Инфоурок Музыка Другие методич. материалы«Музыкалық жанұя» байқауы балабақшада

«Музыкалық жанұя» байқауы балабақшада

Скачать материал

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по охране окружающей среды

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер, әріптестер және біздің кішкене бүлдіршіндер! Біз сіздерді «Музыкалық жанұя» атты музыкалық байқауымызда  көргенімізге қуаныштымыз. Ал, онда байқауымызды бастайық. Бүгінгі байқауымызға қатысушылар біздің бөбекжайымыздың ортаңғы «Ақбота» тобының бүлдіршіндері мен ата – аналары. Ал, олай болса, бүгінгі сайымызды бастамас бұрын, жеребе тастау арқылы қатысушыларымыздың реттік нөмірлерін реттеп алған болатынбыз.  

Қарсы алыңыздар!

1. Жұмабек Саялы, апасы Ерманова Ұлтуған

2. Жұмабай Айым, анасы Сүйіндікова Құндызай

3. Медетұлы Нұрәлі, анасы Бөлекбаева Гүлмира

4. Шөптібай Бексұлтан, анасы Жалмұрза Айгүл

5. Дулатұлы Жеңісхан, анасы Мыржакимова Әсел

Жүргізуші:

Шын жүйрік сыналатын кезең келді,

Көрейік тамашалап сайысты енді.

Әділқазы ойы терең, ақылы кең,

Саралап, әділ баға берсін енді, - дей келе әділқазы алқасымен таныс болайық.

1.«Гүлдер» бөбекжайының меңгерушісі: Ровда Любовь Ивановна

2.Бөбекжайымыздың әдіскері: Алькенова Бану Бахыткалиевна

3.Бөбекжайымыздың ата – аналар алқасының төрайымы  Айтпаева  Анаргүл апайымыз

Әділ қазыларымыз 3, 4, 5 балдық жүйелерімен бағалайды.

 

Жүргізуші:  Құрметті көрермен қауым!  Міне, әділқазы алқасымен де таныс болдық. Енді бүгінгі сайыстың шарттарымен таныс болыңыздар!

1 кезең: Музыкалық сәлемдесу (музыкамен өздерін таныстыру)

2 кезең: Өз өнері (би, ән, көркем сөз, музыкалық аспапта ойнау, т.б.)

3 кезең: Әнді тап (бірнеше әнді тауып, жалғасын айту)

4 кезең: Жаңылтпаш, мақал -  мәтелдер (балалар өнер, шығармашылық туралы мақал – мәтел жаттап келу)

5 кезең: Үй тапсырмасы (үйден музыкалық аспап жасап әкелу және сол аспаппен ән орындау)

 

Жүргізуші: 

Әсем әнге бөленген –

Әлем неткен ғажайып.

Көңілімізді көтеріп,

Шырқап әнге салайық.

(Музыканың сүйемелдеуімен клоун жүгіріп келеді).

Жүргізуші:  Ой, бізге қонақ келіп қалыпты ғо. Сәлеметсіз бе?

Күлдіргі: Сәлеметсіздер ме? Мен қалып қойған жоқпын ба?

Жүргізуші:  Қайдан қалып қойдыңыз?

Күлдіргі: Мен музыканттар байқауына кешіккен жоқпын ба?

Жүргізуші:  Сіз біздің байқауымызға асығып келсеңіз, онда кешіккен жоқсыз.  Бірақ, бүгін бізде музыканттар байқауы емес, музыкашыл жанұялар байқауы өткелі жатыр.

Күлдіргі: Енді не істеймін? Мен мұнда бекер келдім бе? Жарайды, кетейін онда.

Жүргізуші:  Жоқ, әрине, ешқайда кетудің қажеті жоқ, бізбен бірге қалыңыз, солай ма, достар?

Күлдіргі: Ал, мен не істеймін сонда?

Жүргізуші:  Не істегені қалай? Сіз біздің қатысушыларымызға жанкүйер болып, оларды қолдайсыз. Сонымен бірге, маған көмектесесіз.

Күлдіргі: Рахмет, рахмет, сіздерге. Мен қуана – қуана қаламын.

Жүргізуші:  Енді, сайымызды бастайық.

Гүл көңілің қуаныштан өрілді,

Жанарыңнан жалын нұры төгілді,

Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,

Көпшілікке таныстыршы өзіңді.

1-кезең: Музыкалық сәлемдесу (музыка әуенімен өздерін таныстыру)

Әділқазылар қорытындысы.

Жүргізуші:   Кедеймін деп қысылма,

                       Өнерің болса қолыңда.

­                       Өнерімнің ырысы,

                       Жарқырап жатыр жолында.

2 кезең: Өз өнері (би, ән, көркем сөз, музыкалық аспапта

Әділқазылар қорытындысы.

3 кезең: Әнді тап (бірнеше әнді тауып, жалғасын айту)

Қатысушылар балалар әнінің үзіндісін тыңдайды, мен реттік нөмірі бойынша айтып жасырамын, ал егерде ол қатысушыларымыз таба алмай қалған жағдайда,  басқа қатысушыларға мүмкіндік беріледі, олар әнді тапса қол көтеріп айту керек. Және ол әнді жалғастырады.

Әділқазылар қорытындысы.

4 кезең: Жаңылтпаш, мақал -  мәтелдер (балалар өнер, шығармашылық туралы мақал – мәтел жаттап келу)

Ата – аналарға жаңылтпаш айтамын, соны жылдам айтып беру керек. Ал, балалар шығармашылық, өнер туралы мақал – мәтелдер жаттап келу керек.

Мақал – мәтелдер

1.Өнерлі өрде озар,

Өнерсіз жігіт жер соғар.

2.Өнерлі өрге жүзер.

3.Ақыл көпке жеткізер,

Өнер көкке жеткізер.

4.Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын.

5.Өнерлі бала сүйкімді.

6.Өнер білсең – өлмейсің.

7.Өнерді үйрен, үйренде жирен.

8.Ел іші өнер кеніші.

9.Өнер алды қызыл тіл.

10.Өнер таусылмас азық,

Сарқылмас байлық.

11.Өнер қанат,

Білім санат.

12.Өнерлі қол бақытқа жол.

 

Жаңылтпаштар:

1.Асан бақша жақтан.

Ақ сабақ асқабақ әкелді,

Басқа жақтан.

Басқарақ асқабақ әкелді.

2.Қондық жаңа қонысқа,

Қалың екен жоңышқа.

Қоныстағы жоңышқа,

Оралады қонышқа!

3.Күз, Кез, Көз,

Күш, Кеш, Көш,

Кір, Кер, Көр,

Күл, Кел, Көл,

Кілең қысқа сөз,

Кім оқиды тез?

4.Арқада алты арқар бар,
Қырқада қырық арқар бар.
Қырық арқарда ақ арқар бар.
Алты арқарда марқа арқар бар.

5. Үміт түбіт түтті,

Түбітті түтіп бітті.

6.Хан баласы ханзада

Болды ғашық ханшаға.

Алып ханнан хабар,

Ханшайымды табар.

7.Екеуінін жасы шамалас, 
Бірінің шашы - қарашаш, 
Бірінің шашы - ақ шаш аралас.

8.Қанар қаптарды қаптап артар,

Шанақ арбаны аттар тартар.

9.Зура зурнада ойнайды,
Зурнада бір ғана Зура ойнайды деме,
Зара да, Зере де зурнада ойнайды.

10.Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім?

11.Ырғи қиқылдамайды, қырғи қиқылдайды.

Бұл қырда ылғи қырғи қиқылдайды

Бір қырғи қиқылдаса,

Мың қырғи қиқылдайды.

12.Көпке бекер өкпелеме, 
Өкпе етпе, 
Тектен - текке өкпелетпе.

Әділқазылар қорытындысы.

Жүргізуші:

Өнер білім еңбекке,

Жақын болар ұрпақпыз.

Он саусағы майысқан,

Шебер болар ұрпақпыз, -дегендей,

5 кезең: Үй тапсырмасы (үйден музыкалық аспап жасап әкелу және сол аспаппен ән орындау)

Әділқазылар қорытындысы.

Қорытынды шығару.

Жүргізуші:   Сайыстың аты сайыс, мұнда біреу жеңеді, енді біреу жеңіледі. Жеңімпаздарымызды анықтау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі. Әділ қазылар алқасы дайын болғанша, музыкалық сәлемдемені тарту етеміз.

Ересек «Раушан» тобының бүлдіршіндерінің орындауындағы керемет әнді тыңдайық.

Ән: «Бала тілегі»

Жүргізуші:   Қымбатты қатысушылар мен қонақтар, салтанатты, шешуші  сәт жетті. Біздің  байқауымыз да өз мәресіне жеткен сияқты. Ендігі сөз кезегін бөбекжайымыздың меңгерушісі Ровда Любовь Ивановнаға береміз.

Мынадай аталымдар бойынша марапатталады: «Ең үздік музыкалық жанұя», «Көңілді жанұя», «Өнерлі жанұя», «Музыкалық дарындар», «Әнші жанұя».

Жүргізуші: Біз бөбекжайымызда осындай дарынды отбасылардың бар екендігіне қуаныштымыз және барлықтарыңызға: қатысушыларға,  көрермендерге біздің мерекемізге белсене қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.

Күлдіргі (балаларға шар таратады):Сіздерге ғажайып байқау үшін мың алғыс.

Енді менің сиқырлы қалама қайтатын уақытым болды.

Жүргізуші: Жоқ, күлдіргі, сіз бізбен бірге би билеңіз, сосын барасыз. Әйтпесе, біздің бүлдіршіндер ренжейді ғо.

Солай ма, балалар? (қатысушы балаларға қарап)

Күлдіргі: Жарайды, би билеп болған соң кетемін.

Жүргізуші: Ал, олай болса қымбатты көрермендер, айналайын әділқазы алқасы, сүйікті бүлдіршіндер! Барлықтарыңызды биге шақырамын.

Флэшмоб

Күлдіргі (билеп болған соң): Ал, енді мен қозғалайын. Сіздерге тағы да рахметСау болыңыздар!

(Күлдіргі  музыканың сүйемелдеуімен шығып кетеді) 

Жүргізуші:

Бөлендік сырлы әуенге сиқырлы,

Өмір жолы, білесің ғо, сан қилы,

Жүрегінде ән ойнаған жандардың

Алда әлі болашағы, сан жылы.

 

Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,

Барымен шат –шадыман болыңыздар.

Қоштасайық келесі кездескенше,

Әрдайым сау – саламат болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 136 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.04.2015 2132
    • 0 байт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметкали Айткул Бакытбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахметкали Айткул Бакытбековна
    Ахметкали Айткул Бакытбековна
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 54276
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Музыкальный менеджмент: стратегии успеха и профессиональное развитие в бизнесе

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Музыка: теория и методика преподавания в сфере дополнительного образования

Педагог музыки

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении эстрадному вокалу

Преподаватель эстрадного вокала

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 93 человека из 34 регионов

Мини-курс

Маркетплейсы: организационные, правовые и экономические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инвестиционные проекты: оценка, эффективность и стратегии

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Классики и современники: литературные портреты и психология творчества

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов