Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Биология / Конспекты / "Мутациялық өзгергіштік" (10 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Биология

"Мутациялық өзгергіштік" (10 класс)

библиотека
материалов

hello_html_3ad2c15.gifhello_html_m33bd9453.gifhello_html_m7611c927.gifhello_html_60756d3d.gifhello_html_mc44f680.gifhello_html_m3b87b99a.gifhello_html_m5a98c4a7.gifhello_html_63047002.gifhello_html_749e1ac0.gifhello_html_mf4b099b.gifhello_html_7daee0af.gifhello_html_m115b4899.gifhello_html_6cfbe65b.gifhello_html_m2a4cc733.gifhello_html_6b647f10.gifhello_html_5ed49eb5.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_82fdc8b.gifhello_html_m2a7690f7.gif

Мерзімі 22.04.15ж. Уақыты 8:50 – 9:35 Сыныбы 10 «Б» Өтілетін орны № 23 каб. Пәні биология Пән мұғалімі Жанузакова А.Б Сабақтың тақырыбы: §49. Мутациялық өзгергіштік

Сабақтың мақсаты: оқушыларға мутациялық өзгергіштіктің түрлері және олардың пайда болу себептері, организмдерге әсері туралы түсінік беру. Сабақтың міндеттері:

білімділік – мутацияның түрлерін, типін, өзгеру сипатына қарай пайдалы – зиянды жақтарын ажырата білу;

дамытушылық – оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, дүние танымын кеңейту, логикалық ойлау, сөйлеу, түсіну дағдысын қалыптастыру;

тәрбиелік – ұлтымыздың гендік тазалығын сақтауға, оны өміріне қолдана алуға, салауатты өмір салтын ұстануға баулу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: СТО стратегиясының элементтері, сұрақ-жауап, әңгімелесу, топтық жұмыс, ойын, сызықтық тест, венн диаграммасы Көрнекілігі: таратпа материалдар, слайд, стикер, бағалау парағы, интерактивті тақта. Пәнаралық байланыс: математика, тарих

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі 1. Ынтымақтастық атмосферасын құру 2. Түрлі –түсті стикерлер арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Сұрақ-жауап арқылы ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау «Қатені тап» ойыны IV. Жаңа сабақ 1. Бейнеролик көрсету 2. Топтық жұмыс 3. Постер қорғау 4. Сергіту сәті V. Жаңа сабақты бекіту Сызықтық тест VІ. Жаңа сабақты қорытындылау Венн диаграммасы VІІ. Үйге тапсырма беру §49. Түсініп оқу, 1, 2 - жаттығуларды орындау. VІІІ. Бағалау Бағалау парақшасы қорытындысы бойынша.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі 1. Ынтымақтастық атмосферасын құру 2. Түрлі –түсті стикерлер арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Сұрақ-жауап арқылы

1 -топ. 1. Өзгергіштік деген ұғымды қалай түсінесің? 2. Өзгергіштік қандай типтерге бөлінеді? 2 -топ. 3. Модификациялық өзгергіштікті өмірмен байланыстырып бірнеше мысал келтіріңдер. 3 -топ 4. Организмдердің үшін «реакция нормасы» дегеніміз не? 5.Модификациялық өзгерістердің тұқым қуалау түрі бар ма? 4-топ 6. Модификациялық өзгергіштікті зерттеудің статистикалық әдістеріне сипаттама беріңдер.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау «Қатені тап» ойыны 1.Модификациялық өзгегішітік тұқым қуаламайды. 2.Даралардың генотипінің әр түрлі болып өзгеруін, модификациялық өзгергіштік деп атайды. 3. Өзгергіштік тек өсімдіктерге ғана тән. 4. Құрғақ жерде өскен бақбатың, ылғалды жерде өскен бақбақтан генотиптік айырмашылығы бар. 5. Өзгергіштіктің төрт түрі бар.

ІІІ. Жаңа сабақ 1. Бейнеролик көрсету 2. Топтық жұмыс 3. Постер қорғау

Мутация дегеніміз – хромосомалар мен гендердің кездейсоқ өзгеруінен пайда болатын, тұқым қуалайтын өзгергіштік. Бұл ұғымды ең алғаш рет нидерландық Гуго Де Фриз қалыптастырды. Ол есекшөп (энотера) өсімдігінің кейбір белгілерінің қалыпты жағдайдан ауытқитынын және олардың тұқым қуалайтынын байқады. Осы зерттеудің негізінде 1901 жылы өзінің «Мутациялық теория» деп аталатын еңбегін жариялады. Мутация барлық организмдерге тән. Ол пайдалы да, зиянды да болуы мүмкін. Бірақ, көбінесе жануарлар мен адамдар үшін зиянды. Себебі эволюциялық дамудың барысында организмде қалыптасқан үйлесімділік бұзылады. Мутация сыртқы орта факторларының әсерінен пайда болады,





оларды мутагендер деп атайды. Мутациялық процестің нәтижесінде жаңа қасиеттерге ие болған дараларды мутанттар деп атайды.

(Мутацияның адамға зияндылығын 3 минуттық бейнероликтен көрелік.)

Мутагендер



Физикалық Химиялық Биологиялық

радиоактивті, колхицин, тағам арқылы түскен

ультракүлгін, этиленимин, радиоактивті заттар,

лазер сәулелері никотин қышқылы вирустар әсер етеді.

Мутациялардың пайда болуы



Табиғи жағдайда кенеттен Арнайы әсер ету арқылы қолдан болатын секірмелі жасалатын индукциялық мутация

Жасушаларда пайда болуына байланысты



Генеративтік Сомалық

Мутация келесі ұрпаққа Мутация ұрпаққа берілмейді тікелей беріледі

Генотиптерінің өзгеру типі



гендік хромосомалық геномдық цитоплазмалық

Оқулықтағы берілген тапсырмалар бойынша мәтінді топқа бөліп беру. Мәтінді түсініп оқу, топпен талқылау, мысалдар келтіре отырып постер қорғау. Берілетін уақыт 8 минут. 1– топ. Гендік мутация. 1.Гедік мутаци туралы анықтама бер. 2.Гендік мутациялардан туындайтын ауруларға сипаттама бер. 3.Гендік мутацияның қандай маңызы бар? 2– топ. Хромосомалық мутация. 1.Хромосомалық мутацияның түрлерін ата. 2.Хромосомалық ауруларға сипаттама бер. 3.Хромосомалық аурулардың алдын алу үшін не істер едің? 3– топ. Геномдық мутация. 1.Геномдық мутацияға анықтама бер. 2.Геномды мутациялардың пайда болу себептері. 3.Геномды мутацияның зиянды- пайдалы жақтарын анықта.



4– топ. Цитоплазмалық мутация. 1.Цитоплазмалық мутацияның пайда болу себептері. 2.Тұқым қуалау жолы. 3.Организмге әсері

Сергіту сәті. Музыка арқылы дене шынықтыру жаттығуын жасату. V. Жаңа сабақты бекіту Сызықтық тест. ˄ - дұрыс, ˗ -қате (әрбір дұрыс жауап 1 ұпай)

1.Гендік мутация ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтердің орналасу ретінің өзгеруі. 2. Дефишенсия – хромосомалардың 1800 – қа бұрылуы.

  1. Делеция – хромосоманың бір бөлігінің үзіліп түсіп қалуы.

  2. Транслокация – ұқсас емес хромосомалардың орын ауысуы.

  3. Инверсия – хромосоманың ұштарынан жетіспеуі.

  4. Геном дегеніміз гаплоидты хромосомаларда болатын гендер жиынтығы.

  5. Гетероплоидя хромосома санының гаплоидті жиынтыққа еселенбей өзгеруі. Жауабы: ˄˗˄˄˗˄˄

VІ. Жаңа сабақты қорытындылау Венн диаграммасы

Модификациялық өзгергіштік Мутациялық өзгергіштік












VІІ. Үйге тапсырма беру §49. Түсініп оқу, 1, 2 – жаттығуларды орындау. VІІ. Бағалау Бағалау парақшасы қорытындысы бойынша.













Бағалау парағы

Жасаған жумыстарын «+» , «-» қою арқылы бағала 6 рет + «5» 5 рет + «4» 4-3 рет + «3» 2-1 рет + «2»

Оқушының аты-жөні

Үй жұмысы

(сұрақ-жауап)

Қатені тап ойыны

Топпен жумыс

Постер

Сызқтық тест

Венн диагр.

Қоры- тынды

Мұға- лімнің бағасы

















































Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: §49. Мутациялық өзгергіштік

Сабақтың мақсаты: оқушыларға мутациялық өзгергіштіктің түрлері және олардың пайда болу себептері, организмдерге әсері туралы түсінік беру. Сабақтың міндеттері:

білімділік – мутацияның түрлерін, типін, өзгеру сипатына қарай пайдалы – зиянды жақтарын ажырата білу;

дамытушылық – оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, дүние танымын кеңейту, логикалық ойлау, сөйлеу, түсіну дағдысын қалыптастыру;

тәрбиелік – ұлтымыздың гендік тазалығын сақтауға, оны өміріне қолдана алуға, салауатты өмір салтын ұстануға баулу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Автор
Дата добавления 03.05.2015
Раздел Биология
Подраздел Конспекты
Просмотров1438
Номер материала 262134
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх