Инфоурок Другое Конспекты"М.Әуезовтың өмірі мен өнер жолы, ұлылық үлгісі."

"М.Әуезовтың өмірі мен өнер жолы, ұлылық үлгісі."

Скачать материал

Тақырыбы:  М.Әуезовтың  өмірі  мен  өнер  жолы,  ұлылық  үлгісі.

 

Сабақтың  мақсаты: 

1.Білімділік: 

а)  жазушының  әлемдік  мәдениетке  қосқан  үлесі  туралы  оқушылардың  білімдерін  жүйелеу.

ә)  ұлы  суреткердің  алғашқы  шығармаларынан  көрінетін  азаматтық  рух,  еліне,  халықына  деген  махаббатының  мән-мағынасын  ашу.

б)  эпопеяға  барар  жолдағы  автор  ізденісіне  негіз  болған  қайнар  бұлақтар;

2.Дамытушылық:

а)  өнерге  айналған  өмірді  танып  білу,  өзіндік  тұжырым-пікір  жасау  дағдыларына  үйрету;

ә)  жазушының  суреткер  ретіндегі  ойшылдық  шеберлігіне,  тереңдігіне  ену,  ұғып,  меңгеру.

3.  Тәрбиелік:

а)  туған  халқының  тағдырына  ортақтасу.  Адамдық,  сүйіспеншілік  өсиеттерге  баулу.

ә)  азаматтық  шығармашылығына  байланысты  альбомдар,  буклеттер,  зерттеу  еңбектер,  кітаптар  көрмесі,  ауызша  әдеби  журнал,  газеттік,  журналдық  басылымдар  т.б.

 

Сабақтың  барысы:

І.  Ұйымдастыру  кезені:  сәлемдесу,  түгелдеу,  оқу  құралдарын  даярлау,  жаңа  сабаққа  назарларын  аудару.

 

Жаңа  сабақ: 

«Бүкіл  әлемді  көз  алдыңа  келтіру  үшін,  басқалардың  көзіне  түсіру  үшін,  адам  рухының  қадір-қасиетін  асқақтата  көтеріп,  жар  салу  үшін,  (адам)  өз  биігің – М.Әуезов  сияқты  асқар  шыңың  болуы  керек»...

 

М.Әуезовтың  ұлылығын  түсініп,  шыңына  шығу  сабақтың  негізгі  мақсаты  екенін  айтып  кетемін.

Қызығушылық  ояту

Мағлұмат  тани  білу

Тақырып  туралы  толғаныс

М.Әуезов  өмірінің  ой  мен  қыры  мол,  өте  күрделі;  тарих  төрінен  алатын  орны  ерекше,  өзіне  қызықтырып,  тарта  береді

Ұлы  эпопеяға  апарар  жолдың  басы,  Абай  шығармаларын  танып-білуден  басталатын  сияқты

М.Әуезовтің  қиял-ойы  шексіз  терең;  Мұхтар  аға  мұхитына  терең  бойлаған  сайын  ойыңа  ой,  сезімге  сезім  қосылады;  жан  дүниеміз  байи  түседі.

 

Оқушыларда  ой  қозғау  мақсатында:  «Жазушы,  ірі  суреткер,  ойшыл,  ғалым,  ұлағатты  ұстаз  М.Әуезов  жайында  не  білеміз?»  деген  сұрақ  қойылады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Өзім  шолу  ретінде  жазушының  өскен  ортасы,  балалық  шағы,  білім  алу  жолы,  әдеби  және  қоғамдық  қызметінің  алғашқы  кезеңі  т.б.  Сондай  өсу,  іздену,  кемелдену  шағын  әңгіме  өзегіне  айналдырып  баяндаймын.  (Жазушы  өміріне  арналған  хронологиялық  кестені  пайдалану).

Н.Погодин:  «Әуезов  Қазақстан  үшін  екінші  Абай,  біз  үшін  Шығыстың  Шолоховы  еді».

М.Әуезовті  «Екінші  Абай»  деуде  де  белгілі  мағына  бар.  Абай-ұлы  реалист  ақын.  Ол  өз  заманының  өмір  шындығын  суреттеп,  халқының  мұң-мүддесін  жырлаған  биік  поэзия  жасады.  М.Әуезов  болса,  ол  да  сол  заманның  өмір  шындығын  тұтас  қамтып,  халық  өмірінің  ойы  мен  қырын  қопара  суреттеген  көркем  прозаның,  кең  мағынасында,  нағыз  поэзияның  жаңа  шыңын  жасады.  Абай  сыншылдық  реализм  тұрғысынан  өз  заманының  әлеуметтік  міндерін  сынай,  шеней  суреттесе,  М.Әуезов  те  реализм  тұрғысынан  сол  міндерді  туғызған  себептер  мен  заңдылықтарды  және  олардан  арылу  жолдарын  ашып  суреттеді.  Абайдың  эстетикалық  мұраты-туған  халқының  алдан  күткен  арманына  сайса,  М.Әуезовтің  де  эстетикалық  мұраты-туған  халқының  алдағы  заманда  орындалған  арманына  саяды.  Абай  геройлары – М.Әуезовтің  де  геройлары – ал  Абай  өз  творчествосының  ол-эпикалық  геройы. 

         М.Әуезовтің  өз  халқының  жүрегіне  үңіліп,  ұлы  Абай  шеше  алмаған  түйіндерді  шешуді  мақсат  еткенін  айтамын.

Жаңа  сабақты  пысықтау:

Жазушы  шығармашылығын  таныстыруды  өзімен  істес  болған,  бірге  өсіп,  бірге  оқыған  басқалардың  естеліктері  ұлылықтың  қыры  мен  сырын  үйретеді.  Мұндай  дүниелер  бүгінгі  жас  ұрпақтың  сана  сарайын  ашудағы,  үлгі-өнеге,  тәрбие  берудегі  асыл – қазыналардың  бірі.  Мысалы,  «Естеліктер  сыр  шертеді»  атты  әдеби-альманах  журнал  жинағы  әр  қазақ  мектебінде  болса  нұр  үстіне  нұр  болар  еді.

Жазушыға  талай  ақындар  жүрек  жарды  сүйікті  жырларын  арнады.  Сондықтан  сабақтың  қорытынды  бөлігін  «Ақындарды  тыңдаймыз»  атты  әдеби  жинақтан  өлең  тыңдап,  поэзия  минутына  арнаймын.  Кейбір  үзінділерді  нақышына  келтіріп,  мәнерлеп  дұрыс  оқи  алатын  оқушыларға  беремін.

1-оқушы:  М.Шаханов  «Менің  есімімді  неге  Мұхтар  қойған?».

2-оқушы:  С.Мәуленов  «Мұхтар  асуы».

3-оқушы:  С.Жусуев  (қырғыз  ақыны).

4-оқушы:  Араб  елінің  әйгілі  ақыны  Әбу-Хамисиденнің  «Жарық  жұлдыз»  атты  өлеңі.

Бұл  дүниелердің  бәрі  құнды,  көпшілігін  оқушылар  жатқа  біледі.

Оқушылардың  әрқайсысы  өзі  пікір-тұжырым  жасайды.  Ортақ  пікірлер:

1.       «М.Әуезов  мұраларының  мәңгілігін  танып,  көркем  ой  алыбын  көз  алдымызда  елестетеміз»,  қарапайым  ағаның  жан  дүниесін  таныдық.

2.       Ақындармен  бірге  біз  де  ересек  талант  иесіне  сүйсінеміз.  Мұхтар  деген  аттың  бізге  соншама  ыстық,  қазақ  елінің  мақтанышына  айналған  есімге  құрметпен  қараймыз.

3.       «Қазақ  әдебиетінің  дүниежүзілік  аренаға  шығуы  М.Әуезов  шығармаларының  арқасы  екенін  толық  түсініп  білдік»  т.б.

4.       «Қазақ  тілінің  құдыретті  күші  мен  барша  сұлулығын  танытып  берді»  т.б.

 

Келесі  кезекте  оқушылармен  бірлесе  отырып  «Не  білдік,  не  таныдық,  не  үйрендік?»  сұрақтарын  ой  елегінен  өткізіп,  сабақты  қорытындылаймын.  Ең  бастысы,  оқушылар  тарих  көшімен  бірге  мәңгіге  ұласа  берер  есім – М.Әуезовке  деген  адал  махаббат  пен  ыстық  сезімді  түйсінеді,  ұлы  тұлға  бейнесі  оқушы  санасында  жаңғыра  түседі.      

 

Бағалау.

 

Үйге тапсырма:

 

Қорытынды.  

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""М.Әуезовтың өмірі мен өнер жолы, ұлылық үлгісі.""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Таргетолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 611 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.11.2016 778
    • DOCX 50 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Карбаева Армангуль Куандыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1583
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Предпринимательские риски

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология развития личности: от мотивации к самопониманию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 84 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Мини-курс

Занятия спортом при заболеваниях опорно-двигательного аппарата

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 48 человек
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции