Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Мәтіндік процессорлар арқылы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі. Құжаттарды құру және сақтау.

Мәтіндік процессорлар арқылы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі. Құжаттарды құру және сақтау.


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:


Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік процессорлар арқылы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі. Құжаттарды құру және сақтау.

Сабақтың мақсаты:


Білімділік-Оқушыларға Microsoft word мәтіндік процессорын терең ұғындырып, осы бағдарламаны толық меңгерту.

Дамытушылық- Оқушылырдың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, ой - өрісін жетілдіру.

Тәрбиелік- Іскерлікке, ұқыптылық пен жылдамдыққа тәрбиелеу.


Көрнекі құралдар: Компьютер (MS Word прогаммасы), интерактивті тақта, электрондық оқулық.

Ұйымдастыру кезеңі:

I. Оқушылардың сабаққа қатысын және дайындығын қадағалау.

II. Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:


Бүгін үйге берген сабақты “Алтын тасты сұрақтар ” арқылы сұралады. Ол үшін әрқайсымыз ұяшықтарды таңдап сұрақтарға жауап беруіміз қажет.


hello_html_7c6a6bea.png




III. Жаңа сабақ.


MS Word – бұл құжаттарды құру, қарап шығу, өзгерту және басып шығару үшін арналған Microsoft Office жүйесінің құрамына кіретін программа.

MS Word іс жүзінде қазіргі мәтіндік процессорлардың барлық қажетті сапаларына ие:

  • құжаттарды құру және теру;

  • қаріптер жиынын пайдалану арқылы оларды форматтау;

  • кестелер, графиктер, математикалық формулаларды пайдалану;

  • емле ережесін тексеру және сөздерді автоматты тасымалдау;

  • іскер хаттарды, келісім-шарттарды, есеп беру формаларын және т.б дайындауға Шеберді (Мастер) және Шаблонды пайдалану

Сонымен қатар мәтіндік процессордың кемшіліктері де бар:

  • математикалық формулаларды енгізу күрделі;

  • растрлық графикаларға арналмаған.


Мәтіндік процессорларды бірнеше әдіспен іске қосуға болады:

  • Негізгі менюден Жіберу → Бағдарламалар→ Microsoft Office → MS Word командаларын орындау арқылы;

  • Жұмыс үстеліндегі hello_html_6b328f90.gif таңбашасынан;

  • Microsoft Office тақтасындағы батырмалармен.



hello_html_m2258e9a3.jpg




Мәтіндік процессордан шығу жолдары мынадай:

  • Файл → Шығу командаларын таңдау арқылы;

  • Alt + F4 батырмаларын қатар басу арқылы;

  • Word программасының атаулар жолының оң жақтағы жоғарғы жабу hello_html_m19e1df1d.gif батырмасын басу арқылы.

Word терезесін жабу кезінде құжатқа енгізілген өзгерістер сақталмаса, экранға диалогтық терезе шығады. Осы диалогтық терезе арқылы біз файлдағы өзгерістерді сақтай аламыз.

Мәтіндік процессорды іске қосқан кезде экранда 1-суреттегідей терезе пайда болады.

Word терезесінің негізгі элементтері Office қосымшалары үшін ортақ болып табылады. Мұның жоғарғы бөлігінде негізгі меню орналасқан. Онда: Файл, Түзету, Түр, Қою, Формат, Сервис, Кесте, Терезе, Анықтама орналасқан.

Жалпы терезе мынадай бөліктерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, «Стандартты» құрал-саймандар тақтасы, «Форматтау» құрал-саймандар тақтасы, сызғыш, жұмыс алаңы, бейнелеу режимін таңдау батырмаларынан, қалып-күй жолынан.




hello_html_m1a209718.gif


Жаңа құжатты құру.

Жаңа құжатты құру үшін Файл менюінен Құру (Создать) командасын таңдаймыз немесе «Стандартты» құрал-саймандар тақтасындағы hello_html_4aef9b45.gif белгісін басу арқылы ашамыз. MS Word құжаттары шаблондарының кеңейтілуі doc және hello_html_m19597566.gif таңбасымен белгіленеді.

Құжатты ашу.

Бар құжатты ашу үшін Файл менюінде Ашу командасын таңдау немесе «Стандартты» құрал-саймандар тақтасындағы hello_html_m19e1df1d.gif батырмасын шертуміз қажет, сонан кейін Құжатты ашу диалогтік терезесі ашылады. Бума өрісінен қажетті құжаты бар диск таңдалады.

Құжатты сақтау.

Құжатты сақтау үшін Файл менюінен Сақтау командасын таңдаймыз немесе «Стандартты» құрал-саймандар тақтасындағы hello_html_6b328f90.gif батырмасын шертеміз.

Құжатты бірінші рет сақтағанда Файл менюінен Қалай сақтау... командасын таңдаймыз, сонда мынадай Құжатты сақтау диалогтық терезесі пайда болады.


hello_html_m5646e87.gifhello_html_m5646e87.gif



Мұндағы Бума өрісінде дискіні, ал төмен орналасқан өрістен құжат сақталатын буманы, ал Файл типі (Тип файла) өрісінде құжат сақталатын форматты таңдаумызға болады. Ал Файл аты өрісінде файлдың атын жазамыз содан кейін барып қана Сақтау батырмасын басамыз.

Қайталап сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі шықпайды. Құжат автоматты түрде сол файлда қайта сақталады.

Пішімдеу деп мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әр түрлі әрекеттерді айтады. Мәтінді енгізу кезінде символдарды пішімдеу режимдерін бірден беруге болады немесе бұл режимдерді бүкіл құжаттың мәтіні теріліп болғаннан кейін қолдануға болады. Пішімдеудің негізгі режимдеріне тоқталайық:

1. Символдарды пішімдеу. Символдарды пішімдеудің ең жылдам тәсілі пішімдеу панелінің батырмаларын пайдалану болып табылады.

  • - “жартылай қарайтылған” (белгіленген мәтін жартылай қарайтылған символдармен рәсімделеді).

hello_html_5da0369a.gif- “курсив” (белгіленгенді курсивпен безендіреді).

hello_html_5da0369a.gif- асты сызылған (белгіленгеннің астын тұтас сызықпен сызады).


hello_html_m7e9a6da9.gif


Пішімдеудің бірнеше баптауын бірден өзгерту үшін Формат – Шрифт командасын орындау керек. Экранда одан қажетті праметрлерді таңдауға болатын Шрифт диалогтік терезесі пайда болады:



2. Туралау. Мәтінді оң жақ және сол жақ шекарасы бойынша, ортасы және беттің ені бойынша туралау үшін Аспаптар панеліндегі келесі батырмаларды қолданамыз:

hello_html_5e34d04c.gif- “по левому краю” (абзацты сол жақ шеті бойынша туралайды);

hello_html_m7858c0ba.gif- “по центру” (абзацты бет шеттерінің ортасы бойынша туралайды);

hello_html_64ecfa0b.gif- “по правому краю” (абзацты оң жақ шеті бойынша туралайды);

hello_html_m7858c0ba.gif- “выравнять по ширине” (абзацты беттің оң және сол жақ шеті бойынша туралайды);

IV. Сабақты бекіту: Оқушылар сабақты қорытындылау мақсатында бірнеше тапсырмаларды компьютермен орындайды.

V.Оқушыларды бағалау: Тапсырманы орындаған оқушыларды бағалау.


VI. Үйге тапсырма: Мәтіндік процессорлар арқылы жалпы мағлұмат,программа интерфейсі.


Жамбыл ауданы

Абай атындағы гимназия мектебі

Информатика пәнінің мұғалімі

Мусаева Камчат Ерғазықызы


57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 20.02.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров48
Номер материала ДВ-471237
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх