Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Логопедия / Конспекты / «Н-Ң» дыбыстарын оқу мен жазуда ажырату үшін жаттығулар орындау

«Н-Ң» дыбыстарын оқу мен жазуда ажырату үшін жаттығулар орындау

  • Логопедия

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні: 03.02.2016 жыл

Сабақтың тақырыбы: «Н-Ң» дыбыстарын оқу мен жазуда ажырату үшін жаттығулар.

Түзету-дамытушылық мақсаты: Оқушылардың «Н», «Ң» дыбысы мен әрпімен таныстыру және сөз ішіндегі «Ң» дыбысының ерекшелігін меңгерту,сөздерге дыбыстық талдау жасату. «Ң» дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіру арқылы сөздік қорларын дамыту, балалардың сөйлеу мәнері мен байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Фонематикалық қабылдауын дамыту. Артикуляциялық моторикасын дамыту.

Сабақтың түрі: Талдау, ой тұжырымын жасау, ойын, жеке сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, талдау, тапсырмалар орындау, жаттығулар.

Көрнекіліктері:


Іс-әрекет кезеңдері

Маман іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық іс-әрекетті ояту.

Балалар, шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сендерге шаттық шеңбері өте ұнағанын мен байқап қалдым, біздің әр саяхатымыз осылай басталады. Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік!

Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне

жақындатады)

Жеткізсін жылу мен шаттықты.(қолдарын жүректерінің

тұсына қояды)

Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады,

саусақтары күн сияқты)

Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады).


Сәлемдеседі


Қимыл-қозғалыстармен шаттық шеңберін орындайды.















Логопедтің қимылдарын қайталайды.

Ұйымдастыру іздену






Негізгі бөлім

Қорытынды

ФОНЕТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
1-ЖАТТЫҒУ
Төмендегі ң дыбысы кездесетін буындар мен сөздерді дұрыс айтқанға дейін оқы. Өзіңе таныс әуенге салып айтуға болады.
аң – даң – жаң – заң – ұң – қаң– лаң – маң – оң – паң – раң – саң – таң – шаң – ең – бең – жең – зең – кең – лең – мең – пең – рең – сең – тең – шең – мың – тың.
3-ЖАТТЫҒУ
Өзіңе таныс (ң) дыбысын дұрыс айта отырып, бір буынды сөздерді оқы, жазылуын есте сақта.

Аң–заң–лаң–маң–оң–паң–таң–шаң–ең–жең–кең–мең–рең–сең–тең–көң–өң –мың–тың.
4-ЖАТТЫҒУ
Өзіңе таныс (ң) дыбысын дұрыс айта отырып, көп буынды сөздерді оқы, жазылуын есте сақта.
Аңға – даңғаза – жаңа – жаңбыр – заңдар – ұңғы – қаңғыбас – лаңкес – маңдай оңқай – паңданба – саңырауқұлақ – таңданба – шаңырақ – еңіреме – жеңесің– зеңбірек – кеңірек – леңгір – меңіреу – реңк – сеңгір – теңбіл – шеңбер – маңай– тыңдарман – мыңдаған – шыңға – оңға – тоңба – мұңайма – сыңай–кеңейт.

ДЫБЫСҚА ЕЛІКТЕУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ.

Аң – сан,

Оңға – онга,

Оң -он,

Сең – сен,








Рефлексифті түзету бағыты

Үйге тапсырма

Осы оқыған өлең жолын жаттау.


Күтілетін нәтиже салдары.

Сөйлеу тілінің граматикалық жағын дамыту.














Сабақтың тақырыбы: «Л дыбысын қою»
Сабақтың мақсаты:
1. Фонематикалық қабылдауын дамыту
2. Артикуляциялық моторикасын дамыту
3. Зейін болуға тәрбиелеу

Жоспар:
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Сабақтың тақырыбы
3. Артикуляциялық жаттығулар
4. Л дыбысын қою
5. «Л» дыбысын қоюға арналған дайындық артикуляция жаттығуларын орындау.
6. Фонематикалық анализдерді дамыту
7. Л дыбысы мен әріптің арасындағы байланысты бекіту
8. Сабақтың қорытындысы

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
Логопед мұғалім лақтың суретін көрсетеді.
- Бұл не? Дұрыс ләқ ал ләқ деген сөздің бірінші дыбысы қандай?
- Л
- Дұрыс айтасың
- Кеме қалай гуілдейді? ЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛ Қане қолымызды майыстырып кеме болайық..
2. Сабақтың тақырыбы
- Бүгін біз Л дыбысын естіп, дыбыстап және оны сөйлемде табуды үйренеміз.
3. Фонематикалық анализдерді дамыту
Логопед мұғалім: Мен қазір сөйлемдерді айтамын, ал сен Л дыбысын естіген кезде шапалақ ұр. Жарай ма?
Логопед мұғалім сөздерді айтады қала, қалам, кеме, алмұрт т. б.
Ал бала Л дыбысын естіген кезде шапалақтайды.
- Мына суреттерге қарашы Л дыбысы болса таңдап ал. Бала суреттерді қарайды.
Кілем, балық, доп, теледидар, алма, қол, көлбақа
Логопед мұғалім:
- Ал енді ойын ойнайықшы «Төртінші артық» Л дыбысы жоқ сөздер артық болады. Мысалы, дала, қора, ала, мал.
Логопед мұғалім сөзді атап, төрт суретті баланың алдына ашады. Бала артық суретті алып тастайды.
Мұғалім логопед: Сен поезға мінгің келе ме? Сенің алдыңда үш вагон және суреттер тұр(осы үш вагонға Л дыбысы суретте қайда кездесетінін көрсет және орналастыр (басында, ортасында, соңында)
4. Артикуляциялық жаттығулар
«Сылақшы», «Ине», «Құлыншақ», «Кеме» артикуляциялық жаттығуларды орындау.
5. Дұрыс артикуляция қалпы дағдыларын өндеу.
«Л» дыбысы дұрыс шығуы үшін тістердің арасы ашық тұруы керек, ал тіл ұшы үстіңгі тістің түбіне немесе қызыл иегіне барып тіреледі.
6. «Л» дыбысын қою
Логопед мұғалім дыбысты қою үшін үш тәсілді қолданады.
1.(Еліктеу )
- Кеме сияқты гуілде ( ЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛ)
2.(Айнаға қарап қайталау)
- Инені көрсетші, қандай үшкір еді. Енді жоғары қарай таңдайға майыстыр. Енді кеме секілді гуілде ЫЫЫЫЫЫ. Тілдің ұшын босатпа.
3.(Екі тіс арасындағы Ы дыбысы)
- Логопед мұғалім: Жалпақ тілді тістің ұшымен тістеп, Ы деп дыбыстаймыз. Л деп естіледі.
7. Сабақтың қорытындысы.
- Қандай дыбысты өттік?
- Л дыбысын
- Л дыбысы қалай дыбысталады екен? (Бала Л дыбысының артикуляциясын қайталайд






Ересек «Балауса» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.

Тәрбиеші:Кукенова Нурзинаш.

Білім беру салалары:Қатынас.Денсаулық.

Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті:Сауат ашу және жазу негіздері.

Тақырыбы: «Н»дыбысымен және әріпімен таныстыру.

Мақсаты: «н»дыбысын дұрыс дыбыстату, «н»әрпімен таныстыру;буындарды оқу дағдысын дамыту;балаларды мейірімділікке,имандылыққа тәрбиелеу.





 

Қолданылатын көрнекі құралдар;жұмыс дәптері. Сөздік жұмыс: обал,сауап. Билингвальды компонент:нан-хлеб,сөз-слово,буын-слог,дыбыс-звук. Оқу іс- әрекетінің кезеңдері. Педагогтің іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті. Мотивациялық қозғаушылық Педагог балалардың назарын өзіне аударады. -Қолымызды иектің астына қойып сөздер айтайық,қолымыз төмен қарай неше рет түссе,сонша буынға бөлінгені. Мысалы:а-та,а-па,ә-теш,тек-ше-лер, Ше-міш-ке. Балалар назарын педагогке аударады. Қолдарын иектің астына қойып сөздер айтады да ,неше буыннан тұратынын анықтайды. Ұйымдастыру- шылық-ізденістік. -Балалар сендер қолдарыңды иектің астына қойып сөздер айтып,буын санын анықтадыңдар. Енді тақтаға суретке қараңдар,ненің суретін көріп отырсыңдар? -Ендеше «нан» деп бірнеше рет қайталайық. -Бірінші қандай дыбыс құлағымызға естіліп тұр? -Дұрыс айтасыңдар,бүгінгі өтетін жаңа дыбысымыз- «н». Балаларға нанның суреті бойынша әңгіме құрауға тапсырма беріледі.Нанның пайдасы айтылып, «обал», «сауап»сөзднріне түсінік беріледі. Тыйым сөздер: Нанды бір қолмен үз бе! Нан уағын тастама! Жұмбақ. Өзі үлкен жануар, Үстінде бір тауы бар. -Бірінші тұрған қандай дыбыс? Кірш-кірш етеді, Ішіне кіріп кетеді. -«Н»дыбысы қай жерде тұр? -«Н»дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынандай;ерін сәл ашылып,жіңішкерген тіл ұшы,жоғары көтеріледі де,үстіңгі тістің үстіне тиеді,тілдің алдыңғы екі шеті үстіңгі тістерге қатты жабысады.Тілдің төмен түсуінен «н»дыбысы жасалады. «Н»-дауыссыз дыбыс. — «Н» дыбысын ауада жазып көрейік. Педагог «н»дыбысының баспа,жазба әріптерін балаларға көрсетеді. Сергіту жаттығуы. Нан уағын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар. Теріп алып,қастерлеп, Торғайларға тастаңдар. Педагог кеспе әріптермен тақтаға буын жазады.НА,НҰ,НО,НЫ. А-на,нан сөздерін салыстыра оқыту арқылы буынға бөлгізіп, «нан»сөзінің бір буын екенін түсіндіреді. Билингвальды компонент: нан-хлеб,сөз-слово,буын-слог,дыбыс-звук. Дәптермен жұмыс. Дәптердегі 7-тапсырма бойынша орындалады. Жеке жұмыс жүргізіледі. -Нанның. -нан. -«Н»дыбысы. Балалар суретке қарап әңгіме құрайды. Тыйым сөздердің мағынасын түсініп қайталайды. -Нар. — «Н» -Сөздің ортасында. «Н»-дыбысын ауада жазып көреді. Балалар өлең мазмұнына байланысты қимыл-қозғалыстар жасайды. Балалар педагогтің көмегімен буындарды оқиды. Ана сөзін шапалақтау арқылы буынға бөледі. Сызба бойынша буынға бөледі.а-на,нан. -қайталайды. Дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды. Рефлексикалық-түзетушілік -Қандай дыбыспен таныстық? «Н»-дыбысы дауысты ма,дауыссыз ба? -Сонымен,балалар,үйде,мейлі көпшілік арасында болсын,нан қоқымын көргенде басуға болмайды екен.Осыны өздеріңнің іні-қарындастарыңа да үйретулерің керек. Балалар өткен дыбыс туралы түсініктерін айтады. Күтілетін нәтиже:Орындайды:Суретке қарап әңгіме құрауды,жұмбақ шешуді,жаңа дыбысты ауада жазуды,кеспе әріптермен тақтаға буындар жазуды.

Түсінеді:тыйым сөздердің мағынасын.





Сабақтың тақырыбы Дауыссыз Н мен Ң

2 сынып Қазақ тілі

Садбақ мақсаты: Дауыссыз Н-Ң дыбыстарының айтылуы мен жасалу ерекшеліктерін ұғындыруға алған білімдерін тиянақты, жетілдіру.

Сабақ барысы:

І. Бағдарлау-мотивациялық кезең. Қызығушылықты ояту.

ІІ, Операциялық-орындаушылық кезең.

1-тапсырма. Көркем жазу сәті. Жаңбыр сөзіне дыбыстық талдау.(дәптерімізге көшіріп ң дыбысы бар сөздің астын сызу.)

н-ң дыбыстары қандай дыбыстар?

н-ң дыбыстары екеуі екі басқа дыбыс, екі басқа әріп. Жасалуы жағынан ң-н-ға мүлдем жуықтамайды.

Н-тіл ұшы дыбысы

Ң-тіл арты дыбысы.

2-тапсырма. Ой сергіту жаттығуы. «Кім көп біледі?»

Жұмбақ шешу.

1. Нанда бар, майда жоқ.

Ұнда бар, айда жоқ. (н)

2.Шаңда бар, гүлде жоқ

Аңда бар сайда жоқ. (ң)

3-тапсырма. Ой қозғау. «Тез тауып, бөгелмей айт»Тон-тоң, шын-шың, он-оң (сөздегі өзгертіп тұрған дыбыстарды салыстырып, мағынасын түсіндіру.)

Жаңа тақырып бойынша жұмыс жүргізу түсіндіру

4-тапсырма. Сергіту сәті.


5-6 тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы 2 – 6 жаттығуларды орындау


7-тапсырма. Поэзия минуты.

М.Жұмабаевтың «Қарағым» өлеңі оқылады.

Қарағым оқу оқы, босқа жүрме!

Ойынға, құр қаларсың көңіл бөлме,

Жасынан оқу оқып, өнер қуған

Жан жетпес көңілі жүйрік кемеңгерге

-Нені түсіндік?

-Балаларға қандай өсиет айтады?

-Үнді дауыссыз дыбысы бар сөздерді атаңдар.

ІІІ. Рефлексиялық-бағалау кезең.

«Ойлан тап». (7 күн, суреті ілінеді)

-Суреттен нені түсіндік. «7 күн – 1 апта». Олай болса әр күнді өз атауымен атап, жасырынған дыбысты табайық.

1.Дүйсе бі 3.Сәрсе бі 5.Жұма

2. Сейсебі 4. Бейсебі 6. Се бі

-Қандай дыбыстар жасырынған?

Н – дауыссыз, үнді дыбысы.

Сабақ соңында барлық тапсырма орындалып болғасын жаңбыр ашылып күлімдеп күн шығады

Үйге 5 жаттығу 76- 77 бет.Бағалау .


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 22.02.2016
Раздел Логопедия
Подраздел Конспекты
Просмотров857
Номер материала ДВ-475499
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх