Инфоурок Химия КонспектыҚМЖ, Оксидтер, құрамы, жіктелуі, қасиеттері

ҚМЖ, Оксидтер, құрамы, жіктелуі, қасиеттері

Скачать материал

Пәні

Химия  8 сынып           мұғалімі  Ш.Т.Садвакасова

тақырыбы

Оксидтер, құрамы, жіктелуі, қасиеттері

сілтеме

Ә.Темірболатова, Н.Нұрахметов, Р.Жұмаділова, С.Әлімжанова Алматы «Мектеп» 2012ж, әдістемелік оқулықтар, презентациялар, есептер жинағы

Жалпы мақсаты:

 Оксидтер туралы мағлұмат ала отырып, оларды басқа заттардан ажырата алуды үйрену, олардың біздің өміріміздегі маңызын білу.

Күтілетін нәтиже

1.Күрделі заттардың жіктелуін біледі;

2.Оксидтердің алынуы, қасиеттері, қолданылуы туралы айта алады;;

3.Оқушылардың саралау, мәтін бойынша негізгісін бөліп алу, қорытынды жасау дағдылары одан әрі дамиды;

4.Оқушылардың қызығушылықтары артып, логикалық ойлау қабілеттері дамиды;

5.Оқулықпен , өздігімен жұмыс жасауға одан әрі дағдыланады;

Түйінді идея

Күрделі заттар туралы білім қалыптаса отырып, оксидтердің жіктелуі, номенклатурасы, қасиеттері, алынуы  туралы түсіндіре алады.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты меңгеру, түсіндірмелі-иллюстративті,  сұрақ-жауап, топтық, жұптық жұмысты қамтиды.

Сабақтың көрнекілігі

Таратпа материалдар, интерактивті тақта, бор, жұмыс дәптерлер, презентация, оксидтердің үлгілері, реактивтер, химиялық ыдыстар

Ақпараттық қолдау

Презентация «Оксидтер», электронды оқулық

Сабақ барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі   Оқушылармен амандасу, түгендеу, 3 топқа бөлу. (2 мин)

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ІІ.Өткен тақырыпқа шолу жасайық:

Тапсырмалар:

5 мин

 

Өткен тақырып бойынша сұрақ – жауап. Әр топқа екі сұрақтан

1.Хлордың периодтық жүйедегі орны?

2.Хлордың физикалық қасиеттері?

3.Хлорды лабораторияда неден алады?

4.Хлорды қайда қолдануға болады?

5. Хлор қосылыстарының тірі ағза үшін маңызы қандай?

6.Хлордың  адам ағзасындағы биологиялық маңызы қандай?

 

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

 

 

 

ІІІ.Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық

1.Қандай қосылыстар бинарлы деп аталады? Мына қосылыстар ішінен бинарлы қосылыстарды анықтаңдар:

Fe, CH4, CuSO4, CO2, H2O, KOH, SO3, HNO3, CO, Fe2O3, SO2

2.Қай қосылыстардың формулалары бинарлы емес? (Артық формулаларды алып тастаймын).

3.Қалған формулалардың ішінен артығын анықтаңдар? (СН4, өйткені құрамында оттек жоқ).

4.Қалған формулалардың ұқсастығы неде?

А)Күрделі заттар

Б) Екі элементтен тұрады.

С)Екі элементтің біреуі оттек болып келеді.

Бұл берілген бинарлы қосылыстар оксидтер класына жатады. Менің столымда газдалған сусын, су құйылған стақан, құм, рубин тасы бар сақина жатыр. Бұл заттарды біріктіретін не?

Сұрақтар бойынша өз ойларын айтады.

ІҮ.Жаңа тақырыпты меңгеру

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Оксидтер

Мына формулаларға сүйене отырып, оксидтерге анықтама берейік. Сонымен, оксидтер дегеніміз -----..

1)Енді, оксидтердің аталуын қарастырайық:

 Халықаралық номенклатурада оксидтерді атаудың екі тәсілі қолданылады:

1 –ші әдісі:Валенттігі тұрақты  элементтердің оксидтерін, элемент  атына оксид деген сөзді қосып атайды. Мысалы:

К2О – калий оксиді

АІ2О3 – алюминий оксиді

Ал, айнымалы валентті элементтердің оксидтерін  атағанда, оксид түзуші элемент атынан кейін жақша ішінде элементтің валенттігі көрсетіледі, содан кейін оксиді деген сөз жалғанады. Мысалы:

СО – көміртегі (ІІ) оксиді

CO2 – көміртегі (ІҮ) оксиді

2-ші әдісі: оксид түзуші элементтің атомдар санынан басталып өзінің атауы, одан соң оттек атомдарының саны беріліп “оксид” сөзімен аяқталады.  Металл тұрақты  валенттік көрсетсе, оның санын айтпаса да болады.  Мысалы:

SO2 – күкірт диоксиді

SO3 – күкірт триоксиді

P2O5 – дифосфор пентаоксиді

«моно»-1, «ди» — 2, «три» — 3, «тетра» — 4, «пента» — 5 т.б

Ойын: «Аукцион»  Оқушыларға  оксидтердің формулалары  көрсетіледі. Оқушылар номенклатураға сәйкес оксидтерді  атайды

2)Оксидтердің физикалық қасиеттерімен танысамыз. Оксидтердің физикалық қасиеттері әртүрлі. Олар газ, сұйық, қатты күйде болуы мүмкін. Мысалы: көмірқышқыл газы, су – сұйық, құм – қатты. Қатты күйде кездесетін оксидтердің саны көп. Көптеген қатты оксидтер табиғатта тау жыныстары түрінде кездеседі. Мысалы, кварц, яшма – кремний оксидінен түзіледі, магнитті теміртас – темір (ІІІ) және темір (ІІ) оксидінің қоспасы.

Топтарға тапсырма: әр топқа бір оксидтің формуласы беріледі, Сендер мына жоспар бойынша, берілген оксидтің визит карточкасын құруларың керек.

А) аталуы

Б) физикалық қасиеттері (агрегаттық күйі, түсі, судағы ерігіштігі)

В) табиғатта таралуы

Г) табиғаттағы  және адам үшін  маңызы

1 топ

2 топ

3 топ

H2O

CO2

SiO2

3)Оксидтердің жіктелуімен танысамыз.

                                            Заттар

 

             жай                                                         күрделі

 

металл     бейметалл                           оксид   қышқыл  негіз    тұз

 

 

                                                  тұз түзетін    тұз түзбейтін

 

 

   қышқылдық            негіздік          екідайлы          СО  NO  N2O

CO2, SO2                  CaO, K2O        ZnO, BeO

4)Оксидтердің химиялық қасиеттері

Негіздік және кышкылдьщ оксидтердің қасиеттерІ өр түрлі. Оксидтердің бәрі дерлік суда ерімейді. Негіздік оксидтердің ішінде К2О, Na2O, СаО, ВаО сумен шабытты реакцияға түседі. Ал көптеген оксидтер: CuO, Fe2O3, HgO, SiO2 сумен әрекеттеспейді.

Негіздік оксидтерге тән химиялык қасиеттеріне тоқталайық 1. Негіздік оксидтер сумен әрекеттесіп, негіз (сілті) түзеді:

СаО + Н2О = Са(ОН)2

2. Негіздік оксидтер күшті кышқылдармен түз және су түзе

әрекеттеседі:

MgO + H2SO4 = MgSO4 + Н2О      (тәжірибе)

3. Негіздік жөне кышкылдык оксидтер өзара әрекеттескенде тұз түзіледі:

СаО + СО2 = СаСО3

ВаО + SiO2 = BaSiO3,

Қышқылдық оксидтерге де осындай үш түрлі касиеттер тән.

1.  Қышкылдық  оксидтер:  СО2,  SO2,  SO3,  Р2О5  сумен әрекеттескенде нәтижесінде оттекті қышкыл алынады:

Р2О52О = 2H3P04

2.  Қышкылдык оксидтерге тэн касиеттер сілтілермен өрекеттесіп түз және су түзеді:

2NaOH + S02 = Na2SO3 + Н2О

Са(ОН)а + СО2 = СаСО3 + Н20   (тәжірибе)

Қышқылдық оксид пен негіздік оксид өзара әрекеттескенде түз түзіледі

Екідайлы  қасиет корсететін оксидтерге: ZnO, А12О3, Сг2О3, ВеО жатады. Олар суда ерімейді, катты   күйде   болады. Оларға тән химиялық қасиеттер:

1.ZnO + HCI = ZnCI2 + H2O

2.ZnO + 2KOH = K2ZnO2 + H2O

5) Оксидтерді алу әдістері

1. Жай заттардың оттекпен тікелей әрекеттесуінен:

Cu+O2=2CuO

2Ca + O2 = 2CaO

2. Оксидтерді одан әрі тотыктырып алады:

4ҒеО+02=2Ғе203

2С0+О2=СО2                                                                                                

3. Суда ерімейтін негіздерді қыздыру 

Сu(ОН)2   =  СuО + Н2О

2Ғе(ОН)3  =Fe2O3+ ЗН2О

4. Тұздарды қыздыру арқылы  айырғанда оксидтер түзіледі:

СаСО3  = СаО+ СО2       CaSO4  =   СаО+ SO3

5. Күрделі заттар жанғанда оксидтер түзіледі:

СН4+2O2 =  C02+ 2Н2О

 Ондай оксидтер қалыпты жағдайда қатты күйде болады. Мысалы, CuO, MgO, Fe2O3. Молекулалык, құрылымды оксидтер сұйық немесе газ күйінде болады. Олар: СО2, Н2О, NO2. Кейбіреулері сұйық күйде болады, себебі олардын балқу температуралары едәуір төмен.

Оқушылар дәптерлеріне күнді және сабақ тақырыбын жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оксидтердің аталуын меңгереді.

Әрбір оқушыға оксидтің формуласымен карточка беріледі, ол карточканы көтеріп, оксидті атайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр топ өздеріне берілген оксидтерге визит картасын құрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар оксидтердің химиялық қасиеттерімен танысады.

Ү.Бекіту

1)Оксидтердің формулаларын теріп жазыңдар және жіктеңдер:

)Мына оксидтерді жіктеңдер:

ZnO  AI2O3  CO2  Na2O   FeO   Fe2O3   Mn2O7    CaO    MgO   P2O5

Негіздік

қышқылдық

екідайлы

 

 

 

 

2)"Сәйкестікті тап". Оксидтің формуласы мен атауы арасындағы сәйкестікті тап:

формуласы

атауы

SO3

Азот (ІҮ) оксиді

ZnO

Литий оксиді

NO3

Күкірт (ҮІ) оксиді

SO2

Мырыш оксиді

Li2O

Күкірт  (ІҮ) оксиді

3) « Реакция теңдеулерін толықтырыңдар»

А) .......................  + О2   =  2BaO

B) SiO2  +  MgO  = ………………

C)K2O  + ……………. =  K2ZnO2

Д) С2Н4  +  ........  =   СО2  +  ...........                                                                                 

4) Есеп шығарайық

А) Массасы 24г SO2 зат мөлшерін табыңдар.

Б) 14г магнийді жаққанда түзілген магний оксидінің массасын табыңдар.

Оқушылар тапсырмаларды орындайды, әр тапсырмаға өздеріне баға қояды

Рефлексия

1)Оксидтер туралы не білдіңдер?

2)Бүгінгі сабағымыздың мақсатына жеттік пе?

3) Бүгінгі сабақтағы өз іс-әрекетіңе, алған біліміңнің деңгейіне және болашақтағы маңызына баға беріп көр

Мен түсіндім,.....
Мен үйрендім, .......
Маған қажет .......

Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі, өздерінің іс-әрекеттеріне баға береді.

Бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау парағы : топ: ----- Оқушының аты-жөні -------------------------------------------------------------

критерий

дескриптор

баллдары

Жалпы балл

Оқушының алған балы

Хлор туралы теориялық білімі

Мүлдем білмейді

0

3

 

2-3 дұрыс жауап

1

 

4-5 дұрыс жауап

2

 

5-6 дұрыс жауап

3

 

Аралық сұрақтар

Мүлдем жауап жоқ

0

2

 

1-2 сұрақ

1

 

3-4 сұрақ

2

 

Бекіту тапсырмалары

1) Оксидтерді жіктей алуы

Жіктей алмайды

0

3

 

3-4 дұрыс

1

 

6-7 дұрыс

2

 

9-10

3

 

2)Сәйкестендіру кестесі

Орындай алмады

0

2

 

3  дұрыс орындады

1

 

5 дұрыс орындады

2

 

3)Реакция теңдеулерін толықтыру

Мүлде орындай алмады

0

2

 

1-2 дұрыс

1

 

3-4 дұрыс

2

 

4) Есептер шығару

Мүлде шығара алмады

0

3

 

Формуланы дұрыс пайдаланды

1

 

 

Теңдеуді дұрыс құрды

2

 

 

Теңдеу бойынша дұрыс есептеді

3

 

 

Жалпы балл

 

 

15

 

 Жинаған ұпайларын бағағаайналдырады

Үйге тапсырма

Үйге:§44 – 45 

121  бет 5,7,8 жат.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ҚМЖ, Оксидтер, құрамы, жіктелуі, қасиеттері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Тьютор

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 290 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.05.2016 8354
    • DOCX 33.7 кбайт
    • 226 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Садвакасова Шинар Тулеуовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Садвакасова Шинар Тулеуовна
    Садвакасова Шинар Тулеуовна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 133643
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель химии

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель химии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 471 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 350 человек

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 324 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 137 человек

Мини-курс

Анализ эффективности проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детская нейропсихология: особенности, диагностика, исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Мини-курс

Методы анализа и прогнозирования по финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе