Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / Музыка сабағынан ашық сабақ "Ықылас Дүкенұлы шығармашылығы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Музыка

Музыка сабағынан ашық сабақ "Ықылас Дүкенұлы шығармашылығы"

библиотека
материалов

hello_html_md326d28.jpgМузыка пәнінің мұғалімі: Масалимова Г.Х.

4облыстық шипажайлы мектеп-интернат

Атырау қаласы

Сабақтың тақырыбы:

Ықылас Дүкенұлы шығармашылығы «Жез киік» – тыңдау. Ж.Сейілов «Жез киік» - үйрену.

Сабақтың эпиграфы: «Өлмейтін өмір кілті - өнерде» (Қорқыт )
Сабақтың мақсаты:

  1. Күйші - қобызшы Ықылас Дүкенұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру; Оқушылардың музыкалық туындыларға деген қызығушылығын оята отырып, олардың бойына эстетикалық және мәдениет құндылықтарын сіңіру.
    2. Оқушылардың танымдық іс - әрекетін дамыту, белсенділігін ояту, шығармашылық ойларын өсіру, өмірге бейімділігін дамыту.
    3. Есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту, музыкалық шығармалардың өзіндік ерекшеліктерін талдай білуге дағдыландыру.
    Сабақтың түрі: танымдық, аралас
    Сабақтың әдісі: «Рейтинг»,СТО әдістері: галерея, ой қозғау,Венн диаграммасы.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнетаспа, музыка аспабы.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ әдебиеті, бейнелеу

Сабақтың жүру барысы:

Ән адамды сергітеді,

Ұзартады өмірді.

Ұлылардың жарастығы,

Өсіреді көңілді.

Ән   мен күйді ұнатамыз,

Тыңдаймыз біз ден қойып.

Өнерменен шындаламыз,

Өсеміз біз сән құрып.

Бүгінгі сабақта «Рейтинг» тәсілімен жұмыс жасай отырып, білімдеріңізді өздеріңіз бағалап отырасыздар. Сондықтан да сіздердің бүгінгі сабақтарыңызға сәттілік тілеймін.
- Біз осы тоқсанда қандай тарауды өтудеміз?

Дәстүрлі күйшілік өнер.

- Күй деген не?

- Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен-саз күй деп аталады.

- Ендеше осы тарау бойынша «Композиторлар галереясына» шолу жасайық. Қазір экрандағы «Тұлғаны танып» сұрақтарға жауап береміз.

1. Төкпе күй мектебінің өкілі, оның «Жігер» атты күйі қазақ күйлерінің ішіндегі ең ұзақ күйге саналады. Бұл қай күйші?
2. 1939 жылы халық аспаптарында орындаушылардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық байқауында өнер көрсетіп 1 - орын алғанда оны « Домбыраның Жамбылы» атаған.
3. «Қобыздың атасы» атанған VIII - IX ғасырда өмір сүрген күйші. Ең соңғы күйі «Башпай» күйі деп аталады.
4. Боғда және Құлшар күйшілерді ол өзінің ұстазы деп санайды. Өзінің атымен аттас күйі де бар. Бұл қай күйші еді?
5. «Менің оң қолым мен Динаның сол қолын бір кісіге берсе, дүниеде одан асқан домбырашы болмас еді». Бұл кімнің сөзі?
6. Шертпе күй мектебінің негізін қалаушы. 1855 жылы Петербургте өнер көрсетіп күміс медальға ие болған.
1. Дәулеткерей
2. Дина
3. Қорқыт
4. Абыл
5. Құрманғазы
6. Тәттімбет
Осы композиторлардың ішінде қайсысы қобыз аспабын ойлап тапты? Ең алғаш қобыз аспабын жасап, қыл ішегінен жаратылыстың үнін күй қылып сөйлеткен адам- Қорқыт Ата болған. Осы аспаптың құрылысын, дыбысталуын еске түсіріп жіберейік
(қобыз аспабының ерекшелігі) -1видео. Ән «Қобыз»

hello_html_m35413d90.jpghello_html_m511c3bc9.jpg


«Графикалық диктант»

Тақтада «Қобыз» аспабына қатысы бары да, қатысы жоқ та сөздер берілген. Қатысты сөз болса + белгісімен, қатысы жоқ сөз болса - таңбасымен белгілейміз.
1. Ысқыш
2. Тілшікті
3. Үрмелі
4. Имек мойынды
5. Бес ішекті
6. Төрт ішекті
7. Қорқыт
8. Кетбұға
Келесі суретке назар аударайық. Бұл кім?

Бұл адам туралы не білеміз?
hello_html_409d0716.gif

- Бүгінгі жаңа сабағымызда Қорқыт атадан кейін 10 ғасырдан соң дүниеге келген күйші - қобызшы Ықылас Дүкенұлының шығармашылығымен танысамыз.

Ықылас атамыз туралы не білеміз? Реферат тыңдау 1-2 оқушы Ықылас атындағы көше видео (Қобызшы Дүкенұлы Ықылас)

Ықылас Дүкенұлы ХIХ ғасырдың 2 - ші жартысындағы белгілі күйшілердің арасындағы ең ірі қобызшы. Ықыластың атасы Алтынбек те, өз әкесі Дүкен де қобызшылар болған. Атасы Алтынбек қобызшылығымен қоса он саусағынан өнері тамған ұста, зергер болған. Алтыннан алқа, күмістен шолпы, сақина, білезік соққан, жас сәбилерге бесік, күмістеп ер - тұрман жасаған ұсталық дүкені болған. Кейін ол қобыз аспабын жасауды да меңгеріп алады. Ықыластың әкесі дүниеге келгенде Алтынбек «Менің бар ырысым осы ұсталық дүкенімде ғой» деп ұлының атын Дүкен қояды. Дүкен де қобызшылығымен атағы жайылады. Бірақ жоқшылық, тірліктің тауқыметі оның қолын байлайды, ол өнер жолына түсіп жүре алмайды.
Ал Ықылас 1843 жылы Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында дүниеге келеді. Ы. Дүкенұлы - қазақтың белгілі күйші композиторы, қылқобызда ойнаудың асқан шебері. Ықыласқа алғаш қобыз үнін үйретуші әрі оның күй шығаруға бейімінің барын біліп, қуана қоштаған әкесі Дүкен болды. Ықылас қазақтың көне аспабы қылқобызда ойнаумен қатар ол қобыздың дыбыстық көлемін байытты, өлшем - ырғағына өзгерістер әкелді.
Яғни Қорқыттан соң қылқобызға тіл бітірген Ықылас болды. Қорқыттан Ықыласқа дейінгі ғасырлар бойы бақсы -балгерлердің аспабы болып келген қобызды Ықылас халықтың арман - мақсатын, тіршілік - тынысын жырлайтын аспапқа айналдырды. Ол кейіннен өз жанынан күй шығара бастады. Ықыластың алғашқы күйлері - «Ықылас» күйі және «Қоңыр» күйі. Ол белгілі бір оқиғаны қобыз үнімен айтуға мән беріп отырды.
Оның «Кертолғау», «Ерден күй», «Жалғыз аяқ», «Жез киік», «Айрауықтың ащы күйі», «Аққу», «Шыңырау», «Бозторғай», «Қорқыт» т. б. көптеген күйлері бар. Ықыластың дарынын көзі тірісінде - ақ халқы қадір тұтқан, ел ішінде сөзі өтімді, беделді болған. Ықыластың өзінен тікелей тәрбие алып, өнерін үйренген шәкірттері: баласы Түсіпбек, Әбікей Тоқтамысұлы және өзімізге таныс Сүгір Әлиұлы. Ал Әбікей мен Сүгірден тәлім алып, Ықыластың ғажайып күйлерін бүгінгі күнге жеткізген күйші - қобызшылар Дәулет Мықтыбаев пен Жаппас Қаламбаев.
Ықылас 1916 жылы Жамбыл облысында дүниеден өтті.

Мүйізі бар – ешкі емес,

Жүгіргенде жеткізбес.

hello_html_19ca2dc1.jpghello_html_1a159960.jpg

  • Балалар, мынау қандай жануар? (киік)

  • Көргендерің бар ма?

(Ақбөкен, киік – жұп тұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайтын мамыр айындағы киіктің баласын өргізуіне атаған. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Бетпақдаладағы ақбөкендер өсімдіктің 81 түрімен қоректенеді. Олар әр түрлі шөптерді жылдың мезгіліне қарай таңдап жейді. Киіктер шөпті жерден жұлып жеуге ғана дағдыланған.)

hello_html_m5d32cdbb.jpghello_html_m493e027e.jpg

Киік сөзінің төркіні татар тілінен алынған. 1769 жылы орыс ғалымы Петр Симон Паллас Орынбор губернияларына саяхат жасап жүргенде «жабайы ешкілер» кездестіреді. Жергілікті тұрғындар – татарлар «сайғақ» деп атаған. Қазақтар киікті бөкен, ақбөкен деп те атайды.

Киік қазіргі уақытта 5 мемлекет аумағында кездеседі. /Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Түркіменстан, Қалмақ елінде/ картадан көрсетемін.

Осыдан 20 жыл бұрын қазақ даласында 1 жарым миллионға жуық киік өмір сүрген болса, бүгінгі таңда олардың саны дүние жүзі бойынша небары 55000-ға жетіп отыр.

Сондықтан 1996 жылы Халықтың Табиғат Қорғау Одағының «Сирек кездесетін құрып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер» тізіміне енгізілді. 1998 жылдан бастап аңшылыққа тыйым салынды. (3,25) видео –тыңдау.

- Қазір Ықылас Дүкенұлының күйлерінің бірі – « Жез киік» күйін тыңдаймыз. (оркестр)
Алдымен мен сендерге осы күйдің шығу тарихын айтып берейін.
- Аңшылар киік ауламақ болып аңға шығыпты. Олардың алдынан бір топ киік кездесіпті. Олжалы қайтатындарына қуанған аңшылар киіктерді шетінен ата бастапты. Сол киіктердің арасында жез киік те болыпты. Оның терісінің сарылығы күнмен шағылысып, аңшыларға дұрыс көздетпепті. Сонымен аңшылар жез киікті атып ала алмапты. Терісінің сарылығынан аңшылар ата алмаған жез киік осынау өмірге, тіршілікке риза болып, тастан - тасқа секіріп, кең далада көсіліп емін - еркін ойнақ салған екен. Осы бір әңгімені естіген Ықылас «Жез киік» күйін шығарған екен.
- Тыңдаған күйден қандай әсер алдыңдар?
- Күйді минорлы күйге жатқыза аламыз ба?
- Күй бір аспапта, мысалы тек қобызда ғана орындалды ма?
- Күйді тыңдаған кезде не көз алдарыңа елестеді?

- Бұл күйде мергеннің оғы дарымайтын даланың сұлу еркесі, құралайын қорғаған ананың образы суреттелген. Киіктің тастан - тасқа секірген жүрісі бейнеленген. Ол ойнақы, лирикаға толы және әсерлі. Бұл шығармада Ықыластың жазық, еркін далаға деген сүйіспеншілігін көрсетеді. Шығармада сазгер халықтың бостандығын өз ойын, сезімін бейнелейді. Музыка оптимистік шабытқа толы. Жігерлі, салмақты, жылдам, оркестр, қобызда ,көңілді орындалады.
Жақсыгелді Сейілов пен Какімбек Салықов ағамыздың «Жез киік» әнін үйренеміз. Алдымен оны күйтаспадан тыңдайық. Кім орындады?

Әнді үйрену.

Екі шығарманы салыстыру. Венн диаграммасы


- Қазір Ықылас атамыздың тағы бір күйін тыңдаймыз. Бұл күй туралы әзір ештеңе айтпаймын, тек күйді өте мұқият тыңдап отыруды сұраймын. (тыңдату)
- Күйден қандай әсер алдыңдар? Не елестеді?
- Күйдің сарын - сазы құлаққа қалай естіледі екен?
(қорқыныш, үрей...)
- Осыған ұқсас күй Қорқыт атамызда бар ма еді?
- Осы күйге қандай ат берер едіңдер?
- Күйдің шығу тарихын айтып беру:
Ықылас қобызына табиғаттағы сан алуан дыбыстарды, құстар мен жан - жануарлардың әр түрлі дауысын салып көп әуреге түседі. Сөйтіп жүріп бір күні қобызға қасқырдың ұлыған
дауысын салады. Саусағын қобыздың ішегінің бойымен жоғарыдан төмен қарай жылжыта отырып қасқырдың дауысын дәл келтіреді. Әуелі бір қасқырдың ұлыған дауысын, одан
соң екі қасқырдың, сәлден соң топ қасқырдың ұлыған дауысын айнытпай салады. Оның қобызының үніне ауыл иттері дүрлігіп, ауылды айнала шауып мазасызданыпты. Тіпті ауыл адамдары да әбігерге түсіпті. Осылайша Ықыластың «Қасқыр» күйі дүниеге келіпті.
Қазақ халқы бар ғұмырында қасиетті қара қобызды кие тұтып, шанағынан шыққан саздың қасиетін ардақтаған, бойтұмарына санаған. Қазірде Ықылас атамыздың қобызын ары қарай жалғастырушы ұрпақтары бар. Ол Ықылас бабамыздың шөпшегі, халықаралық қобызшылар байқауының лауреаты, композитор, Атырау қаласындағы Халел Дос-мұхамедов атындағы университеттің ұстазы Ақнар Тәттібайқызы Шәріпбаева,
Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің қобыз тобының жетекшісі Жазира ӘУЕЗОВА, Ақерке ТӘЖІБАЕВА, қобызшы Анар Аязбаева т.б.

Олардың ізімен жас қобызшы балғындар да өз өнерлерімен халықтың көңілінен шығып жүр. Қазір бейнетаспаға назар аударайық.

hello_html_2637309d.jpghello_html_1676b804.gifЕліміздің рухани астанасы Алматы қаласындағы өнер мұражайы оның есімімен аталады.

hello_html_m158fd289.gifЕкі мың жылдық тарихы бар Тараздағы қалалық мәдениет үйі алдынан тұғырлы ескерткіш орнатылды.

Бүгінде Ықылас атындағы көше Елордамыз Астанаға да сән беріп тұр. (видео)

Сабақты бекіту. Сөзжұмбақ шешу.

«Қобыз» сөзжұмбақ

1. Күй атасы,қобызшы кім?

2. Ықыластың күйі.

3. Ықыластың ұлының есімі

4. Ықылас атындағы музыкалық аспаптар мұражайы қай қалада орналасқан?

5. Ықылас күйінің атауы

Сонымен балалар, киелі қобыз халқымыздың үні, өміріміздің күйі, тірлігіміздің тынысы, жүрегіміздің жолдасы, сеніміміздің серігі. «Өлмейтін өмір кілті - өнерде» деп Қорқыт атамыз айтқандай, қыл қобыздың абызы атанған Ықыластың артында қасиетті аспаптың мәңгілік үкілі үні, сырлы сазы қалды.

Өнерді тану бір құрмет болса, шын шеберді бағалау бұл нағыз ерлік.

Ал, ерліктің артында қасиетті Елдік бар.

Елі барда өнердің өлмесі, жұрты барда тұлғаның жоғалмасы ақиқат.

Киелі қобыздың шебері - Ықылас Дүкенұлы осындай кемеңгер тұлға.


Музыка пәнінің мұғалімі: Масалимова Г.Х.

4облыстық шипажайлы мектеп-интернат

Атырау қаласы



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 15.09.2016
Раздел Музыка
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров217
Номер материала ДБ-196361
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх