Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Рабочие программы / Музыка пәнінен "Өмірдің өзі - ән мен жыр" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара (5-сынып)

Музыка пәнінен "Өмірдің өзі - ән мен жыр" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара (5-сынып)

  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Өмірдің өзі - ән мен жыр

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:
Қазақ композиорларының, жекелеген тұлғалардың шығармаларын танып,меңгерту. Кәсіби музыка өнерінің туу, даму ерекшеліктеріне байланысты ұғынту. Композиторлар шығармаларын, жанрлар жөнінде жетік білуге үйрету.

Тәрбиелік:

Халқымыздың музыка өнеріне оқушылардың сүйіспенгшілігін оята отырып, әсемдікке, сұлулыққа деген сезімдерін дамыту, халқымыздың музыкалық өнерінен эстетикалық ләззат алуға тәрбиелеу,

Дамытушылық:Музыка өнерінің мазмұны мен мәнін айқындау. Қазіргі заман талабына сай оқушылардың эстетикалық талабын дамыту


Сабақтың түрі: сыныптан тыс сабақ (сайыс)

Әдіс тәсілдері: сұрақ-жауап, логикалық кроссворд шешу, фантазиялау

Көрнекілігі: интерактивті тақта, плакаттар, фломастерлер.

Пәнаралық байланыс: тарих, өнер, сурет.


Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу

Топқа бөлу

Кезеңдермен таныстыру


Сабақтың барысы:

I Еске түсірейік (өткенді қайталау)

II Біз патриотпыз! (ҚР тәуелсідігіне 20 жыл орай сұрақтар, ән айту)

III Музыкалық кроссворд (ноталар кроссворды)

IV менің музыка әлемім (әуен арқылы суреттеу)

Мұғалімнің сөзі: Өнер атаулының ішіндегі қалың көпшілікке ең жақыны музыка болса керек.себебі, ол ана әлдиінен бастап, адамнын бүкіл өмірімен жалғасып жатады Адамның музыкасыз бірде – бір сәті жоқ. Дүние есігін ашқан сәби тіршілікке деген құлшынысын өзінің іңгәлаумен білдіруге, о дүниелік болған жермен қоштасқан кейінгілер жоқтау арқылы зарын сыртқа шығарады.

Ән – күйсіз той – думанның өтпейтіні белгілі музыка еріккенің ермегі немесе жай дыбыстардың тізбегі емес, ол қоғамдық құбылыс. Міне сол себепті бүгінгі тақырып «Өмірдің өзі – ән мен жыр».


I Сұрақтар.

1. аспаптық музыка

  • Ішекті музыкалық аспаптарды ата

  • Домбыраның құрылысы

  • Күй жанры туралы не білесің?

2.Вокалдық музыка

  • Қазақтың добыраға немесе басқа аспапқа қосылып ацтатын әншілік дәстүрді қалай атайды? (дәстүрлі ән йту өнері)

  • әнді дұрыс айтудың негізгі ережелері

  • хор өнері


4.Заманауи музыка

  • Эстрада немесе эстрадамен ән айту («Жеңіл музыка, әсем ән, сиқырлы би, әзіл-оспақ, өлең қоса оқылып қатар жүретін көп жанрлы күрделі өнер)


5. Күйшілік өнер

  • Күй атасы (Құрманғазы)

  • Сыбызғы аспабының атасы (Сармалай)

  • 8-9 ғасырларда ғұмыр кешкен оғыз-қыпшақ тайпаларының ұлы ойшылы, алдағы күнді болжаған кқріпкелі және шебер күйшісі болған кім және қай музыкалық аспаптың атасы?

5. Би өнері

Мұғалім: Музыка – сурет, театр, поэзия сияқты өмір мен адам жанының құбылыстарын бейнелейтін көркем өнердің бір түрі. Музыка адамның ішкі жан дүниесін жадыратуға, нәзік сезімдерін оятып, қоғамдық мақсаттарды дәріптеуге, жалпы өмірдің мән-мағынасын түсініп-білуге көмектеседі. Музыка - әсем дыбыстар тілімен сөйлейтін, сезімге құрылған күрделі өнер. Ол түрлі жанрларға, ұлттық, тарихи, жекеше стильдерге, түрлі музыкалық тілдерге бөлінеді.музыка әлемі – адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажайып дүние. Музыкада адамның асқақ, асыл ойлары, арнмн-мақстаы, ізгі тілектері, қуанышы, қайғы – қасіреті мен түрлі сезім иірімдері бейнеленеді.

II Біз патриотпыз! (ҚР тәуелсідігіне 20 жыл орай сұрақтар, ән айту)

  • ҚР тәуелсіздігін қашан алды?

  • Тәуелсіз мемлекетімізге неше жыл?

  • Өз Отандарына байлнысты қандай әндер білесіңдер?

Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін хормен орындау.

Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем

Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем

Маңдайымнан сипап өткен самалды

Қазағымның алақаны-ау деп білем

Қайырмасы:

Қайда жүрсең ата мекен

Көкейіңде жатады екен

Күннің өзі ұясына

Қыймай оны батады екен

Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем

Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем

Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесі

Қазағымның махаббаты-ау деп білем

Қайырмасы:

Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем

Асқар тауың, аспаныммен таласқан

Қазағымның мәртебесі-ау деп білем

Қайырмасы:


III Музыкалық кроссворд

(флипчартта берліген ноталар кроссвордын шешу.)

(қазақ халқының киелі, ішекті музыкалық аспабы)ДОмбыра

(күй атауы) МеРЕке

(қытай халқының музыкалық аспабы) СяМИсэн

(көп ішекті музыкалық аспап) АрФА

(нота сауатын үйрететін ілім) СОЛЬфеджио

( мазурка қай халықтың биі?) ПоЛЯк

(камералық оркестрге арналған шығарма)СИмфония



IV менің музыка әлемім (әуен арқылы суреттеу)

(берілген әуенді тыңдай отырып, әуенді фантазиялап плакатқа суреттеу)


Сайысты қорытындылау, бағалау.






























Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 17.01.2016
Раздел Музыка
Подраздел Рабочие программы
Просмотров425
Номер материала ДВ-347046
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх