Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Рабочие программы / Музыка пәнінен "Сәкен және ән" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара (6-сынып)

Музыка пәнінен "Сәкен және ән" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара (6-сынып)


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:


Тақырыбы: Сәкен және ән


Мақсаты: Белгілі эпик ақын, лирик, қоғам қайраткері, прозик, драматург, дауылпаз ақын Сәкен Сейфуллиннің 115 жылдығына арналады.


Түрі: сыныптан тыс әдеби-музыкалық «шара

Көрнекілік: Сәкен Сефуллиннің портреті, еңбектері (кітаптары), интерактвті тақта, музыкалық орталық, баян аспабы.


Барысы:


Жүргізуші:

Қадірлі әдебиет сүйер қауым – ұстаздар мен оқушылар! Бүгін міне сіздер, бар болғаны 42 жыл ғұмыр кешіп, 1937-1938 жылғы Сталиндік репрессияның құрбаны болып, «халық жауы» атанған лирик, кең құлашты эпик ақын, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің аққан жұлдыздай жарқ етіп өте шығып, аз ғұмыр кешсе де, соңына мол мұра қалдырған, өнерімен де, өмірімен де өшпес өнеге болған Сәкен және ән атты сыныптан тыс іс-шарамызды бастаймыз.


1-оқушы: Дауылпаз жыр

1937 жылы қанды қырғынына ұшыраған есіл ердің еңбегі – ақын және қоғам қайраткері Сәкен (шын аты Сәдуақас)1894 жыды Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Сарыарқа – болашақ ақынның балалық шағы өткен, жаз жайлау рахатын көріп, алтыбақан теуіп, ақсүйек ойнаған, қыстың боранында ұзақ түндерін қиял-ғажайып, ерлік оқиғаға толы батырлар жырын естіп, мың түрлі сырмен адам жүрегін елжіретер ән мен күй тыңдаған, айт пен тойдың қызығын көріп, айтыс пен бәйгені қызықтаған, алтын бесік ыстық ұясы.

2-оқушы: Сәкеннің ата-анасы

Сәкеннің әкесі Сейфолла өз еңбегімен күн көрген, саятшы, домбырашы, жарқын, әңгімешіл адам болса керек.

Сәкен атамыздың шешесі Жамал да ел әдебиетін жақсы білген. Осы орта сәкеннің халық өміріне деген сезімінің оянуына көмектескен.

Сәкен жастайынан ән айтып, өнерге әуестенуімен бірге, саяси тартысқа да ерте араласты. Қазан төңкерісінің от жалынына өртене жүріп, «Аққудың айырылысуы», «Көкшетау», «Қызыл ат» секілді поэмалар, «Қыр балалары», «Жер қазғандар», «Тар жол, тайғақ кешу» романын жазды.


«Аққу» күйі орындалады.

3-оқушы:

Айна көлді мекен еткен

Бір-екі аққу бар еді,

Мақсатына бірге жеткен

Екі ғашық жр еді.

Көңілдің басы ертелі- кеш

Мың құбылған ән еді.

Екі ғашық ертегідей, көлдің көркі сәні еді.

4-оқушы:

Басып жатты тәтті ұйқы,

Сарыарқаның даласын.

Құл ғып жатты қара түн

Қалың қазақ баласын.

Таң таяуын сездік те, ояндық біз қыбырлап

Тіршілік қылдық қыбырлап,

Түннен қорқып сыбырлап,

Еріктің таңы келерін

Зұлматты жеңіп хақтың біз

Қуаныстық сезініп

Өтерін қылдық шақтың біз.

5-оқушы:

Жас ақын халық өміріндегі, халық тұрмысындағы маңызды әлеуметік тақырыптарды көтеріп, оған көркемдік –эстетикалық талдау жасайды. Патша отаршылдығы, қазақ елінің қараңғылықтан көзі ашылмағандығы, қазақ байларының надандығы мен топастығы, өздері бірікпей жан-жаққа тартқан ел басшыларының берекесіздігі – осы тектес саяси-әлеуметтік тақырыптарды қозғау, кедейлік, жоқтық зардаптары, білімді үндеу, оларға халық тұрғысынан жауапты іздеу жас ақынның азаматтық ой-өрісін көрсетеді.

6-оқушы:

Таңды қарсы алмаққа,

Тұлпарларды таптық біз.

Айдарына қызыл шоқ,

Үкілеп, сүзіп тақтық біз.

Шың басына кеп шықтық,

Көк аспанмен тілдескен.

Биіктікке таласып,

Бұлттарменен күндескен.

Күтіп таңды атырдық,

Күн шығысқа қарасып.

Шапақ шығып төменнен,

Жайылды көкке бәрі асып.

7- оқушы: Әділдік, теңдік іздеген

Сәкен Сейфуллин түрлі қызметтер атқара жүрып, қазақ әйелдеріне теңдік беру бұрынғы дәулет – байлық, әкімшілік-билік мекемелерін тізгіндеу, кедейлерге күш беру секілді сан алуан шараларды жүзеге асырды.

Жер мен көкке нұр шашып,

Көрінді таң жалтырап.

Шаттық асып лүпілдеп,

Соқты жүрек қалтырап.

Шыға келді жарқырап,

Кешікпей-ақ қызыл күн.

Тұлпарлар да шаттанып,

Тұра алмады арқырап.

Күнге жайып құшақты,

Шақырып бері шаттандық.

Қуантуға ел-жұртты,

Асығып тез аттандық.

8-оқушы:

Сендерге қарындастар,

Сендерге інілер,

Сендерге арналады бұл әндер.

Дүниенің құлдық шнжырын қиратып,

Әділдік, теңдік іздегене

Көкіректері жанып,

Бақыт іздеген жастар,

Сендерге арналады бұл әндер!

9-оқушы:

Сонымен қатар Сәкен атамыз асқақ та, әсем сазды « Тау ішінде», «Жолдастар», «Жас қазақ марсельезасы» атты әндер шығарды. Сәкен өз шығармаларында ерлікті, сұлулықты, адамдықты жырлады.

(«Мен қазақпын» әні орындалады)

10-оқушы:

Тау ішінде

1918жылы Сәкен бір топ жолдастарымен қолға түседі. Ол «Қоғам мен мемлекет ауіпсіздігіне қатерлі адам» деп табылды да, қол-аяғы шынжырланып, Колчак түрмесіне отырады, аш-жалаңаш, қорлық-зорлық көріп тауыметін тартады. Тоғыз айға созылған бұл қасыреттін әрең құтылып басқа атпен жасырынып жүрген кезінде қадамынан туған «Тау ішінде» өлеңі 1919 жылы жазылды.


Дуэт «Тау ішінде» әнімен

11-оқушы:

Айналып, толғап өсірген,

Ақ сүтін беріп кешірген.

Тастамайтын есінен,

Сағындым ғаріп анамды.

Мал бағып шауып ойнаған,

Үйреткен асау байлаған,

Көк жасыл шөбі жайнаған,

Сағындым еркін даламды.

Қымызы бал щараптай,

Жігіті бағлан анаттай,

Тұлпары тарпаң қанатты,

Сағындым бейбіт елімді.

Таулары биік қиялы,

Орманы шалғын миялы,

Жылқы, қой, сиыр, түйелі,

Сағындым Арқа жерімді.


Ән «Қазақ елі» хор

Қорытынды.

Революция дәуірінің қаһарманы, халық жауларына қарумен де, қаламмен де қарсы шыққан күрескер, дауылпаз ақын-Сәкен Сейфуллин әр ұрпақтың сырласы болып мәңгі қала бермек. Сәкен серідей ақынымыз жарқын бейнесмін, жалныды жыр-әнімен бізбен-халықпен мәңгі жасай берері ақиқат.









57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 17.01.2016
Раздел Музыка
Подраздел Рабочие программы
Просмотров165
Номер материала ДВ-347048
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх