Музыка "Күйдің Қаршығасы"(6 сынып)

Предпросмотр материала:

Музыка 6 сынып

Күні:

 Сабақтың тақырыбы:Күйдің Қаршығасы.

Сабақтың мақсаты: Күйдің Қаршығасы  жайлы әңгімелеу.
Білімділік: Күйдің Қаршығасы жайлы таныстыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық - іс әрекетін дамыту,  мелодиялық ерекшеліктерін сезіну қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Күйдің Қаршығасы  жайлы таныстыру арқылы Отанын сүюге, рухани адамгершілікке, өз ісіне сенімі мол, еңбекқор, мейірімді, өнерлі, заманына сай тұлғаны тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ
Әдіс – тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру,сергіту сәті.
Көрнекілігі: Сурет,үнтаспа,әуен.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, өнер,музыка тарихы.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылығын ояту.
1. Әнұранды орындарынан тұрып, жатқа айту.
2. Психологиялық тренинг.
- Мен мықтымын,
- Мен әдемімін,
- Мен өнерлімін,
- Мен білімдімін,
- Мен қиындықтың бәрін былай жеңемін!

 

                                            КҮЙДІҢ ҚАРШЫҒАСЫ

ХХ ғасырда домбыра дәстүрінде үлкен жаңалықтар болды. Ғасырлар бойы күйшілік дәстүр жеке орындауда ғана сақталып жеткен болатын. Ал ХХ ғасырда қазақ күйлері ансамбль мен оркестрлердің орындауында кеңінен тарады. Оркестрдің зор дыбысы күйлерге күш, жігер бергендей рухын аша түсті.Ерте замандарда күйші өзі композитор әрі орындаушы болған. Ал, қазіргі таңда композитор музыкасын шығарса, домбырашылар немесе оркестр күйлер мен музыкалық шығармаларды нақышына

келтіріп орындап келеді.XXI ғасырдың дәулескер күйшісі - Қаршыга Ахмедияров. Қ.Ахмедияровтың репертуарында 300-ден аса күйлері бар. Қаршыға Батыс Қазақстан дәстүрлі күйшілік мектебінің белгілі композиторлары Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Махамбет, Есір, Есбай, Құлшар күйлерін асқан шеберлікпен орындайды. Сонымен қатар, күйші шертпе дәстүріндегі күйлерді де жетік меңгерген ерекше дарын иесі.

Қаршыға тек қана домбырашы ғана емес, ол өз жанынан көптеген күйлер шығарған талантты композитор. Ол 60-қа жуық күйлердің авторы. Әсіресе, Қаршыға шығармаларының ішінде арнау-күйлер маңызды орынға ие болған. Көптеген күйлері қазіргі заманның белгілі тұлғаларына арналған. «Хамаң-толғау» атты шығармасы ақын Хамит Ерғалиевке арналса, ал «Би» күйінде қазақтың әйгілі бишісі Шара

Жиенқұлованың мың бұралған ғажайып өнерін бейнелеген. «Нұрғиса» атты күйі өнерде де, өмірде де бауырдай болған қазақтың біртуар азаматы композитор әрі дирижер Нұрғиса Тілендиевке арналады. Ал,«Ғазиза» деп атау берген шығармасы композитор Ғазиза Жұбанованың рухына бағышталса, «Шамғон-Ақжелең»

күйі өзінің ұстазы, атақты дирижер Шамғон Қажығалиевтың 70-жылдық мерей тойына тартуы болатын.

Қаршыға шығармашылығы қазақтың күй өнерінің жаңа бір белесі іспетті. Ол қазақ халқының күйші-композиторларының  дәстүрін  жалғастырған  ізбасары.  Қаршыға  Ахмедияров  халық композиторларының күйлерін шеберлікпен орындап қана қоймай, қазіргі заманға лайық қоңыр домбырасын сөйлете білді. Ол жаңа заманға лайық жаңа күйлерді тудырушы – күйші-композитор.Күйші-композитор Қаршыға Ахмедияровты қазақтың күйшілік дәстүрін XXI ғасырға жеткізіп,ұрпағына мұра еткен ерекше дарын иесі деп мақтанышпен айта аламыз.

Сергіту. 1, 2, 3 өнерлі бала біз,4, 5, 6 жалқаулық артта қалды.7, 8 еңбек пен білім егіз,
9, 10 тапсырманы орындаған жөн.

Күй тыңдайық!

Қаршыға Ахмедияровтың орындауында «Нұрғиса» атты күйін тыңдап көрелік!

Үйренетін ән: «Қош келдің төрлет,Наурызым!»

 Қорытынды сұрақтар:

1. ХХ ғасырда күйшілік өнерде қандай жаңалықтар болды?

2. Қаршыға Ахмедияров күйшілік өнерге қандай үлес қосты?

3. Қаршыға Ахмедияровтың «Арнау-күйлерін» ата?

Үйге тапсырма:

1. «Күйдің Қаршығасы» тақырыбын оқып кел.

2. Бағалау.

 

Музыка "Күйдің Қаршығасы"(6 сынып)

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Мухамадиева Каламкас Ерназаровна

Воспитатель мини центра

  • На сайте: 11 лет
  • Всего просмотров: 91736
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 32
  • 91736
    просмотров
  • 32
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Мухамадиева Каламкас Ерназаровна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~150

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: