Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы"

"Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Мақсаты: М. Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, түсіндіру, сезіндіру шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну.

Дамытушылығы: Оқушының жан - жақты ойлануын,ізденуін дамыту, өлеңге деген ынтасын арттыру.
Тәрбиелігі: Адамгершілікке, Отанды сүюге, табиғатты аялауға, оларды ұмытпай есте сақтауға үйрету.
Көрнекілігі: М. Мақатаевтың портреті, кітап көрмесі, слайд.

Баяу музыка ойнатылады. Жарық Мұқағали Мақатаевтың суретіне түсірледі. Фариза Оңғарсынованың «Ұлы Мұқағалиға» өлеңі оқылады.

1-оқушы. Аспан таудың ақиық сен ақыны,

Өлең, жырдың жанашыр шын жақыны.

Мұқағали өлсе де, жыры өлмейді,

«Ақынның аты өлмейді» ел нақылы.

Тіршілікте жарық көрді «Өмірдастан»,

Ақындардың бірі ғой аруағы асқан.

Сусындатып өлеңің кәусарынан,

Кәрі, жас құмарланып шөлін басқан.

Ең бірінші бақытың халқың болды,

Өлеңмен сусындаттың оң мен солды.

Музадағы марсқа Мақатаев,

Поэзия шыңына салды жолды.

Жай ойнап, жүрек отың жалындаған,

Селдетсе – сескенердей дәуір, ғалам.

Ей, Әлем! Құшағыңды аш, тербет жанын –

Келеді Қарасаздан дауыл балаң!

«Менің анкетам» (оқушылар кезекпен рөлге бөлініп оқиды)

- Туған жерің?
- Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың.
- Туған жылың?
- 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
- Жынысың кім?
- Еркекпін ғой, еркекпін!
- Және - дағы тәуірмін...
- Партияда барсың ба?
- Жоқпын.
- Бірақ, коммунистік көзқараспен қараймын.
- Шыққан тегің?
- Шаруамын.
Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
- Білімің ше?
- Орташа ғой.
Алайда оны жоғарыға балаймын.
- Ана тілің?
- Қазақша.
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.
- Қайда істедің?
- Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.
Оқымаған дипломсыз демесең
Бір басымнан бар мамандық табылар.
- Міндетісің бе әскерге?
- Міндеттімін.
Бірақ әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой,
Жанын қиған Мәскеуге.
- Сөгіс алып көрдің бе?
- Ол жағынан періште едім дей алмаймын,
Мен мүлде.
Ойлы - қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...
- Шетелдерде болдың ба?
- Болғамын жоқ.
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,
Осы отырған орнымда - ақ.
- Мекен - жәйің?
- Мекен - жәйім – жер менің,
Жерде өскен ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар!Қымбатты ұстаздар оқушылар!қазақ поэзиясында ерекше нұрланып, жұлдыздай жарқырап өткен, хантәңіріндей асқақ тұлғалы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби-сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші: «Арыз жазып кетейін»

Бүгін менің туған күнім,

Ой, бәле-ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны – ай!

Мына дүние неге жатыр үндемей...
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.
Құшақ - құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
«Мынаушапан,
мынау – атың, мін» - демей.
Тойланбаса, тойланбасын,
Не етейік.
Той көрмей - ақ, сый көрмей - ақ өтейін
Қаламымды берші маған бәйбіше,
Болашаққа арыз жазып кетейік...

1-жүргізуші: Ақынның әкесі Сүлеймен шаруа адамы болған. 1941 жылдың желтоқсанында майданға аттанып, Калининград маңайында болған сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза табады.
2-жүргізуші: Шешесі Нағиман өте қарапайым адам екен. Мұқағали шаңырақтың тұңғышы болғандықтан, оны әжесі Тиын өз бауырына салады. Мұқағали өзінің әжесі жайында: «Мені сөзге, жырға үйреткен, тәрбиелеген, халықты сүюге үйреткен, әжем» - дейді.

3-оқушы «Әке» Сұлтанов Аслан

4-оқушы «Мен дағы өлең жазбаймын.» Ғадамша Алтынбек

5-оқушы «Ақ кимешек көрінсе» Молдабеков Темірлан

6-оқушы «Шыда, шыда...»

1-жүргізуші: Мұқағали туған жерді, Отанды сүю тақырыбына көсіле өалам тартқан қаламгер, әрбір өлеңі көтеріңкі азаматтық үнмен, табиғаттың қайталанбас суреттерәмен астарласып жатады.

2-жүргізуші: Білесің бе,

Отанның не екенін?!

Екі Отан жоқ

Жалғыз Отан –мекенің, деп жырлаған ақын өз Отанын сүюді өзі туған Қарасаз ауылы мен Нарынқол тауларынан, Айғатас пен Саржайлаудан бастайды.

7 – оқушы. «Отан» Мысыров Тимур



1-жүргізуші: Ән сал, жаным

Әніңмен тербет мені.

Бір сәтке, тынсын тірлік жер – көктегі,

Дала ұйысын,

Дамылдап таулар жатсын,

Таулар жатсын, мәңгілік жөргектегі.

Мұқағали Мақатаев сөзіне жазылған «Бақыт деген..» әні орындалады.

1-жүргізуші: Мұқағали әр күн, әр сағатта халықпен бірге жүрді. Халықтан үйренді,халқын сүйді, оның әрбір сөзін алтынға бағалады.

2-жүргізуші:

Бұл өмірден сұрамаймын ештеңе,

Сұрамаймын алтын менен көр жақұт.

Бір өзіме жетеді маған берсе де,

Халық, Отан, Тіл дейтұғын үш бақыт.

8-оқушы. «Үш бақытым» Таңатар Әли

9-оқушы. «Отанымды сүйемін» Қанатова Ақбота

«Балбырауын» биі.

1-жүргізуші: Ақын жырлаған өлеңдерінің үштен бірі табиғат, қоршаған орта, адам жайлы. Өр ақын, мұнды ақын өзін кейбір адамдар түсінбегендіктен: «Менің кім екенімді табиғаттан сұра, табиғат менің жанымды ұғынады» , - деп бар құпиясын табиғатқа ашады.

2-жүргізуші: Табиғат тақырыбымен астарласа келген таудың суреттелуі тума таланттың иамаша өлеңдер тобын құрайды. Аспан тауларына ақиығы, табиғатын ар да емген ерекше туындысы – Хан Тәңірі биігінен поэзиялық күш алған ақын, өзін « Мен таулықпын» деп жырға қосады.

10-оқушы «Қыс келген күн» Серіков Сұлтан

1-жүргізуші: Ақын Фариза Оңғарсынова «Мұқағали біздің замандасымыздың поэзиясы – азаматтық пен адамгершіліктің симфониясы» деген екен.

2-жүргізуші: «Мені түсінгісі келген адам менің өлеңімді оқысын», - деген ақынның сөзі расқа шықты. Мұқағали жырлары тіршіліктің тамырындай өміршең, мәңгілік жырлар.ендеше, сол бір мәңгілік жадымызда жаңғырған жыр жолдарына кезек берсек.

\

\

11оқушы «Қара өлең» Сабыр Бекзат

Қарағым мен Лермантов, Пушкин де емен,

Есенеймін демедім ешкімге мен.

Қазақтың қара өлеңі – құдіретім,

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.

Ақынмын деп қалай мен айта аламын

Халқымның өз айтқанын қайталадым

...Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіңе қайтарамын.

1-жүргізуші: 1976 жылы 27 наурыз.

Бұл күн қазақ поэзиясының басына қайғы үйірілген, орны толмас қаралы күн болды. Бұл күні ажал атты келместің кемесі өз Барсакелмесіне ғаламат ақынымызды мәңгілікке алып кетті.

2-жүргізуші: Әрине суық қайғы, суық қайғы.

Көңілін халқың бірақ суытпайды.

Егер де халық өзін ұмытпаса,

Бақұл бол, халқың сені ұмытпайды.

Ақын бар – жоғы 45 жасында бұл өмірмен қоштасты.

12-оқушы «Өзімнің есебімше» Садықова Аружан

16-оқушы «Автограф» Есқалиев Рустем

1-жүргізуші: «Естеліктер» кітабындағы Нұрғиса Тілендиевтің мына бір жазғанын тыңдап көрелік.

Мұқағали дүниеден өткен соң қатты күйзелдім, жүрегім әлсіреп, айға жуық емханада жаттым. Арада 2 ай өткен соң жұмысқа киетін бешпентімнің қалтасынан хат шықты. Мұқағалидың жазуы: «Аға, мен ғой. Дертім қозып барады. Не боларын білмеймін. Мынаған назар аударып көрерсіз». Жаным күйзеліп отырып,ақын інім көз жұмғаннан кейінгі екінші айдың бір ауыр күнінде әлгі өлеңге ән жаздым.

Бұл «Есіңе мені алғайсын»

«Есіңе мені алғайсын»

1-жүргізуші: «Мен сірә өлмейтін шығармын»деп ақын өзі айтқандай «Ғасыр ақыны» , ҚР мемлекттік сыйлығының иегері Мұқағали мәңгілік жасай бермек. Әне, ол мұзбалақ қыранша дүр сілкініп, әПоэзия көгінің жарық жұлдызындай» жарқылдап жып оқып тұр.

2-жүргізуші: Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы

Өлмейтұғын артында сөз қалдырған, - деп Ұлы Абай атамыз айтпақшы, өлең өлмейді, олай болса Мұқағали Мақатаев та көз жұмған жоқ, қатарымызда, күнбе-күн қасымызда.

1-жүргізуші: Талай нөсер төгілер, болар жасын,

Алапат күш әйтеуір жоламасын.

Мына нұрлы өмірге тірек болған,

Адамзаттың ұрпағы жоғалмасын, - деп ақын өзі айтып кеткендей, оның жырлары әлі сан ұрпақтың шөлдегеніне – сусын, шаршағанына – сая, дертіне – шипа, шалдыққанына – демеу болатыны сөзсіз. Себебі, оның жырларын үлкендер де сүйіп тыңдайды, жастар да сүйіп әнге қосады.

Ән: «Сарыжайлау»

2-жүргізуші: Аунап түсіп орныңнан жатырмысың,

Аруағыңа иемін басымды шын.

Қанатынан қыранның қуат алған,

Ең мықты ғасырыңның ақынысың, - дей келе ғаламат ғасыр ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-сазды кешімізді аяқтаймыз.


57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Краткое описание документа:

Мақсаты: М. Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, түсіндіру, сезіндіру шығармашылығының музыкасымен  үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну.

Дамытушылығы:
Оқушының жан - жақты ойлануын,ізденуін дамыту, өлеңге деген ынтасын арттыру.
Тәрбиелігі:
Адамгершілікке, Отанды сүюге, табиғатты аялауға, оларды ұмытпай есте сақтауға үйрету.
Көрнекілігі: М. Мақатаевтың
портреті, кітап көрмесі, слайд.

Баяу музыка ойнатылады. Жарық Мұқағали Мақатаевтың суретіне түсірледі. Фариза Оңғарсынованың  «Ұлы Мұқағалиға» өлеңі оқылады.

1-оқушы. Аспан таудың ақиық сен ақыны,

Өлең, жырдың  жанашыр шын жақыны.

Мұқағали өлсе де, жыры өлмейді,

«Ақынның аты өлмейді» ел нақылы.

Тіршілікте жарық көрді «Өмірдастан»,

Ақындардың бірі ғой аруағы асқан.

Сусындатып өлеңің кәусарынан,

Кәрі, жас құмарланып шөлін басқан.

Ең бірінші бақытың халқың болды,

Өлеңмен сусындаттың оң мен солды.

Музадағы марсқа Мақатаев,

Поэзия шыңына салды жолды.

Жай ойнап, жүрек отың жалындаған,

Селдетсе – сескенердей дәуір, ғалам.

Ей, Әлем! Құшағыңды аш, тербет жанын –

Келеді Қарасаздан дауыл балаң!

«Менің анкетам»  (оқушылар кезекпен рөлге бөлініп оқиды)

 

- Туған жерің?
- Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың.
- Туған жылың?
- 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
- Жынысың кім?
- Еркекпін ғой, еркекпін!
- Және - дағы тәуірмін...
- Партияда барсың ба?
- Жоқпын.
- Бірақ, коммунистік көзқараспен қараймын.
- Шыққан тегің?
- Шаруамын.
Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
- Білімің ше?
- Орташа ғой.
Алайда оны жоғарыға балаймын.
- Ана тілің?
- Қазақша.
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.
- Қайда істедің?
- Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.
Оқымаған дипломсыз демесең
Бір басымнан бар мамандық табылар.
- Міндетісің бе әскерге?
- Міндеттімін.
Бірақ әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой,
Жанын қиған Мәскеуге.
- Сөгіс алып көрдің бе?
- Ол жағынан періште едім дей алмаймын,
Мен мүлде.
Ойлы - қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...
- Шетелдерде болдың ба?
- Болғамын жоқ.
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,
Осы отырған орнымда - ақ.
- Мекен - жәйің?
- Мекен - жәйім – жер менің,
Жерде өскен ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!

Автор
Дата добавления 27.04.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров458
Номер материала 498454
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх