Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / Музыка сабағынан «Күй атасы - Құрманғазы» тақырыбына ашық сабақ

Музыка сабағынан «Күй атасы - Құрманғазы» тақырыбына ашық сабақ



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Күй атасы  -  Құрманғазы»
Сабақтың  мақсаты: Оқушыларға Құрманғазының өмірі жайлы, өскен ортасы туралы түсінік, бере отырып, күйшінің шығармашылығы жайлы түсінік беру.
Білімдік:
 Құрманғазының қазақ музыкасына қосқан үлесі, музыка саласына қалдырған еңбектері туралы мәлімет бере отырып, күйші шығармашылығын кеңінен насихаттау.
Дамытушылық: Ұжымдық ойлау әрекетін қолдану. Алған теориялық білімдерін ойындар арқылы жинақтап, ой – өрістері мен рухани мәдениетін, эстетикалық талғамдарын анықтай отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұмыт болып бара жатқан ата – бабаларымыздың асыл мұрасын болашақ ұрпаққа насихаттау. Асыл мұрамыздың тамыры тереңде екенін зерттеп білуге баулу.
Сабақтың түрі:
 Саяхат ұжымдық ойлау, кіріктірілген сабақ.
   Сабақтың мақсатына жету үшін пайдаланатын әдістер.
1. Ой қозғау.
2. Ұжымдық саяхат жасай отырып, Құрманғазының өсу жолын бейнелі
 
    баяндау, топтастыру.

3. Күй -  табиғаттың дыбыстық бейнелік көрінісі, ізденушілік әдісі.

    Дидактикалық: Тірек сызбалар, сазгер портреті, күй тақырыптарына орай салынған суреттер, оқу құралдары, слайд көрсетілімдері.

 Пәнаралық байланыс музыка , тарих, қазақ әдебиеті.
   Сабақтың барысы:

 1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2.Үй тапсырмасын тексеру. Тәттімбеттің өмірі мен күйінің шығу тарихы.
  1 Тәттімбет қай жылы дүниеге келген?

  2.Тәттімбеттің «Сарыжайлау»  күйі дүниеге қалай келді?

  3. Не себепті Тәттімбеттің күйі «Сарыжайлау» деген атпен танымал болды?
  III. Жаңа сабақ: «Күй атасы Құрманғазы»

   1. кіріспе. Ой қозғау.
         «Кемеңгер күй атасы – Құрманғазы.

       Күй іздеп күңіреніп  күңіреніп қысы, жазы.
       Боратып астан – кестең алабұртқан,

           Қазақтың сен дағы бір дауылпазы»
- деп ақындар жырлағандай, қазақ музыкасының мәдениетіне өшпес өлмес мұра қалдырған ұлы композитор Құрманғазы Сағырбаев өз заманының ұлы азаматы, қайсар қайраткері артынан мол музыкалық мұра қалдырған.
  Оқытып үйрену сабағы «Саяхат»

 Мақсаты:  Саяхатқа шыға отырып Құрманғазы өміріне шолу жасау жас кезеңдері арқылы өсу жолдарына тоқталып, әңгімелеу Құрманғазы өмір жолын «даңғыл жолға» теңей отырып, тірек сызбалар арқылы үш аялдамаға тоқталып өтеміз.
  1 ші аялдама:  Құрманғазының балалық шағы.
  2 ші аялдама:  Құрманғазының алғашқы таптық күресі.
 3 ші аялдама:  Құрманғазы өнерінің кемелденген кезі.
 1 ші Құрманғазының балалық шағы туралы баяндалады.


1 ші .
 Құрманғазының  балалық шағы туралы баяндалады.

Күй атасы Құрманғазы нағыз  сегіз қырлы , бір сырлы  адам болған.
Құрманғазы  Сағырбаев 1823 жылы  Гурьев облысы Жиделі деген жерде дүниеге келген. Оның әкесі Сағырбайға баласының музыкаға деген қабілеті соншалық әсер етпейді. Ал шешесі Алқа  Құрманғазының бұл талабын қуана қоштайды. Құрманғазы он жасында Ұзақ деген күйшіден домбыра тартуды үйренеді. Құрманғазы бала кезінде  байлардың малын баққан жалшы болған. Құрманғазы әкесімен қоштасып, еңбек ақысын төлемеген байдың
сәйгүлік атын мініп қашып кетеді.
Құрманғазы атына мініп «Қараманды  Қара өзен қайдасың?» деп жолға шығады. Бір ауылдың тұсына келгенде күмбірлеген домбыраның даусын  естиді. Домбырада әсем күй тартқан күйші  Ұзақ күйші еді. Ауылдың адамдары  Құрманғазының аты Дулат байдыкі екенін біліп, Құрманғазыны байлап тастайды. Оны жертөлеге қамап тастайды. Түн ішінде аттардың біреуін мініп тағы қашып кетеді. Осы сәттен бастап барымташы, ұры деген атқа ие болады. Шаруаларға жасаған үстем тап өкілдерінің зорлық – зомбылығын көрген ол  «Түрмеден қашқан» , «Кісен ашқан» күйлерін шығарады.

2 –ші  . Құрманғазы –  XIX ғасырда өмір сүрген ұлы күйші  – композитор. Құрманғазы өмір бойы теңсіздікпен, бай манаптардың жасаған 
 зорлық – зомбылығымен күресіп өткен. Құрманғазы әділетсіздікпен күресіп өткен.
 Құрманғазы патша жендеттеріне де бай манаптарға да жақпады. Қайда жүрсе де , Құрманғазыны ұстап алып түрмеге жапқызуға тырысты. Құрманғазы отбасымен қаннен  қаперсіз отырғанда, патшаның бір топ солдаттары  жетіп келеді. Құрманғазыны жан – жағынан қаумалап сыртта  тұрған  арбаға отырғызады.

Енді жүргелі  тұрғанда, арбаның қасына Құрманғазының шешесі келеді.
Анасы Құрманғазыны құшақтап, қоштасып маңдайынан сүйеді.

Сол кезде Құрманғазы домбырасын қолына алып,  «Аман бол, шешем ,аман бол»  деп  күй тартады.
Күй аяқталғанда  шешесі Құрманғазыға  қараса,  оның  көзінен  бір тамшы жас шығып кеткен екен.  Сонда шешесі Құрманғазыға: Мен ер жігіт тудым деп қуанып жүрсем, сен кімнің алдында қөз жасыңды көрсетіп тұрсың?  «Көтер басыңды!» -  дейді.
Құрманғазы есін жиып алып, «Әй, қайран менің шешемдей адам бұл дүниеде жоқ шығар!. Маған өмірде күш -  қайрат жігер беретін де, анамның тілегі емес пе?» - дейді Құрманғазы.
 
Сол жерде күйші шешесімен қоштасып,  «Қайран шешем» деп күй тартқан екен.
 3 ші. Құрманғазының кемелденген шағы.
 1830 – 1840 жылдары Құрманғазы өмірі мен творчествосында елеулі  өзгерістер болды. Ол өзінің  «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Аман бол шешем аман бол», «Қайран шешем» деген күйлерінде –өзі өмір сүрген, өмір жолын суреттейді. Ал Сарыарқа, Балбырауын., Адай күйлері мазмұны мен желісі шебер суреттеген асқақ туындылар болып табылады.

Бұл салада  Ахмет Құанұлы  Жұбанов өзінің көп жылдық өмірін Құрманғазы өмірін зерттеуге арнады.  Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі бар.
Құрманғазының өмірі бай шежіре, Құрманғазы шығармалары халқымыздың аса  құнды байлығы. Ол әлі талай ұрпақты тәрбиелеп, өсіруге қызмет етеді.


Сабақты пысықтау үшін  қойылатын
 сұрақтар.

1. Құрманғазы кім?  Күйші, композитор.
2  Кұрманғазының әкесінің аты.
 3. Анасының аты кім? Анасының аты Алқа

4. Құрманғазының күйге деген құштарлығын кім оятты.? Ұзақ  деген күйші.
5.Құрманғазы не үшін күресті?  әділетсіздікпен қарсы
Құрманғазыны патша жендеттері алып бара жатқанда кімге арнап күй шығарды?  Анасына
6. Құрманғазының шәкірті кім?  Дина Нүрпейісова.
7. Құрманғазыны  зерттеген кім?  Ахмет  Жұбанов

  Қорытынды, бағалау, үйге тапсырма беру.





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 17.12.2015
Раздел Музыка
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров199
Номер материала ДВ-266141
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх