Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Презентации / "Мұзда жанған желтоқсанның алауы" (3 сынып)

"Мұзда жанған желтоқсанның алауы" (3 сынып)


  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

Мұзда жанған Желтоқсанның алауы Тәрбиелік шара Өткізген:Өзін-өзі тану пәні м...
Мақсаты: Оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және Тәу...
Көрініс “Қайрат пен тергеуші” 3”А” сынып оқушылары Ән “Мен қазақтың қызымын”...
Желтоқсан құрбандары Қайрат Рысқұлбеков Сабира Мұхамеджанова Ләззат Асанова...
1 из 4

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Мұзда жанған Желтоқсанның алауы Тәрбиелік шара Өткізген:Өзін-өзі тану пәні м
Описание слайда:

Мұзда жанған Желтоқсанның алауы Тәрбиелік шара Өткізген:Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Намазова Д.Г Сыныбы: 3“А”

№ слайда 2 Мақсаты: Оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және Тәу
Описание слайда:

Мақсаты: Оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және Тәуелсіздіктің қадір -қасиетін түсіндіру. Отан-Ананы құрметтеуге,тәуелсіздікті бағалай білуге,ұлтжанды,елжанды болуға,елінің Тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте сақтауға,үлгі ете білуге үйрету. Оқушының ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын дамыту,өлеңді мәнерлеп оқу,әр сөздің айтылуына көңіл бөлу.

№ слайда 3 Көрініс “Қайрат пен тергеуші” 3”А” сынып оқушылары Ән “Мен қазақтың қызымын”
Описание слайда:

Көрініс “Қайрат пен тергеуші” 3”А” сынып оқушылары Ән “Мен қазақтың қызымын” орындаған Жауғали Жанна

№ слайда 4 Желтоқсан құрбандары Қайрат Рысқұлбеков Сабира Мұхамеджанова Ләззат Асанова
Описание слайда:

Желтоқсан құрбандары Қайрат Рысқұлбеков Сабира Мұхамеджанова Ләззат Асанова Ербол Сыпатаев


Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы:Мұзда жанған Желтоқсанның алауы

Мақсаты:

Білімділік-Оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және Тәуелсіздіктің қадір -қасиетін түсіндіру.

Тәрбиелік-Отан-Ананы құрметтеуге,тәуелсіздікті бағалай білуге,ұлтжанды,елжанды болуға,елінің Тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте сақтауға,үлгі ете білуге үйрету.

Дамытушылық-оқушының ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын дамыту,өлеңді мәнерлеп оқу,әр сөздің айтылыуына көңіл бөлу.

Көрнекілік:Желтоқсан қаһармандарының суреттері (Қайрат,Ләззат,Сабира,Ербол), интерактивті тақта,тақырып желісі бойынша слайдтар,шарлар,

Түрі:ашық тәрбие сағаты

Жүру барысы:

Қазақстан Республикасының гимні. Хор.

1-жүргізуші:Бектас

Ассалаумағалейкүм,халқым менің,

Ардақта дәстүріңді,салтыңды елім.

Мереке басы болсын берекенің,

Игі еңбек жемісінің бәрін жегін.

2-жүргізуші:Жанна

Армысыздар,құрметті ұстаздар және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпағы.

1-жүргізуші:Халқымыздың тарихында ерекше орны бар қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған-бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы айтпақпыз.

2-жүргізуші:1986 жылы 17-желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылығын білдіріп шеруге шықты.Олар "Қазақ елінің өз көсемі сайлансын" деген тілек білдірді.

1-жүргізуші:Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді.Көптеген жастар түрмеге қамалды.Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде жәбір көрсетілді өз елінің құқын талап етіп шеруге шыққан жастарға "бұзақылар","ұлтшылдар", "нашақорлар"деген кінә тағылды.

2-жүргізуші:Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.

1-оқушы Нұрай

Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,

Алатаудың көзінен де жас тамды.

Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.

Тәуелсіздік күресі енді басталды.

2-оқушы Нұрдәулет

Қатыгездік жұдырығы түйіліп,

Қамшы үйірді жасқап, жекіп бұйырып,

Желтоқсанда шықты үлкен алаңға

Ата-баба аруағына сыйынып.

3-оқушы. Медина

«Нашақор»-деп, «ұлтшыл»-деп,

Қазаққа күйе жаққан күн,

Базары кетіп, бір түнде

Қайғыға халық батқан күн.

4-оқушы. Жалғас

Намыс үшін күрессең мазақтар кім?

Құлға айналу азабы азаптардың.

Қаны төгілді желтоқсан алаңында,

Бодандыққа көнбеген қазақтардың.

1-жүргізуші:Желтоқсан оқиғасының құрбаны болған аға-апаларымыз туралы сыр шертейік.Экраннан слайд арқылы бейне көріністер көрсетіледі.

5- оқушы. Айда

Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы (13.3.1966 жылы Жамбыл облысы Мойынқұл ауданы Бірлік ауылы – 21.05. 1988 жыл Семей қаласы) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны, «Халық Қаһарманы» (09.12.1996). 1986 жылы Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтына оқуға түсті. Осы жылы 16-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. Халықаралық қауымдастық КСРО басшылығына Қайрат Рысқұлбековтің жазасын жеңілдету туралы өтініш жолдады. Кейіннен Қайратқа берілген жаза 20 жылға бас бостандығынан айырумен ауыстырылды. Бірақ оның өміріне Семей түрмесі жасалды. Қайрат Рысқұлбеков Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Пленумының 1992 жылғы 21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталды. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы , бостандығы егемендігі үшін күресті.

6 -оқушы. Нұрай

Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызы (1970 ж. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақмектеп ауылы – 26.12.1986 ж. Өскемен қаласы) - 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақмектеп аулының «Ленин жолы» сегізжылдық мектебін үздік бітіреді. Сол жылы облыс орталығы Өскемен қаласындағы педагогикалық училищеге оқуға түседі. 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы қаласында болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісін қуаттап 22 желтоқсанда Өскемен қаласында бірге оқитын студент жастармен бірге наразылыққа шығады. Студент қыздардың бұл әрекеттері барып тұрған ұлтшылдық деп бағаланып, сол күні кештен бастап партия, кеңес, комсомол, мемлекеттік қауіпсіздік, құқыққорғау орындары тарапынан тергеу, олардан жауап алу басталады. Нәтижесінде орынсыз қорлау мен жала жабу мен тергеуге шыдай алмаған Сәбира Мұхамеджанова барлығын ұйымдастырған мен деп мәлімдеп, жатахананың бесінші қабатынан секіріп, мерт болады. Сөйтіп ол Желтоқсан құрбаны, батырына айналды[1].

7- оқушы. Жаннұр

Сыпатаев Ербол Мұқажанұлы (10.03.1964 ж. Алматы облысы Панфилов ауданының еңбекші ауылы - 23.12.1986 ж. Алматы) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1981-1982 жылдары кеңшарда жүргізуші болып істеді. 1982-1984 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болды. 1985 жылы Алматыдағы энергетика институтына оқуға түсті. 1986 жылдың 17-18 желтоқсанында болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. 18 желтоқсан күні ауыр жараланып ауруханаға түсіп, сонда қайтыс болды. Мәйітін ауылына Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған. Қазақстан тәуелсіздік алған соң ғана Сыпатаев жөніндегі шындық айтыла бастады. Ол туралы баспасөз беттерінде, Желтоқсан көтерілісіне байланысты жарық көрген жинақтар мен кітаптарда жазылды[1].

8- оқушы. Нұртас

Асанова Ләззат (27.07.1970жыл Алматы облысы ауданы -25.12.1986 жыл Алматы) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. 1985 жылы Алматыда П. Чайковский атындағы музыкалық училищеге оқуға түскен. Алматыда 1986 жылы 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп-төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа Алаңға (қазіргі Республика алаңы) алғашқы ереуілшілер қатарында «Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!» деген ұранмен шықты. Көтеріліс қатыгездікпен жанышталғаннан кейін басқа да ұсталған 87 адам қатарында Ләззат Асановаға Қазақ КСР ҚК-нің 65- бабымен айып тағылып, (Көтеріліске қатысып ұсталғандар жөніндегі Қазақ КСР ІІМ-нің құжаты, №1211-177, 23.02.1990) қамауға алынды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылғы 12 желтоқсандағы «1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау турал» Жарлығына сәйкес, Алматы қалалық прокуратурасының 1997 жылғы 21 мамырдағы №16/108-97 жылғы қаулысына сүйене отырып, прокурор Е.С.Мерзадинов Ләззат Оразханқызы Асанованы желтоқсанға қатысушы ретінде ақталды деп тану туралы анықтамаға қол қойды

Көрініс "Қайрат пен тергеуші"

Рольдерде ойнағандар:

Нұрдәулет - тергеуші

Жалғас- Қайрат

Тергеуші:

-Сен 13-желтоқсан күні, сағат 10-да қайда болдың?

Қайрат

-Жолдастарымен бірге Фурманов көшесінде

Тергеуші

-Жоқ сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Совецкийді соққыға жықтың. Соның нәтижесінде ол қайтыс болды. Сен оны өлтірген.

Қайрат

-Мен оны көргенім жоқ

Тергеуші

-Ақымақ, сен оны өлтірген! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар.

Қайрат

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар,

Қайрат деген затым бар.

Қазақ деген атым бар.

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар... (сүйреп әкетеді).

9-оқушы Алишер

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты ұшқан күн.

Жанына таппай бір шындық

Ер Қайрат қыршын кеткен күн

10-оқушы Жансұлу

Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,

Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.

Содан барып, тоңды еріді кеңестің

Содан кейін еркіндікті бастадым,

11 оқушы Айару

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Күрескерлер осы күнді көрмеді.

Қаны менен жанын берген ерлердің

Есімдері биіктерге өрледі

12-оқушы Талант

Сол желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.

13-оқушы Диана

Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,

Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.

Отан үшін отқа түссең күймейсің,

Ізбасары болмай елге жақпаймыз.

14-оқушы Мансур

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О тәңірім бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып, тұр.

Хормен Қазақстан Туымен тұғырлы,

Елтаңбасы мен Еңселі.

Би:"Ата толғау ": билейтін Ұлдай

15-оқушы Дильнур

Желдей еркін, түздей кең қандай азат,

Мен қазақпын деген де қандай ғажап.

Мақтан етсін халықтар халықтығын

Жетер сан жыл шеккені азап.

16-оқушы Амина

16-желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн,

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн.

Жасай берсін ұлы күн,

Үміті боп елінің.

17-оқушы Бекзат

Жүрегі толы отпенен

Арманмен өсіп көктеген

Ертеңге нұрлы беттеген

Айналдым сенен Отаным!

18-оқушы Анель

Біздің қазақ мықты ғой,

Тәуелсіз ел атанған.

Желтоқсан деген көтеріліс

Жан аямау Отаннан.

Сескенді бүкіл өктемдік,

Жеңіске сол ғой жеткендік.

Орыс боп кете жаздаған

Кеңестік кезді жек көрдік.

Ән: "Мен қазақтың қызымын" орындайтын Жанна

Мұғалім сөзі

-Иә төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде «Тәуелсіздік таңы» атты. Ендеше Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын, деп тілейік.

Мектеп әкімшілігіне сөз беріледі.

Автор
Дата добавления 21.03.2015
Раздел География
Подраздел Презентации
Просмотров1656
Номер материала 452096
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх