Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Конспекты / " Музыкалық дидактикалық ойындар "

" Музыкалық дидактикалық ойындар "

  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

МУЗЫКАЛЫҚ
ДИДАКТИКАЛЫҚ
ОЙЫНДАР

  1. Балабақшадағы музыкалық тәрбиенің маңызы
    Балабақшадағы сәбилік шағынан тәрбиеленіп келе жатқан балада музыканы тыңдау, оны түсіну, есте сақтау, ажырата білу, ән салу, би билеу, сазгерлерді, аспаптарды тану қабілеттері бірте - бірте қалыптасады. Ал, балабақшаға қамтылған баланың бойына қысқа мерзім ішінде аталған білім дағдыларын қалыптастыру музыка жетекшісінің алдына қойылған аумақты да, жауапты ісі. Балабақшада музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастырудың түрлері: ән сабағы, баланың жеке музыкамен шұғылдануы, баланың күнделікті өмірдегі музыканың орны,
    мерекелік ертеңгіліктер т.б.

  2. Әнді музыкамен, музыкасыз жеке, көппен қосылып, орындау кезінде дауысын дамытуға, өлең сөзін дұрыс, анық айтуға, ырғақты қимылмен музыка үндестігін сезіне, денесін дұрыс ұстап, әдемі қозғала білуіне ерекше мән беріледі. Музыканы басқа пәндермен байланыстыруда (тіл дамыту, сахналау, дене шынықтыру, бейнелеу т. б) баланың көңіл хошы, өз күші мен ептілігіне қызығушылығы арта түседі.
    Ән баламен ойын - сауықтарда, музыкалық кештерде, ертеңгіліктерде, билерде, ойындарда бірге жүреді. Демек, ойнай жүріп, баланың әнге деген құштарлығы арта түседі.

  3. Музыкалық – дидактикалық ойындарды ойнау, балалардың музыкаға қызығушылығын арттырады және музыкалық іс - әрекет түрлерін тез, әрі дұрыс үйренуге көмектеседі.

  4. Музыкалық оқу іс - әрекеттерінде музыкалық - дидактикалық ойындарды жүйелі түрде пайдалану – музыканы сипатына, көңіл - күйіне, динамикалық реңкіне қарай ажыратуды үйретеді. Балаларды әр түрлі музыкалық шараларға тек жеке өзін қатыстырмай, үлкендермен, ата - аналармен бірге қатыстырудың мәні зор. Бұл баланың өзіне - өзінің сенімін ұштап, шығармашылығын шыңдайды.

  5. Музыкалық дидактикалық ойындардың бірнеше түрлері бар.
    Есте сақтау және естуге
    aрналған ойындар, Тембрлік естуге арналған
    ойындар, Дыбыс биіктігін естуге арналған музыкалық – дидактикалық
    ойындар, Ырғақ сезімдерін дамытуға арналған ойындар ,Музыкалық
    бейнені, қиял мен шығармашылық қабілеттерін ажыратуға арналған
    ойындар, Диатоникалық естуге арналған ойындар

  6. Балалардың ой-өрісін, есте сақтау, қабылдау, орындаушылық қабілеттерін арттырады және де музыкаға деген қызығушылықтарын оятады
    • Түрлі сипаттағы музыкамен байланысты музыкалық – ойындарды
    ойнағанда: байсалды, асықпай және көңілді, шаттанған көңілді жеткізуге талпындырады.

  7. Әр ойынды ойнағанда әр баланың шығармашылық бастамасын, ойынды өз бетінше құру және ойлаған ойын іске асыру, өзін ойын желісі мен ережесін сәйкес ұстау қасиетін қалыптастырады.
    Ойын құру үдерісінде жолдастарына тілектестік қарым-қатынасын, олармен санаса білуді, қиын жағдайларда көмекке келуді, ойын материалын қолдануда келісім жасауды, дауларды әділ шешуді қалыптастырады.

  8. С.Рахметова музыка сабақтарында көркем шығармалардың оқушыларды тәрбиелеудегі маңызын жан-жақты талдап көрсетеді:
    1.Идеялық-саяси, адамгершілік және эстетикалық
    тәрбие беру;
    2.Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру;
    3.Балаларды, жас өспірімдер мен үлкендердің үлгілі, ерлік
    істерімен, еңбектерімен таныстыру арқылы қоғам игілігіне адал
    ниетпен еңбек етуге, адамгершілікке, бір-бірін сыйлаушылыққа,
    адалдық пен шыншылдыққа, кішіпейіл болуға тәрбиелеу;

  9. 4.Отанымыздың мейлінше бай, көркем де сұлу табиғаты жайлы
    материалдармен танысу арқылы табиғатта кездесетін өзгерістер
    мен құбылыстарды байқай біліп, теңдесі жоқ сұлулық пен
    көркемдікті бағалай білуге, елін, жерін қадір тұтып, сүюге
    тәрбиелеу;
    5.
    Балалардың алған білімдері мен оқу дағдыларын, шеберліктерін
    жетілдіру, тілін онан әрі дамыта түсу;
    6.
    Халықтардың бостандық, бейбітшілік үшін жүргізген
    қаһармандық күрестерімен таныстыра отырып, Отанды сүю,
    бейбітшілік пен халықтар достығы рухында қалыптастыру;
    7.Саналы тәртіпке, дұрыс мінез-құлық нормаларына үйрету;
    8. Еңбекке қызығу, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

  10. Музыка сабақтарында дидактикалық ойындарды балаларды жан-жақты тәрбиелеуге негіздеу қажет. Осыған орай музыка сабағында дидактикалық ойындар арқылы меңгерту жұмыстарының мынадай мақсаты болуы керек: Балаларды ұлттық болмысқа тәрбиелеу.

  11. Балаларды ұлттық болмысқа тәрбиелеу. Бұл төмендегі жұмыстар
    бойынша жүргізіледі:
    а) дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім-тәрбие көздерімен
    ұштастыруда жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді, халықтың
    даналық, өсиет сөздерінен оқыту барысында ойындар арқылы
    кеңінен қолдану;
    ә) көркем шығармаларды дидактикалык ойын түрінде беру арқылы
    оқушылардың ұлттық мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын
    қалыптастыру;

  12. Ән-күй сабағында музыкалық дидактикалық ойындарды қолданудың мәні өте зор.Әнді орындағанда ойнап айтуға болады.Мысалы, екінші сәби топтарында әнді тірек сызба арқылы және де әнге сәйкес қимыл қозғалыстар жасап орындауға болады, осы сәтте балалардың ой-өрісі дамып әнді тез жаттап алуларына мүмкіндік тудырады.

  13. «Үш гүл - үш түрлі көңіл күй» ойыны
    Ойынның мақсаты: Көңілді, сабырлы, мұңды музыкалық
    шығармаларды ажырата білуге үйрету. Есту қабілеттерін дамыту,
    тапқырлыққа баулу.
    Ойынның шарты: Әр балаға үш гүлдің суреті бейнеленген
    карточкалар беріледі. Гүлдерде күлімсіреге
    н, жылап тұрған және
    сабырлы адамның кейпі бейнеленген. Балалар шығарманы
    тыңдап, көңіл күйін анықтап, сәйкес карточканы көрсетеді.

  14. «Музыкалық текше»
    Ойын шарты:
    Ән- күй жетекшісі:
    Текше кетті айнала
    Бере ғой сен досыңа
    Текше саған тоқтаса
    Сал өнерді ортаға – деп әндетеді, ал балалалар шеңберде тұрып бір-біріне текшені жібереді, ән аяқталған кезде қай балаға текше келіп тоқтайды, сол бала ортаға өз өнерін салады.

  15. АҢШЫ ЖӘНЕ ҚОЯНДАР
    Ойын шарты:
    Бір - бір сәбіз ұстаған қояндар музыкамен жерге жатып аунап, аяқтарын тыпырлатып, немесе би қимылдарын жасап секіреді. Сәбіз ұрлап жатқан қояндарды аңшы көріп қалып. Пух! "Пух" – деп атады. Қояндар орындарынан тұрып, жан – жаққа қашады. Музыка тоқтағанда тырп етпей отыра, не жата қалады. Қозғалған қоян айыпты болып, ән немесе би билейді.

  16. Назарларыңызға
    рахмет!


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 28.11.2016
Раздел Музыка
Подраздел Конспекты
Просмотров168
Номер материала ДБ-397332
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх