Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Рабочие программы / Музыка пәні тақырыбы: "Халық арфас Жетіген. Гусил

Музыка пәні тақырыбы: "Халық арфас Жетіген. Гусил


  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

Сынып: 2 «В»

Пән: Музыка

Сабақтың тақырыбы: Халық арфасы.Жетіген.Гусли.

Сабақтың мақсаты:

1.Халық арфасы құрамындағы аспаптарды есту арқылы қандай аспап екенін ажырата білуге үйрету.

2. Музыкалық шығармаларды тыңдай отырып эмоциялық сезімін қалыптастыру,көркемдік талғамын дамыту.

3. Аспаптардың әсем әуеніне тыңдауға және одан әсер алуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды игеру

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақ әдістері: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап, әңгімелесу,

Көрнекіліктер: суреттер, бейнероликтер


Кезеңдер

Барысы

І.Ұйымдастыру




Психологиялық дайындық:






Жаңа сабақ















Жұмбақ шешу






















Бейнеролик

Аңыз-әңгіме


































Сергіту сәті











Көрнекілікпен жұмыс








Ән үйрену










































Қорытынды








- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі сабақты мен беремін. Менің аты-жөнім: Жансая Сағындыққызы.Сабағымызды мына өлең жолдарынан бастаймыз.

Сабағымызға керекті,

Кітап дәптер алайық,

Тыныштықты сақтайық

Тазалықтан қашпайық

Дауысымызды жаттықтырып,

Ән сабағымызды бастаймыз.

Жарайсыңдар,балалар!Отырыңдар!

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы Халық арфалары.Жетіген,гусли.

-Балалар тақтада кімді көріп тұрмыз?Маша

-Оның көңіл-күйі қандай екен?ашулы

-Ендеше,қазір біз Маша қыздың көңілін көтеруге көмектесейік.

-Балалар,Маша қыз бізге бірнәрсе айтып жатыр,қане барлығымыз бірге Маша қызды тыңдайық.

-Маша:Сәлеметсіңдерме 2 «В» сынып оқушылары.Менің естуімше сендер өте алғыр,білімді,тапқыр және де жұмбақты өте жақсы шешеді екен деп естідім.Ал енді менің сендерге жасырған жұмбақтың жауабын шешіп көрейікші.

Жеті шектен жеті түрлі үн шығар.

Әуезінен жеті тарау мұң шығар

Ойнап кетсең,түрлі-түрлі жыр шығар,

Бұл қандай аспап?жетіген.

Өте жақсы,балалар!

-Балалар жетіген қандай аспап?

Жетіген жеті ішекті шертіп ойналатын музыкалық аспап.Жетіген-қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы.Аспап келбеті ұзынша келген жәшік тектес болады.Беті жұқа тақтайшамен жабылып,үн беретін ойықтар салынады.Көне түрінде 7 ішегі болған және оларға тиек ретінде 7 асық тағылған.

-Балалар қазір жетіген аспабының дауысын естиік.

-Балалар білесіңдерме?Жетіген аспабы неліктен жетіген деп аталғанын?Білмесеңдер мен айтып берейін.

Ішек сандары жетеу болғандықтан,аспап жетіген деп аталған.Жетіген аспабын әр халық әртүрлі айтқан.Мысалы татарлар-етиган,тувалықтар-жадықан,хақастар-шатқан деп атаған.Жетіген деген атау 2 сөзден құралған:жеті және ән.

-Ендеше,жетіген жайлы бейнеролик көрейік.

Балалар Маша бір аңыз-әңгіме оқып жатыр екен.Сол аңызды менің сендерге оқып беруімді сұрап жатыр.

Ендеше мен сендерге қазір жетіген аспабы жайлы аңыз оқып беремін.

Жетіген.

Ерте кезде ауылда бір қария тұрады.Оның жеті ұлы болған.Бір жылы қатты жұт болып,адамдар тамақсыз қалады,сөйтіп қарияның үйіне қайғы орнайды.Аштықтан үлкен ұлы Қания өлгеннен кейін қария кепкен ағаштың бөлігін алып,оған шек салып,тиек қойып “Қарағым” күйін орындайды.Төралым деген екінші ұлы өлгеннен кейін екінші шек тартып,Қанат сынар деген күй шығарады,үшінші ұлы Жайкелдіге ол Құмарым күйін,төртінші ұлы Бекенге От сөнер,бесінші ұлы Хадасқа Бақыт көшті,Жүлзарға күн тұтылды деген күй шығарады.Ең кіші ұлы Қиястан айырылған қария жетінші шекті тартып ,Жеті баламнан айырылып құса болдым атты күй орындайды.Қара жамылған қарт әр күйді орындау барысында әр баласының бейнесін осы әуен арқылы көрсетеді.Бұл күйлер кеңінен таралып,әрі қарай дамып Жетігеннің жеті күйі немесе Жетігеннің жетеуі деп танылады.Аспап атауы жеті және ән сөздерінен құралып,жетіген деп аталған.

-Балалар кім маған осы аңыздың мазмұнын айтып береді.

Балалар бәріміз орнымыздан тұрып,бір сергіп алайық.

Балалар Маша өзінің сабағында бір аспап жайлы көп нәрсе біліпті.Ол маған қандай аспап екенін айтты.Енді сол аспап жайлы мен сендерге айтып берейін.Ол аспап гусли деп аталады. Орыс халқында гусли деп аталатын аспап бар.Ежелгі гректің арфасы мен қазақтың жетігені іспеттес көп шекті.Гусли –жетіген тектес,шертпелі аспап.

Балалар жетіген аспабы мен гусли аспабын салыстырайық.

Балалар мында Маша біздің ән айтқанымызды тыңдағысы келіп тұр.Ол үшін дауыс жаттығуларын жасаймыз.Бәріміз орнымыздан тұрамыз.Ли-ли-ли жаттығуын бәріміз айтамыз.

-Балалар бізде қандай мереке келе жатыр?(жаңа жыл).Соған орай біз бүгін шырша әнін айтуды үйренеміз.Ендеше біздің айтатын әніміздің аты Шырша әні.

Шырша әні.

1.Кәне достар тұрмайық

Қарсы алайық жыл басын

Қызықтан бос қалмайық

Шыршы жыры самғасын

Қ-сы.

Ал достарым келіңдер

Келді аяз атамыз

Биге көрік беріңдер

Шырша жырын айтамыз

Шырша жырын айтамыз

2.Құтты болсын жаңа жыл

Шыршамыз тұр жараса

Жанымда аяз ата жүр

Қуанады балаша

Қ-сы.

Ал достарым келіңдер

Келді аяз атамыз

Биге көрік беріңдер

Шырша жырын айтамыз

Шырша жырын айтамыз

3.Аппақ қардай береке

Даламызда самғасын

Жаңа жылдай береке

Таба берсін жалғасын

Қ-сы.

Ал достарым келіңдер

Келді аяз атамыз

Биге көрік беріңдер

Шырша жырын айтамыз



Балалар Маша қыз алмаларын шашып алыпты.Біз сол алмаларды себетке салу үшін,мына сұрақтарға жауап беруіміз керек.

-Бүгін кім бізге тапсырмалар берді?

-Қандай аспаптарды өттік?

-жетіген қандай аспап?

-гусли қандай аспап?

-қандай ән айттық?

Бүгінгі сабаққа барлықтарын белсене қатыстыңдар!Сендерге Машаның мынандай сыйлығы бар.Сау болыңдар!



Әдіскер

Қыпшақпаева А.С.



Мұғалім

Смаилова Г.С.






Краткое описание документа:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі сабақты мен беремін. Менің аты-жөнім: Жансая Сағындыққызы.Сабағымызды мына өлең жолдарынан бастаймыз.

Сабағымызға керекті,

Кітап дәптер алайық,

Тыныштықты сақтайық

Тазалықтан қашпайық

Дауысымызды жаттықтырып,

Ән сабағымызды бастаймыз.

Жарайсыңдар,балалар!Отырыңдар!

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы Халық арфалары.Жетіген,гусли.

-Балалар тақтада кімді көріп тұрмыз?Маша

-Оның көңіл-күйі қандай екен?ашулы

-Ендеше,қазір біз Маша қыздың көңілін көтеруге көмектесейік.

-Балалар,Маша қыз бізге бірнәрсе айтып жатыр,қане барлығымыз бірге Маша қызды тыңдайық.

-Маша:Сәлеметсіңдерме 2 «В» сынып оқушылары.Менің естуімше сендер өте алғыр,білімді,тапқыр және де жұмбақты өте жақсы шешеді екен деп естідім.Ал енді менің сендерге жасырған жұмбақтың жауабын шешіп көрейікші.

Жеті шектен жеті түрлі үн шығар.

Әуезінен жеті тарау мұң шығар

Ойнап кетсең,түрлі-түрлі жыр шығар,

Бұл қандай аспап?жетіген.

Өте жақсы,балалар!

-Балалар жетіген қандай аспап?

Жетіген жеті ішекті шертіп ойналатын музыкалық аспап.Жетіген-қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы.Аспап келбеті ұзынша келген жәшік тектес болады.Беті жұқа тақтайшамен жабылып,үн беретін ойықтар салынады.Көне түрінде 7 ішегі болған және оларға тиек ретінде 7 асық тағылған.

-Балалар қазір жетіген аспабының дауысын естиік.

-Балалар білесіңдерме?Жетіген аспабы неліктен жетіген деп аталғанын?Білмесеңдер мен айтып берейін.

Ішек сандары жетеу болғандықтан,аспап жетіген деп аталған.Жетіген аспабын әр халық әртүрлі айтқан.Мысалы татарлар-етиган,тувалықтар-жадықан,хақастар-шатқан деп атаған.Жетіген деген атау 2 сөзден құралған:жеті және ән.

-Ендеше,жетіген жайлы бейнеролик көрейік.

Балалар Маша бір аңыз-әңгіме оқып жатыр екен.Сол аңызды менің сендерге оқып беруімді сұрап жатыр.

Ендеше мен сендерге қазір жетіген аспабы жайлы аңыз оқып беремін.

Жетіген.

Автор
Дата добавления 21.05.2015
Раздел Музыка
Подраздел Рабочие программы
Просмотров574
Номер материала 289976
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх