Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / Музыкалық қабілеттерді тексеру. Есту қабілетін жетілдіру жолдары.
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Музыкалық қабілеттерді тексеру. Есту қабілетін жетілдіру жолдары.

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

Музыкалық қабілеттерді тексеру. Есту қабілетін жетілдіру жолдары.

Музыкалық талант-музыкалық қабілеттердің ең биік шыңы.Ол- әсер, ес,ақыл,сезім,есту,ырғақ,есте сақтау. Жан танымдық зерттеулерге көңіл бөлсек, қабілеттер дегеннің өзі сыртқы әсерді қабылдап, оның жанда көрініс табуы. Бұл ми мен (нейрондар) жүйке тамырлары, талшықтары арқылы іске асады екен. Осы қабілеттердің жұмысын данышпан Абай атамыз 3 топқа бөледі. Ақыл, сезім және қайрат.Осы 3 топ арқылы сыртқы ортадан болған құбылысты әсер деп атайды. Бар адам баласы әсерлене алады, әсіресе құлақ нейрондары арқылы болатын ,оның ішінде, дауыс, дыбыс әсері ең керекті құбылыс. Әсерленудің жағымды, жағымсыз болуы әсерленудің қабығы (тоны) деп аталады. Естуге байланысты жағымды дыбысты (консенанс), жағымсыз дыбысты (диссонанс) білеміз.

М.Жұмабаев «Педагогика еңбегінде» нейрондардың әсерді миға апарып жеткізуін, орналастыруын локолизация деп атайды. Әсерленуді туғызған себепті перцепция деп атаған. Яғни музыкалық қабілеті жоғары адамдардың құлақ нейрондары музыкаға дыбыс арқылы локолизацияланады. Бұл әсердің музыкалық дыбыстан болғандығын анықтаймыз.Мұны перцепция деп атаған. Ал мұны бұрынғы болған тәжірбиелермен толықтыру апперцепция болып табылады екен. Сыртқы сезім әсерленулерінің 6 түрі бар: көру, есту,сипау, тату, иіскеу, ет сезімі.Осының бәрі түгел болғанда адам есі түгел болады. 1.есту, 2.көру сезімдері ең керекті сезімдер. Әрине мұнан басқасы керегі жоқ деген ұғым тумайды.Сипау, ет сезімдері музыка мамандары үшін қалыс қалмайтын сезімдердің бірі. Адам ән салса тамағымен(тіл), аспапта орындаушылардың барлығы үрмелі аспаптарда қол, ерін, көкірек демі, ал домбырашылар екі қол дейміз, алайда барлық дене мүшелерінің бірлікті қозғалысы арқылы жеткізетініміз кім-кімге болса да белгілі. Бірақ музыка маманы үшін есту мен көрудің өте жоғары болғаны дұрыс. Музыкалық оқу орындарында қабылдау емтихандарында жалпы музыкаға бет бұрған адамзат баласы бойынан негізгі 3 қасиет іздейміз. Ең бірінші кезекте-есту қасиеті. Есту қасиеті де негізінен табиғатынан берілген құба-құп. Бала жасынан есту қабілетін жолға қойса, нені көріп, нені естіп өседі осы тұрғыда сезінуде дайындалады.

Музыкалық аспапта жақсы ойнау орындаушының техниканы шебер меңгеріп, шығарманы әсерлі орындауымен айрықшаланады. Орындаушының дыбыстарды естуі ерекше болады. Ол дыбыстың күшін, сипатын, бояуын алдын ала естіп, бағдарлап, қайткенде адам жанына күшті әсер ететінін шамалап отырып, қол қимылдары мен саусақтардың әрекеттерін соған бағындырады. Осының бәрін орындаушы шығарманың әрбір оралымын, оның әуендік-үндік құбылысын алдын ала іштей естіп отыру арқылы жүзеге асырады.Сондықтан «іштей есту» дағдысын оқушыға музыкамен айналасудың ең алғашқы сабақтарынан бастап үйрету керек. Іштей естудің маңыздысы:

1.Есте музыкалық елестердің, бейнелердің сақталуы үшін музыканы дәл қабылдаудың мәні зор (ол жеке орындаушы ма,ансамбль ме бәрі бір). Ішкі есту қаншалықты болса, соншалықты музыкалық дыбыстың биіктік, бояулық, әуездік барлық бүге-шүгесі анық қабылданады.

2.Орындаушының өз орындауын анық сезінуі.

Бұл –нағыз дамылсыз, ыждағаттылық, тұрақтылықпен тәрбиелеуді керек ететін қасиет. Әр уақыт шәкірттерімізге өзіңді тыңдамайсың деп реніш білдіріп жатамыз-мұның себебі-1-ші іштей сезінбеуден, 2-ші естімеуден, беталды ойсыз орындаудан. Домбыра ойнауды үйрету барысында ең әуелі оқушының музыкалық есту-елестету мүмкіндіктерін дамытып әрі соған арқа сүйеп отырған дұрыс. Ол үшін оқушыға бірден нота үйретуді бастамай , белгілі бір дайындық кезеңін өткізген жөн. Бұл кезеңде оған кішігірім әуендерді «мұғалімнің қолына қарап» отырып немесе «музыкалық есту қабілетіне сүйеніп» ойнау үйретіледі. Оқушы ойша,тек құлақпен естіп отырып қажетті дыбыстарды теріп, іріктеу арқылы ойнап шығады.Үйретуші әр уақытта мына жерін былай орында, ал мына қағысты , дыбысты алу жолы осылай деп көрсетулерін, сөйлемді анық ойна, мына тұстан аяқта т.с.с сияқты деген бұйрық райларды көбейткенше бірден өзін естуге ,дыбыс тазалығын , мазмұнды бояуын ,қағыстың ерекшеліктерін естуге баулыған дұрыс. Бұл аса бір ұқыптылық пен мұқият жұмыс жасауды қажет ететін «нотаға дейінгі» кезең. Осы кезеңдегі жұмыс негізінен 3 түрге бөлінеді: әуенді аспапта теріп шығару; оны гармонизациялау; сүйемелдеуін құрастыру. Есту қабілетіне сүйеніп ойнау деп біз орындаушының есту-елестету мүмкіндіктеріне сүйене отырып, ойында жатталған әуенді домбырада нотаға қарамай ойнап шығуын айтамыз. Әрбір музыкамен айналысқан адамға іштей сезіну ,есту, құйма-құлақтық керек.

Бұл қабілеттің де 5 негізі бар:

1-бір кезде естіген, бір орындаушының орындауындағы музыканы дәл еске түсіру,немесе есінде қалған бейнеден елес алу.

2-өзінің соңғы ойнаған шығармаларын есіне түсіру.Бұл алға қарай жетілуге өзіндік сын,талдау болып есептелінеді.

3- бұрын таныс емес шығарманың нота текстісін ойша оқудың негізінде дыбыстың божамының қалыптасуы. Бұл өте күрделі,оңайлықпен келмейтін қабілет.

4- дәл орындаушылық жүйенің қалыптасуы,шығарманың бір бөлігіне, буынына,композитор ойына шәкіртпен ұстаздың ойы қосылуы.

5-орындау кезінде музыканың жандануы кейіптік нанымдылық, таңқалдыру. Бірақ та берілген шығарманы орындап жеткізу үшін тек қана есту, мінез қызбалығы аздық етеді. Өте жақсы естуді қамтамасыз ететін шеберлік жетістігі болу керек.Сонымен қатар есту елесі өз қатарына шеберлік қажеттіліктерді шоғырландыруы керек. Ол пернелерді саусақпен басу реті, қимылдар, қағыстар,о ң қолда қай саусақпен қағу, қозғалыста қолдың қай буыны басты маңызда болады, перне аралық қашықтықты мөлшерлеу, оған тірек нүктелері тағы сол сияқтылар. Есту елесінің мұндай таңқалдыратын құрамды жұмысын музыка мамандары ойлы, ұңғыт,сезімтал, тапқыр, қағілез, ақылды тағы басқа да қасиеттерімен мөлшерлейді. Егер саусақтары есепсіз жүрсе, ол орындаушыда есту қабілеті, оған керекті құрамды бөліктер қалыптаспаған деген сөз.

«Әнді айта алмаған абалаған, домбыраны тарта алмаған сабалаған» деген халық сөзі осыдан қалған. Күй құдіреті Құрманғазының өзі де: «Динаның сол қолын,менің оң қолымды бір адамға берсе»деген түйінінде терең ғылым жатыр емес пе? Бүкіл әлемдік өнер тұлғалары Бетховенді тыңдасақ: Ақылда естуден сес болмаса, саусақ дәрменсіз, ал Гофман : « Орындаушының саусақтары жайылып жүрсе, жетелеуге болмаса ,еруге көнбесе ойдың піспегендігі, есту елесінен аулақ екендігін байқау қиын емес» - деген екен.

Есту қабілеті шамамен мына түрде тексеріледі:

1.Білетін әндерін айтқызу.

2.Қолда бар аспаппен әр түрлі деңгейдегі дыбыстарды анықтау.

3.Кейбіреулері аспап дауысын 1-ші естігендіктен, ажырата алмай қалады.Үйреншікті дыбыс бояуымен байқау (Адам даусы,аспап)

4.Көп дыбыстың санын анықтау естісе бәрін, естіп алмаса, мүмкіндігінше біреуін анықтау.

5.Дыбыстың жоғары-төмен қозғалысын анықтату.

6.Мақамдық бояуды анықтау (көңілді,көңілсіз)

7.Белгілі бір үзіндігінің , шығарманың орындалуын естуі с.с.

8.Дыбыс күшілік бояуды естіп мөлшерлеуі.

Алғашқы кезеңдегі есту қабілетіне берілетін бағыт бұрау тазалығына құлақ үйрету. Саусақтарды пернеге қай тұстан,қалай қойғанда таза дыбыс алынады. Бұл мерзімде орындаушылық кезіндегі дыбысты есту табиғаты қақында айтуға ерте,ұстаз орындап бергеннің өзінде түсіне қоюы қиын,бейнелеп елестете алмайды, бірақ та дыбыстың бояуын ,әуездік әрін есітуге үйрету басты шарт.Техникалық орындау кезінде де дыбыс бояуын есту әрқашан ұстаз назарынан тыс қалмағаны дұрыс. Әр уақыт қандай шығарма,қандай тапсырманы орындағанда да есту табиғаты осы баспалдақтан қалыптасады. Домбыра үйретуде есту қабілетін мынандай жағдайлар өсіретініне өмірде көз жеткізіп келеміз.

1.Құйма -құлақ.

Дәстүрлі орындаушылардың оң жақ ми жартысы жақсы дамыған деп мамандар дәлелдеді. Олар тіпті көзбен көрген, көрмей-ақ естіген әуендерін, күйлерін домбыраға еркін сала береді. Себебі анасының құрсағынан жерге түскеннен сол ортада өсті,құндағынан сол әуезді құлағына сіңіріп өмір жылнамасын бар болмысымен сезді. Ал біздің жағдайымызда есту қабілеті әр түрлі әдістермен дамытылады:

1.Домбыраның әр буынында әндетіп айтқызу.

2.Домбыра үйренгеннен соң-дауысты үйренген әуенін пернеден іздеп тауып үйрену-есту қабілетін өсірудің бірден бір жолы.

3.Оқушы ойнай алмайтын кезде ұстаз өзі орындайды.

4.Бастапқыда бір дыбыстан,бірітіндеп көбейтіле береді.

5.Бұл кезде оқушылардың басым көпшілігі орта буын,үлкен кіші саға (1октава до нотасынан 2 до,ми) жақсы естиді де, төменгі регистрді қабылдай бермейді. Осы бағытта жұмысты жандандыру керек болады. Себебі домбыраның негізгі репертуары –күй.Оның көпшілігі бас буыннан басталады.Домбырашының құлақ құнықтылығы осылай қалыптасады.

6.Төменгі және жоғарғы ішектегі әуендерді жекешелеп айтқызу, бұл перне аралық дыбыс даму байланысы жүйесіне үйрету.

7. Жай екпінде нотаны бірден оқытқызу.

8.Дәлме-дәл дыбыс бояулық әрекетті іске асыру.

9.Буын аралық ,перне аралық байланысты сезіну.Осы арқылы оқушы пернеден дыбысты,нақышты таба біледі,сонымен қатар тез жаттайды, батылдық та осыдан пайда болады.

10.Әрине буынды, аудармалы есту бойынша табу-мамандық оқушыларының есту қабілетін өсірудің бірден бір жолы.

Музыкалық орындаушылық шеберліктің ең бір керекті қабілеті-музыкалық есту мен қозғалыс бөлек-бөлек дамытылмай,бірлікте болуы шарт. Есту әр уақыт алғы шепте болғаны дұрыс.Осыған мінез қызбалығын,шынайы табиғи өмірдегі тектілікпен қосқанда ғана шығармада керекті мақсатқа жетеміз.










Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-479427

Похожие материалы