Музыка "Бақтағы бұлбұл дауыс" (6сынып)

Предпросмотр материала:

Музыка 6 сынып

Күні:

 Сабақтың тақырыбы: Бақтағы бұлбұл дауыс.

Сабақтың мақсаты: Бақтағы бұлбұл дауыс жайлы әңгімелеу.
Білімділік: Бақтағы бұлбұл дауыс жайлы таныстыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық - іс әрекетін дамыту,  мелодиялық ерекшеліктерін сезіну қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Бақтағы бұлбұл дауыс жайлы таныстыру арқылы Отанын сүюге, рухани адамгершілікке, өз ісіне сенімі мол, еңбекқор, мейірімді, өнерлі, заманына сай тұлғаны тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ
Әдіс – тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру,сергіту сәті.
Көрнекілігі: Сурет,үнтаспа,әуен.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, өнер,музыка тарихы.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылығын ояту.
1. Әнұранды орындарынан тұрып, жатқа айту.
2. Психологиялық тренинг.
- Мен мықтымын,
- Мен әдемімін,
- Мен өнерлімін,
- Мен білімдімін,
- Мен қиындықтың бәрін былай жеңемін!

 

                                      Бақтағы бұлбұл дауыс.

Әншілік өнер әр заманда өзінің жарық жұлдыздарын тудырып келеді. Көптеген әншілер бұлбұл даусымен ел есінде сақталып, қазақ мәдениеті үшін өздерінің зор үлесін қосуда. Әншілік шеберліктің негізін қалап, ұлтымыздың мақтанышына айналған Күләш Бәйсейітова мен өнерін екі дәуірге жалғастырып, халқымыздың сүйікті әншісіне айналған Роза Бағланова және «Қазақтың бұлбұлы» деп халқы еркелеткен Бибігүл Төлегенова. Ал бүгінгі таңда жезтаңдай әншілердің жолын қуып, елімізге танымал болған Майра Мұхамедқызын ерекше атауға болады.Майра Мұхамедқызы әлемдік деңгейдегі опера әншісі. Әншінің ұлттық спектакльдердегі кейіпкерлердің партиясын орындауы мен классикалық шығармалардағы бейнелерді ерекше сомдауы Қазақстанның кәсіби өнеріне қосқан зор үлесі болды. Әнші өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайды.Сахнадағы әрбір көркемдік бейнені шыншыл да, асқан шеберлікпен орындайды. Майра Мұхамедқызы әлемге танымал көптеген опералардағы негізгі партияларын орындап келеді. Ол «Травиата» операсынан

Виолетта, Дж. Вердидің «Риголетто» операсынан Джильда, Ж. Бизенің «Кармен» операсынан Микаэла, П.Чайковскийдың «Орлеан қызы» операсынан Иоанна және Г. Доницеттидің «Лючия ди Ламмермур» операсынан Лючия бейнелерін сомдаған. Сонымен қатар, Майра Мұхамедқызы халқымызға кеңінен танымал Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсындағы Жібек және А.Жұбанов пен

Л.Хамидидің «Абай» операсындағы Ажар партияларын орындауда асқан шеберлік танытты.Майра  Мұхамедқызы ТМД мемлекеттерімен қоса Еуропа, АҚШ және Шығыс елдерінде  гастрольдік сапармен өнер көрсетіп келеді.Майра  Мұхамедқызы

өміріндегі ең маңызды оқиға әлемге  танымал  Париждің Гранд-опера театырмен ұзақ

мерзімді  келесім  шартқа отыруы болатын. Бұл оқиға қазақтың опера өнерінің биік

деңгейде  екенін  дәлелдей түсті.  Әнші  әлем сахналарында  жиырмадан астам  классикалық опералардың  басты партияларын  асқан шеберлікпен орындап жүр.

Дегенмен, әнші үшін Абай атындағы опера және балет театры ең сүйікті сахнасы болып есептеледі.Өйткені Майра Мұхамедқызы өз халқының тыңдармандарын аса құрмет тұтады.

Музыка тыңдайық:

Майра Мұхамедқызы орындауында қазақтың халық әні «Ағажай, Алтай».

Ойлан да айт:Қалай ойлайсың, не себепті Астана қаласында Күләш Бәйсейітова атындағы екінші опера және балет театры ашылады?

Сұрақтар:

1. Не себепті Н.Үсенбаеваны әлемдік деңгейдегі опера әншісі деп атаймыз?

2. Н.Үсенбаева қандай шет мемлекеттерде өнер көрсетті?

3. Әнші қазақ операларындағы қандай бейнелерді сомдады?

4. Қандай опера әншілерін білесің?

 

 Үйге тапсырма:

1. «Бақтағы бұлбұл даусы» тақырыбын оқып кел.

 

Музыка "Бақтағы бұлбұл дауыс" (6сынып)

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Мухамадиева Каламкас Ерназаровна

Воспитатель мини центра

  • На сайте: 11 лет
  • Всего просмотров: 91804
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 32
  • 91804
    просмотров
  • 32
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Мухамадиева Каламкас Ерназаровна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~170

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: