мәтінді теру, редакторлау және пішімдеу туралы білімдерін қайталау, жалпылау, бекіту. Мәтінге символдарды қоюдың, мәтінді рәсімдеудің жаңа мүмкіндіктерімен таныстыру.

Түрі: Практикалық көрсетілім көмегімен.

Әдісі: Түртіп алу, ұқсастық пен даралық, Жигсо.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, оқулық, слайдтар.

Ұйымдастыру.

-оқушылардың сабаққа қатысын, сабаққа дайындығын тексеру.

Қызығушылықты ояту. Мәтіндік процессорды тақтадан ашып көрсету.

Оқушыларға сұрақ: Қалай ойлайсыңдар, мәтіндік процессордың сендер бұрын оқып-білген мәтіндік редакторлардан айырмашылығы неде?

Шағын топтармен жұмыс. Сыныптың оқушылары екі топқа бөлінеді. Әр топқа Microsoft Word және WordPad мәтіндік процессор экранымен парақтар таратылады. Оқушылар осы берілген терезелердің ұқсастықтары мен даралықтарын табулары керек.

Сараптамалық кесте

WordPad

Microsoft Word

Бірдей элементтер

Жаңа элементтер

Жоғалған элементтер

Өзгерген элементтер

Мағынаны тану.

Мәтіндік процессор – кез келген басып шығарылатын ақпаратты жасап шығаруға (теру, түзету, пішімдеу, кейде басып шығаруды қоса есептегенде) арналған қолданбалы компьютерлік программаның түрі.

Мәтіндік процессорлар мәтінді пішімдеудің үлкен мүмкіндіктеріне ие. Құжатқа әртүрлі суреттерді, графиктерді, сызбаларды, кестелерді қоса алады.

Процессордың экраны құрамына Windows-тың стандарттық терезесінің барлық элементтері кіреді:

тақырып жолы;

жолақ;

қалып-күй жолы;

горизонталь және вертикаль айналдыру жолақтары;

терезені басқару батырмалары.

Мәтіндік процессор Ms Word 2007 қажет жағдайда ерекшеленген нысаннан тәуелді өзі жаңа бұйрықтарды қосады. Мәзір қатары: Бас, Кірістіру, Бетті белгілеу, Сілтемелер, Тарату, Рецензиялау, Түр. Жолақтың алдында офис батырмасы орналасқан. Оның құрамында құжатты сақтау, ашу, жаңа құжатты құру және т.б. бұйрықтар бар. Құжатпен жұмыс істеу үдерісінде мәтінді тінтуірдің оң батырмасын шерту арқылы жанама мәзірді шақыруға болады. Жанама мәзірде бірнеше бұйрық орналасқан. Бұйрықтар жиынының құрамы жанама мәзірдің мәтіннің қай бөлігінде шақырылғанынан тәуелді. Мысалы, егер тінтуірдің оң батырмасымен кестенің ішінде шертсек, жанама мәзірдің құрамында кестелермен жұмыс істеу бұйрықтары; егер мәтінді шертсек – құжатты пішімдеу бұйрықтары шығады.

Экрандағы төменгі жол қалып-күй жолы немесе ақпараттық жол деп аталады, себебі оның құрамына құжатпен жұмыс істеу барысында өзгеріп тұратын әртүрлі ақпарат кіреді.

Бұл жолда:

Жалпы құжат беттері санының ішінен ағымдағы беттің нөмірі;

Құжаттағы беттер саны

Тіл көрсетілген.

Ms Word процессоры бір мезгілде бірнеше құжаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Яғни, сендер бірнеше құжат ашып, жұмыс істеу үдерісінде олардың біреуінен екіншісіне ауыса аласыңдар. Әрбір ашылған құжат процессордың жаңа терезесіне орналастырылып, есептер тақтасында көрініс табады. Сонымен қатар барлық ашық құжаттардың аттарын Түр-Басқа терезеге ауысу бұйрығы бойынша қарап шығуға болады.

Файлмен жұмыс жасау командалары (құжат құру, ашу, сақтау) офис батырмасының мәзірінде орналасқан. Құру бұйрығын таңдағаннан кейін құжатты құру терезесі пайда болады және Жаңа құжат шаблоны таңдалады. Ештеңені өзшгертпестен, тек Құру батрымасын бассаңдар жеткілікті.

Құжатты сақтау үшін жалпы қабылданған Сақтау және Қалай сақтау бұйрықтарын қолданады.

Құжатқа пернетақтада жоқ түрлі символдарды мысалы, математикалық: √,˂,α,β ақша таңбаларын:€, £, ₣ және тағы басқа көптеген символдарды кірістіруге болады. Ол әдеттегі мәтіндерді сирек кездесетін, бірақ арнайы мазмұнды құжаттармен жұмыс істегенде қолданылатын пайдалы, ерекше таңбалар.

Символдар кестесі Кірістіру – Символ – Басқа символдар бұйрығы көмегімен шақырылады.

Қаріпті өзгерту үшін жолақтың Басты — Қаріп тіркеме парағы немесе Қаріп жанама мәзірінің бұйрықтарын пайдаланады.

Қаріп (Шрифт) сұхбаттық терезесін шақыру үшін жолақтың осы бөлімінің төменгі жағында орналасқан сілтемені басу қажет. Сұхбаттық терезені шақыру бұйрығы сонымен қатар жанама мәзірде де орналасқан.

Қаріп тіркеме парағы арқылы қаріптің гарнитурасы, кеглі, сырт пішімі, қаріптің түсі, көлеңке немесе контур қосу, мәтінді сызып тастау, қаріпті батырылған немесе шығыңқы ету сияқты қосымша әрлендіру мүмкіндіктерін тағайындай аламыз.

Интервал – қаріптер арасындағы интервалды, яғни арақашықтықты ұлғайтуға немесе кішірейтуге мүмкіндік береді.

Пішімдеу ағымдағы абзацқа немесе мәтіннің ерекшеленген фрагментіне қолданылады. Мәтінді пішімдеу сызғышымен, жолақтың Басты – Абзац бөлімі немесе Абзац бұйрығы сұхбат терезесінің бұйрықтарының көмегімен пішімдеуге болады.

Қандай ерекшеліктерді кездестірдіңдер?

Не нәрсе ыңғайсыз болды?

Бұрын сендер жұмыс істеген басқа программалардан қандай басымдылығы бар?

Бұл программа туралы тағы не білгілерің келеді?

«Өзіңді тексер» тест жұмысын орындау.

Үй тапсырмасы.

Тақырыпты оқу, бақылау сұрақтарына жауап беру.

Автор
Дата добавления 24.02.2016
Раздел Информатика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров361
Номер материала ДВ-479402
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх