Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / Музыка пәнінен ашық сабақ 5 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Музыка

Музыка пәнінен ашық сабақ 5 сынып

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері.  


Мақсаты: Ұлан – байтақ еліміздегі дәстүрлі әншілік өнері және мектептері туралы түсінік қалыптастыру.


Міндеттері: 
1) Балаларды әсемдікті сезінуге, өз халқының музыкалық мұрасынан эстетикалық ләззат ала білуге тәрбиелеу.

2) Оқушылардың халық музыкасына деген сүйіспеншілік сезімін, өнерді құрметтеуге, пәнге деген қызығушылығын арттыру, адамгершілікке тәрбиелеу; 

3) Оқушылардың бейнебаян көру арқылы әуендік сезімталдығын, әуенді айта білу дағдысын, есте сақтау, тыңдау, қиялдау, жатқа айту, ойлау, өз жұмысын дұрыс бағалауын дамыту. 

Түрі: инновациялық сабақ. 


Әдіс-тәсілдері: Кері байланыс, жаңа тәсілдер қолдану, диалог, топпен жұмыс, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ қолдану.


Көрнекілігі: Презентация, «Дәстүрлі ән айту өнері» видеосы, күйтабақ, саз аспаптары, плакат, маркер, стикер.


Күтілетін нәтиже: Оқушылар шығармашылық қабілеттерін кеңірек ашады, өз көзқарастарын еркін білдіреді, оқу үрдісінде жаңа оқыту әдістерін меңгереді, қазіргі жаңа талаптарға сай интерактив тақтамен жұмыс жасап, музыкалық-теориялық білімі қалыптасады.


Сабақтың барысы: 

1. Ұйымдастыру. 

2. Топқа бөлу. 

3. Сергіту сәті. 

4. Негізгі бөлім. 

5. Ой қозғау. 

6. Үйге тапсырма беру.

7. Кері байланыс.


I. Ұйымдастыру кезеңі: 

1. Сынып оқушыларымен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын, оқу – құралдарын тексеру.


II. Топқа бөлу. 

1. Түрлі күлекештер арқылы топқа бөлу. Топ басшысын сайлау.

2. Сабақ тақырыбын жаздырту.


ІІІ. Сергіту сәті. Сабақтың қызықты әрі көңілді өтуі үшін сергіту сәтін қолданамыз. Ортаға шығып экрандағы көрсетілген би қимылдарын нақышына келтіріп қайталау.


ІV. Негізгі бөлім.

Презентация бойынша «Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері» - тақырыбы аясында түсінік беру. 

- Балалар, қазақ халқы әнші халық екенін жақсы білеміз, яғни әнші атаның әлем халықтарына таратып жүрген әнінен үлесімізге көптеп алып, әнші халық атанғанбыз. ән айтпайтын, «әу» демейтін қазақ жоқ. Ал енді әнді қалай айтамыз, немен айтамыз?

- Баянға қосылып айтамыз.

- Аспаппен сүйемелдеп айтылады.

Дұрыс, балалар әнді домбыраға немесе басқа аспапқа қосылып орындаймыз.

Қазақтың  домбыраға немесе басқа аспапқа қосылып айтатын әншілік дәстүрін қазақтың дәстүрлі ән айту өнері дейміз. Жаңа сабағымыздың тақырыбы – Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері.

Атадан балаға ауысып келе жатқан ән айту өнері ғасырлар бойы қалыптасып, дамып ән айту шеберлігі барынша жетіліп, классикалық үлгіге дейін жетті.

Балалар, өздерің бастауыш сыныптарда танысқан әнші композиторларды еске түсірейік. ХІХ ғасырдың екінші жартысында дәстүрлі ән өнеріне үлес қосқан Біржан салды, Ақан серіні, Үкілі Ыбырайды, Әсет пен Естайды, Жаяу Мұса мен Нартайды, Майраны, Шәкәрімді білеміз.

Халықтық әншілік өнер сан ғасырлық тәжірибелі нәтижесінде ән айтудың түрлі мектептерін, ән айтуға баулудың өзіндік шеберлігін шыңдап, әннің жоғары көркемдік деңгейіне  орай тыңдаушы халықтың биік талап – талғамын қалыптастырып, жүйелі арнаға түсірді.

Дәстүрлі ән өнерінде халықтың салт – дәстүрі, әдет –ғұрпы, тарихы мен өмірі, тұрмыс тіршілігі, қоғамдық әлеуметтік қатынастары, жалпы ұлттық болмысы көрініс тапқан.

Өнерлі ортада өскен жас талапкер ұстаз жанында айлап, жылдап жүріп,  шеберлігімен бірге, тәжірибесі мен орындау тәсілін үйренетін болған.

Дәстүрлі әншілік өнер айтылуы және құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты түрлі мектептерге бөлінеді.

Қазақстанның орталық және солтүстік өңіріне тән әншілік мектеп.

Оңтүстік және Жетісу өңіріндегі әншілік мектеп.

Батыс өңіріндегі әншілік мектеп

Шығыс өңірлердегі әншілік мектеп.

Сыр бойындағы әншілік – термешілік мектеп.

Бұл әншілік өнер әр  өңірдегі өзіне тән әншілік мәнеріне, табиғат – танымына, ойын-сауық үрдістері мен тұрмыс –салт ғұрыптарына байланысты алуан түрлі.

Дәстүрлі әніміз бізге Күләш, Манарбек, Құрманбек,  Әміре, Жүсіпбек, Иса, Ғарифулла, Кенен сияқты дарынды әншілер арқылы жетті.


V. Ой қозғау.

1. «Дәстүрлі ән айту өнері» бейнебаян көру, тыңдау.

Ән қандай аспапта ойналды? 

2. ДЖИКСО әдісі бойынша 3-топқа тапсырма беру:

«Дәстүрлі ән айту өнері дегеніміз не?» (постермен жұмыс).

Топ басшылары ортаға шығып қорғайды. Әр топ бір-бірін стикер арқылы бағалайды.

Ой қорыту: "Қазақтың 1000 әні" бейнебаянын көру.


VI. Үй тапсырмасын беру: Оқу, мазмұндау. 


VII. Кері байланыс. Маған не ұнады, не ұнамады?


Бағалау.

Автор
Дата добавления 03.01.2016
Раздел Музыка
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров836
Номер материала ДВ-302923
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх