Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Мәтіндік және дыбыстық ақпараттарды ұсыну
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Мәтіндік және дыбыстық ақпараттарды ұсыну

библиотека
материалов

Сабақ №13

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік және дыбыстық ақпараттарды ұсыну

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  1. Оқушыларды компьютерде мәтіндік және дыбыстық ақпаратты ұсынудың принциптерімен таныстыру.

  2. Оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.

  3. Оқушылардың алған білімдерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, жұмыс дәптері, интерактивті тақта

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі – көрнекілікті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасы

ІІІ. Жаңа сабақ

IV. Сабақты бекіту.

V. Үйге тапсырма, бағалау.


І. Ұйымдастыру кезеңі

а) сәлемдесу

ә) түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.


ІІ.Үй тапсырмасы

  1. Қолданбалы программаларға не жатады?

  2. Компьютерлік вирус деген не?

  3. «Зияндығы» бойынша вирус түрлерін атаңдар

  4. Антивирустық программа дегеніміз не?

  5. Файлды сығу, архив, архиватор деген не?

  6. Файлдарды архивтеу не үшін қолданылады?

  7. Архиватор программаларды атап шық

  8. Сығылған файл әдеттегі файлдан қалай ерекшеленеді?


Вирусқа қарсы арнайы программаларды топтастыру әдісі бойынша тақтада жазып шығамыз.

hello_html_5f0dca13.gifФагтар

hello_html_m68b628c4.gifhello_html_m1689d2ae.gifhello_html_4e6adbfd.gifhello_html_7b860c73.gifhello_html_7fd09e0c.gifhello_html_m4b906bd1.gifВакцина

полиграфтар



детекторлар Ревизорлар

Интерактивті тақтада тапсырма орындау. Сәйкестікті тағайындаңдар.

«Ішіне», «Сыртына» әдісі бойынша «Ішіне» антивирустық программаларды, ал «Сыртына» архивтеуші программаларды жазып шығады.


ІІІ. Жаңа сабақ «Мәтіндік және дыбыстық ақпараттарды ұсыну».

Қазіргі компьютерлердің мониторы мәтіндік және графикалық екі режимде жұмыс істей алады.

Мәтіндік режимде әдетте экран әрбірінде 80 символы бар 25 жолға бөлінеді. Экранның әрбір позициясына арнайы құрылғы белгі генераторымен программаланған 256 символдың бірі енгізілуі мүмкін. Мәтіндік режимде монитордың экранына жалған графика символдарынан құрастырылған қарапайым суреттерді және мәтіндерді шығаруға болады.

7 сыныпта біз «Ақпарат түрлендіру» тақырыбын өткен кезде компьютер екілік жүйеде жұмыс істейтінін яғни компьютерге деректер екілік кодтау түсетінін білдік.

Мәтіндік ақпаратты кодтау үшін АSСІІ коды қолданылады. Компьютерге мәтіндік символды енгізгенде, мысалы «А» пернесін басқанда жедел жадқа 01000001 екілік коды беріледі. Символды экранға шығарғанда кері кодталу (декодталу) жүргізіледі, яғни біз экранда оның екілік кодынан алынған символды көреміз.

Дыбыс өз табиғатында ауа тербелісі болып табылатын үздіксіз сигнал.

Компьютерге дыбыс енгізу үшін оны нөлдер мен бірлердің жиыны түрінде ұсыну керек. Бұл мына жолмен жасалады: микрофонның көмегімен дыбыс электр тогының тербелісіне айналады. Бірдей, өте аз уақыт аралығы сайын электр тогының шамасын белгілейді. Жоғарырақ мәнін – бірлік, төмен мәнін нөл деп есептейміз. Сонда біз дыбыстың екілік кодын аламыз, оны компьютерге енгізуге, сақтауға және өңдеуге болады.

Компьютерден дыбыстық ақпаратты шығарғанда кері процесс жүреді, екілік кодтар жиыны электр импульстеріне айналдырылады да, динамик арқылы өткізіледі, сонда біз дыбысты естиміз.

Қазіргі кезде компьютерден мәтіндік ақпаратты сөз сөйлеу түрінде шығару мүмкіндігі бар, яғни компьютер мәтінді «оқи алады».

Ақпаратты компьютерге дауыс арқылы енгізу – компьютердің жадына алдын-ала енгізілген, сөздіктерден алынған жеке сөздер деңгейінде кодталған адам сөзін ажырата білудің қиындығымен ерекшеленеді.

а) Компьютерде практикалық жұмыс орындау.

Тапсырма 1. Оқулықтың сәйкес тақырыбындағы ақпаратты пайдаланып, сөйлемді жалғастырыңдар.

Компьютерде ақпарат қандай түрде өңделеді?

Компьютерде кез келген деректер екілік санау жүйесінде сақталады және өңделеді.

Кодтау және декодтау процестеріне анықтама беріңдер.

Кодтау дегеніміз – ақпаратты қандай да бір алфавит арқылы кескіндеу.

Декодтау дегеніміз ақпарат шифрін ашу, мәтіндік ақпарат АSСІІ кодтары арқылы кодталады, 256 символ арнайы құрылғы белгігенератормен программаланған.

ә) «Кім жылдам?». Тақтада әр түрлі геометриялық фигуралардың біреуін таңдайды(ромб, дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш,т.б). Мысалы, дөңгелектің артында М әрпі жасырылған. Оны таңдаған оқушы М әрпінен басталатын информатикалық терминдерді жазады, ал екінші оқушы Т әрпінен басталатын терминдерді жазады.

б) оқушылар тақтадағы ребусты шешеді.

(информатика)

IV. Сабақты бекіту. Жаңа өтілген тақырыпты бекіту үшін сұрақтар:

1.Дыбыстық ақпарат – бұл аналогтық сигнал. Ол компьютерге қалай енгізілуі мүмкін?

2.Компьютерде дыбыс қалай ұсынылады?

3.Мәтіндік ақпарат қалай ұсынылады?

Тест

V. Үйге тапсырма. Параграф 7.1 100-101 беттер.




















Операциялық жүйелерді баптау.

Уақыт пен күнді баптау.

  1. Жіберу батырмасын басыңыз және негізгі менюден Баптау – Басқару тақтасы пунктін таңдаңыз.

  2. Басқару панелі бумасының терезесінде hello_html_mf38b6a5.png Күні және уақыты белгісіне екі рет шертіңіз.

  3. Экранда Қасиеттер: Күні және уақыт диалогтік терезесі екі немесе үш қосымша беттерімен пайда болады.

  4. Күні және уақыт қосымша бетін таңдаңыз.

  5. Күні бөлімінде өзіңіздің туған күніңізді (күн, ай, жыл) тағайындаңыз.

  6. Уақыт бөлімінде мектептегі сабақтың басталу уақытын тағайындаңыз.

  7. Қолдану батырмасын шертіңіз.

  8. ОК батырмасын шертіңіз.
























Жұмыс үстелін баптау.

  1. Жіберу батырмасын шертіп, негізгі менюден Баптау – Басқару тақтасы пунктін таңдаңыз.

  2. Басқару тақтасы бумасының терезесіндегі hello_html_6c3ea728.pngбелгісін екі рет шертіңіз.

  3. Экранда Қасиеттер: Экран диалогтік терезесі шығады.

  4. Фон қомысша бетін таңдаңыз.

  5. Фондық суретті таңдап, ОК батырмасын шертіңіз. Жұмыс үстелінің фондық суретінің өзгергенін тексеріңіз.

















     
















Қыстырма бет (Заставка) параметрлерін баптау.

  1. Жіберу батырмасын басыңыз және негізгі менюден Баптау – Басқару тақтасы пунктін таңдаңыз.

  2. Басқару тақтасы бумасының терезесіндегі hello_html_6c3ea728.pngбелгісін екі рет шертіңіз.

  3. Қыстырма бет қосымша бетін таңдаңыз.

  4. Қыстырма бет тізімінен кез келген қыстырма бетті таңдаңыз. Көрініс бейнесін компьютер экранында Экран терезесінен көресіз. Қарап шығу батырмасын шертсеңіз, қыстырма бет компьютер мониторында пайда болады.




























«Көлемдік мәтін» қыстырма бет параметрлерін баптау.

  1. Пуск батырмасын басыңыз және негізгі менюден Баптау – Басқару тақтасы пунктін таңдаңыз.

  2. Басқару тақтасы бумасының терезесіндегі hello_html_6c3ea728.pngбелгісін екі рет шертіңіз.

  3. Қыстырма бет қосымша бетін таңдаңыз.

  4. Қыстырма бет тізімінен «Көлемдік мәтін» (Объемный текст) қыстырмасын таңдаңыз.

  5. Баптау батырмасын шертіңіз.

  6. Қыстырма бет параметрлерінің «Көлемдік мәтін» қыстырмасының параметрлері диалогтік терезесіндегі Мәтін өрісінен кез келген мәтінді, қозғалыс стилін, жылдамдығын, өлшемін таңдаңыз.

  7. ОК батырмасын шертіңіз.

























Файлдар және бумаларды іздеу.

Объектілерді тез іздеу командасын пайдаланып, саІс. Ехе – Калькулятор программасы объектісін табыңыз.

  1. Жіберу батырмасына басыңыз және негізгі менюден Табу – Файлдар және бумалар пунктін таңдаңыз.

  2. Файлдар және бумалар атын іздеу диалогтік терезесінде пернетақтадан саІс. – ехе сөзін теріңіз. Диалогтік терезеде енгізу курсоры болу керек, егер болмаса тышқан сілтемесін диалогтік терезеге алып келіп, шертіңіз.

  3. Іздеу орнын көрсетіңіз. Ол үшін «Қайдан іздеу» диалогтік терезесінің оң жағында Нұсқама қосымша бетін жандандырыңыз және Менің компьютерім пунктін таңдаңыз.

  4. Табу қосымша бетін жандандырыңыз.

Автор
Дата добавления 29.04.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров68
Номер материала ДБ-059582
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх