Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Конспекты / Музыка пәнінен "Бақтағы бұлбұл дауыс" тақырыбында ашық сабақ (6-сынып)

Музыка пәнінен "Бақтағы бұлбұл дауыс" тақырыбында ашық сабақ (6-сынып)

  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Бақтағы бұлбұл дауысы 

Сабақтың мақсаты: 

Білімділігі: Қазақтың әнші қызы Нұржамал Үсенбаева шығармашылығымен таныстыру 

Дамытушылығы: Оқушылардың есту қабілетін жан – жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту.

Тәрбиелегі: Өнерді, Отанды сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену 

Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық оқыту 

Сабақтың көрнекті құралдары: слайд, аспап, әнші суреттері

Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих 

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезіңі 

1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу. 
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

. Психологиялық тренинг. Әрбір адам? - Досым, сыныптасым

Әрбір сабақ?- Үйрену, оқу, іздену.

Әрбір ісің? - Тірлік, тірек, адамдық

Әрбір сөзің?- Шындық, бірлік, адалдық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Оқушыларды екі топқа бөліп, топтастыру арқылы үй тапсырмасын сұрап шығу.

1 – топ: «Қазақстанның фортепиано өнері»

2 – топ: «Өнерін өрлеткен топ»

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту

Жоспар:

1. Нұржамал Үсенбаеваның өмірі мен шығармашылығы

2. Теарт сахнасында сомдаған рөлдері

3. Марапаттары: ҚР – ң, Татарстанның халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, Барселонада өткен Ф.Виньяса атындағы Халықаралық вокалшылар конкурсының арнаулы Джиана Бекки сыйлығының иегері, «Құрмет» ордені.

Тыңдау: Евгений Брусиловский «Гәкку» 

Үйрену: «Ана туралы жыр»

Әнді талдау.


ІV. «Кім жылдам?» ойыны арқылы сабақты бекітеміз.

Тақтада ілулі тұрған жылдардың тұсына үстел үстінен дұрыс жауапты қойып шығу керек.

1958 жыл Н.Үсенбаеваның туған жылы

1984жыл консерваторияға түседі

1997 жыл «Қазақстан камератасы» тобының құрылған жылы

1981 жыл Ж.Әубәкірова консерваторияда ұстаз т.б.

«Травита» операсында – Виолетта

«Патша қалыңдығы» Римский – Корсаков – Марфа

«Севель Шаштаразы» Дж.Россини – Розина

«Жарғанат» И.Штраус – Розалинда


Муыкалық сауат: Дауыс түрлері  
Сопрано - әйел адамның жіңішке, биік дауысы. 
Альт - әйел адамның қоңыр, төмен дауысы 
Тенор – ерлердің биік дауысы.
Бас, баритон – ерлердің жуан, төмен даусы. 

ІV. Мадақтау. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, әнді жаттау 



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 23.02.2016
Раздел Музыка
Подраздел Конспекты
Просмотров453
Номер материала ДВ-479032
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх