Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Мәтіндік және графикалық ақпаратты өңдеу (5 сынып) БжС технологиясы бойынша
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Мәтіндік және графикалық ақпаратты өңдеу (5 сынып) БжС технологиясы бойынша

библиотека
материалов

«Ауызша сабақ-1»
Сабақтың тақырыбы
: Мәтіндік және графикалық ақпаратты өңдеу.


Сабақ мақсаты :

I.Білімділік: «БжС» технологиясының «Ауызша сабақ -1» картасы бойынша мәтіндік және графикалық ақпаратты өңдеу туралы мәлімет беру, өз түсінгендерін практикада қолдана білу.


II. Дамытушылық: Зейінді, ойлау жылдамдығын, есте сақтауды дамыту және сабаққа қызығушылықтарын арттыру сөздік қорларын молайту.


ІІІ.Тәрбиелік мәні: Тиянақты болуға, достыққа, ұйымшыл бола білуге жетелеу.


Сабақ типі: «БжС» технологиясы бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру.


Технология: «БжС» технологиясы, «Ауызша сабақ -1» картасы .


Сабақтың көрнекілігі: матрица, тірек сөздер, сын тұрғысынан сұрақтар , қарама-қарсы сұрақтар;


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшысына сөз беріледі


І. Қарама-қарсы сұрақтар:

  1. Графикалық редактор деген не? (графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа)

  2. Раint қандай редактор? (растрлық бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор)

  3. Пиксель деген не? (растрлық бейненің ең кішкентай элементі)

  4. Растрлық графиканың кемшілігін атаңдар (Растрлық бейненің мөлшерін өзгерткенде сапасы төмендейді)

  5. Растрлық графиканың артықшылығын атаңдар (Растрлық бейненің мөлшерін үлкейтіп әр нүктесін өзгерте аламыз).

  6. Палитра түстері туралы не айтасыз?

  7. Мәтіндік редактор деген не?(мәтіндік құжаттармен жұмыс жасауға арналған арнайы программа – мәтіндік редактор)

  8. Мәтін элементтерін атаңдар (символ, сөз, жол, абзац, бет, мәтін)

  9. Абзацтың қандай қасиеттерін білесіңдер? (әріптің гарнитурасы, кескін сызығы, мөлшері, мәтінді түзеу тәсілі, шегіністер мен интервалдар)

  10. Мәтіндік редактордың терезе элементтерін атап шық (жылдам қол жеткізу тақтасы,WordPad батырмасы, Жолақ, Сызғыш, Жай-күй жолы )

  11. Мәтіндік курсор дегеніміз не? (Мәтіндік редактордың терезесінде кішкентай жыпылықтайтын сызықша)

  12. Мәтіндік редакторды қалай іске қосамыз? (Пуск – Все программы – Стандартные - WordPad)



ІІ. Тірек сөздермен жұмыс. (Балаларға бүгінгі күнді жазғызу, сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау)1 мин 15 сек


1. Кірістіру

2. Кескін

3. Раint

4. Алмастыру буфері

5. Word Pad

6. Файл

7. Көшіру

8. Стандарные

9.Пуск

10. Курсор

11. Сақтау

12. Терезе

13. Жай күй жолы

14. Шығу




ІІІ. Ойлауды ұйымдастыру. Мәтінмен жұмыс 3 мин.


Сендер енді - суреттерді құруды және өзгертуді, мәтін теруді, оны түзетуді және безендіруді білесіңдер.

Оқулықтың мәтініне назар аударыңдар. Ол көптеген безендірулермен толықтырылған. Осындай әдемі безендірілген кітапты оқу қызықты емес пе, келісесіңдер ғой? Енді сендердің мәтіндеріңді суреттермен безендірейік!


WordPad-те суреттермен жұмыс істеудің бірнеше мүмкіндігі бар.


1 -тәсіл

Мәтінге дайын суреттердің фрагменттерін қосу үшін алмасу буферін қолдануға болады.


2-тәсіл

Егер сендер иллюстрациялар дайындап, оларды файлдарда сақтасаңдар, онда Кірістіру => Кескін бұйрығын пайдаланыңдар.

Сурет мәтіннің символы сияқты болады:


Мәтіндегі суреттің мөлшерін қалай өзгертуге болады?


Бірақ, сурет – ол символ емес! Оны тышқанмен жай шерту арқылы ерекшелеуге, ал мөлшерін ерекшелеу маркерін тышқанмен жылжыту арқылы өзгертуге болады.


3-тәсіл

Егер сендер мәтінмен жұмыс істеу барысында кішкене сурет қосуды шешсеңдер, онда Кірістіру – бұйрығын пайдаланыңдар. Графикалық редактордың терезесі ашылады. Сендер суретті салып болып, Paint-ты жапқанда - сурет мәтіннің ішінде болады!

Мына сұраққа жауап беріп көріңдерші: құжатқа осындай тәсілмен қосылған суретті түзетуге (өзгертуге) бола ма?


Мұндай суретті енді өзгертуге болмайтынына көз жеткізесіңдер.


Түйін

Мәтінге кескінді 3 тәсілмен кірістіруге болады:

  1. Алмастыру буфері арқылы ()

Түсінудің алғашқы тексерілуі. Қарама-қарсы сұрақтар.

  1. WordPad -ты қалай іске қосамыз? (Пуск – Все программы – Стандартные - WordPad)

  2. Paint-ты қалай іске қосамыз? (Пуск – Все программы – Стандартные- Paint )

  3. Суретті мәтінге қосудың неше тәсілі бар? (3 тәсілі бар)

  4. 1-тәсілін түсіндіріп кетеміз. (Мәтінге дайын суреттің фрагментін қосу үшін алмасу буферін қолданамыз)

  5. 2-тәсілін түсіндіріп кетеміз. (Кірістіру – Кескін командаларын орындаймыз)

  6. 3-тәсілін түсіндіріп кетеміз.(Кірістірусуреті)

  7. Суретті алмастыру буферінен мәтінге кірістіруді сипаттаңдар (Суретті белгілеп алмастыру буферіне көшіреміз, мәтіндік редакторды қосамыз, орналастыратын жерге курсорды қойып Кірістіру батырмасын шертеміз)

  8. Кірістіру – Кескін және Кірістіру – Paint суреті бұйрықтары арасында қандай айырмашылық бар? (Кірістіру – Paint командасы арқылы суретке өзгеріс енгізе алмаймыз)

  9. Дайын құжатты қалай сақтаймыз? (Файл – Сохранить немесе Сохранить как батырмасын басамыз)

  10. Кез-келген программадан шығу жолдарын ата (Х батырмасын басу арқылы, Файл-Выход, Аlt+F4)

  11. Алмастыру буфері арқылы қандай іс-әрекеттерді орындай аламыз? (суретті ашу, қажет фрагментті ерекшелеу, оны алмастыру буферіне көшіру, алмастыру буферінен мәтінге кірістіру)

  12. WordPad-та Paint-та қандай программалар? (Стандартты программалар)


ІҮ. Бекітуді алғашқы ұйымдастыру.

Сын тұрғысынан сұрақтар қою.

Мұғалім оқушыларға сұрақ қойған кезде әдейі қате жауаптарымен береді. Дұрыс болса- «иә», қате болса- «жоқ» деп жауап беруі керек. Сын тұрғысынан сұрау кезеңі диагностикалық болып есептеледі. Бұл кезеңде мәтінмен жұмыс істеудің сапасы анықталады. Бұл кезең балалардың жұмыс істеу деңгейін, яғни, оқу техникасының көлемін және жылдамдығын көтеруді қалыптастырады.


  1. WordPad, Paint стандарттық программалар ма? (Ия)

  2. Суретті мәтінге қосудың 5 тәсілі бар. (Жоқ, 3 тәсіл)

  3. Дайын құжатты сақтау үшін Файл – Сохранить немесе Сохранить как батырмасын басамыз (Ия)

  4. Paint-ты іске қосу үшін Пуск – Все программы – Стандартные- WordPad командасын орындаймыз. (Жоқ)

  5. Кірістіру –командасы арқылы суретке өзгеріс енгізе аламыз(Жоқ, өзгеріс енгізе алмаймыз)

  6. 1-тәсілде Мәтінге дайын суреттің фрагментін қосу үшін алмасу буферін қолданамыз. (Ия)

  7. Кірістіру – Кескін және Кірістіру – Paint суреті бұйрықтары арасында ешқандай айырмашылық жоқ. (Жоқ. Айырмашылық бар Кірістіру– Paint арқылы өзгеріс енгізе алмаймыз)

  8. 2-тәсілде Кірістіру – Кескін командаларын орындаймыз (Ия)

  9. Кез-келген программадан шығу үшін Х батырмасын басу арқылы, Файл-Выход, Аlt+F4 командаларын орындай алмаймыз (Ия. Орындай аламыз)

  10. 3-тәсілде Кірістіру – Paint суреті командасын орындаймыз. (Ия)

  11. Суретті алмастыру буферінен мәтінге кірістіре алмаймыз. (Жоқ, Суретті белгілеп алмастыру буферіне көшіреміз, мәтіндік редакторды қосамыз, орналастыратын жерге курсорды қойып Кірістіру батырмасын шертеміз)

  12. Paint графикалық редакторында текст енгізе алмаймыз. (Жоқ. Paint графикалық редакторында А батырмасын басу арқылы текст енгізе аламыз)



Ү. Сөздік қор. Эссе жазу. 63 сөз болу керек (58-ден асса «+»)


ҮІ. Рефлексия. Сыныптың материалды меңгеру деңгейі анықталады.


ҮІІ.Бағалау.

  • 4-5 белгі - «5»

  • 3 белгі – «4»

  • 2 белгі – «3»

  • 1 белгі – «2»


ҮІІІ. Үй тапсырмасы: 4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 10.09.2016
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров115
Номер материала ДБ-183656
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх