Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / ҚМЖ Рационал сандар (6 класс)

ҚМЖ Рационал сандар (6 класс)

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Қысқа мерзімді жоспар.

Математика 6 б сынып.


Күні 16.10.2015 жыл

Сабақтың тақырыбы:

Рационал сандарды салыстыру тақырыбына есептер шығарту


Сілтеме:

Орта мерзімді жоспар, математика 6-сынып

Сабақтың мақсаты:

Рационал сандарды салыстыра білу, модульдерін таба білу, координаталық түзуде кескіндей алу;

Бірін-бірі тыңдау арқылы өзгенің пікірімен санасу. Сыни тұрғыдан ойлай білуге, топпен жұмыс жасауға үйрету.


Оқыту нәтижелері:


Оқушылар оң және теріс сандарды салыстырады, екі теріс санды және бірнеше сандарды салыстыра алады және координаталық түзуде кескіндей алады.

Сабақта қалаптасқан

түйінді идеялар:

Топтық тапсырмалар мен жұптық тапсырмалар және электронды оқулықты, қосымша материалдарды қолдану арқалы өз бетінше жұмыс жасай алатын оқушыны тәрбиелеу.


Дереккөздер:

плакат, таратпалар, интерактивті тақта, компьютер, оқулық, электронды оқулық, түсті таратпалар, маркерлер, дидактикалық материал.



Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

.Ұйымдастыру кезеңі

Амандасады. Оқушыларды түгендеп, сыныптың сабаққа әзірлігін бақылайды. Сабаққа қолайлы психологиялық ахуал қалаптастырады.

Амандасады. Кезекші сыныпта жоқ оқушыларды айтады. Сабаққа әзірленеді.

Сабақ тақырабы мен мақсатын айқындау

Өткен сабақта не өткенін сұрап, бүгінгі сабақтың мақсатын, оқушыларға хабалайды.

Дәптерлерін ашып, сынып жұмысы деп, және бүгінгі күнді жазады.

Топ мүшелерін ауыстыру

Мұғалім оқушыларға қалаған түстерін таңдап алуға түсті карточкалар береді.

Оқушылар бір түсті карточкалар алғандар бір топқа ауысып отырады.

Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау»

Интерактивті тақтада жазулы тапсырмаларды ашады. (перде)

Берілген тапсырмаларды кезектесіп тақтада орындайды.

1. Сандарды салыстыру.

7 мен -9

6,5 пен -16

-3,24 пен 0,25

-10 мен 10

0 мен -1,7

2. Мына нүктелер санақ басының қай жағында орналасқан?

А(-3,12), В (9,5)

С(-7,2) Д( 0,25)

Үй тапсырмасын тексеру.

Тексереді, қателері болса өз беттерімен түзетуге көмектеседі.

Үй тапсырмасын дайындап, кемшіліктерін түзетеді.

«Кім жылдам?» өткен сабақты пысықтау

Сұрақтар қояды:

1. Рационал сандарды координаталық түзуде қалай салыстыруға болады?

2. Қандай сандар 0 үлкен?

3. Қандай сандар 0 кіші?

4. Оң сан мен теріс санның қайсысы үлкен?

5. Модульдері бойынша екі теріс сан қалай салыстырылады?

Жауап береді;

1. Координаталық түзуде үлкен рационал сан санақ басының оң жағында, кіші рационал сан сол жағында кескінделеді.

2. Кез-келген оң сан 0- ден үлкен.

3. кез-келген теріс сан 0- ден кіші.

4.Кез-келген теріс сан, кез келген оң саннан кіші және керісінше.

Топтарға тапсырмалар. (Қиындық деңгейлері бірдей, әр топқа жеке тапсырмалар).

Плакаттарға жазалған тапсырмаларды топтарға таратып береді.

1 топ.

1. Координаталық түзуде нүктелерді кескінде:

А(-3), В(1,5) С(2hello_html_1be8ec29.gif), Д(-4,2)

2. Сандарды өсу ретімен жазыңдар:

-3,5; -4hello_html_m6f992e1e.gif: 7: hello_html_2c518350.gif:0:

3. Өрнектің мәнін есептендер:

4+hello_html_7f262336.gif=

hello_html_55135fa8.gifhello_html_m7fc73649.gif=

hello_html_m2f92149f.gif:0.2=

Дәптерлеріне орындап, ақылдасып ортақ шешімге келген сон, плакатқа жазады. Топтың өз қалауы бойынша бір не одан да көп оқушы шығып, жұмыстарын қорғайды. Қателері болса басқа топ мүшелері мұғаліммен бірлесе отырып түзетеді.

Топ жетекшілері бағалау парағына бағалар қояды.

Сергіту сәті

Экранда сергіту жаттығуын қосады.

Жаттығу жасайды.

Электронды оқулықпен жұмыс.

Экранда тапсырмалар ашылады. Жауаптарын тексереді.

Дәптерге жазып орындайды. Кезектесіп жауап береді.

Оқулықпен жұмыс.

394 есепті өз беттерімен орындау тапсырылады.

Дәптерге орындап, бірін-бірі тексереді.

Кері байланыс

Стикерлер таратып береді.

Бүгін сабақта не үйренді? Топпен жұмыс істеу ұнады ма? Өз ұсыныстарың қандай?өз ойларын жазады.

Сабаққа қорытынды.

Бағалау парақтарына қойған бағалары бойынша, мұғалім қорытынды бағаларын айтады. Үйге тапсырма береді. № 398, 399 есептер. С деңгейі.

Үй тапсырмасын жазады.Бағаларын күнделіктеріне қояды, мұғалімге әкеледі.

Рефлекция

Смайликтер береді

Өз көңіл- күйіне байланысты смайликті тауып жапсырады.





Общая информация

Номер материала: ДВ-552578

Похожие материалы