Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Рабочие программы / М.Әуезов "Көксерек" әңгімесі

М.Әуезов "Көксерек" әңгімесі

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m5c89ad1c.gif



Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Дина Нұрпейісова атындағы орта мектеп







Тақырыбы: М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі (3- сағаты) Шығармадағы қасқыр мінезін суреттеудегі жазушы шеберлігі

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 7 б

Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Қарасаева Эльмира Тулешқызы















2014- 2015 оқу жылы



Бекітемін:

МДОІЖО: Л. Алдамжарова

Мұғалімнің аты-жөні

Карасаева Эльмира Тулешқызы

Дина Нұрпейісова атындағы орта мектеп

Өткізілген күні:

21.01.2015ж

Сыныбы:

7

Пәні:

Әдебиет

Сабақ тақырыбы:

Мұхтар әуезов «Көксерек» әңгімесі . (3- сағат) Шығармадағы қасқыр мінезін суреттеудегі жазушы шеберлігі

Сілтеме:

Білім стандарты,пән бағдарламасы, “Қазақ әдебиеті” 7- сынып, Алматы, ”Атамұра” 2012 жыл,Авторы: Р. Құтқожина.Қ. Бітібаева. Қ. Жаманбаева

Жалпы мақсаты:

Оқушыларға әңгіменің идеясын жан – жақты талдай отырып ашу;
Адамдар мен көк бөрінің іс – әрекеттерін саралай отырып, адамзаттың табиғатпен психологиялық тепе – теңдікті сақтау керектігін түсіндіру.
Қасқыр бейнесін суреттеудегі жазушы шеберлігін тану

Әдіс- тәсілдер:

«Мен сізді таныстырғым келеді», «Ортадағы қаламсап» ,«Жұптас-ойлан-талқыла» , «Гаухар иерархиясы», ресурспен жұмыс, «Ойланудың алты қалпағы» , «ойталқы» «Бір айналым сөйлем»

Күтілетін нәтиже

Әңгіме идеясы негізінде қасқырдың сипатын жан-жақты аша біледі. Адамзаттың табиғатқа жасаған қиянатын түсінеді.

Шағын топтарда жұмыстану арқылы бірін-бірі оқытуын қалыптастыру;

Тапсырманы орындағында бастапқы біліміне сүйеніп, алға қарай да өмірде пайдалану;

Өз бетімен білім алуға мүмкіндік туғызу;

Сыни тұрғыдан ойлануға мүмкндік туғызу.

Негізгі идеялар

Табиғатты аялау

Пікіралмасуда өз ойын еркін жеткізе білу. Адалдыққа , ізгілікке баулу

Дереккөздер

«Көксерек» «Шал» кинофильмдері, ресурстар



Тапсырмалар

Ұйымдастыру



Ортадағы қаламсап





Жұптас-ойлан-талқыла





































Білу, түсіну

(топтық жұмыс)






Қолдану (мәтінмен жұмыс)










































Талдау
















Сергіту сәті:


Жинақтау



















Бағалау


Рефлексия

Сабақтың эпигафы: Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысын тану арқылы қалыптастырады. (Ш. Айтматов)


«Мен сізді таныстырғым келеді...» тренингі . Басқа мектеп оқушысы болғандықтан танысып алу.

Пазлдар арқылы топқа бөлемін .

«Ортадағы қаламсап» әдісі арқылы топ басшысын сайлау.

Сұрақ: І топ: «Көксерек» кімнің шығармасы?

ІІ топ: «Көксерек» әңгімесінің шығу тарихына тоқтал

ІІІ топ: «Көксерек» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы неде?

Тез жауап берген оқушы топтық лидері, демек топ басшысы болады.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау: Жұптас-ойлан талқыла

Әр жұпқа тапсырма беріледі, соның негізінде жауаптарын әзірлейді.

1оқушы: мынау кім?

-Қасқырың болса қайтейін, менің қара ала төбетім бір-ақ бұрап соғады.Арашаламасаң әлдеқашан өлтіріп тастар еді. (Жұмаш)

2-жұп: мынау кім?

-Түу, мына кәпірдің екі көзі жап-жасыл болып кетіпті-ау, тұқымын сезген екен мына жүзіқара! Қой, балам, енді мұны өлтіріп терісін алайық. (Әжесі)

3-жұп: мынау кім?

-Іздегендеріңнің өзі- сол. Ел мен қосқа кезек тиеді. Бір кәпір сарқынды. Бәрін істеп жүрген сол. Енді , әттең дүние, соны бір ғана қолға берсе-ау! (Бейсембай)

4-жұп: мынау кім?

-А, құдай!... А,құдай!... Я, сәт! Я, аруақ! Я, ақсарбас!... (Бейсембай)

5-жұп: мынау кім?

-Қураған-ай, неңді алып ем?! Не жазып ем?... Бауырына салып өсіргеннен басқа не қып еді менің құлыным? (әжесі)

6-жұп: «Қай сәт бейнеленген?»

Ін үстіне мүйіз тұяқтылар тасырлатып, дүбірлетіп келді, айқай-дабыр молайды. Бірінің үстіне бірі келіп көбейді. Жерге ат үстінен тастаған ағаштар сарт-сарт түсіп жатты. Ін аузынан екі аяқтылар жабырлады. Көргіш көздер ін түбіне қадалды ( Адамдардың інге келген сәті)

7-жұп: «Қай сәт бейнеленген?» Жотадан жотаға жортты. Талай жерден қарауыл қарап, желге тұмсығын төсеп, алыстан тартқан бір иіспен жүріп отырып, бір қыстаудың желкесінен келіп шықты. Тау желкесіндегі бозқарағанды , қарлы адырдан арлы-берлі жүріп көп аңдыды. ( Көксеректің малды торуылдан жүрген кезі)

8-жұп: «Қай сәт бейнеленген?» Көксерек гүрілдеңкіреп, маңына көп дарытқысы келмей, әрлі-берлі ортқып , ашу шақырғысы келіп еді. Ақ қасқыр айнала қыңсылап, бұның ізін иіскеледі. Екеуін иістері табыстырды. Көксерек те айнала иіскеді. (Ұяласымен алғашқы табысуы)

9-жұп: «Қай сәт бейнеленген?» Үстіне гүрілдеген қасқыр төніп келгенде көзі бір ашылып, бір жұмылды. Басына таман арандай ашылып келе жатқан ауыздың жоғарғы жағында өзіне таныс құлақ көрінді. Сол жақтағы тілік құлақтың жартысы салпылдап тұр. Ақырғы сезген –білгені-сол. (Құрмаштың соңғы сәті)

10-жұп: «Қай сәт бейнеленген?» Көксерек те бағанадан қалыспған итке енді шын ойынды бастаған. Екеуі шапшысып тұрған бетте бірінен –бірі құлақ шекеден де, алқымынан да алғызбайтын болды. Алдыңғы аяқтарымен ұстасып тіресіп тұрып, сол сәтті аңдағанда екеуі де тез іс бітпейтінін ұққандай болды (Аққасқа мен Көксеректің арпалысқан кезі)

б) Жаңа сабақты түсіндіру: Шығармадағы қасқыр мінезін суреттеудегі жазушы шеберлігі.

«Гаухар иерархиясы»

Ітоп: Қасқыр тіршілігін суреттеу

ІІ топ: Қасқырлар ұясын адамдардың талқандауын суреттеу

ІІІ топ: Көксерек портреті, биологиялық дамуы


І топ тапсырмасы: Портрет дегеніміз не?

Үзіндіде ненің портреті бейнеленген? Теңеуді табыңыз.

....... бойы қасқырдан кіші емес.Аяқтарының жуандық сомдығы да содан кем емес.Өзінің барлық тұлғасында қасқырға ұқсайтын бітімі бар.Түсі тазылар түсіндей емес, қасқыр түстес. Дене жүні ақ сарылау келген де, маңдайы шаңқиған ақ маңғал қасқа болатын.Екі көзі шатынап шарасынан шығып тұрғандай үлкен.Үнемі от шашып тұратын қып-қызыл көз.Ашу да, ерлік те бір өзінде.

Екі шекесі «торсықтай» деп аңыз қыларлық.Бұның да жотасы күлдіреуіштей.Құйрықтан ауыз омыртқаға шейін дөң сияқтанып, күдірленіп, дүңкиіп тұрады.Оның үстіне шеке мен мойын тұп-тұтас болып келіп, шеңбер төске қосылған.Алдыңғы жағы арыстан бейнесіндей.

.... өте қабаған.Сіркесі су көтермейтін долы, ызалы.Сондықтан ауылға келгенде шынжырдан босамайды.

ІІ топ тапсырмасы: Пейзаж дегеніміз не? Қасқырлар мекенін суреттеудегі жазушы шеберлігі неде? Эпитетті табыңыз.

Қараадырдың қарағанды сайы елсіз.Айналада қабат –қабат шұбар адырлар. Жақын төбелердің барлығын аласа бозқараған, тобылғы басқан.

Сай бойында май айының салқын лебі сезіледі. Бастары көгеріп, бүрленіп қалған қалың қараған жел лебімен сыбдыр-сыбдыр қағып теңселіп, ырғалып қояды. Маңайдан жуалардың, жас шөптердің иісі келеді.

Ұзын кең өлкені қаптай басқан қарағанның ортасында да терең құз жар бар.. Соның бас жағында, итмұрынды қалың жыныстың арасында қасқыр іні бар. Жақын елге мәлім-ескі ін. Жазға салымнан бері соны екі қасқыр келіп мекен етті. Бұрын итмұрын жанындағы кішкентай алаңда кісі кеңдігі сыйғандай үш үлкен ін болатын. Биыл жас топырағы жағасында дөңкиіп, тағы бір жаңа ін шыққан.

ІІІ топ тапсырмасы:

Берілген үзінділердегі көркемдегіш тәсілге теориялық анықтама бер.

1)Көқксерек қара аланы тамағынан қысып, буындырып тұрып-тұрып қоя берді де, жотасы үдірейіп, топтан шыға берді.

2)Қасқыр артына айналып тап бергенде, мөңкіп жүрген боздан бала аударылып құлап түсті.

3)Қораны өрт шыққандай, жер сілкінгендей дүр-дүр еткізіп келіп, қақ жарып шыққанда, аузына кем болса бір-екі батпан құйрық ілінбей қалмады.


Ойланудың 6 қалпағы (еркін талқылау)


 

Ақ қалпақ

Көксерек адамдар арасына неге сіңіп кете алмады?

(Негізгі фактілерге тоқталу)

Қызыл қалпақ

Көксерек туралы ауыл адамдары не дейді, қандай пікірде ?

Сары қалпақ

Көксерек неге Құрмаштан гөрі ақ қасқырға бауыр басты?

Қара қалпақ

Көксерек неге Құрмаштан гөрі ақ қасқырға бауыр басты?

Жасыл қалпақ

Автор орындығы” егер автор болсаң әңгімені қалай аяқтар едің?

Көк қалпақ

Шығармадан қандай ой түйдің?


Сергіту сәті: Қасқырды қолға үйретуге бола ма? Қасқыр туралы мақал- мәтел айт.


Ойталқы:

«Құрмаштың өліміне Көксерек кінәлі ма?»

Даттаушы топ: Адам- ең саналы тіршілік иесі.

Өлшемі: барлығы адамға бағыну керек.

Жақтаушы топ: қасқыр да табиғаттың бір бөлшегі.

Өлшемі: табиғаттағы барлық тіршілік иелерінің өмір сүру құқы бар.


Сарапшы топ: әңгімедегі бейкүнә бала Құрмаштың өлімі- табиғаттың адамға берген жауабы секілді, екі аяқты пенделер – біздер, табиғаттың заңдылығын бұзуға хақымыз жоқ.Себебі, адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік сақталуы тиіс

Түйіндеме :

«Көксерек» әңгімесінде жазушы қасқырдың мінез-құлқы, өзіне тән табиғи қасиеттерін тақырып етіп алып, айнала қоршаған табиғаттың өз заңы , өзіндік ерекшелігі бар, оны адамдар түсіне білуі қажет. Шығармада М.Әуезов табиғат пен адам арасындағы байланысты түсінікті негізгі идея етіп көрсетеді.


«Бір айналым сөйлем»


Сабақтан алған әсерім .Көңіл күй смайлигіне стикерлер ілу.

Не нәрсе оңай болды? Не нәрсе қиын болды?Нені білгің келеді?


Кейінгі тапсырмалар

Қасқыр тақырыбында тереңірек білгің келсе ұлылардың үндестігіне назар аударып,

Джек Лондон «Қасқыр» ,Ш. Айтматов « Жан пида» тақырыбындағы шығармаларын оқу

.



Бағалау бетшесі

Оқушының аты-жөні:______________________________________

Cыныбы:______________

Жалпы ақпаратты түсінуі, меңгеруі

Крите рий

Жетістік

Дескриптор





А (max 6)

Білу, түсіну

(гаухар иерархиясы)

0

Әңгіме мазмұнын меңгермеген, тапсырма бойынша жауап бере алмады.

1

Әңгімені түсінбеген, кейіпкердің бейнесін аша алмады

2

Әңгімені түсінген , бірақ кейіпкерлер бейнесін аша алмады.

3

Кейіпкерлерді таниды,бірақ олар туралы фактілер бұрмаланған.

4

Оқиға болған сәтті дәл тапты, бірақ ойын жеткізуде дәлелсіздіктер кездеседі

5

Кейіпкерлерді , мәтінді толық меңгерген , бірақ өз тұжырымын айта алмады.

6

Әңгімені толық түсінген , келтірілген үзінді болсын , кейіпкерлері болсын дәл тауып, өзіндік қорытынды жасап отыр

Мәтінді әдебиет теориясы тұрғысынан талдауы

Крите рий

Жетістік

Дескриптор





В(max 6)

Қолдану

(ресурс пен жұмыс)

0

Үзіндідегі бейнені тани алмады.

1

Әдеби-теориялық ұғымның анықтамасын білмейді.

2

Мәтіндегі көркемдегіш тәсілді таба алмады.

3

Анықтамасын білгенімен , мәтіннен мысал келтірмеді

4

Теориялық тәсілді тануы толық емес.

5

Көркемдеуіш тәсілдерді ажыратуда ауытқу бар

6

Анықтамасын айтып, мәтіннен дәл таба білді.







Жалпы ақпаратты төңірегінде талдау жасай білуі

Крите рий

Жетістік

Дескриптор





С (max 6)

Талдау, жинақ

тау

(ойлану

дың алты қалпағы, ойталқы)

0

Өз ойын жеткізе алмады.

1

Өз ойын жеткізуде нақты аргументтер келтіре алмады.

2

Сөйлемдерін құрап айтуда стильдік қателерге бой алдырды.

3

Өз пікірін жеткізді, бірақ баяндауда ой жүйелілігі болмады.

4

Өз пікірін жеткізуде дәлелдемелерге сүйенді, бірақ өз тұжырымын айта алмады.

5

Өз ойын еркін дәлелдемелермен жеткізді, бірақ өзіндік тұжырым жасауда ауытқу бар

6

Ойын жеткізуде нақты аргументтермен , өзіндік қорытынды жасай отырып дәл ,анық ,нақты жеткізе білді.





Оқушының оқу жетістігін бағалау критерийлері

Критерий

Жетістіктің ең жоғарғы деңгейі

А

Білу, түсіну

6

В

Қолдану

6

С

Талдау, жинақтау

6

Барлығы

18





Бағалау шкаласы:

«5»- 15-18 ұпай (100%-89%)

«4»- 12-14 ұпай (75%-88%)

«3»- 9-11 ұпай (61%-74%)

«2»- 0-8 ұпай (60% төмен)







Краткое описание документа:

Сабақ тақырыбы:

Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесі . (3- сағат) Шығармадағы қасқыр мінезін суреттеудегі жазушы шеберлігі

Сілтеме:

Білім стандарты,пән бағдарламасы, “Қазақ әдебиеті” 7- сынып, Алматы, ”Атамұра” 2012 жыл,Авторы: Р. Құтқожина.Қ. Бітібаева. Қ. Жаманбаева

Жалпы мақсаты:

Оқушыларға әңгіменің идеясын жан – жақты талдай отырып ашу;
Адамдар мен көк бөрінің іс – әрекеттерін саралай отырып, адамзаттың табиғатпен психологиялық тепе – теңдікті сақтау керектігін түсіндіру. Қасқыр бейнесін суреттеудегі жазушы шеберлігін тану

Әдіс- тәсілдер:

«Мен сізді таныстырғым келеді», «Ортадағы қаламсап» ,«Жұптас-ойлан-талқыла» , «Гаухар иерархиясы», ресурспен жұмыс, «Ойланудың алты қалпағы» , «ойталқы» «Бір айналым сөйлем»

Күтілетін нәтиже

Әңгіме идеясы негізінде қасқырдың сипатын жан-жақты аша біледі. Адамзаттың табиғатқа жасаған қиянатын түсінеді.

Шағын топтарда жұмыстану арқылы бірін-бірі оқытуын қалыптастыру;

Тапсырманы орындағында бастапқы біліміне сүйеніп, алға қарай да өмірде пайдалану;

Өз бетімен білім алуға мүмкіндік туғызу;

Сыни тұрғыдан ойлануға мүмкндік туғызу.

Автор
Дата добавления 02.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1433
Номер материала 261447
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх