Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / Ән күй "Сиқырлы аспаптар" (шағын орталық)

Ән күй "Сиқырлы аспаптар" (шағын орталық)

библиотека
материалов

Күні:

Сынып: МАДС

Пәні: Музыка

Тақырыбы: Сиқырлы музыка аспаптары.

Мақсаты: 1) Қазақтың көне музыка аспаптары жайында танымын

кеңейту.

2) Музыканы тыңдау, талдау барасында өз ойын жүйелі

жеткізе білуге үйрету.

3) Музыкаға қызығушылығын мен ынтасын ояту. Ән айту

дағдыларын меңгерту. Жан-жақты білімді, өткір ойлы

бала тәрбиелеу.

Міндеті: шығарманың көркемдік белгілерін талдап, түсінік беру. Әнге

деген сүйіспеншілікпен, білімге құштарлық сезімін ояту.

Халық қазынасының үкілі бөлшегі болып саналатын ұлттық

музыкамен таныстыру.

«Алтын қоржын» ойыны. Қоржын ішінде сары түске боялған хатқалтадағы сұрақтар:

1. Әуені, сөзі бар музыкалық шығарма қалай аталады? (Ән)

2. Әнді орындаушы адам. (Әнші)

3. Жұмбақ.

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

Әр жауаптардан кейін тақтаға ілінген карточканы ашып, ДАҢ-ҒЫ-РА сөздің түбірін тауып, жұрнағын мен жалғауын талдау тақырыпты ашамыз.

Оқулықпен жұмыс. Тақырыптағы аңыз әңгіме оқылады. Түрлі түсті суретте қоржынның іші толған музыкалық аспаптар. Ал сыртындағы аспап – даңғыра.

Даңғыра – ұрып ойнайтын аспап. Даңғыра ағаш шеңберінің бір беті ғана терімен қапталады. Бұрын бұл аспаптың көлемі әртүрлі етіп жасалатын да, оны бақсылар жиі пайдаланатын. Даңғыраның дыбысы қоңыр, жуан. Даңғыра тұрмыста көбіне аңшылықта қолданылған.

Ән салу барысында хормен ән айту дағдысын еске түсіріп дауысты еркін шығарып, тынысты дұрыс алу керектігін баланың есіне салып отырған жөн.

Сергіту сәті: «Даңғыра» қимылды ойыны.

Соқ даңғыра соқ, соқ, соқ,

Бір, екі, үш,

Соқ даңғыра соқ, соқ, соқ,

Бізде қайрат, күш.

Шығармашылық жұмыс: Даңғыраның суретін салу.

Ойлан тап: Бір қатарда бірнеше сөздер жазылған, соның ішінде музыкаға қатысы жоқ сөздерді сызып тастау керек.

Жылқы.

Доп.

Даңғыра.

Бесік.

Бүркіт.

Қорытынды:

Біз бүгін музыкалық аспаптың қай түрімен таныстық?

Не түсіңдіңдер?

Осымен музыка сабағымыз аяқталды.


Общая информация

Номер материала: ДВ-357236

Похожие материалы