Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыҒұн қоғамының құрылысы туралы ашық сабақ

Ғұн қоғамының құрылысы туралы ашық сабақ

Скачать материал

Тарих сабағында оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

 

     Қазіргі заманда Қазақстан Республикасы азаматының білім деңгейі өркениетті елдер дәрежесіне тең болуы үшін, олар ғылымның әр түрлі салаларындағы жаңалықтарды, қоғамдағы түбегейлі өзгерістерді білуге, іскерлікпен меңгеруге дағдылануы керек. Әсіресе, жас жеткіншектің өмірден өз орнын тауып, сын сағаттарда тез оң шешім қабылдауы, тәуекелге бел бууға дайын болуы- қоғам сұранысына айналып отыр.  

    Қазіргі оқыту технологиясының бір ерекшелігі- оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді: яғни жадының алуан түрлерін ( есту, көру, қимыл) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамыту.                                                     

    Оқыту барысындағы басты мақсат: оқушылар білімінің сапасын арттыру, іскерлік пен дағды, сенім орнықтыру, оқушылардың ынтасын көтеру, олардың ой-өрісін дамыту болып табылады. Оқытып, тәрбиелеу барысында әлі де болса олардың ойлау қабілетін дамытуға жете көңіл бөлінбей келеді. Мұның өзі –күрделі міндет, ол мұғалімнің шәкірттер ерекшелігі мен мектеп психологиясын қаншалықты меңгергендігіне байланысты.                                                                                          

    Бұл талапты жүзеге асыру үшін оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, өздігінше орындайтын әр түрлі жұмыстарды , тапсырмаларды көбірек беруге және бірте-бірте күрделендіруге, олардың арасында ойлау қызметін дамытуға бағытталған тапсырмалардың жиірек болуына көңіл бөлу қажет.

    Мұғалім бір тақырыптың мәнін түрлі әдістермен түсіндіргенде (әңгіме, әңгімелесу, құжатты оқып беру, суреттермен жұмыс жүргізу, және т.б.) оқушылар ынталанып, олардың пәнге деген қызығушылығы артады. Сонымен бірге оқушылардың ойлау, ойлану қызметі мен біліктілігі қалыптасады.

    Қазіргі кезеңде тарихты оқытудың ұйымдастыру формалары мен тиімді әдістер қатарына мыналарды қосуға болады. Ұйымдастыру формалары: сабақ, лекция, семинар, біліктерді қалыптастыру және қолдана білуге үйрету, конференция, экскурсия. Тарих сабағының бұрыннан пайдаланылып келген тиімді типтерімен қатар, қазіргі озат мұғалімдер тәжірибесінде байқалатын сабақтың дәстүрлі емес: пікір-сайыс, рөлдік, түрлендірілген, театрландырылған, топқа бөліп жарыстыру, саяхат, сабақ-конференция, кеңес беру;

    Әдіс- тәсілдер қатарына: суреттеп-сипаттап, әңгімелеу, деректер мен өзіндік жұмыстар ұйымдастыру, оқушының жауабы туралы пікір айту, мәтіндегі негізгі мәселені табу, тарихты ауызша айтуға жаттықтыру, және т.б.       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғұн қоғамының құрылысы.

 

    Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды ғұндардың қоғамдық-әлеуметтік құрылыс ерекшеліктері мен алғашқы қоғамдық құрылысының ыдырауымен таныстыру және таптық қоғамның пайда болуы мен соғыс құралдары туралы түсінік беру.

2. Ғұндардың қоғамдық құрылысынан түсінік бере отырып, келешек ұрпақ үшін аса қажеттілігін көрсету арқылы патриоттыққа, Отаншылдыққа, тарихи деректерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

3. Оқушылардың тіл байлықтары, өз бетінше іздену, танымдық сипаты бар әр түрлі сұрақтар мен тапсырмалар беру арқылы олардың ойлау қабілеттері мен шапшаңдылықтарын, алған білімдерін тереңірек меңгертіп дамыту.

    Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

    Сабақтың әдісі: картамен жұмыс, сұрақ-жауап, ауызша баяндау.

    Сабақтың көрнекілігі:кесте сызбалары, оқулық, дүние жүзінің саяси картасы.

    Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі.

2.     Үй тапсырмасын тексеру.

3.     Жаңа сабаққа дайындау.

4.     Жаңа сабақ түсіндіру.

5.     Қорытындылау.

6.     Бағалау.

7.     Үйге тапсырма.

   І. Ұйымдастыру кезеңі

   Оқушыларды түгендеп,сабаққа әзірлеймін. Сабақ үй тапсырмасын сұраудан басталып, интерактивті әдіс-тәсілмен басталады.

 

   ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

   1-тапсырма

   Сабақ картамен жұмыс істеуден басталады. Ол үшін екі топқа бөліп мынадай сұрақтар беруге болады:

   І.Б.з.б. ІІ ғасырда ғұндар үстемдік еткен жерлерді картадан көрсет.

   2-тапсырма

   «Кім тапқыр?»

   1.«Хунну», «Гуни» сөзінің анықтамасы. 2. «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» қашан болды? 3. Ғұндар неше ғасыр билік жүргізді? 4. Ғұндар одағы б.з.б. ІІ ғасырда неше тайпаның бірігуімен құрылған еді? 5. Б.з.б. 55ж. ғұндар нешеге бөлінді? 6. Қытайлар мен ғұндар қашан және неге соғысты? 7. Ғұндар қай империяның құруына себеп болды?

   3-тапсырма

   Аттила жөнінде екі оқушыға шығарма жазғызып, оны оқытып, талқылаймыз.

   4-тапсырма

   М.Жұмабаевтің «Пайғамбар» өлеңін оқушыларға жатқа айтқызып, талқылап, қазақ халқының негізін құраған тайпаның бірі ғұн ұрпақтары екенін мақтан етіп, оқушыларға түсінік беремін.

   5-тапсырма

   Оқулықтағы қосымша деректер бойынша оқушылар Аттила бейнесінің көптеген шығармаларға өзек болғанына көз жеткізеді. Оқушыларды осы деректер арқылы мәтінмен жұмыс жасауға үйрету. Оқушылардың үй тапсырмасын қорытындылау.

   Кестені толтыру

 

Қашан?

Қайда?

Қандай оқиғалар болды?

Б.з.б. І ғасыр соңы мен б.з.б. ІІ ғасыр

Қазіргі Қазақстан жерінде

 

Б.з.б. 204ж. – б.з.б. 206ж.

 

Ғұндар билік жүргізді

 

Батысында Памир тауына дейінгі, солтүстігінде Байкал көліне дейінгі аймаққа

24 тайпа біріккен көшпелі ғұндар одағы үстемдік етті.

Б.з.б. 206жыл

Қытайдың шекаралық

 

 

   ІІІ. Жаңа сабаққа дайындау  

   1.Сақ пен ғұн тайпаларының қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар.Мұғалім оқушылардың жауабын толықтырады.           

   2.Сурет бойынша, мына сөздерді қолдана отырып: ру, тайпа көсемі, ғұн жауынгері, ақсақалдар кеңесі.

   IV. Жаңа сабақпен таныстыру.Тақтада жаңа сабақ тақырыбы, сабақ жоспары жазылған. 

   Жаңа сабақ жоспары: 1. Ғұндардың әлеуметтік құрылысы. 2. Олардың соғыс құралдары. Тақтаға кестелер ілінеді.

   І. Қоғамдық саяси құрылысы

Ақсақалдар кеңесіРу басшыларыТүменбасы кінәздеріШаньюй 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Ғұндардың соғыс құралдары.

 

Соғыс құралдары,Садақ,Тас атып, қамал бұзатын қару,Жылжымалы қамал-бекіністер
 

 

 

 

 


   Ғұндардың қоғамдық құрылысы туралы әртүрлі деректер бар. Деректерге қарағанда ғұндар 24 руға бөлінген. Әр руды ақсақалдар басқарған. Халық жиналысы, ақсақалдар кеңесі болған. Жиналыста ақсақалдар – мемлекеттік істі талқылап, тәңірге арнап, құрбандық шалған. Ғұндарда жеке отбасылық және мал мен жерге жеке меншіктің болғандығын көптеген деректерден байқауға болады.

   Тұтқынға түскендерден, ішінара қол астындағы тайпалардан әкелінген еріксіздерден  құлдар құрылды. Құлдар негізінен үй қызметші, бақташы, қолөнерші, жер жыртушы ретінде пайдаланылды.

   Мемлекет басында шаньюй тұрды. Оған түменбасы аталған кінәздер бағынышты болды. Түменбасылар, бекзадалар көбінесе шаньюйдің балалары, інілері, жақын туыстары болды. Бұлардың әрқайсысы тиесілі жерге иелік етті, өз жерінде билік жүргізіп, мыңбасыларды, жүзбасыларды өзі тағайындады. Шаньюй өзіне бағынбағандарды қатаң жазалады.

   Лауазымды адамдардың қол астында аса мол байлық жинақталды. Осыған байланысты олардың қоғамдық дәрежесі де өсті.

   Ғұндарда лауызымдар мен жоғары шен ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырды.

   Елді басқарушыларды қаржыландыру үшін халыққа салық салынды. Ғұндарда жеке меншіктің пайда болуы, ал, алғашқы әкімшілік аппараттың құрылуы, қанаудың бір түрі есебінде алым-салықтың енгізілуі, ғұндардың жаңа дәуірге –таптық қоғамға және мемлекетке өткенін дәлелдейді. Ғұн қоғамы кең- байтақ жерді жайлап, қыруар тайпаның басын біріктірген, әскери соғыс қуаты орасан зор құдыретті мемлекетке айналды.

   Аттиланың ерлігі, қаһармандығы, ақылдылығы, алғырлығы, туралы аңыз-әңгімелер оның көзі тірісінде-ақ елден-елге, жерден-жерге кең тарап, кеткен еді.

   Ғұндарда соғыс ісінің дамуы шарықтау шегіне жетті. Әскерлерінің негізін кілең жүйрік мінген атты жауынгерлер құрады. Жауынгерлердің негізгі қаруларының бірі садақ болды. Дөңгелек немесе сопақша түрде кесілген металл қалқан ұстады. Ең бастысы ғұндар соғыста қамал бұзатын күрделі қаруды пайдаланған.

   Ағаштан жасалған, ағаш дөңгелектерге бекітілген, оқ өткізбейтін, отқа жанбайтын,  қалың терілермен бірнеше қабат қапталған жылжымалы шағын қамал бекіністер болған. Оны қарсы жақ қаласының қабырғасына қаратып қойып, арнайы жасалған саңылаудан оқ жаудырған. Сонда қаланы қорғаушылар оған қарсылық жасай алмай, ақыры жеңіліс тапқан. Сонымен қатар ғұн әскерлері тас атып, қамал бұзатын қаруларды да көп қолданған.

   Қамалды бұзу үшін қолданылған қару да қарапайым жасалған. Дөңгелекке орнатылған екі бөрененің басы жоғарыдан түйістіріліп бекітіледі де, жоғарыдан төмен қарай екі тармақ болып түсірілген шынжырға үлкен бөрене екі жерден байланады. Бөрененің алға қараған басы үшкірленіп, темірмен қапталады. Сол бөренені байланған арқанмен жауынгер кері тартып, кенет қайта жіберіп қалғанда, оның темір үші алдындағы қабырғаны ойып түсетін болған. Осындай соғыс қаруын тұс-тұстан іске қосқанда қала қабырғасы құлап, ғұн әскері жеңіске жетіп отырған.

   V. Қорытындылау

   Оқушыларды үш топқа бөліп «Жұлдызды сәт» ойыны. Үш топтың алдарына тапсырылады.

Сұрақ

Жауап

1

Ғұндарда қанша ру болды?

 

2

Ғұндарда жеке меншік болды ма?

 

3

Мемлкет басында кім болды?

 

4

Құлдарды қандай жұмыстарға пайдаланды?

 

5

Кімдер түменбасы бола алатын еді?

 

6

Түменбасылар кімдерді тағайындады?

 

7

Бұқара халық кімдерге тәуелді болды?

 

8

Ғұндарда лауазым мен шен қалай беріліп отырды?

 

9

Салық кімдерге салынды?

 

10

Ғұн әскерлерінің негізі кімдерден құралды?

 

                            

   VІ. Бағалау

   Үй тапсырмасы мен жаңа сабақ бойынша.

   VІІ. Үйге тапсырма беру

1.     Ғұн қоғамының құрылысы.

2.     Дәптермен жұмыс.

3.     75-беттегі №1,2,3 сұрақтар мен тапсырмалар бойынша ауызша жауап беру.  

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ғұн қоғамының құрылысы туралы ашық сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ғұн қоғамының құрылысы. 

Тарих сабағында оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

 

     Қазіргі заманда Қазақстан Республикасы азаматының білім деңгейі өркениетті елдер дәрежесіне тең болуы үшін, олар ғылымның әр түрлі салаларындағы жаңалықтарды, қоғамдағы түбегейлі өзгерістерді білуге, іскерлікпен меңгеруге дағдылануы керек. Әсіресе, жас жеткіншектің өмірден өз орнын тауып, сын сағаттарда тез оң шешім қабылдауы, тәуекелге бел бууға дайын болуы- қоғам сұранысына айналып отыр.  

    Қазіргі оқыту технологиясының бір ерекшелігі- оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді: яғни жадының алуан түрлерін ( есту, көру, қимыл) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамыту.                                                     

    Оқыту барысындағы басты мақсат: оқушылар білімінің сапасын арттыру, іскерлік пен дағды, сенім орнықтыру, оқушылардың ынтасын көтеру, олардың ой-өрісін дамыту болып табылады. Оқытып, тәрбиелеу барысында әлі де болса олардың ойлау қабілетін дамытуға жете көңіл бөлінбей келеді. Мұның өзі –күрделі міндет, ол мұғалімнің шәкірттер ерекшелігі мен мектеп психологиясын қаншалықты меңгергендігіне байланысты.                                                                                          

    Бұл талапты жүзеге асыру үшін оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, өздігінше орындайтын әр түрлі жұмыстарды , тапсырмаларды көбірек беруге және бірте-бірте күрделендіруге, олардың арасында ойлау қызметін дамытуға бағытталған тапсырмалардың жиірек болуына көңіл бөлу қажет.

    Мұғалім бір тақырыптың мәнін түрлі әдістермен түсіндіргенде (әңгіме, әңгімелесу, құжатты оқып беру, суреттермен жұмыс жүргізу, және т.б.) оқушылар ынталанып, олардың пәнге деген қызығушылығы артады. Сонымен бірге оқушылардың ойлау, ойлану қызметі мен біліктілігі қалыптасады.

    Қазіргі кезеңде тарихты оқытудың ұйымдастыру формалары мен тиімді әдістер қатарына мыналарды қосуға болады. Ұйымдастыру формалары: сабақ, лекция, семинар, біліктерді қалыптастыру және қолдана білуге үйрету, конференция, экскурсия. Тарих сабағының бұрыннан пайдаланылып келген тиімді типтерімен қатар, қазіргі озат мұғалімдер тәжірибесінде байқалатын сабақтың дәстүрлі емес: пікір-сайыс, рөлдік, түрлендірілген, театрландырылған, топқа бөліп жарыстыру, саяхат, сабақ-конференция, кеңес беру;

    Әдіс- тәсілдер қатарына: суреттеп-сипаттап, әңгімелеу, деректер мен өзіндік жұмыстар ұйымдастыру, оқушының жауабы туралы пікір айту, мәтіндегі негізгі мәселені табу, тарихты ауызша айтуға жаттықтыру, және т.б.       

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 528 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.01.2015 1898
    • DOCX 46.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Куттыгожа Нуржамиля Ислямкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Куттыгожа Нуржамиля Ислямкызы
    Куттыгожа Нуржамиля Ислямкызы
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 32620
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Анализ результатов образовательной деятельности в работе учителя истории

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 416 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания курса «Россия в мире» на основе синтеза историко-культурного и социально-экономического знания

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Мини-курс

Занимательное обучение русскому языку: основы орфоэпии и тайны русской орфографии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Общественные движения и организации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Реклама для роста бизнеса: эффективные стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 20 регионов