Инфоурок / Химия / Конспекты / ҚМЖ, Газдардың молярлық көлемі
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 20 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 203 курсов со скидкой 40%

ҚМЖ, Газдардың молярлық көлемі

библиотека
материалов

сыныбы

8а пәні химия мұғалімі Ш.Т.Садвакасова

тақырыбы

Газдардың молярлық көлемі. Авогадро заңы, газдардың салыстырмалы тығыздығы. Газдардың көлемдік қатынастары

Мақсаты

Газды заттардың молярлық көлемдері туралы түсінік қалыптастыру, Авогадро заңының мәнін ашу.

Күтілетін нәтиже

1. Оқушылардың зат мөлшері, молярлық масса туралы түсініктері жүйеленеді;

2.Логикалық ойлау қабілеттері қалыптасады;

3.Қорытынды жасай білу дағдылары қалыптасады;

4.Есептер шығару біліктері одан әрі дамиды;

Түйінді идея

Жалпы газдардың молярлық көлемі, Авогадро заңы, газдардың салыстырмалы тығыздығы, газдардың көлемдік қатынастары туралы түсінік қалыптасады.

Сабақтың түрі

Топтық – ұжымдық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі

Интербелсенді тақта, таратпа материалдар

Ақпараттық қолдау

Презентация

Сабақ барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, топқа бөлу

ІІ.Өткен тақырыпқа шолу жасайық:

Тапсырмалар:

1)Бой жазу. Лездік сұрақтар үш топқа










2)Графикалық тест











І топ.

1)Аллотропия дегеніміз не?

2)Экзотермиялық реакция дегеніміз не?

3)Ауаның құрамы?

4.Озонның маңызы қандай?

ІІ топ.

1)Катализатор дегеніміз не?

2)Оксидтер дегеніміз не?

3)Эндотермиялық реакция дегеніміз не?

4.Оттектің маңызы неде?

ІІІ топ.

1)Реакцияның жылу эффекті деген не?

2)Заттың меншікті жану жылуы дегеніміз не?

3) Термохимиялық реакция теңдеуі дегеніміз не?

4.Оксидтерді халықаралық жүйе бойынша қалай атайды?

2 І топ Графикалық тест«иә», «жоқ» деген жауаппен белгілеп отырады.

2МпО4 --- КМпО4 + О2



5

Өнеркәсіпте оттегін судан алады



6

Химиялық реакция жылдамдығын тездететін, бірақ өзі реакцияға қатыспайтын зат катализатор деп аталады



7

Оттек суда нашар ериді



8

Ауаның массасы 27-ге тең



9

Озонның формуласы О3



10

Бертолле тұзынан оттегін мына теңдеу арқылы алады: 2КСІО3 ---- 2КСІ + 3О2






ІІ топ.графикалық тест: «+», «-» белгімен белгілеп отырады.

ІІІ топ.Сәйкестендір:

1.Р2О5 А.күкірт (ІҮ) оксиді

2.Cr2O3 Б.азот (ІІ) оксиді

3.CO2 В.бор оксиді

4.SO2 С. фосфор (Ү) оксиді

5.FeO Д.хром (ІІІ) оксиді

6.K2O Е.дихлор гептаоксиді

7.SO3 Ж.темір монооксиді

8.СІ2O7 З. калий оксиді

9.B2O3 К. күкірт триоксиді

10.NO Л. көміртек (ІҮ) оксиді

ІІІ.Жаңа сабақты меңгеруге дайындық

Біздің сабағымыздың тақырыбында ғалым Авогадроның аты кездеседі. Қандай шаманы қарастырғанда біз осы фамилияны кездестірдік?

Ол шаманың физикалық мәні неде еді және сан мәні қаншаға тең?

Ол шама қандай формулада қолданылады?

Сабақтың тақырыбында жаңа ұғым «молярлық көлем» туралы айтылады, ал біз «молярлық масса» деген ұғыммен таныспыз. Кәне, есімізге түсірейікші, заттың 1 молінің массасын қалай белгілейміз, өлшем бірлігі қандай және сан жағынан қандай шамамен сәйкес келеді? (оқушылармен талдау).

Әрі қарай жаңа тақырыпты меңгеру жеңіл болу үшін, агрегаттық күйі әртүрлі заттардың молярлық массаларын есептейік. (топпен жұмыс)

І топ – қатты заттардың

ІІ топ – сұйық заттардың

ІІІ топ – газды заттардың молярлық массаларын есептейді.

Кесте 1

Қорытындылайық: Заттың мөлшерін қандай физикалық шамалар көмегімен сипаттауға болады?

ІҮ.Жаңа сабақты меңгеру

Кіріспе:Француз химигі әрі физигі Гей-Люссак сол кездер үшін өте ғажайып реакцияны зерттеген. Газды заттар – хлорсутек пен аммиак әрекеттескенде - қатты кристалды зат аммоний хлориді алынған.

НСІ(газ) + NH3(газ) = NH4CI(крист)

Және тәжірибе кезінде, реакция толық жүру үшін әрекеттесуші екі газдың тең көлемі қажет екені анықталды. Егер бір газ артық мөлшерде алынса, артық мөлшері реакция аяқталғанда қолданылмай артылып қалған. Гей-Люссак өзінің тәжірибелерін жабық, қопарылысқа төзімді ыдыстарда жүргізген. Және басқа газдар арасында жүретін реакцияларды да зерттеген. Мысалы, сутектің оттекпен, сутектің хлормен т.б Сутектің оттекпен реакциясы кезінде, екі көлем сутек қопарылыс бере отырып, бір көлем оттекпен әрекеттесетініні және реакция нәтижесінде екі көлем су буы түзілетінін анықтаған..

2 + О2 --- 2Н2О (бәрі газды заттар)

Сол сияқты, бір көлем сутек бір көлем хлормен әрекеттесіп, екі көлем хлорсутек түзетінін анықтаған.

Н2 + СІ2 ---- 2НСІ (бәрі газды заттар)

Барлық тәжірибелерде, газдар өзара бүтінсанды көлемдік қатынаста әрекеттесетіні анықтаған.

Гей-Люссак тәжірибелер бойынша ешқандай қорытынды жасамай, тек тәжірибе кезіндегі бақылағандарын баспакөзіне шығарып, жария етті.

Үш жылдан кейін, осы тәжірибелер негізінде маңызды қорытындылар жасаған итальян ғалымы Амадео Авогадро болды. Бірдей температура мен қысымда алынған әртүрлі газдардың бірдей көлеміндегі молекулалар саны да бірдей болады деп батыл болжам жасады. Негізінде, газдардың молекулалары бір-бірімен, қатты заттардың молекулалары немесе атомдары сияқты берік байланыспен байланыспаған. Бірдей жағдайда,яғни қысым мен температура тұрақты болғанда, олардың алатын көлемі молекула түріне емес, тек санына ғана байланысты болады, өйткені молекулалар арасындағы байланыс өте әлсіз. Сондықтан, әртүрлі газдардың бірдей молекула саны берілген температура мен қысымда бірдей көлем алу керек. Авогадро, тек көлемі бірдей болса ғана, Гей-Люссак жүргізген тәжірибелердегі бір газдың N молекуласы екінші газдың N молекуласымен қалдықсыз әрекеттеседі деп болжады.

1. n = N/NA n = V/Vm

2. N/NA = V/Vm

3. N = V*NA/ Vm

4. N1 = V1*NA/ Vm - бірінші газ үшін

N2 = V2*NA/ Vm екінші газ үшін

5. Екі формуладағы тұрақты шамалар – NA , Vm. ,

Қорытынды: Осыдан, егер N1 = N2, онда V1 = V2

Кейін бұл болжам көптеген тәжірибелер нәтижесінде дәлелденді де, Авогадро заңы деп аталынды.

Авогадро заңы негізінде жасалынған тұжырымдар:

1.Кез келген газдың 6,02*1023 молекуласы (1 моль) (қ.ж.) 22,4л тең көлем алады. Мұндай көлем молярлық көлем деп аталады, VM әрпімен белгіленеді, өлшем бірлігі л/моль. VM = 22,4 л/моль

2.Бір газдың 1 молінің екінші газдың 1 молінен неше есе ауыр немесе жеңіл екенін көрсететін шама газдардың салыстырмалы тығыздығы деп аталады. Д әрпімен белгіленеді. Д= М1 / М2. Көбінесе газдардың салыстырмалы тығыздығын сутегі, оттегі, ауа бойынша есептейді.

Физикадан білесіңдер, заттың меншікті тығыздығы болады, ол ρ әрпімен белгіленеді, ρ= m/V. Заттың 1 молінің массасы сан жағынан оның молярлық массасына тең болады, сондықтан 1 моль газдың тығыздығын ρ= М/VМ формула бойынша есептей аламыз.

Енді, 2 кестеге оралайық. Әртүрлі агрегаттық күйдегі заттардың қ.ж. молярлық көлемдерін есептейік.

І топ – қатты заттардың

ІІ топ – сұйық заттардың

ІІІ топ – газды заттардың молярлық көлемдерін есептейді.

Кесте бойынша қорытынды:

3.Қысым тұрақты болғанда әрекеттесетін және түзілетін газдардың көлемдерінің өзара қатынасы кішкене бүтін сандар қатынасындай болады. Реакциялардағы газ күйіндегі заттардың көлемдік қатынастарын химиялық теңдеу коэффиценттеріне қарап анықтауға болады, коэффиценттер газ тәрізді заттардың моль санымен қатар көлемдерінің де қатынасын көрсетеді.

Ү.Бекіту

1)Есептер шығару:

Есептер шығару: «Кім жылдам»

І топ:

  1. 2 моль сутектегі молекула санын табыңдар.

  2. 3 моль көмірқышқыл газының (СО2) массасын табыңдар.

ІІ топ:

  1. (Қ.ж.) көлемі 112л сутектің массасын табыңдар.

  2. Массасы 14г көмірқышқыл газының (СО2) молекула санын есептеңдер.

ІІІ топ:

  1. 0,5 моль күкіртсутек газының (Н2S) молекула санын анықтаңдар.

  2. Массасы 3,2г күкіртті газ (SO2) қандай көлем алады?


2)Логикалық есептер шығару

Топтық жұмыс: «Попс формуласы» бойынша қорғау

  1. Менің ойымша

  2. Мен мұңы былай дәлелдеймін

  3. Мен мынандай қорытынды шешімге келдім

І топ:

1)13-14 жастағы оқушының өкпесінің сыйымдылығы 1,8л. Егер ауаның осы көлемінде 0,0157 моль оттек болса, оқушы тыныс алғанда өкпеге қанша молекула оттек түседі?

2)Не ауыр, 2 моль оттек пе, әлде 2 моль көмірқышқыл газы ма? Жауаптарыңды есептеумен дәлелдеңдер.

ІІ топ:

Неғұрлым газдың тығыздығы аз болса, соғұрлым осы газбен толтырылған шардың биікке көтерілу күші жоғары болады. Сутектің тығыздығы (г/л) қанша? Гелийдің тығыздығы (г/л) қанша? Әуе шарларын толтыру үшін қай газды қолданған тиімді? Жауаптарыңды есептеумен дәлелдеңдер.

ІІІ топ:

Ауа – газдар қоспасы, оның орташа молекулалық массасы 29-ға тең, тығыздығы 1,295г/л. Неонмен толтырылған шармен ұшуға бола ма? Күкіртсутекпен толтырылған шармен ұшуға бола ма? Жауаптарыңды есептеумен дәлелдеңдер.

ҮІ.Бағалау

Бағалау парағы

Сұрақ


тест

Кестемен жұмыс

1

2

Топтық жұмыс


ұпайлар

4

10

2

2

2

3

23











































ҮІІ.Қорытындылау

1.Авогадро заңы қалай тұжырымдалады?

2.Газдардың мольдік көлемі қалай өрнектеледі?

3.Салыстырмалы тығыздық деген не?

ҮІІІ.Ресурстар

Компьютер, интерактивті тақта, флипчарт қағаздары, түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар

ІХ.Рефлексия

.

hello_html_m360a9477.jpghello_html_53f28ad5.png

- бүгінгі сабақтан алған әсерім....

- мынаны түсіндім....

- маған мынау қиын болды......

- келесі сабаққа ұсынамын....

Стикерге сабақтан алған әсерін жазып тақтада көрсетілген екі түрлі кейіптегі смайлик тұсына жапсырады

Х.Үйге тапсырма

&28 76 бет 1-10 сұрақтарға жауап беру





760 мм рт. ст



  1. Мына газдардың молекулалық массасын анықтаңдар, егер: а) оның оттек бойынша тығыздығы 2 ге; ә) ал қалыпты жағдайдағы тығыздығы 2,86г\л болса.

 

Көптеген газдар қалыпты жағдайда газ күйінде болады.Олар ауа құрамына кіретін азот,оттек, т.б газдар.Одан басқа метан.этан сияқты көміртек пен сутектен құралған газдар да бар.Газдардың белгілі бір заңға бағынатынын физикадан білесіңдер.

    Қатты заттардан газ тектес заттардың айырмашылығы – оларды сипаттау кезінде  массадан гөрі көлем ұғымы жиірек пайдаланылады.Итальяндық ғалым  А.Авагадро газдар құрамына кіретін жай заттардың молекуласы екі атомнан тұратынын айтты.Мысалы жай заттар сутек Н2, оттек О2 және т.б.

Қалыпты жағдайда (қ.ж.),яғни 00С температурада, 1 атмосфералық қысымда (101,325 кПа) кез келген газдың бір молі 22,4л көлем алады.Оны молярлық көлем деп атайды.




л/моль

Осы есептеулерден көрініп тұрғандай 1 моль газдың көлемі шамамен бірдей екен, оның сандық мәні 22,4 л. Мольдік көлем (Vm) t0С = 00С, р = 1 атм = 101,3 кПа жағдайында анықталған, бұл қалыпты жағдай (қ.ж.) деп аталады.

      

Бірдей жағдайда алынған газдардың тең көлемдерінде молекула сандары бірдей болады. Бұл - Авогадро заңы. Ол 1811 жылы ашылған.
Химияда тығыздықтан басқа салыстырмалы тығыздық деген түсінік те пайдаланылады.

Бірдей жағдайда тең көлемде алынған ғаздардың массаларының қатынасын салыстырмалы тығыздық деп атайды.


Бір газдың екінші газбен салыстырғандағы тығыздығы олардың молярлық массаларының қатынасындай болады. Салыстырмалы тығыздық сутегі мен ауа бойынша беріледі.

Сонда



М(Н2) = 2 г/моль;

М(ауа) = 29 г/моль

М{х) = 2D(H2); М(х) = 29D(aya), мұндағы х - белгісіз газдың мольдік массасы.

Қалыпты жағдайдағы газдың тығыздығы мына формуламен анықталады:


Есеп: Сутегі,оттек,ауаның қ.ж-да тығыздығын есептеңдер

 IV.Сабақты бекіту

     Бекіту сұрақтары:

  • Авогадро заңы қалай тұжырымдалады?

  • Газдардың мольдік көлемі қалай өрнектеледі?

  • Салыстырмалы тығыздық деген не?

  • Ауаның молярлық массасы нешеге тең?

Логикалық есептер: топтық жұмыс.

І топ:

1)13-14 жастағы оқушының өкпесінің сыйымдылығы 1,8л. Егер ауаның осы көлемінде 0,0157 моль оттек болса, оқушы тыныс алғанда өкпеге қанша молекула оттек түседі?

2)Не ауыр, 2 моль оттек пе, әлде 2 моль көмірқышқыл газы? Жауаптарыңды есептеумен дәлелдеңдер.


ІІ топ:

Неғұрлым газдың тығыздығы аз болса, соғұрлым осы газбен толтырылған шардың биікке көтерілу күші жоғары болады. Сутектің тығыздығы (г/л) қанша? Гелийдің тығыздығы (г/л) қанша? Әуе шарларын толтыру үшін қай газды қолданған тиімді? Жауаптарыңды есептеумен дәлелдеңдер.


ІІІ топ:

Ауа – газдар қоспасы, оның орташа молекулалық массасы 29-ға тең, тығыздығы 1,295г/л. Неонмен толтырылған шармен ұшуға бола ма? Күкіртсутекпен толтырылған шармен ұшуға бола ма? Жауаптарыңды есептеумен дәлелдеңдер.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 20 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-086391
2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"